СӨж орындаған;Сарбасова Никара Тексерген: Готман Луиза Арнольдовна 2020жыл 21. Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті



Дата20.03.2020
өлшемі23,85 Kb.
#60477
Байланысты:
Никара
00035009-65936601
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Орындаған;Сарбасова Никара

Тексерген:Готман Луиза Арнольдовна

2020жыл


21.Икемділік ұғымы.Икемділік коэффициенті

Сұраныс және ұсынысқа әсер ететін факторларының өзгеруі себептерін анықтау және бағалау үшін икемділік көрсеткішін қолданамыз.

Сұраныс икемділігі салыстырмалы көрсеткіш болып табылады және сұранысты анықтайтын факторлардың 1% өзгеруіне байланысты сезіну өлшемі. Сұраныс икемділігінің 3 түрі бар:

бағаға байланысты сұраныс икемділігі;

табысқа байланысты сұраныс икемділігі;

айқасқан сұраныс икемділігі.

Бағаға байланысты сұраныс икемділігін белгілі тауарға баға 1%-ке өзгергенде сұраныс қаншаға өзгергенін көрсетеді. Бағаға байланысты сұраныс икемділігінің коэффициенті келесі формула арқылы анықталады:D  Q 

Ep = -----------;

 P 

Бағаға байланысты сұраныс икемділігінің коэффициенті теріс шама болады. Икемділік коэффициенттерін 2 әдіспен есептеуге болады : нүктелі және доғалы. Нүктелі икемділік бағамен сұраныс көлемінің проценттік өзгеруінің алғашқы шамасы арқылы есептеледі, ал доғалық орта шама арқылы есептеледі. Егер бағаға байланысты сұраныс икемділігінің абсолют шамасы бір мен шексіздік аралығында болса, сұраныс икемді. Икемділік коэффициентінің абсолют шамасы бір мен ноль арасында болса, сұраныс икемсіз болады. Егер бұл көрсеткіш бірге тең болса, онда тауардың бірлік икемділігі бар.



Табысқа байланысты сұраныс икемділігі тұтынушьшардың табыс көлемі

1 % өзгергенде сұраныс көлемі қаншаға өзгергенін көрсетеді. Табысқа байланысты сұраныс икемділігінің коэффициенті келесі формуламен анықталады:

D  Q 

Ei = -----------;



 I 

Табысқа байланысты сұраныс икемділігінің коэффициенті теріс, оң немесе ноль болуы мүмкін. Егер табыстың өсуімен тауарға сұраныс жоғарылайтын болса, онда икемділік коэффициенті оң шама болады. Сапасы төмен тауарлардың табысқа байланысты икемділік коэффициенті теріс шама болады. Нормалды тауарлардың икемділік коэффициенті оң шама болады.

Айқасқан сұраныс икемділігі – х тауардың бағасы 1 % өзгерген жағдайда у - тауардың сұранысы қанша процентке өзгергенін көрсетеді. Айқасқансұраныс икемділігі әдетте толықтырғыш немесе алмастырғыш тауарларға сұранысты анықтау үшін қолданылады. Айқасқан сұраныс икемділігінің коэффициенті келесі формуламен анықталады:

D  Qx 


Ed (xy) = -----------;

 Py 


Толықтырғыш тауарлардың айқасқан сұраныс икемділігінің коэффициенті теріс шама, ал икемділік коэффициенті оң шама болса тауар ауыстырғыш болады. Сұраныс икемділігіне қарағанда ұсыныс икемділігінің бір түрі қолданылады, себебі ұсыныстың барлық факторлары (технология, салық пен дотация, табиғат жағдайы т.б.) баға әсер етеді. Сондықтан экономиканы зерттеу барысында тек бағаға байланысты ұсыныс икемділігін қарастырады. Бағаға байланысты ұсыныс икемділігі нарықтық бағаның 1% өзгергеніне байланысты ұсыныс көлемінің салыстымалы өзгерісін көрсетеді. Бағаға байланысты ұсыныс икемділігінің коэффициенті келесі формуламен анықталады:

S  Q 


Ep = -----------;

22. Тұтынушылардың мінез-құлқы

Тұтынушы - тапсырыс сатып алу, тек қана бизнес қызметімен байланысты емес жеке, отбасылық, тұрмыстық және басқа да қажеттіліктері үшін тауарларды пайдалануға ниетті азамат.

МОТИВАЦИЯ

Адам барлық уақытта көптеген алуан түрлі мұқтаждықтарды сезінеді. Олардың кейбіреулері табиғаты биогендік болып келеді, яғни аштық, шөлдеу, қолайсыздық секілді ішкі физиологиялық жағдайдың салдары деп есептеледі. Қалғандары психогендік, мойындалуға қажеттілік, сыйлы болу, рухани жақындық секілді ішкі қобалжудың нəтижесі болып табылады. Бұл мұқтаждықтардың көпшілігі белгілі бір нақты уақытта əрекет

жасауға итермелейтін дəлел қызметін атқаруға жеткілікті қарқынды болмай шығады. Қарқындылықтың айтарлықтай жоғары деңгейіне жеткен мұқтаждық мотивке айналады.

23. Өндіріс және ұдайы өндіріс

Өндіріс - өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.

Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек:сол өнімді дайындайтын табиғи зат өнімді дайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы.Экономика тілінде өндіріс факторлары деп аталатын бұл төрт элемент тиісінше - жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік ұғымдарымен белгіленеді.

Ұдайы өндіріс - өндіріс процессінің үздіксіз жаңаруы. Өндіріс фазалары: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.Өндіріс фазасы өндіріс құралдары мен еңбек құралдарының бірігуін көрсетеді.Бөлу фазасы сала бойынша өндіріс факторларының және өнімнің бөлінуін көрсетеді.Айырбас – өндірушілердің өз еңбек өнімдерін айырбастауы.Тұтыну - жасалған игіліктерді адам қажеттіліктерін қанағаттандыруғпайдалану.Ұдайы өндірістің түрлері: қарапайым және ұлғаймалы.Қарапайым ұдайы өндіріс – өзгермейтін масштабта жылдан жылға өндірістің қалпында қалуы, ал ұлғаймалы ұдайы өндіріс – өндірістің жыл сайын өсуі.Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті және интенсивті типтері бар. Экстенсивті типі өндірістегі еңбек және материалдық ресурстардың сандық өсуіне негізделген. Интенсивті тип жетілген өндіріс факторлары есебімен жүреді.Макроэкономикалық жағынан қарағанда ұлттық экономиканың құрылысы келесі нақты құрастырылған қатынастар жүйесімен сипатталады:- елдегі өндіріс ресурстары арасындағы;

- қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделу арқылы бөлінген экономикалық агенттер арасындағы ресурстардың бөлінуі;

- осы агенттердің өндіріс көлемі арасындағы;

- өнімнің өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процессінде қалыптасқан ұлттық өнімнің құрылымдық бөлімдері арасындағы.

Экономикалық құрылысының қалыптасуына көптүрлі факторлар әсерін тигізеді:

- қалыптасқан рынок конъюнктурасы;

- рынок монополизациясының деңгейі мен сыйымдылығы;

- ұлттық экономиканың дүние жүзілік байланыстар жүйесіне қатысу дәрежесі;

- өндіргіш күштердің даму деңгейі;

- ҒТП-тің масштабы, сипаты және даму темпы,

- өндіріс ресурстарының сапасы;

-территорияның көлемі және инфрақұрылымдық қамтамасыздығы.

Экономикадағы құрылымдық байланыстарды сипаттайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің арасындағы сандық қатынастар пропорциялар деп аталады. Біріктіру дәрежесі бойынша олар келесідей бөлінеді:1) жалпы пропорциялар, яғни қоғамдық еңбек бөлінісінің құрылымының есебінсіз қалыптасатын агрегаттар арасындағы пропорциялар(ЖҰӨ-мен ұлттық табыс арасында, тұтыну мен жинақтау арасында, инвестициялық және тұтыну сұранысы арасында және т.б.);

2) қоғамдық еңбек бөлінісінің құрылымын көрсететін пропорциялар.Екінші топтың құрамында мыналар бөлінеді:

- сала аралық пропорциялар, яғни өндірістің жалпы көлеміндегі жеке салалардың үлесін және өндіріс пен қаржы ресурстарының салалық бөлінуінің құрылысын сипаттайтын ұлттық өндірістің әртүрлі салалары арасындағы пропорциялар;

- ішкі салалық пропорциялар, яғни сала ішіндегі өндірістер арасындағы сандық қатынастар (мысалы, мақта мен жүн, мұнай мен мұнай өнімдері өндірісі),

- аймақтар арасындағы пропорциялар, яғни елдегі өндірілген және пайдаланған ұлттық табыстың құрамындағы жеке аймақтардың салыстырмалы салмағын, мемлекеттік инвестицияларды ел территориясына бөлу құрылысын және басқаларды сипаттайтын пропорциялар;

- мемлекеттер арасындағы пропорциялар, яғни экспорт пен импорт арасындағы, әртүрлі елдердің жеке өндіріс салалары арасындағы, әртүрлі елдердің еңбек өнімділігі деңгейі және т.б. арасындағы сандық қатынастар.

24. Негізгі капиталдың тозуы.Амортизация

Негізгі капитал- көптеген өндіріс циклы ішінде өзінің натуралды-заттық нысанын өзгертпейтін және тұтыну құнын жоғалту дәрежесіне карай өз құнын өнімге көшіретін өндірістік капиталдың бір бөлігі. Ол өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Негізгі капиталға ғимарат, жабдықтар,құрылғылар, машиналар, көлік және т.б жатады.Негізгі капитал тозуға ұшырайды. Тозудың 2 түрі бар. Физикалық тозу дегеніміз негізгі капиталдың тұтыну құнын жоғалтуы. Физикалық тозу негізгі капиталдың қызмет ету процесінің нәтижесінде орын алады. Моральдық тозу негізгі капиталдың физикалық тозуына байланыссыз, олардың құнының төмендеуінен көрінеді. 1-ші топтағы моральдық тозу негізгі капитал өндіретін салалардағы еңбек өнімділігінің жоғарылауынан туындайды. Бұрын шығарылған машиналардың өндірісіне аз шығын жұмсалады және олар арзандайды. 2ші топтағы моральдық тозу өндіріске барынша өнімділігі жоғары құрал-жабдықтарды енгізу мен технологиялық процестерді және өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің әсерінен болады. Тозған негізгі капиталдың орнын толтыру амортизациялық аударымдар арқылы жүзеге асырылады. Амортизация– негізгі капиталды толық қалпына келтіру үшін олардың құндарының ө-ндірілетін өнімге біртіндеп көшірілуі.

Айналмалы капитал- өндірістің әрбір циклында толығымен тұтынылатын және өз құнын дайын өнімге бірден көшіретін, өндіріс процесінде өзінің натуралды-заттық нысанын өзгертетін кәсіпорынның өндірістік капиталының бірбөлігі.Айнымалы капиталдың элементтеріне өндірістік запастар,аяқталмаған өндіріс, болашақ кезеңге шығындар. Айналмалы капиталдың айналым схемасы

Ақша 2. Өндірістік қорлар 2. Аяқталмаған өндіріс 3. Дайын өнім . 5. Ақша

1,2-ші –айналымның ақшалай сатысы, яғни ақша айналыс сферасынан өндіріс сферасына өтеді

2,3,4-ші – өндірістік саты, өндірістік запастар өздерінің натуралды нысандарын өзгертеді және дайын өнімге айналады

4,5-ші – ақшалай саты, дайын өнімді өткізу нәтижесінде айналым құралдары айналыс сферасына қайта келеді.

Өндіріс процесінде негізгі қорлар қолданылуына байланысты тозады. Тозудың екі түрі бар: табиғи тозу және моральдық тозу.Табиғи тозу дегеніміз – негізгі қорлардың тұтыну барысында және табиғаттың табиғи күштерінің әсерінен тұтыну құнын жоғалтуы.Моральдық тозу – жабдықтардың техникалық погреске байланысты ескіріп құнсыздануы.Неғұрлым жетілдірілген және өнімді машиналардың пайда болуы нәтижесінде пайдаланылып жүрген машиналар табиғи қалпына және өндірісте пайдалану дәрежесіне қарамастан моральдық жағынан ескіріп, құнсызданады. Тозған негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық аударымдар қолданылады.

Амортизация – негізгі қорлардың тозуы салдарынан оның құндылығының бірте - бірте төмендеуі, сондай-ақ оларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатында осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте-бірте көшуі. Амортизацияның ақшалай сипаты амортизациялық аударым болып табылады. Оның көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады. Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлар бағасына бөлу арқылы амортизация нормасы анықталады. Ол пайыз арқылы беріледі:

Ф1-Фж

Н= -------------100



Ф1•Т

Мұндағы: Ф1 - негізгі қорлардың баланстық бастапқы құны

Фж - жойылған негізгі қорлардың құны

Т - амортизациялық кезең (негізгі қорлардың нормативті қызмет ету уақыты),жыл

Негізгі қорларды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымдардың көлемі мына формуламен анықталады:

А= Н•Ф


Н - амортизация нормасы, 

Ф - негізгі қорлардың орташа жылдық құны, тенге

Амортизация нормасы негізгі қорларды өз уақытында қалпына келтіруге бағытталады және оны есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып, негізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтау керек:

- негізгі қорлардың ұзақ мерзімділігі;

- моральдық тозу;

- техникалық қайта құру жоспары;

- жабдықтардың балансы;

- модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.

26.Қор жинау мәні және жағдайлары

Негізгі қорлар — материалдық өндіріс саласында да, бейөндірістік салада да заттай нысанда ұзақ уақыт бойына жұмыс істейтін және өзінің құнын тозуына қарай бөліктер бойынша жоғалтатын материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы. Негізгі қорларға үймереттер, ғимараттар, беріліс қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш приборлар мен құрылғылар, өндірістік, шаруашылық құрал-саймандар мен керек-жарақтар, жегіндік және өнімдік мал, көп жылдық екпе ағаш, т.б. жатады. Өндірістік және бейөндірістік Негізгі қорларға бөлінеді. Ақшалай тұлғадағы Негізгі қорлар “Негізгі құрал-жабдық” деп аталады. “Негізгі құрал-жабдық” термині көбінесе бухгалтерлік есепте қолданылады, басқа жағдайларда “Негізгі қорлар” термині пайдаланылады.

Негізгі қорлардың жіктелуі Өңдеу Негізгі өндірістік қорларды халық шаруашылығының салалары мен қызметтің түрлеріне қарай, ал әрбір салада мақсаты мен заттық белгілерін ескере отырып, түрлеріне (топтарына, ішкі топтарына) қарай сыныптарға ажыратады.Негізгі қорлар халық шаруашылығының салалары бойынша?өнеркәсіпте, ал өнеркәсіп ішінде – оның салалары немесе олардың топтары мен кешендері бойынша (машина жасау, химия-орман кешендері, ағаш дайындау, ағаш өңдеу өнеркәсібі, т.б.) топтастырылады.құрылыста,ауыл шаруашылығында,көлікте,байланыста, т.б.;

Тұрпаттық жіктелімге сәйкес мынадай түрлерге (топтарға, ішкі топтарға) ажыратылады:үймереттер – өндірістік үдеріс үшін қажетті жағдай жасайтын және машиналар мен жабдықтардың сақталуына жәрдемдесетін архитектуралық-құрылыс нысандары;ғимараттар –өндіріс үшін қажетті еңбек заттарының өзгеруімен байланысты емес инженер-технологиялық нысандар; * беріліс қондырғылары – энергияны, сұйық және газ тәрізді заттарды беруге арналған қондырғылар;

машиналар мен жабдықтар: күш машиналары мен жабдықтары – энергия өндіру мен оны түрлендіруге арналған құралдар, жұмыс машиналары мен жабдықтары – өнімді дайындау кезінде еңбек затына тікелей әсер ету үшін пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, агрегаттардың барлық түрлері;

өлшеуіш және реттеуіш приборлар мен қондырғылар, зертханалық жабдықтар;

есептеу техникасы – ЭЕМ, басқарушы, клавиштік және басқа машиналар;

көлік құралдары – жүктер мен адамдарды тасымалдау құралдары;

аспаптар – қысқыштар, түзеткіштер, тездер, т.б.;

өндірістік құрал-саймандар мен керек-жарақтар – өндірістік операцияларды жеңілдететін, еңбек қорғау, еңбек заттарын сақтау заттары;

шаруашылық құрал-саймандар – үстелдер, жазу машиналары, көшіргіш қондырғылар, компьютерлер, т.б.;

ат-көлік, өнімдік мал – жылқы, сиыр, өгіз, т.б.;

көп жылдық екпе өсімдіктер – жеміс-жидек, көгалдандыру өсімдіктері, екпе ағаштар, т.б.;

жерді жақсартуға жұмсалатын күрделі шығын – жер телімдерін тегістеу, бөгендерді тазарту, т.б.;



өзге де негізгі қорлар – кітапхана қорлары, мұражай экспонаттары, жалға алынған негізгі қорларға жұмсалған шығын, т.б.Негізгі қорлардың актив бөлігі Өңдеу Негізгі қорлардың актив бөлігі - негізгі өндірістік қорлардың бір бөлігі, олардың көмегімен өндіріс барысында еңбек құралдарына тікелей (белсенді түрде) ықпал жасайды не олар бір жерден екінші жерге көшіріледі, бақылау міндеттері орындалады. Олар: жұмыс машиналары мен жабдық, көлік құралдары, аспаптар, т. б. Өнеркәсіптің кейбір салаларында (мұнай, көмір, орман өнеркәсібінде) құрылыстар мен ғимараттар да (жолдар, қоймалар, т. б.) белсенді рөл атқарады. Негізгі қорлардың жалпы құнындағы Негізгі қорлардың актив бөлігінің үлес салмағы негізгі қорлар құрылымының ілгерішілдігін сипаттайды. Жоғары техникалық деңгейде жарақтандырылған және еңбектің электрмен жарақтандырылуы дәрежесі жоғары көсіпорындарда, яғни өндірістік үдерістер неғұрлым механикаландырылған және автоматтандырылған кәсіпорындарда оның мәні анағұрлым зор.Негізгі қорлардың пассив бөлігі.Өңдеу Негізгі қорлардың пассив бөлігі - өндіріске тікелей қатыспайтын, бірақ еңбек үдерісі үшін және негізгі қорлардың актив бөлігінің қалыпты жұмыс істеуі үшін жағдай жасайтын, адамды және өндіріс құрал-жабдығын сыртқы ортаның әсерінен қорғайтын өндірістік негізгі қорлар. Олар, мыс., үймереттер мен ғимараттар, беріліс қондырғылары, шаруашылық құрал-сайманы, т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет