Сыныптан тыс шара «Мемлекеттік тіл-менің тілім» Іс-шараның мақсаты



бет1/9
Дата01.08.2017
өлшемі3,9 Mb.
#22448
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Сыныптан тыс шара «Мемлекеттік тіл-менің тілім»

Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың Отан, ел туралы түсініктерін молайту, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін туғызу.

Міндеттері: ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Іс шараның барысы:

1-жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты қонақтар.Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

Басымды иіп,

Тіземді бүгіп тұрып,

Ажарымды айдындай шуақ тұнып.

Отанымды сүйемін күліп тұрып,

Отанымды сүйемін жылап тұрып.
2-жүргізуші: Биыл 2014 жылы Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер мерекесі 10 қыркүйек пен 20 қыркүйек аралығында өтеді. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы – туған тілі болып саналады.

1-жүргізуші: Ендеше құрметті қонақтар, оқушылар «Тіл мерекесіне арналған» «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты КТК (көңілділер тапқырлар клубын) бастаймыз. Сіздерді осы сайыстың әділ-қазыларымен таныстырайық. Олар: қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы әдістемелік жетекші Подманкова С.А., тәрбие жұмысының орынбасары Мец О.В., қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қайдарова С.Е.

2-жүргізуші Қазақстанда тұратын барлық ұлттар ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. «Ынтымақ елдікке жеткізеді, Береке бірлікке жеткізеді». Бүгінгі кешіміз сайыс түрінде өткізіледі.

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін,

Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп.

Таныстырып өздерін өтсе деймін, -дей келе кезекті таныстыруға берсек.

(Команданы таныстыру)

1-жүргізуші. Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.


«Адамға екі нәрсе тірек тегі,

Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.

2-жүргізуші: Келесі сайысымыз. Командалардың бірін - бірі құттықтауы. Сіздерге үй тапсырмасы берілген болатын.

(өз өнерлерін көрсету)

1-жүргізуші:

Қуан далам, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды көңіл түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.
2-жүргізуші:

Қуан халқым, күшіне енді тіл заңы,
«Сүйінші» деп ақындарың жырлады.
Ел елдігі сыналады тілімен
Сол арқылы жайқалады гүл бағы.

1-жүргізуші: Бүгінгі жас ұрпақ - мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы - туған Отанын, туған тілін сүюден басталады.

2-жүргізуші: Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда. Келесі сайысымыз капитандар сайысы

«Мақал-мәтел сайысы» (кім көп мақал біледі)

1-жүргізуші:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы -


Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар - деп қазақ тілін құрметтеңдер дегіміз келеді.
2 - жүргізуші:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!


Келесі сайыс командалар бір-біріне сұрақ қояды.

Ал енді қымбатты сайысқа қатысушылар. Алдарыңызда бір парақ бет жатыр. Сіздер сөздің әр әріпіне мақал немесе өлең жолдары, шешендік сөздер жазу керексіңдер, уақыт 5 минут.

1 командаға: Егемен

2 командаға: Елбасы

3 командаға: Мектеп.


1-жүргізуші. Әділ - қазылар жеңімпазды белгілегенше, ендігі кезек көрермендерге сұрақ қойылады. Белсенділік танытып, сұраққа дұрыс жауап берген оқушы марапатталады. Бірінші сұрақ

1. Ана тілің алпыс тілге .....

2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - ......  

3. Тіл мәртебесі - ......

4. Тіл - достықтың ........

5. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - .......

10. Тіл сүйексіз болса да, ...... өтеді.

11. Тіл ақылдың - ......

12. Тіл жүйрік емес, .... жүйрік.

18. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, ... ашады.

19. Сөз қадірін білмеген –..... қадірін білмейді.

20. Ми ойлағанды .... тындырады.

21.Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып ... болар.

2 - жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті,


Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың сайысында


Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.- дегендей байқауды қорытындылап, жеңімпазды анықтау үшін әділ қазыларға сөз береміз.

1 - жүргізуші:

- Құрметті ұстаздар мен оқушылар, Тіл мерекесіне орайластырылған «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы да көз жеткіздік. Отанымыз, еліміз, тіліміз көркейе берсін! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

1. Ана тілің алпыс тілге татиды.

2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.  

3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

4. Тіл - достықтың алтын көпірі.

5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.

6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.

7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.

8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.

9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.

10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.

11. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.

12. Тіл ақылдың - өлшемі.

13. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде. 

14. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.

15. Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.

16. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.

17. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.

18. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

19. Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.

20. Ми ойлағанды тіл тындырады.

21.Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.










Путешествие в грамматику страны «Лингвиния»





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет