Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»



бет1/4
Дата26.06.2018
өлшемі234 Kb.
#45130
түріСочинение
  1   2   3   4

Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный 20-летию Дня защитника Отечества

2012 год

I тур





Айдархан Айбек, 9 сынып оқушысы

Қазантай жалпы негізгі білім

беру мектебі
Сүйем сені туған ел – атамекен6

Абзал анам сенсің ғой құшағың кең.

Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,

Сенен артық не табам, қайда кетем.

Ерке жанмын, өмірде өстім еркін,

« Еркелеме, ей жігіт, еспе» дер кім?

Өз елімде өзендей гүрілдеймін,

Тасып, шалқып өтемін, осы сертім.

Қасым Аманжолов
Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай тіршілік иесі нәр алып жаралған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Бұл туған еліме, кең байтақ Отаным – Қазақстанға деген ұлы сезімнің құдіреті.

Иә, әр адамға сүйікті Отанынан, туған елінен қымбат ешнәрсе жоқ. Мен де Қазақстанымды адал, сәби бала жүрегіммен мақтан етемін. Елім менің! Бұл өз үйіңнің табалдырығынан басталады. Содан шетсіз, шексіз қияға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары,

осының бәрі – туған елдің бір бөлшегі.

Туған ел мағынасы тереңде жатыр. Балғын балалық шақ! Сәуірде бүршік атқан, қылтиып күн көзіне көрінген балауса көк шөп. Күннің қызғылт шапағына бөленген үйлер, осының бәрі тұтас туған ел!

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,

Нендей қуйге жүрегімді бөледің.

Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,

Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім, -


деп, Қасым ақын толғанған қасиетті мекеніміз – Қазақстан егемен ел болып, өркендей түсуде. Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында.

«Отан» деген сөз әуелде көшпелі өмір сүрген ата-бабамыздың от жағып, тіршілік еткен ұясы деген ұғымнан шықса керек. Отан үшін от пен оққа кеудесін тосқан Бауыржан ата: «Отан үшін отқа түс, қүймейсің,» - деп аманат қалдырған. Осындай Отанын сүйген және одан да қуат алған, ел қорғаны болған қазақ перзенттерінің есімі мәңгілік есімізде қалады. Мен де Қазақстанның шалғай түкпірінде жатқан ауылымыздың ардагер аталарымыздың ерліктері туралы айтып өтсем деймін.

Біздің ауылымыздың аты - Қазантай. Ұлы Отан соғысына осы кішкентай ауылымыздан қан майданға жетпіске жуық адам аттанған екен, солардың отызға жуығы ғана ауылымызға аман-есен оралды. Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін қан төккен әкелер мен апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Мен өз нағашы атамның ерлігі туралы жазамын. Ауылымыздың ардагері Жапарханов Өкеш 1941 жылдың қарашасынан 1942 жылдың тамызына дейін запастағы алпысыншы атқыштар полкінде, 1942 жылдың тамызынан 1943 жылдың наурызына дейін 705-ші атқыштар полкінің құрамында,1943 жылдың шілдесінен 1945 жылдың шілдесіне дейін 146-шы жеке атқыштар полкінің кұрамында қатысты. 1942 жылдың 29 тамызында ауыр жараланып, Воронеж қаласының госпиталінде жатты. Бірінші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Германияны женгені үшін» медальдарымен марапатталды.

Мен өз ұрпағы үшін жанын қиған ата-әжелерімізді, аға-апаларымызды мақтан тұтамын. Нағашы атамның дүниеден өткеніне көп жылдар өтсе де, атамның айтқан сөздері көкейімде қалды. Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына қарсы ауылымыздың қарттары мен Қазантай ауылының жастары аталарымыздың рухына арнап мектеп жанына мемориалдық құлпытас орнатты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Елдің де, жердің де иесі өзің екеніңді ұмытпа! Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет» - деген сөзі маған рух береді.Осындай рухы күшті елдің ұрпағы болғаным мен үшін үлкен мақтаныш. Мен де оқып, азамат болып, еліміздің дамуына өз үлесімді қоссам өзімді бақытты жандар қатарында санар едім.



Айтуған Марал, 10 сынып оқушысы

1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі


Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат

керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты

қажыр-қайрат керек

Н.Ә.Назарбаев

Жоспар:

І. Кіріспе



Қазақстан – қыран далам...
ІІ. Негізгі бөлім

  1. Әскер - әліміз, армия – абыройымыз

  2. « Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі »

ІІІ.Қорытынды

« Ел бірлігі – ең асыл қасиет»
Шіркін, Қазақ елі...Атыраудан Алтайға дейін созылып жатқан кең дала, жасыл майса, самал жел. Көк аспанда қыраны еркін қалықтаған, жерінде ұл-қызы асыр салған - тәуелсіз қазақ мемлекеті. Бұл елдің өзіндік сан ғасырлық тарихы бар. Осы тарих толқынында қазақ бар қиыншылық пен ауыртпалықты, азапты көрді. Соның бәрінен еш тоқтаусыз, қаймықпай жеңіске жетті. Соның барлығы кешегі өткен ер бабаларымыздың арқасында. Олар қанға-қан, жанға-жан деп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қазақ жерін қорғаған болатын. Ендігі біздің мақсатымыз сол бабалардан қалған жерімізді сақтап, қорғау. Ол үшін әрине қазақтың батыр ұлдары әрқашан күзетте. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің бір сөзінде: «Тағдыр қазаққа қырын қарамаған: жер де берген, кен де берген, ел де берген, ер де берген», - деген. Шынында да қазақ елге де, жерге де, ерге де кенде емес. Сондықтан біздің тыныштығымыз сенімді сарбаздардың бақылауында. Олар аман тұрғанда бізге ешқандай қауіп-қатер төнбек емес.

Қазақстан қанша жыл өзге елдің бұғауында болды. Алайда өзінің қайсар да, батыл, табандылығының арқасында бұл бұғаудан 1991 жылы босап шықты. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі басты мәселе ол – мемлекеттің Қарулы Күштерін құру болды. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ының мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейіннен республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде дербес шешуге көшуіне байланысты, ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Тәуелсіз республиканың заңдық құқықтарының негіздеріне және де Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты 1992 жылдың 7 мамырында Президенттің Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер  өздерінің мүліктерімен қоса республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын Қорғаныс министрі болды. Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды. Сөйтіп, Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанын 7 мамырда 1992 жылы заңды түрде бекітті. Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару-жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешті.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады.

Қазақта әр заманда епті, батыл, ержүрек сарбаздар болған. Олар барлық қиындықтар мен жорық кезіндегі тұрмыс мұқтаждығын көтеруге қабілет-қарымын көрсете білген. Бүгінгі Қазақстан әскерлері даңқты өткенімізден күш ала отырып, өткенімізді рухани жалғастырушы жаңа күш екеніне кәміл сенемін. Бүгінгі таңдағы Қарулы күштеріміздің айнасы – республикалық «Ұланы» болып отыр. Тарихқа көз жіберер болсақ мұндай сарбаздар ежелден-ақ болған. Олар хан сарбаздары деп аталған. Олар үнемі ханның жанында болып, қорғап жүрген. Ал қазіргі таңдағы ұландарымыздың міндеті - Елбасы және басқа да күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жоралғылық рәсімдерге қатысу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңба эталондарын күзету тізбесін бекітетін аса маңызды объектілерді, ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды күзету. Осындай мықты қорғанысы бар елдің шекарасы әрқашан тыныш болмақ.

Қазақ шекарасын қорғар ұлтжанды сарбаздарды дайындау үшін алдымен олардың бойына руханияттылықты, ұлтжандық пен отансүйгіштік қасиетті дарыта білуіміз қажет. Ол үшін алдымен «отаншылдық, отансүйгіштік дегеніміз не?» деген сұраққа жауап іздеп көрсек.

Отаншылдық яғни, патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, әрбір азаматтың бойында күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау деген сөз. Патриотизм – Отанымыздың гүлденуіне, экономикамыз бен мәдениетіміздің қарыштап дамуына зор ықпал етеді. Ұлтына, нәсіліне, сенімі мен нанымына, саяси көзқарасы мен ұстанған бағыт-бағдарына қарамастан, республикамыздың әрбір азаматы өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекетін «туған елім, Отаным» деп тануы қажет. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттың салт-дәстүріне құрметпен қарау, оның тілі мен дінін сыйлау, заңдарына бағыну, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану – қоғамның әрбір мүшесінің басты міндеті.

Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келеді. Одан “ұлттық патриотизм”, “Қазақстандық патриотизм” деген екі ұғымның туындағаны белгілі

“Қазақстандық патриотизм” деген ұғымды – педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Құсайынов: “Қазақ елін шексіз сүю деп түсінемін”, – дей келе, “Отан сүю” сезімі – халқының келешегі үшін күресумен, ол үшін аянбай еңбек етумен етене қабысып жатқан сезім, Қазақстанның келешегі үшін ақ жүрек, адал ниетпен қандай салада болмасын өз шама-шарқы келгенше аянбай еңбек етуді мен Қазақстандық патриотизмнің бүгінгі шынайы көрінісі дер едім”, – дейді. Қазақстандық патриотизм ұғымының жалпы патриотизм ұғымынан алыс кетпейтіні, бұл жерде өз алдына дербес мемлекет атанған іргелі елдің өз құндылықтары бар екендігі, жас ұрпақтың сол құндылықтар негізінде тәрбиеленуі қажеттігі ескеріліп отырғаны анық.

Меніңше, патриотизм – ол өзінің туған жеріне, ана тіліне, мемлекетке деген сүйіспеншілік сезімі, сол мемлекеттің, Отанының гүлденуіне, өсіп өркендеуіне өз үлесін қосу, қызмет ету.

Еліміз егемендігіне қол жеткізіп, тәуелсіздіктің туын желбіретіп отырған бүгінгі күн ұрпақ тәрбиесінде ерекше назар аударуды қажет етеді.Ұлттық сана мен ұлттық рухты тәрбиелемейінше, ұлттық мемлекет қалыптастыру мүмкін емес екендігі баршаға аян. Ұлттық рухты биік бағалайтын мықты ұрпағы бар ел ғана қандай да болмасын мәдени, саяси және экономикалық дағдарыстан мойымай өтері хақ. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу ісін мемлекеттік идеологияның аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде алға тартуының сыры осында жатыр...

Ата-бабаларымыз сыйға тартқан бақытты өмірімізді қорғау әрбір саналы азаматтың борышы. Қан мен тер, мерт еткен өмір арқылы келген бостандық – тарихи  шындық. Ата-бабамыз, әже-апаларымыз салып кеткен дәстүрді берік ұстап, ел азаматы болу бүгінгі ұрпақтың қастерлі де бұлжымас абыройлы міндеті. Әрбір саналы азамат өзінің елі мен жерін қастерлеп, оны шексіз сүюі үшін аянбай еңбек етіп, өзінің бойындағы қасиеттерінің бәрін соған арнайды, қорғайды. Ел-жұртын құрмет еткен азамат – халықтың ұлы, оның нағыз перзенті. Ерді ел тудырса, ер елі үшін туады. Бұрынғыдан келе жатқан нақыл сөз, дәстүр де солай. Елін сүйген ерді халқы сүйіп, оны ардақтайды. Ер болып туған азамат халқының тарихын, мұң-мұқтажын, дәстүрін қастерлейді. Азаматтық борыш адамгершілік, қадір-қасиеттермен ұштасады, оның адамдық тұлғасын бейнелейді. Азамат болу – ел қамын ойлау. Ел қамын ойлау – Отанымыздың тарихи даму жолындағы қилы күресті басынан кешірген бабалар мен әжелердің жанқиярлық еңбегі мен күресінің өтеуі. Солар қорғап қалған Отанды қорғау, жер планетасының тыныштығын сақтау – Қазақстан Қарулы күштерінің азаматтық борышы.


Альназарова Асем, 9 класс

СОПШЭН 36
Защита Родины - призвание достойных
После распада Советского Союза для суверенного Казахстана многие проблемы стали актуальными. Одна из них – становление армии Республики Казахстан.

Как девушка, я до некоторых пор не задумывалась над этим вопросом, пока в армию не призвали моего брата. Вместе со своей семьёй, когда в течение года каждый день мы думали и беспокоились о нём, я поняла, что армия – это не просто служба (слово, мало о чём говорящее), а нечто большее. Отец гордился тем, что его сын готов пройти нелёгкий этап своей жизни и отдать долг родине, а мама и сёстры жили с чувством страха за его жизнь и судьбу. Лично я чувствовала неприязнь к армии, думая лишь о том, что она «забрала» моего брата далеко от дома, и я не буду видеть его целый год.

Тогда, два года назад, моих представлений об армии, как мне казалось, было достаточно, чтобы понимать, служба – это очень трудная и опасная работа в жизни солдата.

Сегодня же, повзрослев, я сталкиваюсь в реальности с вопросами об армии, изучаю историю и признаюсь, что армия – это глобальная тема, где не всё однозначно и где есть место разным представлениям, мнениям и суждениям о службе отечеству.

Будучи журналистом нашей независимой школьной газеты «6 на 6», я часто провожу опросы среди ребят на разные темы. На этот раз мальчикам – старшеклассникам были заданы вопросы об армии. Вот они:

Что для тебя армия? Хочешь ли ты служить в армии и почему? Как ты воспринимаешь место «дедовщины» в армии? Какое мнение у твоих старших товарищей, прошедших службу? Какой ты видишь армию независимого Казахстана?

Перебирая все ответы (их было 19), я удивлялась разнообразию мыслей наших будущих солдат. Чьи–то ответы подписывались именем, кто–то остался анонимом. Есть ребята (их трое, то есть 16%), считающие службу в армии «пустой тратой времени», потому что, «отрываясь от учёбы, за время службы можешь пропустить множество важных событий, происходящих в жизни». А одиннадцатиклассник Абильхан сказал: «Армия – это неприятная неизбежность».

Часть ребят (а это двое, то есть 10%) строили свои ответы на впечатлениях бывших солдат, прошедших армию и «дедовщину». Будем честными: ведь только ленивый не ругает сегодня армию за этот позор. Вот мысли некоторых моих респондентов: «Дедовщина в армии была, есть и будет», из-за этого «военнослужащие погибают или сходят с ума».

Читать такое мне было страшно. Никакая мать, я уверена, не хотела бы, чтобы её сын получил увечье или погиб в мирное время, не участвуя даже в учебном бою. Если армия – это и учёба (там приобретаются жизненные опыты, навыки), то ничему плохому она учить не должна.

Конечно, среди отвечавших были и те (а их пятеро, то есть 26%), кто готов служить с рвением, но лишь извлекая пользу от наличия военного билета, который очень полезен для будущей карьеры. Для части ребят армия видится как контрактная служба. Абылай признался: «Для меня идеальная казахстанская армия – 100 тысяч контрактников». То есть он считает, что это и есть современный взгляд на формирование новой армии. Ни первое, ни второе желание не есть плохое. Карьерный рост – вполне патриотическая цель, а «контрактники» способствуют улучшению качества военного контингента. Но всё же, мне кажется, что у будущих солдат теряется ведущий мотив – защита Родины по зову сердца, а не за деньги или карьеру. Возможно, я ошибаюсь…

Зато последние ответы (их 9 из 19, то есть 47%) тронули меня и воодушевили. Эти ребята считают, что для них армия – место для проверки боевого духа, силы воли, мужества и выносливости, место, где становятся настоящими мужчинами. Рустем: «Хочу пройти этот этап жизни. И дедушка, и отец были в армии». Марат: «Хочу просто защищать Родину». Нуржан: «Хочу служить в ВДВ, ведь там самая сила Республики». Саша: «В армии человек познаёт всё о жизни. И после службы ты уже считаешься настоящим мужчиной». Олег: «Хочу служить, потому что каждый юноша должен отдать долг Родине».

Мой срез-опрос, возможно, и не исчерпывающий для масштабов страны. Но в одном он очень показателен: равнодушных карьеристов гораздо меньше, чем мыслящих честно, патриотически.

Любовь к родине воспитывается. Наши ребята знают и любят свою героическую историю от древних времён. Когда-то наши предки ожесточённо сражались за свою землю, тысячи джигитов и батыров проливали кровь в бою за деление территорий, объединение земель, за независимость.

Великая Отечественная война – свежая страница истории. Есть чему учиться у своих дедов и прадедов! В нашей школе есть музей Боевой славы, там помещён бюст Героя Советского Союза Канаша Камзина, нашего земляка. Рядом висит стенд с именами других Героев Советского Союза, их 23 человека. О жизни и подвиге каждого собраны материалы. Призванные из разных мест нашей области, служившие в различных частях, они были объединены одним общим убеждением – Родина не погибнет, если ты сумеешь её защитить.

Экскурс в историю своего народа всегда восхищает и уверяет в том, что «всё течёт, всё изменяется» (так говорили древние), но всё-таки неизменным остаётся любовь к родине и вечный долг перед ней. Поэтому уважение, восхищение и признание заслуживает всякий молодой человек, считающий святым долгом службу в армии во имя Родины. В этом его достоинство!!

Такие чувства переживаю я, анализируя ответы ребят, горжусь ими и верю, что они будут настоящими защитниками! Стоять за Родину могут только достойные.



Ахметова Ботажан, 9-сынып оқушысы

«Дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік

лицей-интернаты» ММ
Отанның намысы үшін оттан қашпа,

Шын сүйсең, мақсатыңнан қия баспа.

Тайсалма, бар, Отанның құрбаны бол,

Өлімің орынсыз боп кетпес босқа.

Н.А.Некрасов
Отан – сенің алпыс екі тамырыңның әр бүлкілі мен жұмыр жүрегіңнің әр лүпіліне дарыған ыстық ұяң, өз бесігің, өз үйің. Па, шіркін, кеудесіне жан біткен пенде үшін Отан анадан асқан құдірет болар ма екен?!

Отан – ана. Ананың аялы алақанынан жылу мен мейірім қалай тараса, жер ананың төсінен, күннің шуағы мен сәулесінен, самал желінен - бәрінен сондай мейірім шапағаты төгіледі. Ана тоғыз ай толғатып жарық дүниеге әкелген баласын оны өмір бойы толғатар үлкен анасына - Отанына береді. Осындай аяулы екі ананың махаббатына сусындаудан асқан бақыт жоқ қой, сірә. Иә, мен бақытты екенмін. Менде маңдайыма жарық жұлдыздай бітіп, Тәңірі нәсіп еткен туған жерім, Отаным бар. “О шетінен бұ шетіне жүгірсең шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?”, - деп ақын ағамыз жырлағандай, киелі қазақ жері өр Алтайдан Атырауға, Ертістен Еділге дейін созылып жатқан ұлан-ғайыр атырап екендігі дау тудырмас. Төрт құбыласы түгел, төрткүл дүние мойындаған қазақ елі бүгін әлем картасында өзіндік орнын нық шегеледі. Еуразия материгінің кіндігінде, дәл төсінде жүректей соғып Қазақстан жатыр. Міне, менің Отаным! Міне, менің ыстық ұям!


Құсың ұшар көк аспанмен таласа,

Тауларына көз жетпейді қараса.

Көбелектер гүлден-гүлге қонады,

Сүп-сүйкімді қозыларың тамаша,-


демекші, қазақтың сар даласындай шексіз де шетсіз тұғырдың сұлу табиғатына не жетсін! “Басы байтақ, аяғы тайпақ” Жиделі, Сыр бойындай жайлауы, Қаратаудай қыстауы, “алты күнде ат семіртер” Нұралы, “жары менен суы бірдей, жарлысы менен байы бірдей” Есілі сылқым сұлудай ойнақтап, қазақтың кербез табиғатын одан әрі ажарландыра түскендей. Сарарқаның орта тұсынан ойып тұрып орналасқан таңғажайып Баян өңірі - ғажайып кереметтер мекені. Шіркін-ау, осындай қазақ рухының баласы мен санасы, салты мен сезімі, сүйініші мен күйініші сегіз өрім қамшыдай жымдасқан иен далама не жетсін!

Тәуелсіздіктің ақ байрағын желбіретіп, жиырма жылда талай белестерді өткерген Қазақстан Республикасы қазіргі таңда өзге мемлекеттермен терезесі тең, алға ұмтылған барысқа айналды. Иә, азаттықтың алып қоңырауын қаққалы, бостандықтың дәмін татқалы жиырма жыл өтті. Тәуелсіздіктің ақ таңы көзден шыққан ыстық жас пен көмейдегі қызыл қанға боялып келгені – ащы ақиқат. Ат жалы, түйенің қомында, ақ білек, ақ найзаның күшімен жеткен тәуелсіздік, “тағдырдың тезі мен тозақтың өзінен” келген тәуелсіздік, арман тәуелсіздік бүгінгі күні көк аспанға шаттана қаратқызып, жанарымызда қуаныш тамшысын мөлтілдетті.

Күн сайын елімнің дархан даласында арайлап таң атып, көк аспанда құстар сайрап, қызарып кеш батады. Табиғаттағы тіршілік салтанаты халықтың бірлік-берекесі, тыныштығымен жымдасқан. Қазақ халқы кең даласында бейбітшілік бесігінде тыныш тербеліп жатыр. Осы әрбір таңымыздың арайлап атуы - жеріміздің оңтүстік пен солтүстік, шығыс пен батыс шекарасын қорғап күні-түні сұсты арыстандай есік баққан әскеріміздің маңдай тері. “Өзін-өзі қорғай алған елдер ғана өсіп-өркндейді”, - дейді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақ әскеріне бүгінде жиырма жыл! Сонау көк түріктер заманындағы батыр бабалардың азатшыл рухын бүгінгі буынның кеудесіне сарп етіп, қыршын жасынан қару асынып ел қорғауы - намысшыл ұрпақтың жемісі. Бесіктегі сәби мен ақ жаулықты ананың тәтті ұйқысы, Алатаудың суындай сылдыраған бойжеткеннің күлкісі үшін қасқая тізілген сарбаздарымызға борыштармыз. “Қазақстанның көгінен алтын шуақ таймасын” деп, “жазиралы жерінде күл боп гүлі қалмасын” деп, “бейбітшілік қыраны шарықтасын, талмасын” деп он сегіз жасқа толысымен қазақ баласы ақтық демі қалғанша еліне қызмет етуге ант етіп, көк байрағын жүрекке басады.
Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қу толағай бастанбай,

Темір қазық жастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме? –


деп, қазіргі жас буынның намыс қайрағына айналған Махамбет Өтемісұлы айтып кеткендей, кеудесін от кернеген халық қорғанының ісі бітер ме екен?! Отан тағдыры қолдарына қару, бойларына қуат бітіп, сүйген Арқасын, сұлу Шығысын, қонақжай халқын қорғаған жауынгердің қолында. Қазіргі әскер шебіне қатарласқан жас ұрпақ – өңкей Қобыланды, ер Тарғын, Исатай мен Махамбет, Амангелді, Абылайдың балалары. Қылыш, семсер, айбалтадан зеңбірек, мылтық, ұшаққа ұласқан қаруларды асынып туған жерін кеудесімен қорғаған әскеріміздің болашағы асқақтап, шұғыла шыңдарға шырқай берсін!Отаншылдық деген ибалы да ыстық сезімге жүректері толған жас буын көбейе берсін! Өз Отанын жан-тәнімен сүю-адамгершіліктің асқар шыңы, адалдықтың айнасы. Отанының болашағы үшін қан төгіп, құрбан болған Баубек Бұлқышев былай дейді:”Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу – қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге болмайды.” Біз өзіміздің даңқты Отанымыздың игілігіне қызмет істеуге тиіспіз. Отан басына қиын-қыстау іс үскенде қиынның қиынынан қаймықпай еңбек еткен кісі – міне, нағыз патриот. Шіркін, Отанға деген махаббат бойыңды шымырлатып, жаныңды тереңінен тебірентеді екен-ау!
Отанымды мақтан тұтам, қорғаймын,

Қазағымның нақыл сөзін қолдаймын!

Қазақ атам демейді ме: “Отан үшін отқа түс.”

Отандастар, сізге үлкен, ыстық сәлем жолдаймын.

Қазақ елі гүлдей берсін, дамысын,

Жылдан-жылға көтерілсін табысың.

Қазақстан, көтерілсін көк туың

Біз, жастар да, тырысамыз сен үшін.



Әскербекова Ақерке, 10 класс,

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы 10 лицей
Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала

кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын

мақтан тұтамын. Басымды иемін! Н.Ә. Назарбаев
Менің елім, менің Қазақстаным – талайды тамсандырған айбарлы да кең, табиғаты сұлу әрі бай ел. Татулық пен ынтымақтастықтың белгісі, нұрлы, ашық аспан, кең жазық, жасыл жазиралы дала, аспанмен таласқан асқар таулар, сыңғырлай аққан сылдыр бұлақтар, нарын құмды шөлдер – мұның бәрі әсем жерімнің таңғажайып табиғи көрінісі – менің отаным, менің алғаш тәй-тәй басқан жерім – Қазақстаным.

О, ғажап!.. “Менің елім!”, “Менің Қазақстаным!” терең ой жүрегімді тебірентерлік сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес... Ел мен жерге, туған халқым мен туған топырағымның алдындағы перзенттік парыз жанымды толғандырады.

Мен ұлан байтақ бостандық байрағы желбіреген жерімде, еркін елімде өсіп, ер жетіп келемін. Бесігіндей кең көсілген еркін елдің ұрпағымын, ат үстінен түспеген жауынгер түркінің бүр жарған түбірімін... Кен қопарып, мал баққан еркін елім, гүлденген Қазақстаным! Мыңжылдық тарихы бар қайсар қазақ елі – сан ғасырлық тарихында талай қиындықтардан өткен ел. Отанының бостандығын аңсаған, сол арманы үшін болған күрестерде ата-бабаларымыз, батыр ерлеріміз кеудесін оққа төсеп құрбан болды. Тәуелсіздік жолында елім деп еміренген, жерім деп жырлаған ақын-жазушыларымыз туған жерінен қуылды. Міне, осы құрбан болған бабаларымыздың аңсаған арманы, мақсаты бір емес пе еді?! Менің бойымда олардың қаны тасиды, мені қашан да олардың рухы жебейді, аруағы қолдайды. Болашақта Қазақстанды әлемдегі озық мемлекеттердің алдына шығарар, шашбауын көтерер біз – жастармыз. Бұл – ұрпақтарының болашағы үшін жанын пида еткен ата-бабаларымыздың бізге аманат қылып қалдырған ұлы мақсат. Менің ойымша, әрбір қазақ ұландарының жүрегінде, қанында “Мен қазақпын, мен қазақ екенімді мақтан тұтамын, ұлтым үшін у ішуге дайынмын” деген ұран бар.

Халқымыз “Ұлттық патриотизмсіз ұлтты сақтап қалу мүмкін емес, ал ұлт болмаған жерде «мемлекеттік» деген ұғым да жойылады. Біз қазақ ұлтын сақтап қалғымыз келсе, ұлттық патриотизмді мықтап дамытуымыз қажет” деген.


... Отан, Отан!

Бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем»,-деп
ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев жырлағандай, жұдырықтай жүрегінде Отанға деген орыны бар әр азамат, әр азаматша аты аңызға айналған қаһарман Бауыржан Момышұлынша айтсақ, «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дегендей, Отан үшін еш аянбауы тиіс.

Жастық оты жалындаған мен сияқты әрбір жас азамат өз Отанының тарихының әр парағында жазылған естеліктерді, құнды деректерді санасында сақтап жүруі керек. Әсіресе, сұрқия сұрапыл соғыстың соңына жетіп, «Ұлы Жеңіс» деген сөзді естуге асыққан сол кезді, сол заманның халқы туралы, ерлерінің ерлігі туралы білмей, бейхабар жүру, әсте, мүмкін емес. Өйткені, ол Отаншылдыққа жатпайды.

Біз сияқты әр жастың жүрегі соққан сайын Отаным, елім, халқым деп соғуы керек. Сонда ғана сен өз халқыңның, Отаныңның бұрынғысы мен бүгінгісін ой елегінен өткізе жүріп, оның өзіңе қалай қымбат екенін сезінесің.

Бірақ, осы заманды, бейбіт, тыныш өмірді өткізе жүріп қасық қаны қалғанша жер-ана үшін, Отан үшін, халқы үшін жанын шүберекке түйіп Отан үшін жан пида деп, отқа оранған, оққа боранған майдан даласындағы, ерлерімізді, батырларымызды қалайша ұмытамыз?!

Иә, тарих қойнауына күн санап, ой өтіп, жылдан-жылға ене берсе де, асыл азаматтарымыз өздерінің есте қалар ерліктерімен көкейімізде қала береді. Олардың ерен ерлігі біздің бойымызға отаншылдық деген аялы сезімді ұялата береді.

Алла бізге жер бетінде де, жер қойнауында да орасан зор байлықты нәсіп етті. Мен осы байлықтың талан-таражға салынуына жол бермеген, бостандыққа қол жеткізген, ел қамын ойлаған, бодандықтың шідер бауын босатқан ата-бабаларымызға бас иемін. Аталарымыздың түн қатқан арманын, ел болашағының тізгін-жүгенін біздей бұтақтарына бақ қылып қонақтатқаны – шын бақыт. «Алдыңда не күтіп тұр, соны ойла, игі мақсатқа тура жүрген жетеді» деп ұлы ғұлама, ойшыл Фирдоуси айтқандай, қазақ баласы, жер сенікі, ел сенікі! Жеріңе, еліңе ие бол. Өз жеріңде, өз Отаныңда тұрып басқаның құлы болма. Біз қазақ болып тудық, қазақ болып өлеміз!-дегім келеді өз қатарластарым мен кейінгі жас өрендерге.


Каталог: Pobeda -> photo2012 -> Socineniy2012
Socineniy2012 -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Socineniy2012 -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Socineniy2012 -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Socineniy2012 -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Socineniy2012 -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Socineniy2012 -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет