Сыныбы: 7 а, б, в уақыты



Дата11.01.2017
өлшемі85,79 Kb.
#7271
түріСабақ

Сыныбы:

7 а, б, в уақыты:

Сабақтың тақырыбы:

Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, Африканың зерттелуі

Мақсаты :

Африканың географиялық жағдайының ерекшеліктерін ғалымдар зерттеулеріне сүйене отырып, білім беру

Сабақтың түрі:

Саяхат сабақ

Күтілетін нәтижелер:

А) Африканың географиялық жағдайын біледі;

В) Жағалауындағы мұхиттарға сипаттама бере отырып, кескін картаға түсіре алады;

С) Африканың ерекше аймақтарын анықтап, тұжырым жасай алады


Керекті жабдықтар:

Ресурстық парақтар, оқулық, дүниежүзінің физикалық картасы, атлас, кескін карталар, интерактивті тақта, бағалау парақтары.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Диалогтік оқыту: зерттеушілік әңгіме, топтық әңгіме, «Галлереяға саяхат», жоғары дәрежелі cұрақтар, «Миға шабуыл», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Тақырыптық теннис», кеңейтілген тапсырмалар, «Бағдаршам»

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

(5 мин)


Ынтымақтастық атмосферасын орнату, сыныппен амандасып, көңіл­күйлерін сұрау

3. «Мұхиттар белгісі» бойынша топқа бөлу

- Балалар, мұхиттар туралы бұрыннан білетіндеріңізді естеріңізге түсіріп, топтасайық.

Түрткі сұрақтар:

1. Ең терең шұңғыма қай мұхитта? (Тынық)

2. Пуэрто­Рико қай мұхиттың терең жері? (Атлант)

3. Барлық климаттық белдеулер өтетін мұхит? (Тынық)

4. Қызыл теңіз қай мұхиттың теңізі? (Үнді)

5. Ең жылы ағыс Гольфстрим ағысы қай мұхитқа тән? (Атлант)

6. Ең таяз мұхит? (Ссолтүстік мұзды мұхит)

7. Ең көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан мұхит? (Үнді)

8. Ең лай теңіз қай мұхитта? (Атлант)

9. Ең кіші мұхит? (Солтүстік мұзды мұхиты)

10. Зонд шұңғымасы қай мұхитта орналасқан? (Үнді)

11. Ең балыққа бай мұхит? (Атлант)

12. Ең үлкен мұхит? (Тынық)

13. Ең суық мұхит? (Солтүстік мұзды мұхит)

14. Ең жылы мұхит? (Үнді)

15.Ең солтүстікте орналасқан мұхит? (Солтүстік мұзды мұхит)

16. Мариан шұңғымасы қай мұхитта? (Тынық)


-мұғаліммен амандасып, назарын сабаққа аудара отырып, оқушылар алдағы бірлескен жұмысқа әзірленеді.

- Мұхиттар туралы бұрыннан білетіндерін естеріне түсіріп, мұхит белгілеріне қарай «ең, ең, ең .....» сұрақтарына жауап іздей отырып топтасады.



Тұсаукесер (3 мин)

«Миға шабуыл»

Сынама сұрақ:

- Балалар сіздер мұхиттар туралы бұрыннан білетіндеріңіз бойынша топтастыңыздар. Олай болса, бүгінгі сабағымызға көшпестен бұрын мына бейнежазбаны тамашалайық.

Африканың географиялық орны туралы бейнежазба көрсетіледі.

- Бұл бейнежазбадан не түйдіңіздер, өздеріңізге бұрыннан не таныс болды?

- Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыз Африка материгінің географиялық орны мен жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер және Африканың зерттелуі жайында болмақ. Африка материгі туралы кеңінен танысу үшін ары қарай жұмыстанатын боламыз.

Оқушының жауаптарына қарай мадақтап, ынталандырып отырамын.



Өткен материалды еске түсіріп, жаңғыртуды іске асырады.

Оқушылар Африканың географиялық орны туралы бейнежазбаны тамашалап, Сахара, Ніл өзендері сияқты географиялық нысандарды тану арқылы жаңа сабағымыздың тақырыбын анықтайды.



Негізгі бөлім

(20 мин)


«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша жұптық, топтық жұмыс.
«Галлереяға саяхат» әдісі арқылы топтық жұмыстар ұйымдастырылады. Мәтін мазмұнын, идеясын меңгерту мақсатында 4 топқа тапсырмалар беру.

I топқа: Африка материгінің табиғатының ерекшеліктерін жарнамалау;

IІ топқа: Материктің төлқұжатын жасақтау;
III топқа: Африканың шайып жатырған мұхиттар мен теңіздерді картадан тауып, анықтап, интербелсенді картаға белгілеп түсіндіру.

Материктің құжаты:

S (материктің ауданы) = км2

Географиялық орны



Африканың шеткі мүйістері

Солтүстік шеткі нүктесі




Оңтүстік шеткі нүктесі

Батыс шеткі нүктесі




Шығыс шеткі нүктесі

Африканың батыстан шығысқа қарай созылуы







Африканың солтүстіктен оңтүстікке қарай созылуы







Мұхит және теңіздерге қатысты

.....климаттық белдеулерде жатыр.

IҮ топқа: Африканың физикалық картасымен теңіз саяхатшыларының жүрген жолдарымен жүре отырып, ерекшеліктеріне сипаттама беру;

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындап болған соң, кескін картаға сынып оқушылары толықтай Африканың шеткі нүктелерін түсіріп алады.



Жаңа сабақты зер салып оқиды, мазмұнын түсінеді. Алдымен, жеке оқушы өз бетімен мәтінді оқиды, сосын жұпта талқылап, одан кейін топта талдап, бірлесіп, жұмыстанады
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындап болған соң, әр топ мүшелері жұмыстарымен таныстырады.
Топтар бір­бірін бағалау критерийлері бойынша бағалайды.

І топ:


Критерий

Дескриптор

Ұпай

Ауызша мазмұны

Өткен тақырыппен байланыстыра алды

3

Толықтыруды қажет етеді

2

Жүйелілік жоқ

1

ІІ топ:


Критерий

Дескриптор

Ұпай

Ауызша мазмұны

Қосымша мәліметі жеткілікті

3

Жауап толық емес, ойы жинақы емес

2

Мүлдем түсініксіз

1

ІІІ топ:



Критерий

Дескриптор

Ұпай

Ауызша мазмұны



Анықталған орындар дәлелдемелерімен толық ашылды

3

Жауап толық емес, дәлелі аз

2

Картаны мүлдем пайдаланбады

1

ІҮ топ:


Критерий

Дескриптор

Ұпай

Ауызша мазмұны



Зерттеулер дәлелдемелерімен толық түсіндірілді

3

Жауап қанағаттанарлықсыз

2

Жүйелі емес

1



Қорытынды

Оқушылар сабақты «Тақырыптық теннис» әдісі бойынша аяқтайды.


Кері байланыс.

«Талқылау бойынша серіктестер» әдісі бойынша төмендегі сұрақтарға жауап береді:

  • Не нәрсе оңай болды?

  • Не нәрсе қиын болды?

  • Не білгіңіз келеді?


Үйге тапсырма:

§44.«Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, Африканың зерттелуі» тақырыбын қайталау;

Кескін картаға материк жағалауындағы ірі түбектер, шығанақтар мен бұғаздарды белгілеу;

Африка материгін шайып жатқан Атлант және Үнді мұхиттарының ең терең жерлерін және су асты жоталарын анықтау.



Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін «Тақырыптық теннис» әдісі арқылы бекітеді. Яғни үштікте жұмыстанады. Екі оқушы бүгінгі сабақ бойынша есте қалған сөздерін кезектесіп айтады, үшінші оқушы төреші болады. Кім жаңа сабақтан көп мәлімет алады, сол бағаланады.
Оқушылар осы сұрақтарға жауап жазып, стикерлерлерге жазып іледі

Осыдан соң мұғалімнің қорытынды бағалауы жүреді.



Кері байланыс парағын толтыру арқылы өздерінің бүгінгі сабақ бойынша түйгендерін және тапсырмаларды орындау кезіндегі қиындықтар мен оны қандай жолдармен еңсергендігімен бөліседі.

Каталог: docs -> kopilka -> geography
kopilka -> Сабақ тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алқашқы n мүшесініңформуласы. Жалпы мақсат
kopilka -> Сабақтың тақырыбы Оттектің аллотропиясы. Озон және озонның жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы. Мақсаты
kopilka -> Металдар және оның құймаларының жемірілуі қоршаған ортаның ластануының нәтижесі. Жемірілуді болдырмау шаралары
kopilka -> Пәні: Қазақстан тарихы Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы. Мақсаты
kopilka -> №37 жоббм бастауыш сынып мұғалімі
kopilka -> Сабақ № Сабақ тақырыбы «Жарық құбылыстары тарауын қайталау» сабағы. Жалпы мақсаты
kopilka -> Сабақ Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығару
geography -> Сабақтың тақырыбы: «Қазіргі кезеңде қоғам мен экономиканың ғылыми техникалық жаңаруы»
geography -> Пән: География 7а-сынып


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет