Күні:4.10
|
Педагогтың аты-жөні: А.М.Темирбаева
|
Сынып: 6 сынып
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар) §9.26-бет
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
6.1.2.1-Әлемдік және қазақтың ұлттық мәдениетіндегі дизайн, қолөнер мен өнер туындыларының ерекшеліктерін түсіну мен білімін көрсету.
|
Сабақтың мақсаты
|
• Визуалды бейнелерді қимыл-қозғалысқа келтірудің әдістерін зерттеу;
• Флипбук жасаудың әдісімен таныстыру;
• Флипбук жасау.
|
Сабақ кезеңдері
|
Педагог іс-әрекет
|
Оқушы әректі
|
бағалау
|
ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Амандасу.Оқушыны түгендеу. Психологиялық ахау туғызу.
Топқа бөлу.
Табиғатта неше мезгіл болады? Төрт ,дұрыс. Ендеше қыс, көктем, жаз, күз туған айларыныз бойынша бөлінеміз. Осыдан екі топ құраймыз қыс-жаз,көктем – күз.
Өткен тақырыпты еске түсіру.
Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстыру.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді:
Мультфильмді түсіру үшін қанша уақыт қажет деп санайсыздар?
Оған не әсер етуі мүмкін?
Мультфильмдердегі бейнелерді қимыл-қозғалысқа қалай келтіреді деп ойлайсыздар?
Қозғалыс әсері қалай жасауға болады?
Қарапайым иллюзия үлгілері?
Тауматроптың жасау жолдары? Секундына неше кадр алмасады?
|
«Мадақтама» әдісімен бағалау. Өте жақсы,тамаша ,жарайсың,керемет жауап т.б.
|
Оқулық
|
Сабақтың ортасы
|
Бейнематериалды тамашалау.
Қарапайым флипбук құру туралы видеороликтің үзіндісін қарау. Кейіпкерлер мен элементтердің қозғалу үрдісін кадр бойынша құруға назар аударыңыз.
Флипбук-парақтаған кезде қозғалыс иллюзиясын тудыратын суреттер жиынтығынан тұратын кішкентай кітап.
Сұрақтарға жауап бер:
Қозғалыс эффектісі қалай құрылады?
Флипбукте қозғалыс келтіру үшін қандай жағдай туғызу керек?
Флипбукты құру үшін қандай материалдар қолданылды?
Тәжірибелік тапсырма:
Оқушылар зерттеу объектісін таңдайды. Сызықпен жасалған ертегілік адамдар, доп, балық, аспанда ұшып бара жатқан құс, ит немесе мысық және т.б.
Бұл тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Оқушылардың қабілетіне қарай флипбукте салынатын бейнелерді үлестіру. Сурет салуға қабілеті жоғары оқушыға күрделі суретін, қоянның суретін құрастыру, сурет салуға қабілеті орташа оқушыға доп сынды бейнелер беріледі
.
|
Оқушылар үдестірмелі суреттеғі кейіпкерлермен қимыл-қозғалыс әсерін жасап кішігірім 10-15 кадр жасап оқиға құрастырады.
|
Дескрипторлар:
1.Кейіпкеріңмен кішігірім оқиға құрастыр.
2.Қимыл-қозғалыстың әсерін жаса.
3.10-15-тен астам кадр жаса.
Тапсырманы таныстырып болған соң, оқушыларға стикерлерге алдын ала жасалған дескрипторлар бойынша "Екі жұлдыз, бір тілек" тәсілімен бір-бірінің флипбуктарын бағалайды.
|
Флипбук
ttp://animopticum.
com/activities/
master-classes/
make-flipbook/
.
Стикерлер, фломастер, қарындаштар.
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия:
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
Сұрақтарға жауап бер:
Жұмысыңда не сәтті шықты?
Нені түрлендірер едің?
|
|
|
стикер
|