Смағұлова А. Аға тағылымы / А. Смағұлова // Орталық Қазақстан. 2005. 19 наурыз



Дата31.12.2019
өлшемі29 Kb.
#55335
Смағұлова А.

Аға тағылымы / А. Смағұлова // Орталық Қазақстан.-2005.- 19 наурыз.

Евней аға десе, елең етпейтін қазақ жоқ. Нар тұлғалы, жомарт жүректі, жаратылыс бір бойына бар қабілетті үйіп бере салған Евней Арыстанұлы тірі болса, сексеннің сеңгіріне толар еді-ау!

Ол кісінің тағдыры - ешкімді қайталамайтын ғажап тағдыр. «Сексен жасап, сегіз сөз қалдырмаған, əлдекімнің тағдыры бұйырмағын» (Мұқағали) дейтіндей емес. Артына өрнекті сөз, өнегелі із қалдырған Евней Арыстанұлы Бөкетовті ел болып еске алып жатқанымыз - соның айғағы.

Қарағанды мемлекеттік университетімен, оның ішінде тарих факультетімен шығармашылық байланысы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқан №77 мектеп-балабақша кешенінде өткен кіші ғылыми конференция ғалымның 80 жылдығына арналды.

ҚарМУ-дың тарих факультетінің ғалымдар тобы тебірене толғанып, əсер ұрпаққа ұстаз сыйлаудың үлгісін көрсетті.

«Евней Арыстанұлы туралы айту оңай да, қиын да. Оңай болатыны, ұлы адам туралы материалдың молдығы. Қиын болатыны, аса дарынды адамның даралық - қасиетін кейінгі ұрпаққа өз дəрежесінде таныта аламыз ба?»,-деп тебіренді бүгінгі күні өзі де археология, этнология жəне Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі болып отырған ғалым Нұрсахан Ахметқызы Бейсенбекова. "Ғылымның көптеген саласында қалдырған еңбектері — оның өлмес өмірінің куəсі. Бірғана химия саласында 270-тен астам еңбегі бар екен. Менделеевтің кім екенін білесіздер. Сол кезде Менделеев туралы жазу екінің бірінің қолынан келе бермегені жəне ақиқат. Əу баста əдебиетші болуды армандаған ағамыз «Атан қомында туған адам», «Шоқанның қасиетті ісі», «Досқа алты хат» тəрізді очерк, эссе, өмірбаяндық повесть жазып, В. Шекспирдің «Макбеті» мен «Юлий Цезарын», Э.Золя, И.Вазов, В. Маяковскийден еңбектер аударып, сөз өнерінде де өз белгісін қалдырып кетті.

Қазақ тілінің өз жерінде егей болып бара жатқанын байқап, тоталитарлық жүйе кезінде мəселе етіп көтере білді.

Ерекше қасиеті қайырымдылығында еді. 31 жыл бірге жұмыс істегенде байқағаным, көрген сайын амандықтан кейінгі сөзі: «Батыр, жағдайларың қалай?» болып келетін.

Əлкей Марғұланмен дос болған. Тарихи ескерткіштерді қалай қазу керек, онда кімдер жатыр деген мəселе де ғалым назарынан тыс қалған жоқ. Қ.Сəтбаев, Ə.Марғуланмен достығы ұлтын сүюдің үлгісі десем, артық айтқандық емес.

«Ленинская сменадағы» Е. Бөкетовті қаралап жазылған солақай мақала қызметтен кетуіне əкелді. «Аққа күйе жұқпайды» дегендей, міне, бүгін тот баспаған асыл күйінде ортамызға оралды».

Нұрсахан Ахметқызының ғалымға тəн терең ойлы пікірі кімді болса да

жайбарақат қалдырған жоқ.

Ғалымның інісі, Е. Бөкетов атындағы мұражай директоры Қамзабай Бөкетов: «Туысқаны ретінде айтарым, 14 ағайындыдан бесеуіміз ғана тірі қалдық.

Көзі ашық болмаса да, көкірегі ояу əкеміз бізді орыс мектебіне берді. Алғашында орыс балаларынан жəбір көрсе де жасыған жоқ, оқи берді. Бір жылдан кейін шешемізге аудармашы болуға жарады. Бізді оқытқан өте мейірімді апалы-сіңлілі Анна, Мария Ивановалар еді. 7-сынып бітіргенше ағам Ыбырай деген туысқанымыздың қолында тəрбиеленді. Оқу озаты, қоғамдық жұмыстардың белсенді ұйымдастырушысы болды.

Ұлы Отан соғысы жылдары ер-азамат майданға кеткенде, бала оқытты. Соғыстан соң ҚазМУ-ге оқуға келген ол жанашыр ағайын ақылымен тау-кен институтынан бір-ақ шығады. Одан əрі өздеріңіз білетін өмір жолы қалыптасты» деп жас ұрпаққа аталарының өмір жолын баяндап берді.

Факультет деканы Шотбақова Лəззат Қасымқызы болашақ студенттерге факультет жайлы жан-жақты баяндап, болашақ абитуриенттерге ақ жол тіледі.

Нұрсахан Ахметқызы мен Қамзабай Арыстанұлы сұрақтарға жауап бере отырып ғалым мерейтойы қарсаңында орындалып жатқан іс-шаралар жайынан көпшілікті хабардар етті.



Кешке жыр-шашуын ала келген ҚарМУ-дың тарих факультетінің студенті Данияр Күзенбаев əн салса, №77 мектеп-балабақша көшенінің 11 сынып оқушысы облыстық «Күй-қайнары» фестивалінің жүлдегері Ақтаев Медет «Көңіл толқынымен» жауап қайтарды. Жас əнші 1-сынып оқушысы Аманбек Фаризаның орындауындағы «Ағатайым» əні көңілді бір серпілтіп тастады.

Конференцияда пікір айтқан басқа да ғалымдар, ұстаздар болды. Е. Бөкетовтің өмірі мен өнегелі ісі оқушыларға адамгершіліктің, еңбексүйгіштіктің, халқына қызмет етудің үлгісін көрсетті. Сол күні конференциядан əр оқушы, əр ұстаз рухани байып қайтты. Соның бірі - өзім.
Каталог: download -> DBases -> E A Buketov -> Files
Files -> Амантаев, Ө. Жарты ғасырда жаһан жаңа / Ө. Амантаев // Орталық Қазақстан. 2013. 21 мамыр (№79-80).
Files -> Каренов Р. Өмірі де, өзі де өнеге еді / Р. Каренов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз
Files -> Куандыкова Д.Қ. Е. А. Букетов прозасындағы бейне жасау шеберлігі/Д.Қ. Қуандықова //Қазақст. Респ. Ұлттық Ғылым акад хабарлары, Тіл, Әдебиет сер.=Известия нан рк сер филолог. – 2006. №5. – 16-19 б
Files -> Көбеев Е. Қазақтың біртуар азаматы / Е. Көбеев // Орталық Қазақстан. 2005. 19 наурыз
Files -> Жойқынбектегі, Қ. Айнымас серік / Қ. Жойқынбектегі // Орталық Қазақстан. 2014. 5 шілде
Files -> Салықов К. Евней Бөкетов дарынды аудармашы / К. Салықов // Орталық Қазақстан. 2005. 19 наурыз
Files -> Оразалықызы, Г. Тұғырлы тұлға / Гүлсім Оразалықызы // Ақиқат. 2006.№11-12. 98-105 б


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет