Ұсынылатын мәтін Тәуелсіздік – басты құндылығымыз! Тәуелсіздік күні



Дата31.01.2022
өлшемі16,82 Kb.
#116711
Байланысты:
Диктант -2021 (1)
Диктант -2021 (1), Диктант -2021 (1), Диктант -2021 (1)

Бүкілқазақстандық диктантқа

ұсынылатын мәтін
Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!
Тәуелсіздік күні – ерекше тарихи маңызы бар ұлттық мереке. Биыл ел тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр.

Тәуелсіздік жылдары Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейінгі кең байтақ даланың шекарасы белгіленіп, еліміздербес мемлекет ретінде әлемге танылды, жаңаша өркендеуге жол ашылды.

Ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманы болған тәуелсіз ел болу бақытын көру біздің замандастарымызға бұйырды.

Өткен ғасырдың 90-жылдарындағы экономикалық дағдарыс, тұрақсыздық пен тоқырау кезеңінде қазақстандыққоғамды басқарудың дара жолдары іздестірілді. Ұлттық ерекшеліктерімізді, шетелдік озық тәжірибені терең зерделей отырып, жас мемлекетті дамытудың жаңа бағыттары қарастырылды. Көпэтносты мемлекетімізде ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайтудың айрықша үлгісі қалыптасты.

«Ынтымағы жарасқан елдің ұпайы түгел» демекші, бірлігі бекем ел барлық қиындықтыеңсереді.

Сан ғасыр бойы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғалған қасиетті жерімізді сақтау, тәуелсіздігімізді нығайту – жастарға аманат!

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жасампаздық пен өрлеудің жаңа белесіне айналуына бәріміз мүдделіміз.Біздің әрқайсымыз ұлтжанды азамат, өз кәсібінің жоғары білікті маманы ретінде елімізге, халқымызға қызмет ету арқылы ел тәуелсіздігінің нығаюына өз үлесімізді қоса аламыз.

Еліміздің тұғыры мығым, мерейі үстем болсын!



Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет