Сыныбы: Оқушының аты-жөні



бет1/2
Дата26.12.2021
өлшемі15,88 Kb.
#105865
  1   2
Байланысты:
8-сынып ТЖБ қазақ тілі
8-сынып қазақ тілі 3-тоқсан, 8-сынып қазақ тілі 3-тоқсан, 11, 10 сынып қазақ тілі

Сыныбы:

Оқушының аты-жөні:
«Қазақ тілі» Т1 пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Оқылым

Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол – өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі

жағдайда үнемі дамуда болады.

Мәдениет әртүрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б.

Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланысты. Әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады, соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейініректе білімнің қалыптасып, жазудың шығуы қоғам алдына жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттілігі туындады. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәйкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.

Мәдениет – әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет