Сіздің балаңыз – бірінші сынып оқушысы (ата-аналарға арналған тренинг сабақ)



Дата01.05.2017
өлшемі43,99 Kb.
#15283

Сіздің балаңыз – бірінші сынып оқушысы (ата-аналарға арналған тренинг сабақ)


Сіздің балаңыз – бірінші сынып оқушысы
(ата-аналарға арналған тренинг сабақ)
Мақсаты: Ата-аналарға баланың мектепке бейімделуінің психологиялық ерекшеліктері, бала тәрбиесіндегі отбасы қарым-қатынасының ролі, ата- ана ескеруге тиісті жағдайлар жөнінде түсінік беру арқылы ата-аналардың психологиялық біліктілігін арттыру.
Түрі: тренинг сабақ
Қатысушылар: 1- сынып ата- аналары.
Қажетті заттар мен құралдар: А4 форматтағы қағаз, қалам, жаттығуларға арналған парақтар, жадынамалар, дәйексөздер.
Өту барысы: 1. Кіріспе. Психолог тренинг сабақтың мақсатын түсіндіреді.
2. «Сіз қандайсыз?» жобалау тесті. Ата-аналарға таза парақтар үлестіріледі, қаламмен төрт бөлікке бөлу ұсынылады. Әр бөлікке жануардың, бунақденелінің, құстың, жабайы аңның атын жазады. 1-отбасында, 2-жұмыста, 3- баламен қарым-қатынаста, қоршаған ортада ата-ана өзін осылай ұстайтыны айтылады. Ал сызбаның көлемі өзін бағалау деңгейін көрсетеді. Психолог : «Орнымызды ауыстырайық» ойын тренингі.

Мақсаты : көңіл-күйді көтеру, бір –бірлерін жақынырақ танысу.

-Құрметті ата- аналар! Бүгінгі біздің тренинг сабағымыз баланың мектепке бейімделуі жөнінде болғандықтан, сіздер де мектептегі өміріңізді еске түсіріп көріңіздер. Мен сіздерге сұрақтар қоямын, егер «ия» болса, онд орнымызды ауыстырамыз


1) Кім тақтаға шығып жауап бергенді жақсы көретін еді?
2) Кім өзінің алғашқы ұстазын жақсы көретін?
3) Кім бір күнге бірінші сынып оқушысы болғысы келеді?
4) Кімге ән сабағы ұнайтын?
5)Кім мектепте өлеңді жатқа айтуды ұнататын?
6) Кімнің жазуы түзу болды?
7) Кім бір рет те болса дәптерін, оқулығын үйге тастап кеткен жоқ?
8) Кімнің бірінші сыныпта тәртібі үлгілі болды?
9) Кім бірінші сыныпта оқу білді?
10) Кімге оқу демалыстан артық ұнайтын еді?
11) Кім ешқашан екі алып көрген жоқ?
12) Кім балалық шағында мұғалім болғысы келді?
13) Кім осы уақытқа дейін өз сыныптастарымен қатынасып тұрады?

4. Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу мәселесі(мини-дәріс) .


Мектеп бала дамуын жүйелі қалыптастырып отыратын негізгі орын. Жалпы білім беретін мектептің алғашқы сыныбына келген балалар оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарды бастан өткереді. Бала мектепке бірден бейімделмейді. Көптеген балалар оқудың алғашқы екі айында бейімделеді.Олар ұжымға тез қосылып кетеді, жаңа достар табады, үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді, мұғалім талаптарын қиындықсыз орындайды. Әрине, олар тәртіптің барлық талаптарын орындай қоюы қиын, бірақ қазан айының соңына қарай мұндай балалар жаңа оқушы дәрежесіне , жаңа талаптарға, жаңа күн тәртібіне тез үйреніседі. Ал кейбір балалардың мектепке бейімделуіне біраз уақыт қажет. Бұл көбінесе отбасындағы жалғыз бала немесе балабақшада болмаған, ата-анамен қарым –қатынас жеткіліксіз балаларда кездеседі. Баланың мектепке бейімделу нышандарын мынадан байқауға болады:
-біріншіден- баланың оқу үдерісіне қанағаттануы. Оған мектепке барған ұнайды, ол өзіне сенімсіздік танытпайды және қорықпайды.
- екіншіден-баланың оқу тапсырмаларын өз бетімен орындау деңгейі, тапсырманы өзі орындай алмаса, үлкендерден көмек сұрауы.
- үшіншіден- баланың мектептегі ортаға толығымен қосылуының ең маңызды нышандарының бірі оның сыныптастарымен , мұғаліммен тұлғааралық қарым-қатынас жасаудағы қанағаттануы болып табылады. Осы кезеңде бірінші сынып оқушысы белсенді түрде қарым-қатынас жасайды, балалар ортасынан өз орнын іздейді, басқа балалармен серіктесуге үйренеді және өзіне көмектесуге қарсы болмайды. Сонымен, баланың оқуға табысты бейімделу мәселесі көбінесе мектеп пен отбасының өзара ынтымақтасуына байланысты.
5. Э. Г. Эйдемиллердің «Отбасылық социограмма» телімелі тесті. Мақсаты : Отбасындағы тұлғааралық қарым - қатынасты анықтау. Диаметрі 110 мм шеңбер салынған парақ үлестіріледі. Жүргізуші: Шеңберге өзіңізді және отбасы мүшелерін дөңгелектер түрінде бейнелеңіз де, есімдерін жазып қойыңыз. Жұмыс нәтижесі бойынша талдау жасалады. Отбасы қарым- қатынасындағы ең маңыздысы- бала мен ананың жақындығы екендігі жөнінде ой салу қажет.

6. « Жұдырығыңды аш» жаттығуы
( баламен жағымды қарым - қатынас орната білуді түсіндіру). Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Біреуі жұдырығын түйеді, екіншісі қандай жолмен болса да ашуға тиіс. Күш жұмсамай –ақ өтіну арқылы мәселені шешуге болатындығы жөнінде талдау жасалады.
8. Ата-аналарға арналған жадынамалар таратылады.
1.Баланы жаймен оятыңыз, ол оянғанда сіздің жағымды жымиысыңызды көріп, дауысыңызды естісін.
2.Асықтырмаңыз, үлгіре алмаса-оған бала кінәлі емес, уақытты есептеу сіздің міндетіңізде.
3. Баланы таңертеңгі тамақ ішпестен мектепке жібермеңіз: мектепте тамақтанғанша ол біраз жұмыс атқаратынын ұмытпаңыз.
4. Сабаққа кетерде «тентек болма», «өзіңді дұрыс ұста», «нашар баға алушы болма» деген сөздерді айтпаңыз.Оған табыс тілеңіз, жағымды сөздер айтыңыз.
5. «Бүгін қандай баға алдың ?» деген сұрақты ұмытыңыз. Баланы мектептен кейін жағымды көңіл-күймен қарсы алыңыз, көп сұрақ қоймаңыз. Егер бала өз сезімдерімен бөліскісі келсе немесе ашулы болса, оны тыңдаңыз, кейінге қалдырмаңыз, ол үшін көп уақыт керек емес.
6. Егер бала көңілсіз келсе, бірақ үндемесе, мазасын алмаңыз.Қалпына келген соң өзі-ақ баяндап береді.
7. Мұғалімнің ескертуін тыңдаған соң, дауласуға асықпаңыз, мұғаліммен арадағы әңгіме баланың қатысуынсыз өткені дұрыс.
8. Мектептен кейін бірден сабаққа отыруға асықтырмаңыз, екі- үш сағат демалыс қажет.
9. Әр сабақты әзірлеген соң, 15-20 минут үзіліс жасаған жөн.
10. Балаға сабағын өзі әзірлеуге мүмкіндік беріңіз, көмек керек болса ғана көмектесіңіз. Қолдау көрсету, мадақтау қажет(«сенің қолыңнан келеді», «екеуміз бірігіп ойланайық», «мен саған көмектесемін»).Алған бағаларына аса мән бермеңіз.
11. Баламен қарым-қатынаста « Егер сен жақсы оқысаң, онда...» деген шарт қоюдан аулақ болыңыз.
12. Күніне бір рет жарты сағат болса да баламен бірге болуға уақыт табыңыз.
13.Баланың басы ауырса, шаршаса т.б. жағдайларға көңіл аударыңыз.
14. 7-8 жастағы балалар да кешкі ұйқының алдында ертегі тыңдағанды жақсы көретінін ұмытпаңыз.Бұл баланы тыныштандырады, жақсы ұйықтауына көмектеседі.
15. Ұйықтар алдында жағымсыз жағдайлар, ертеңгі бақылау сабақтары туралы айтпаңыз.
Қорытынды.

Қ.Кеменгеров атындағы орта мектебі











Сіздің балаңыз – бірінші сынып оқушысы

ата-аналарға арналған тренинг сабақ


Дайындаған: мектеп психологы А.Т.Шекебаева.

2015-2016 оқу жылы.
Каталог: uploads -> doc -> 01c3
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01c3 -> Сабақтың тақырыбы Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі Сабақтың мақсаты Жүйке жүйесінің маңызын ашу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет