Сыныбы: 11 сынып Оқушы саны: 12 оқушы Сабақтың жалпы мақсаты

Дата25.08.2017
өлшемі129,91 Kb.
#26684
Лексикалық тақырыбы: Үлкен білім ошағы
Грамматикалық тақырыбы: Құрмалас сөйлемді қайталау

Сыныбы: 11 сынып

Оқушы саны: 12 оқушы

Сабақтың жалпы мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның жоғары оқу орындары туралы түсініктерін қалыптастырып, ой-өрістерін, көзқарастарын кеңейту коммуникавтиктік қабілеттерін арттыру, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауы арқылы танымдық, білімділік деңгейін көтеру.

Міндеттері: мәтінді талдау, жоғары оқу орының таңдау адам өміріндегі алатын орнының маңыздылығын талдату; біздің еліміздегі қазіргі замандағы маңызды жоғары оқу орындары туралы мәлімет беру, топта бірлесе жұмыс орындату арқылы ынтымақтастыққа үйрету.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар тақырыпты өз беттерімен меңгереді;

Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасып, пікірін дәлелдей алады, қызығушылығы артады

Топтық жұмыста іс-әрекет жасай алады.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Ұлы адамдардың сөздері, презентация, флипчарт, бейне сұрақтар, бейне материал

Әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, іздендіру, түсіндіру, салыстыру, әңгімелеу, талдау

Стратегиялар: «ПСМТ стратегиясы», «Сорбонка», «Еркін хат», Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер»

Жұмыс түрлері: жеке, жұппен, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі, өзін-өзі тану
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу. Мұғалім:

Сәлеметсіздер ме балалар! Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Үлкен білім ошағы». Бүгінгі сабақта сендер - барлық күштерінді жинап, өз білімдерінді көрсетіңдер!

Эпиграф: “Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады”

Н. Ә. Назарбаев

Сабақтың барысы:

Уақыты

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

Ресурстар

1 мин

2 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Психологиялық ахуал.

3.Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру

Оқушылардың қызыл, жасыл, көк түстері бойынша үш топқа бөлу.

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушыларды сабаққа ұйымдастырады. Шеңбер құрып алақанымыздың жылуы арқылы бір-бірімізге жылы сөз айтайық
2.Оқушыларды топқа бөледі

1-топ:

Қызыл түстері бойынша

2-топ:

Жасыл түстері бойынша

3-топ:

Көк түстері бойынша
Топ басшысын анықтау.

- Мұғаліммен сәлемдесу.

- Оқушылар мұғаліммен бірігіп шеңберге тұрып , қолдарымен ұстасып, бір-біріне тілек айтады.

1. Үші топқа бөлінеді

1-топ «Білгір» тобы

2-топ «Тапқыр» тобы.

3-топ «Жігер»

Әр топ оқушылары өздерін таныстырады.

2. Сабаққа белсенді қатысып отырады.

3. Топ басшылары сайланып, критерилер жазылған парақ беріледі.

4. Оқушылар бір-бірін жауаптарына байланысты бағалайды.

Топқа бөлу үшін үш түрлі түстер қималары, интербелсенді тақта, смайликтер, критерий жазылған парақ

5 мин

Сұрақ-жауап. Мұғалім-оқушы.

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Білім, оқу, кәсіп туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтып беру және мағынасын ашу.

  2. Мақалдың бір бөлігін бір оқушы айтса, екінші оны жалғастырады. Жалғастырып болған оқушы оның қысқаша мазмұнын айтады.

Балалар үй жұмысын «Жалғастыр» ойыны арқылы айтып береді

Мысалы: Күш - білімде, .... (білім - кітапта),

өйткені , кітапты оқығанда, біз өзімізге жаңалық ашамыз......

1 мин
7 мин

2 мин

5 мин

2 мин

6 мин

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Cлайд 4

3. Мәтінмен жұмыс.

«ПСМТ стратегия» әдісі.
«Сорбонка» әдісі

Оқулықпен жұмыс. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді жазып шығу. 1 жатт. 246-247бб.. Слайд 8.

Диалог. Рөлдік ойын. «Білім ошағы». Оптимист, пессимист, түлек, университет қызметкері

Жоғары оқу орны

Бейне фильмді көру. «Еркін хат» әдісі. Слайд 9.

Бүгін сабақта біз білім ошағы әрі қарай жетілдіреміз

Жоғары оқу орындары туралы мәтіндермен танысу. Әр топта 4 сөйлем құрастыру және оны тақтағы шығып талқылау

Мұғалім «Сорбонка» әдісі арқылы оқушыларға картон қағазында бір жағында құрмалас сөйлем жазылған жазу, ал екінші жағында жасырымды оған жауабы бар екенін естеріне түсіру үшін ұсынады.

Грамматикалық тапсырма.

1-топ Мәтіннен әр оқушы 1 салалас құрмалас сөйлемдерді құрайды

2-топ Мәтіннен әр оқушы 1 сабақтас құрмалас сөйлемдерді

құрайды

3-топ. Мәтіннен әр оқушы 1 аралас құрмалас сөйлем құрайды.
Үш түлектер жоғары оқу орнына оқуға түсуге келеді, құжаттарын университет қызметкеріне тапсырады. Олардың арасындағы әңгіме жүргізіледі. Сахналық көрініс.

Бейнефильм бойынша оқушылардың өз таңдаған жоғары оқу орындары бойынша мәліметтерді тыңдайды және осы тақырыпқа арнайы хат жазады

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Үлкен білім ошағы».

Әр топта өздерінің мәтіндері бойынша

«ПСМТ стратегия» бойынша 4 сөйлем жазады және тақтаға шығып талқылайды.

Оқушылар өздерінің білімдерін тексеру үшін құрмалас сөйлемнің қандай түрлері бар екенін туралы жауап береді.

4. Тақтада әр топтан 1оқушы шығып сөйлемдерін жазады, түсіндіреді.

Тақтаға 4 оқушы шығып рөлдік ойынын көрсетеді.

Әр топтан 1 оқушы болашақта өз таңдап жоғары оқу орындары бойынша өз жазған хаттарын оқиды

интерактивті тақта жоғары оқу орындары туралы мәтіндер. слайд.

Оқулық, тақта

Сахналық көрініс

Интерактивті тақта, хат қағазы

5 мин

Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер»

Слайд 12.

Балалар бүгінгі сабақта алған білімдерін әр топта шеңбер бойынша бір сөйлемнің басын таңдап оны аяқтайды:

мен бүгін білдім..; қызықты болды..; қиыншылықтар болды...; мен тапсырмаларды орындағанда...;Мен түсіндім,өйткені...; мен енді істей аламын...; мен сездім, өйткені...; мен өзіме алдым...; мен үйрендім...; мен жасай алдым...; у меня получилось...; мен жасап көрейін...; мені таңғалдырды...; маған сабақ өмірде берді...; менің жасағым келді...;

Оқушылар стикерлерінде бүгінгі сабақта стикерлерінде өз пікірлерін, тілектерін жазады

интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, стикерлер.

3 мин

Бағалау.Слайд 13

Әр топта оқушылар бағалау парағы бойынша өзара бір-бірін бағалайды. Әр тапсырмаға ұпай және баға қойып, ортақ ұпайын және бағасын жазады

Топ мүшелері бағалау парағы бойынша қойылған бағаларын алады және әр топтан 1 оқушы өз сыныптасын критерий бағалау бойынша дауыстап айтып береді

бағалау парағы.

1 мин

Үй тапсырмасы. Слайд 13.

« Мен өз елімде жан-жақты білім аламын» эссе жазып келу

Оқушылар тапсырманы күнделікке жазып алады

күнделік

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Шығыстың атақты философы Әбу Насыр ибн әл-Фарабидың есімімен аталған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан Республикасындағы жетекші жоғарғы оқу орны болып табылады. Қазіргі уақытта еліміздің ірі білім және ғылыми орталығы болып табылады. 1934 жылы іргесі қаланған ҚазҰУ әлемдік білім беру жүйесінде өз ұстанымын жақсартып келеді. Жалпы даму бағыты халықаралық білім беру стандарты бойынша қабылданған.Университет жоғарғы білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңістігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталған кең көлемдегі білім, ғылым, рухани-тәрбиелілік, инновациялық және өндіруші негізіне ие. Университет құрамында 14 факультет, 98 кафедра, 20 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, Технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары университетте қызмет атқарады. Университетте көпсалалы жоғары кәсіби білім жүйесі бойынша 20000 студент білім алуда. ҚазҰУ-де көпсалалы білім беру жүйесі қалыптасқан: жоғары базалық білім (бакалавр дәрежесі), жоғары профессиональды білім (магистр), аспирантура және докторантура. ҚазҰУ мемлекеттік білім беру гранттары және келісім бойынша студенттерді қабылдайды. Университет 180-нен астам мамандықтарды даярлайды.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) – 1928 жылы 1 қыркүйекте қазақ мемлекеттік университеті атты бірінші қазақ жоғары оқу орны ашылады. Қазіргі таңда Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университет құрамына 10 факультет және 1 институт бойынша білім беріледі. Онда бір ғана педагогика факультеті болады, ол үш бөлімнен тұрды: физика-математика; жаратылыстану; лингвистика-педагогика. Үш факультетті жаңадан қалыптастыру жоспарланды: педагогика, ауыл шаруашылығы, медицина. Олар өз қызметін 1932-33 оқу жылында бастауға міндетті еді. Халыққа білім беруді қарқынды дамыту үшін қайта ашылған ЖОО жеке педагогикалық институт ретінде жетілдіру қажет болды. Сондықтан 1930 жылы университет қазақ мемлекеттік педагогикалық институты (ҚазПИ) болып аталды, ал 1935 жылы оған ұлы Абайдың есімі берілді. ҚазПИ бұрынғы Верный әйелдер гимназиясының бір қабатты ғимаратында орналасқан. Оқуға түсушілерге арнайы 5 айлық курстар жұмыс істей бастады, сонымен қатар педагогика техникум, педогогикалық училище және жұмысшыларға арналған факультет ашылды. Жоғарыда көрсетілген оқу орындарына көбінесе жетім балалар үйінің тәрбиеленушілері, жалшылардың және орта шаруалар мен қызметкерлердің балаларының шектеулі саны қабылданатын болған. Республиканың халық ағарту ісінің оқу орындарын аймақтық бөлу 1928 жылы өтті.

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 1996 жылы 23 мамыр айында құрылды. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - Астанада орналасқан Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. 2015 жылы ууу.топұніверсітіес.цом сайтының рейтингтік жариялауы бойынша әлемнің ең үздік 371-ші университеті болып саналады. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ құрамында жалпы саны 26 ғылыми мекемені құрайтын ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, зертханалар, 12 факультет, қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институты, әскери кафедра, түрлі мемлекеттердің мәдени білім беру орталықтары бар. Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және докторантура. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады. Оқу орны құрамында бакалавриатта - 61 мамандық, магистратурада - 64 мамандық, докторантурасында - 29 мамандық бойынша мамандар даярлануда.

Факультеттер мен ғылыми-зерттеу бөлімшелерінде 1678 оқытушы бар, мұнда 61,3 пайыз ғылым докторлары, профессорлар, түрлі академиялардың мүшелері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегерлері, ғылым кандидаттары, доценттер жұмыс істейді. Университеттің көптеген ғалымдары тек Қазақстанға ғана емес, сондай-ақ, шетелге де танымал тұлғалар.

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет