СөЖ. Орындаған: Гуншебай м қабылдаған



бет1/2
Дата23.09.2022
өлшемі20,61 Kb.
#150561
  1   2
Байланысты:
Гуманистік тәрбие жүйесі
кору жане есту анализаторы, Қазақ фольклорының жанры мен түрлері, Адамның өсу және даму заңдылықтары, Әліппеге дейінгі кезең, Пропорция, Матем 1 РГР китап каз нов, Заманауи

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ

.
Орындаған: Гуншебай М Қабылдаған: Айтжанова Э


Алматы 2021ж
Гуманистік тәрбие жүйесі
Гуманистік педагогика – XX ғасырдың 50-ші жылдарының аяғында 60-шы жылдардың басында АҚШ-та пайда болған гуманистік психология идеясының қазіргі кездегі тәрбие теориясы мен тәжірибиесіндегі педагогиканы қайта жаңғыртуға бағытталған саласы. Оның өкілдері болып К. Роджерс, Р. Барт, Ч. Ратбоун мен т.б. жатады. Аталған педагогикалық бағыттың негізгі тенденциясы – білімге тұлғалық-бағдарлық қасиет беруге талпыныс, оқуда және тәрбиеде авторитаризмді жою, оқушылардың білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды меңгеру процесін репродиктивті және шығармашылық әрекеттерін эмоционалды етіп жасауды көздейді.
Гуманизм – (лат. humanus – человеческий, свойственный человеку, человеколюбивый – адамшылық, адамға тән, адамшылығы бар) ертедегі ойшылдар мен педагогтардың құнды еңбектерінен бастау алады. Олардың қатарында Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель, Плутарха, Сенеки, Квинтилиана, Тертуллиана, Августина, Аквината және т.б. жатқызуға болады. Оның дамуына маңызды үлес қосқандар батыстың танымал педагог-ағартушылары Я. А. Коменский, Д. Локк, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, П. Ф. Гербарг, А. Дистервег және кеңес педагог-ғалымдары А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский.
Сухомлинскийдің пайымдауынша «жақсы сезім өзінің тамырымен балалық шаққа сапар жасауы қажет, ал адамшылық, ізгілік, қайырымдылық, мейірімділік еңбекте, қамқорлықта, қоршаған әлемнің әсемдігіне толқу жағдайында туындайды» деген екен. Бұлардың бәрі, айналып келгенде бүгінгі тәрбиенің гуманистік сипатын құрайды.
Академик Д.С.Лихачев «Мен ХХІ ғасырды гуманистік мәдениетті дамыту ғасыры болады деп өзімше ойлаймын» – деп жазады. Демек, бүгінде тәрбие мәселесінде гуманистік принципті бірінші орынға қою, бұл әрине табиғи заңдылық болып табылады.
Кезінде В.Г.Белинский «адамшылықты» тәрбие принципі ретінде қарастыра отыра, «тәрбиенің қаруы және делдалы махаббат, ал мақсаты – адамшылық болуы міндетті. Тәрбие балаларда шенеунікті, ақынды, қолөнершіні емес, адамды көруі міндетті» деп жазған.
Қазіргі кезеңдегі тәрбиенің теориясы мен әдістемесінің дамуы (В. И. Андреев, Е. П. Белозерцев, Т. Н. Мальковская, Л. И. Новикова, И. П. Подласый, С. А. Смирнов, B. C. Селиванов, В. А. Сластенин, Н. Е. Щуркова және т.б.) педагогтарды тәрбиеде гуманистік сипаттың болуына және тұлғамен өзара әлеуметтік қарым-қатынас жасауға бағыттайды (тұлғалық-бағдарлық), соған сәйкес келесі міндеттерді шешуді жүктейді:
1) тәлімгерлерді жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесімен таныстыру;
2) әрбір тұлғаның шығармашылық күшін анықтау;
3) тұлғаның еркіндік сезімін және объективті жағдайда өзіне-өзі баға бере алатын қабілетін қалыптастыру;
4) бірлескен өмірдің ережелері мен нормаларын құрметтеу;
5) еңбекке жағымды қатынасты орнату;
6) ұлтаралық татулық пен ұлттық құндылықтарды мақтаныш ету сезіміне негізделген тұлғааралық қарам-қатынас мәдениетін қалыптастыру және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет