Сынып: 5 Музыкалық амандасу



Дата08.01.2017
өлшемі78,66 Kb.
#6532
Күні: 13.04.16

Сынып: 5


  1. Музыкалық амандасу.

  2. Психологиялық тренинг (тілек бүлдіру)

  3. Топқа бөліну: (домбыра, нота)

  4. Топтың ережесімен таныстыру.

  • Бірің-бірі тыңдау;

  • Кедергі жасамау;

  • Тыныштық сақтау;

  • Ұйымшыл болу;

  1. Тақырып: Саржайлау ән және күй

  2. Мақсаты: саржайлау табиғат көрінісімен таныстырып, туған еліңе жеріңе деген сүйіспеншілігін арттыру.

  3. Топтық жұмыс: (мәтінмен)

Таттімбет Қазанғапұлы – күйші, композитор, шертпе күйлердің шебері. Бұл шеберлі күйшінің көптеген күйлері бар. Олар: «Былқылдақ», «Қосбасар», «Жетім қыз», «Сары өзен», «Бозторғай», «Балбырауын», «Сылқылдақ», «Саржайлау» және т.б. Тәттімбеттің күйлері көп операларда ойналған.

Нұрғиса Тілендиев. Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырақ бұйырған жері Жамбылкесенесінің іргесі. Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Сүйікті шығармаларынан«Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» контатасын (1959), Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962), «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның«Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз»«Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері бар.



  1. Дауыс жаттығулары: (гамма, үшдыбыстық)

  2. Ән үйрену: (Саржайлау)

  3. Сергіту сәті: «Кел билейік!»

  4. Қорытындылау:

Сұрақтары: 1. Саржайлау әнінің авторы кім? (Нұрғиса)2. Тәттімбеттің атақты күйі? (Балбырауын)3. Тәттімбет қандай күйлердің шебері? (шертпе)4. Тәттімбеттің күйлері көптеген операларда орындалды, соны бірі қыз....5. Нұрғисса Тілендиевтің күйлерінің бірі?6. Нұрғиса Тілендиев домбыра аспабында не орындады?7. Нұрғиса Тілендивтің туып өскен жері?8. Әндерінің бірі?9. Н. Тілендиев композитор, дирижер, күйшіден басқа тағы не болған?

Рефлексия. (сабақ ұнадыма жоқпа)

Бағалау: Үй тапсырмасы: әнді жаттау

5 сынып музыка

Сабақтың тақырыбы; Операдағы Абай бейнесі


Мақсаты: Абайдың музыкалық мұрасы туралы терең таныту, ұғындыру. Ақын әндеріндегі ерекше әуен, ырғақ туралы білімдерін қалыптастыру. Абай әндерінің операға ұласуы, ақын тұлғасымен операдағы бейнесінің ұқсастығын түсіндіру. Оқушыларды опера музыкасын түсініп, ұға білуге баулу, сонымен қатар адамгершілікке, сезімталдыққа, өнерді сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілі: баяндау, ойын, сахналау, топтастыру, шығармашылық жұмыс, ән айту, кубизм әдісі т. б.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.


ә) Сәлемдесу (музыкамен)
б) Дауыс ашу жаттығуы.
Психологиялық дайындық:
Күй тыңдаймыз күмбірлі.
Ән айтамыз созылтып,
Би билейміз ырғақты
Біз бастаймыз сабақты.
- Балалар үнтаспадан тыңдаған күй таныс па? (Торжорға)
- Күйдің сипаты қандай? (жүрдек, көңілді)

Үй тапсырмасы (топтық жұмыс);


1. Абайдың музыкалық мұрасы туралы (әңгімелеу)
2. Абай ән - күй сыншысы (суреттеу)
3. Абай әндерінің жинақталуы (зерттеу)
«Адасқан ноталар» ойыны (әндер жасыру)
до – Көзімнің қарасы
ре – Айттым сәлем, қаламқас
ми - Қараңғы түнде тау қалғып
фа – Бойы бұлғаң
соль – Сегіз аяқ
ля – Татьяна әні
си – Желсіз түнде жарық ай.
(ноталарды сызық бойына орналастыру)
Ән айту: Желсіз түнде жарық ай (сурет бойынша әңгімелеу) әнді екі дауыста орындау.

Үй тапсырмасын қорыту:


"Абай" топтастыру(композитор, ақын, күйші, аудармашы, сыншы)
Жаңа тақырып: Операдағы Абай бейнесі ұлы ақын есімімен аталатын «Абай» операсын А. Жұбанов пен Л. Хамиди Абайдың туғанына 100 жыл толуына орай арнады.
Либреттосы:
М. Әуезов
(1897 - 1961)
Музыкасын жазғандар: Л. Хамиди, А. Жұбанов

Операдағы кейіпкерлер: Абай, Жиренше, Ажар, Нарымбет, Айдар т. б


А. Жұбанов (1906 - 1968) Ақтөбе облысында туған қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері, академик, профессор, музыка зерттеушісі болған. Қазақстандағы композиторлар мектебінің негізін қалаушылардың бірі, Санкт-Петербург консерваториясын бітірген. А. Жұбанов 1934 жылы Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің бас дирижері қызметін атқарады. Оркестрге арналған «Би», «Күй», «Құрманғазы маршы», «Қазақ маршы» т. б. вокалдық әндері: «Қарлығаш», «Ақ көгершін» т. б.
Л. Хамиди (1906 - 1983) қазіргі Татарстанның Апас ауданы Бували ауылында дүниеге келген. 1933 ж Л. Хамиди Қазақстан Мемлекеттік драма театрының шақыруымен Алматыға келеді. Алғашқы күннен бастап халық әндері мен күйлерін жинақтаумен айналысты.
Операда ұлы ақын ағартушы бейнесі жан - жақты ашылып, Абайдың өмір сүрген кезіндегі қараңғы да надан, байлықтан басқа білмейтін топас байлар, қатыгез әдетті ұстанған кейбір адамдар нанымды бейнеленген. Опера барысында Абай бүтіндей халықпен бірге көрінеді. Операның сюжеті бойынша, қайшылық негізінде Абайдың сүйікті шәкірті Айдар мен Ажардың махаббаты баяндалады.
Музыка тыңдау: Абайдың ариясы.
Ән үйрену: «Қарлығаш азат құспын» әнін операда әйелдер хоры орындайды.

Шығармашылық жұмыс:


І топ – Той әнін сахнада хормен айту.
ІІ топ – Ән әуеніне бидің ырғағын тауып билеу.
ІІІ топ – Абайдың музыкалық бейнесін сахналау.

Қорыту:
1. «Абай» операсын жазған композиторлар.


2. Сахнаға қай жылы қойылды?
3. Либреттосын жазған кім?
4. Операда Абай кімдерге қарсы күресті?
- Міне, балалар, Абай өлеңінде ғана емес, өмірінде де әділдік, туралық, шындық үшін күрескен.

Бағалау: Ноталар арқылы бағалау.


Бүтін нота о – өте жақсы.
Жартылық нота d – жақсы.
Ширектік нота d – орташа.
Үйге тапсырма: Операдағы Абай бейнесі (мазмұндау). Кейіпкерлерді сахналау

Сабақтың тақырыбы: «Ән және күй»


«Киіз үй». Ж. Тұрсынбаев – үйрену.
Сабақтың мақсаты: Жаңа материалдарды игеруге қажетті білім, дағды деңгейін анықтау. Бұл сабақта музыканың сипатын ажырату, мазмұнының өмірмен байланысын түсіндіру және ән легінің бағытын айыру туралы сөз болады.
Сабақтың міндеті: Баланың шығармашылық белсенділігін түрлі музыкалық тапсырмалар арқылы ояту және есте сақтау қабілеті мен ырғақтық сезімдерін дамыту.
Сабақтың барысы:
Кіріспе әңгіме өткізіп, халықтық музыка мәдениеті, оның салалары, орындаушылары туралы қысқаша мағлұмат беруге болады. Халық шығармашылығы тек бұрынғы заманды ғана емес, қазіргі кезеңді де қамтиды. Яғни халық өміріндегі белгілі бір жағдайларға, оқиғаларға байланысты өзінің көңіл күйін, арман - мүддесін қосып, ән шығарған.
Қазақ халқының музыкалық мұрасы өте бай.
Халық музыкасы – халқымыздың сан ғасырлық өмірімен сабақтасып жатқан тарихын бейнелейтін замана парақтары. Халық музыкасын тудырушылар өз елінің жанашыр жаршылары. Музыканың жалпы халық мәдениетіндегі, өмір шындығын айқындап көрсетудегі алатын орнының маңызы зор.
Халық әні – авторы ұмытылған, бірден - бірге ауызба - ауыз жатталып, таралып, біздің күнге жеткен әндер.
Халық күйі – ұлттық музыкалық аспаптарға арналып шығарылған, ауызша бірден - бірге таратылып, бізге жеткен музыка.
Музыка мен өнер өзара байланысты. Музыка - өмірдің ажырамас бір бөлігі және өнердегі көрінісі.
Музыка өнері – халық тарихының шежіресі.
Халық әндері мен күйлері қазақ халқының өмір тіршілігін – адамдар мен достық, табиғат, жан - жануарлар мен құстар туралы және т. б. жырлайды.
Сабақтың таңғажайып сәті. «Қазақ ауылына саяхат».
- Балалар, сендер өздеріңді автобусқа мініп, ауылға келе жатырмыз деп сезініңдер. Жүргізуші – Айдос.
Мұғалім сұрақ - жауап арқылы «Біздің ауыл» тақырыбына әңгіме жүргізеді.
1. Ауылда кімге келе жатырмыз?
2. Ауылда не өседі?
3. Ауылдың табиғаты қандай?
4. Сен ауылды ұнатасың ба?
5. Сен жайлауға бардың ба?
6. Таңертең ұйқыдан тұрғанда табиғаттың қандай көрінісін көрдің? деген сияқты ойқозғау сұрақтарын қойып, шығарманың мазмұнын ашамыз және баланың сөз қорын дамытамыз.
Қазақ халқының ең қасиетті дүниесі – киіз үй. Киіз үй біздің ата - бабамыздан қалған. Оның ерекшелігі – бұрышы жоқ, дөңгелек. Алыстан аппақ болып көрінеді.
Балалар киіз үй туралы ( ақ парақта жазылған) жұмбақты шешеді.

Жұмбақ
Қазша қанат жаяды,


Үйрекше мойын созады,
Құсша қонады. (Киіз үй)

Ұқсайтын шеңберге,


Қабырғасы жиылып, керіледі.
Жиһазы мол кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді. (Киіз үй)

Бір нәрсе өзі биік, іші қуыс,


Ол заттың сүйегі көп айқыш - ұйқыш.
Көзі бар жабырқаған төбесінде,
Жайса үлкен, жиналғанда бір - ақ уыс.(Киіз үй)

Ән үйрену: «Киіз үй». Музыкасын жазған Ж. Тұрсынбаев.


«Киіз үй» әнін тыңдағанда, ашық, көңілді дыбыстар естиміз.
«Киіз үй» әнінің қайырмасында кездесетін «ха - лә - лә, лә - лә, ха - ла - ла - ку - ли - ла - ла» әуенін балалардың үндестігіне жақын етіп, ыңғайлы дыбыс биіктігімен орындатылады. Бұл әдіс ән үйрету кезінде баланың есту, есте сақтау қасиеттерін дамытады. Әннің әрбір сөз қатары оқушының санасына көркем бейнені көрсетіп тұрғандай, баланың әнді тез кабылдауына ықпал жасайды. Ән өте әсем, сазды, мазмұнды, жұмсақ тембрлі. Көркем бейнелі шығарма қатарына жатады. Ән әуенінде, музыкалық дыбыстардың желісінде қазақ ауылының көрінісі ерекше көркем бейнеленген.
Сабақтың ең маңызды кезеңінің бірі – балалардың ән айту қалпын сақтау және оны алғашқы сабақтан бастап дағдыландыру. ән айту кезінде қатты айқайламай, әнді жұмсақ, сазды дауыспен орындау керек.
Музыка тыңдау: «Алқоңыр». Қазақтың халық әні. (Ұнтаспа(
Шығармашылық жұмыс:
Түрлі түсті сурет немесе киіз үй макетін көрсете отырып, киіз үйдің қазақ халқының өмір - тіршілігінде алатын орны туралы шағын әңгіме ұйымдастыру.
- Сүйегі, төбесіндегі көзі деген не? Киіз үй неден құралады? (Шаңырақ, уық, кереге, түндік, басқұр, ағаш есік)
Киіз үйдің негізі ағаштан, ал жабуы қойдың жүнінен басылған киізден жасалады. Сондықтан киіз үй деп аталған.
- Жазғы демалысында ата - әженің ауылына, жайлауға бардың ба?
- «Наурыз» мерекесінде құрылған алты қанат ақ боз үйдің ішіне кірдің бе?
- Киіз үйдің өзің көрген жасаулары мен ішкі жиһаздарын атап бер.
Бұл заттар тек тұрмыста пайдаланатын зат емес, ата - бабамыздан қалған асыл мұра екенін дәріптейміз.
Қорыту. Жауап берген балаға қағаздан жасалған гүл береміз. Осылай сұрақ біткенде, қыздардың және ер балалардың гүлдерін санап, жеңген топты анықтаймыз немесе «Айгөлек» ән байқауын өткізіп, үйренген әндерді қайталаймыз. Бұл жерде де ән айтқан балаға гүл беріп, шапалақ ұру арқылы, баланың ынтасын, шығармашылығын, ұяндығын, белсенділігін ашамыз.

I топ. "Бағдаршам"
Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып.


II топ. "Жол белгілері"
Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл!


III топ. "Жүргізуші"
Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік!


IV топ. "Қиылыстар"
Топтың ұраны: Басталар әр қиылысың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.
Каталог: uploads -> doc -> 0990
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0990 -> Бекітемін мектеп директоры Г. Кондыбаева


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет