СҚо жамбыл ауданы Айымжан орта мектебі Шеберлік сынып



Дата25.12.2016
өлшемі96,05 Kb.
#5176
СҚО Жамбыл ауданы Айымжан орта мектебі

Шеберлік сынып

Тақырып: «Оқу үдерісіндегі кері байланысты орнатудың тиімді жолдары»

Өткізілу уақыты: 24.12.2014 жыл

Дайындаған: Бастауыш сынып мұғалімі

Сүйіндікова Әлия Шаяханқызы



Шеберлік-сынып
Дайындаған

СҚО Жамбыл ауданы Айымжан орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Сүйіндікова Әлия Шаяханқызы



Тақырып:

Оқу үдерісіндегі кері байланысты орнатудың тиімді жолдары

Мақсат:

Мұғалімдермен оқу үдерісінде кері байланысты қолданудың тиімді жолдары туралы тәжірибе алмасу, оның классификасиясы әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау

Оқушылардың көңіл – күйіне, сабақтағы іс - әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.




Күтілетін нәтиже:

Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс жайлы, оның

классификасиясы, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болады. Кері байланыстың мәнін, оның түрлерін түсінеді. Оқушылардың көңіл – күйіне, оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігін біледі.




Уа

қыт


Өткізілетін

жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті:

Қатысушылардың іс-әрекеті:




Ынтымақтас

тық атмосферасын құру

Топқа (3)бөлініп отыру;

«Миға

шабуыл»

Қызығушылығын ояту. Мұғалімдерге «Данышпан мен адам» атты аңызды әңгімелеп беремін


Кері айланысты орнатудың тиімді жолдары Практикалық жұмыс

Өз жұмыстарын қорғайды

Кері байланыс


Әр түрі бойынша баяндау

Қорытынды кезең Сабақ соңындағы кері - байланыс. «Тазалық» ойыны түрінде алу.

Қорытынды:


«Қош келдің ,Жаңа жыл қазағыма!»әнімен

билеу,музыка тоқтаған кезде 3 топқа қауышады.

Гүл ұсыну арқылы сабақтың тақырыбын ашу.


-Қалай ойлайсыздар, сабақтағы кері байланыс немесе

рефлексия деген не?

-Кері байланыстың (рефлексияның ) мақсаты не?

-Кері байланыстың қандай түрлерін білесіздер?

-Қандай әдіс - тәсілдері бар? (Қатысушылар кері

байланыстың қажеттілігі жайл бір - бірімен ойларымен бөліседі. )

«Кері байланыс (Рефлексия)» - қысқаша талқылау.

Джон Хэттидің «Оқушылардың оқуына әсер ету»

Зерттеу жұмысында кері байланыстың оқу үлгерімін арттыру үшін қалай әрекет етуіміз қажеттілігі туралы пікір айтылады.



«Данышпан мен адам»

Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті.

Аңызда айтылғандай баланың (оқушының ) өзін табысты, алғыр сезінуінің бәрі біздің қолымызда екен.
-Кембридж оқу бағдарламасы оқытудың неше модульін ұсынады?

Жеті модуль аясы:

1)Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;

2) Сыни тұрғыдан ойлау;

3)Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау;

4) Білім берудегі АКТ пайдалану;

5) Талантты және дарынды балаларды оқыту;

6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;

7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық;
1 – топ: Білім беру жүйесіндегі қуантатын мәселелер

2– топ: Білім беру жүйесіндегі күйзелтетін мәселелер

3– топ: Білім беру жүйесіндегі жаңа тұрпатты мұғалімнің моделін құру
1-топ. Смайлик көрсетеді

2-топ. Сен сабаққа қай баспалдақта болдың және онда не білдің?

3-топ Сөйлемді толықтырады; Қызықты болды….

Қиналған жерлерім…

Өзім орындай аламын…

Тапсырманы орындадым…


Сабақтағы кері байланыс. 3 түрі бар.

Слайд арқылы мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның классификасиясы, формасы жайлы мәліметтер беру.



1)Көңіл – күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс Көңіл – күйдің алуандығын білдіретін әртүрлі суреттер, түрлі - түсті карточкалар, бет әлпетті бейнелейтін карточкалар (смайликтер), көңіл - күйді бояу түстерімен анықтау. («Ауа райы», «Бағдаршам»т. с. )

Мысалы:

«Алма ағашы» әдісі

Оқушыларға сабақ басында түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.

«Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген

сөздердің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.

(Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық,Қанағаттану, Шабыт,Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.)
2)Сабақтағы іс - әрекетке кері байланыс.

Мысалы:


«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті,

сатының 1 - ші баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН, 2 - ші баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН, 3 - ші баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН.

«Таңдау» әдісі.

1.Мен сабақ

қызықты қызықсыз болды деп

ойлаймын.

2. Мен сабақта: үйрендім

көп нәрсені үйренгенім аз болды.

3. Мен басқаларды

мұқият зейінсіз тыңдадым.

4. Мен пікірсайыстарға

жиі сирек қатыстым

5.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме

ризамын риза емеспін.

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен

сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.


3) Оқу материалының мазмұнының кері байланысы рефлексиясы

Бұрын мен білмеуші едім,.. Енді мен білемін деген сияқты ой - пікірлеріңді білдіру.

Синквейн әдісі, оқушының оқып отырған тақырыпқа қатысты іс - әрекетін

анықтауға, бұрынғы білім мен жаңаны түсінудің арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Мысалы: «Аяқталмаған сөйлемдер»

Бүгін мен...................... білдім ................. қызықты болды. .......................... қиын болды.

. ................ тапсырманы мен

орындадым. ...................... түсіндім.

Мен енді....................... білемін.

Мен...............................сезіндім

Мен..................................... білім алдым. Мен......................................... үйрендім.

. ............................ менің қолымнан келді.

Мен...................................... жасай алдым

Мен.................................... жасап көруге талпынамын. .................. мені таң қалдырды. Сабақ менің өміріме..... берді. Менің............. жасағым келді.


«Плюс, минус, қызықты»

«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.

«Минус» - қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.

«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.



Оқушылардан алынатын топтық кері байланыс сұрақтары да сабақта өз тиімділігін көрсетеді .

Оқушылардан топтық кері байланыс алуға да болады екен. Осы сұрақтарды оқып талқылап көрейік.



Топтық кері байланыс сұрақтары:

1. Жұмыс барысында топтағы қарым - қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?

жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектесті

жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды

біздің қарым - қатынасымыз тапсырманы нақты

орындауға мүмкіндік бермеді, топтағы қарым - қатынасымыз тапсырма орындаған сайын нашарлап кетті.

2. Топтағы қарым - қатынас әсіресе қай дәрежеде көбірек іске асты?

ақпарат алмасуда

өзара қарым-қатынаста

өзара түсіністікте

осы дәрежелердің бәрінде іске асты.
3.Топ мүшелері тапсырма орындау барысында қандай деңгейдегі коммуникативтік қиындықтарды сезінді?

ақпараттың аздығы, жетіспеушілігі

коммуникативтік құралдың тапшылығы (сөз

байлығының төмен болуы, ойды дұрыс жеткізе алмау)

тілдік, сөйлесу қарым - қатынасындағы қиыншылық

4. Жұмыс барысында қарым - қатынас жасаудың қай стилі басым болды?

бір адамға бағытталған стиль

тапсырманы орындауға бағытталған стиль

5. Тапсырма орындау барысында топта ауызбіршілік сақталды ма?

топта ауызбіршілік пен серіктестік қарым - қатынас

сақталды

топтағы бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны байқалды.

6. Топтағы сол жағдайдың болуына кім немесе не әсер етті?

топтағы бір адамның өзін көшбасшылыққа итермелеуі

топ мүшелерінің көбісінің ортақ қарым - қатынас

орнатқысы келмеуі, немқұрайлылығы

бірігіп істеуге берілген тапсырманы түсінбеу.

берілген тапсырманың қызықсыз, қиын болуы

Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:

Чемодан қоқыс жәшігі еттартқыш

-Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)



Осылайша қатысушы мұғалімдер шеберлік-сыныптан не білім алғандарын көрсетеді.
Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат: баланың саналы ішкі рефлексиясы даярланады, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттері дамиды.



Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет