СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқауды 50510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының жұмыс оқу бағдарламасы негізінде, «Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау» пәнінің типтік бағдарламасы және ҚҚэу-ми-85-04. 01



бет1/2
Дата10.06.2017
өлшемі0,61 Mb.
#18371
  1   2
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ(СӨЖО) БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР ЖӘНЕ ТАПСЫРМАЛАР
Пән «Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау»

Мамандық 50510-Мемлекеттік және жергілікті басқару

Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы

ҚАРАҒАНДЫ 2010
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқауды 50510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының жұмыс оқу бағдарламасы негізінде, «Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау» пәнінің типтік бағдарламасы және ҚҚЭУ-МИ-85-04.01.2007 пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес аға оқытушы Аркенова Ж.Р. өңделген

Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасының оқу-әдістемелік семинар отырысында талқыланды.


«10» маусым 2010 ж. Хаттама №10


Экономикалық теория және ХЭ

Кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., профессор Жетписбаева М.К.

Оқытушы туралы мәліметтер: аға оқытушы Аркенова Ж.Р.

«Макроэкономика», «Микроэкономика», «Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау», «Мемлекеттік сектордағы менеджмент», «Мемлекеттің инвестициялық стратегиясы» пәндерінен дәріс оқып, семинарлық сабақ жүргізеді.
Офис: Экономикалық теория және ХЭ кафедрасы, ауд№266, 262.

Толық мекен жай:

Тел: 44-16-24-143

Факс: 44-16-32




СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар
СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз және аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-дің негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындау. Семинарлық сабақтарда тақырыптың негізгі сұрақтары қарастырылады. Семинарлық сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестерді мұқият талдап, семинарлық сабақтың тақырыптық жоспарының сұрақтарына жауаптардық өздерің дайындаңдар. Әрбір сұрақты дайындау барысында қысқаша әрі сызба жүзінде негізгі ережелер мен жауап тезистерін дайындап, формулалар мен символдарды СӨЖ дәптеріне жазыңдар. Дайындалып болғаннан кейін өзін-өзі тексеріге арналған сұрақтар көмегімен өз білімдеріңді тексеріңдер. Өздерің талдай алмаған сұрақтарды жазып алып, дәрісте немесе СӨЖО процесінде оқытушыға қойыңдар.

СӨЖ тапсырмалары дәріске дейін орындалу керек. Ал дәрісте дербес алынған білімдер тереңдетіліп, кеңейтілуі керек.

Алайда семинарлық сабақта қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұнын қамтымайды. Сондықтан студент өз білімін одан әрі тереңдету мен кеңейту бойынша жұмыс жасауы қажет. Бұл СӨЖО процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан СӨЖО-да тақырып мазмұнын толық ашатын қосымша сұрақтар мен есептер, жаттығулар қарастырылып, талдау жасалады.

СӨЖ формалары мен мазмұнын өңдеу.

«Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау» курсының ерекшеліктері СӨЖ формаларының кең жиынымен байланысты. Бұл мынадай формалар:



  • оқытушы берген дәріс конспектілерін талдау;

  • семинарлық сабаққа негізгі оқулық бойынша дәріс конспектісін дайындау;

  • белгілі тақырып бойынша реферат дайындау;

  • реферат, эссе, баяндамаларды өзара рецензиялау;

  • курс терминдері бойынша сөздіктер мен сөзжұмбақтар құру;

  • аса жоғары есептерді шығару;

  • статистика мәліметтерін талдау;

  • кәсіпоын іс - әрекетін модельдеу;

  • топтық жобаға қатысу;

  • таңдалған тақырып бойынша презентация жасау;

  • глоссарий жасау;

  • тақырып бойынша шолу жасау.

Жоғарыдағылардың кейбіреулерінің мазмұны мынаған байланысты:

Тақырып бойынша шолу жасау – бұл дегеніміз басылым мен Интернеттің ақпарат ресурстарын тартумен ұсынылатын тақырып бойынша жазбаша 1-2 бет қысқаша шолу жазу дегенді білдіреді.

Глоссарий – қазақ және орыс тілдерінде, мүмкін болса шет тілдеріне аудару арқылы терминдер мен түсініктердің қысқаша түсіндірмесі; ол берілген тақырып бойынша орындалады. Глоссарийді құру макроэкономиканың түсініктілік аппараты білімінің қалыптасуына және оны пайдалану дағдыларының өңделуіне ықпал етеді.

Реферат, СӨЖ-дің неғұрлым кеңейтілген формасы бола отырып, әдебиетке міндетті түрде шолу жасау арқылы белгілі тақырыпқа баяндама жасауды немесе ғылыми жұмыс, кітап мазмұнын баяндауды білдіреді. Рефератты оппонирлеу неғұрлым қызықты да ғылыми жұмыс болып табылады. Осының нәтижесінде жұмысқа талдау жасау, пікір – талас жүргізу дағдысына ие болады.

Коллоквиум білімді, әңгімелесу формасында нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар, тәртіп бойынша, ерекше құрылымға ие, сондықтан жауаптар жиналған материалды талдау негізінде ғана берілуі керек.

Эссе – бұл сын мен публицистиканың түрлі жанрларында өзекті әлеуметтік – экономикалық мәселелерге деген өз ойларын білдіру, баяндау.

Дәріс конспектілеріне талдау жасау, өткен материалды қайталау бағдарламалық материалды игеруге, теориялық білімдерді нығайтуға мүмкіндік береді.

Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Оларды орындаудың мақсаты тәжірибелік сұрақтарды шешуде теориялық білімдерді пайдалану дағдысы мен ептілігіне ие болу болып табылады.

Мақсаттар бұтағын құру – ол үшін тыңдаушыларға тақырыпты таңдап, деңгейлер бойынша мақсаттарды белгілеу, барлық деңгейлердегі тапсырмалар мен жоспарларды анықтау, осы мақсаттарға қол жеткізуде кәсіпорындардың ұйымдастырушылық құрылымдарын анықтау, жұмыс сапасының өлшеуіштері мен тапсырманы бақылау формаларын таңдау ұсынылады.

Презентация – тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез – келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез – келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың неғұрлым ашылғаны және сырт көздерден қаншалықтықызығушылық тудырғаны, сондай – ақ тыңдаушының қарастырылып отырған мәселені қаншалықты кәсіби деңгейде қарастыруы тұрғысынан бағаланады.

Оқытушылық нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға сұрақтарға жауап беру немесе мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіру бойынша көптеген қарапайым да күрделі жағдайлар ұсынылады; неғұрлым дайындалған тыңдаушыларға өз кейсін жазуға болады.

Іскерлік ойындар тыңдаушыда болашақ кәсіби іс - әрекеті үшін қажетті дағдыны өңдеуге көмектеседі; кейбір ойындар бойынша үйде дайындалып немесе кітапхана мен өндірісте аяқтау қажет.

Топтық жоба (мысалы, кейстік жағдайды құру немесе шешу бойынша)– топта 3-5 адамнан артық болмауы керек, әрбір топ өз жобасын өңдеуі керек.



Жеке жоба – неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек; жоба нәтижелері ғылыми конференцияда ұсынылуы мүмкін.

СӨЖ (СӨЖО) тиімді ұйымдастыруға қатысты тыңдаушыға ұсыныстар

Өткен материалды қайталау. Өткен дәріс материалын қайталау өзіндік жұмыстың неғұрлым маңызды түрі болып табылады. Материал неғұрлым терең де толығырақ өңделсе, соғұрлым өзіндік жұмыстың басқа түрлерін орындауда оңайырақ болады. Бірінші сабақтан бастап, өткен дәріс материалымен жүйелі де үнемі жұмыс жасау кейінгі дәріс материалын түсіну мен тәжірибелік және лабораториялық сабақтар материалдарын игеру үшін қажетті жағдай болып табылады.

Материалды өңдеуге кірісе отырып, мыналарды жүзеге асыру керек:


  • жұмыс орнын анықтау;

  • егер үйде жұмыс жасау үшін қажетті жағдайлар болмаса, университет пен қалалық кітапхана қызметтеріне жүгіну;

  • дәріс конспектісіне ие болу;

  • курс бағдарламасына ие болу;

  • ұсынылатын әдебиетке ие болу (оқулық, есеп кітапшалары), қажет болған жағдайда материалдар мен құрал – жабдықтарға ие болу.

Жұмыс әдісі:

  • дәріс материалын дереу қайталау (кейінге қалдыруға болмайды, себебі дәріс мазмұнын ұмытып кетуге болады);

  • конспектімен жұмыс жасай отырып, әдебиетке сілтеме жасап (бұл емтиханға дайындалу барысында қажет), қажетті толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

  • тақырыппен жұмыс жасау материалды толық түсіну мен есте сақтауға дейін жалғасуы керек;

  • тақырыппен жұмыс жасау оқулықтар мен пособияларда келтірілген есептер мен мысалдарды талдаумен аяқталады;

  • егер тақырыппен жұмыс жасаудан кейін түсініксіз сұрақтар қалса, онда оларды оқытушыға кезекті дәріс барысында қою керек.


Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Тапсырманы орындау әдістемесі:

  • аталмыш тапсырмаларды орындауды аталмыш тақырып бойынша дәріс материалын қайталаудан кейін ғана бастауға болады;

  • есептерді шығаруға кірісе отырып, оның шартын мұқият оқу;

  • шығару жоспарын ойластыру;

  • есепті шығару барысында қолданылатын формулаларды анықтау;

  • формулаға кіретін шамалардың мағынасына тағы бір рет үңілу;

  • шығаруды алдымен жалпы түрде жүзеге асырып, содан кейін әріптік шамалардың сандық мәндерін қою керек;

  • аралық және соңғы шешім нәтижелерінің өлшем бірліктерін көрсету;

  • дұрыс шешімге талдау жасау.

Коллоквиумдарға дайындық. Кейбір пәндер бойынша курс тарауының теориялық бөлімін меңгеру дәрежесін бағалау үшін колоквиум өткізіледі.

Осыдан шығатыны:



  • коллоквиумда қарастырылатын сұрақтар бойынша теориялық материал тағы бір рет қайталануы керек;

Бақылау жұмыстарына дайындық. Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты:

  • бакалавриаттың ағымдық үлгерімін тексеру;

  • топ бакалавриаттарының дайындығын анықтау;

  • үлгерімділігі нашар тыңдаушылармен жұмыс әдістемесін ұйымдастыру;

Тыңдаушылар бақылау жұмысына дайындала отырып, мыналарды жүзеге асыруы қажет:

  • бақылау жұмысының тақырыбын білу;

  • теориялық материалды, аталмыш тақырыптағы негізгі формулалар мен есепті шығару әдістерін ойға түсіру;

  • оқулықта талданған есептер мен мысалдарды, және тәжірибелік сабақтарда қарастырылған есептерді қайта қарастыру,

Егер студент бірінші дәрістен бастап, өткен материалмен жүйелі түрде жұмыс жасаса, онда бақылау жұмысына дайындалу еш қиындық тудырмайды және ол көп уақытты алмайды.

Жобаны орындау. Жобалар мен жұмыстарды орындау барысында кафедраларда тапсырмалармен бірге берілетін әдістемелік нұсқамаларды басшылыққа алу керек.

Тапсырманы орындау тәртібі:



  • тапсырманы орындауға өзіндік жұмыс графигімен бекітілген мерзімнен кеш кіріспеу керек;

  • егер тапсырманы орындау барысында қиындықтар туындаса, онда курстың сәйкес тақырыбына оралып, толықтырып, тапсырманы орындауға қайта кірісу керек;

  • осыдан кейін де қиындықтар болса, онда оқытушыға қосымша сабақтарға келу керек;

  • алынған шешімге талдау жасау,

  • тапсырманы қорғауға дайындала отырып, теорияның сәйкес ережелерін тексеріп, кейбір мәліметтердің өзгеруі жағдайындағы шешімді ойластыру;

  • тапсырманы орындау барысында қолданылған әдісті түсінгенге көз жеткізу;

  • тапсырма графикпен бекітілген мерзімнен кеш қорғалмауы керек, өйткені ол академиялық берешек болып саналады.

Өзіндік жұмысқа берілетін уақыт айтарлықтай шектелген болғандықтан, өзіндік жұмысты тиімді жоспарлауға үйреніп, өзіндік жұмыс дағдыларын меңгеруге ұмтылып, тәжірибе алып, тиімді түрде жұмыс істеп және жұмысқабілеттілігін сақтау үшін саналы түрде демалу керек. Сондықтан әрбір оқытушы мен кафедраның тыңдаушылардың өзіндік жұмыс әдістемесіне үйрету жауапкершілігі артуда.

«Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау» курсы бойынша СӨЖО өткізу формалары

Тақырып атауы

СӨЖО өткізу формалары

Тақырып 1.

Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың теоретико-әдістемелік негіздері



Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, глоссарий құрып, семинарлық сабақтың сұрақтарын қарастыру

Тақырып 2 Шетелдегі әлеуметтік-экономикалық жоспарлау

Тақырып сұрақтарын дөңгелек стол формасында ауызша талқылауға дайындалу. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, берілген тапсырмаларды орындау.

Тақырып 3

Стратегиялық жоспарлаудың әдістемелік негіздері



Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, берілген тапсырмаларды орындау. Тест сұрақтарына жауап беру. Мына тақырыптар бойынша рефераттар жазу: «Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлаудың мәселелері мен мақсаттары», «ҚР-ғы қоғамның әлеуметтік дамуы». Есептерді шығару.

Тақырып 4

Қоғамның әлеуметтік дамуын стратегиялық жоспарлау



Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, берілген тапсырмаларды орындау. Тест сұрақтарына жауап беру. Мына тақырыптар бойынша рефераттар жазу: «Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлаудың мәселелері мен мақсаттары», «ҚР-ғы қоғамның әлеуметтік дамуы». Есептерді шығару.

Тақырып 5.

Ғылыми-техникалық дамуды стратегиялық жоспарлау



Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, берілген тапсырмаларды орындау. Тест сұрақтарына жауап беру. Мына тақырыптар бойынша рефераттар жазу: «Ғылыми-техникалық прогресс және оның қоғамның дамуына әсері», «Ғылыми-техникалық прогресті жоспарлау». Есептерді шығару.

Тақырып 6

Ұлттық экономиканың құрылымын, үйлесімділігін, үрдістерін стратегиялық жоспарлау



Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, берілген тапсырмаларды орындау. Тест сұрақтарына жауап беру. Мына тақырыптар бойынша рефераттар жазу: «Ұлттық экономиканың құрылымы», «Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстан экономикасының құрылымы мен негізгі қарқыны». Есептерді шығару.

Тақырып 7

Аймақтық деңгейдегі стратегиялық жоспарлау



Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, берілген тапсырмаларды орындау. Тест сұрақтарына жауап беру. Мына тақырыптар бойынша рефераттар жазу: «Аймақ экономикасын дамытуды стратегиялық жоспарлау», «Аймақтық әлеуметтік экономикалық жағдайын бағалау»

Тақырып 8

Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы орта мерзімді жоспарлаудың ролі



Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, берілген тапсырмаларды орындау. Тест сұрақтарына жауап беру. Мына тақырыптар бойынша рефераттар жазу: «Индикативті жоспарлаудың шетелдік үлгісі». «ҚР индикативті жоспардың даму және қалыптасу тәжірибесі» тақырыбына презентация дайындау

Тақырып 9

Кәсіпорындардың қызметін жоспарлау



Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, берілген тапсырмаларды орындау. Тест сұрақтарына жауап беру. Мына тақырыптар бойынша рефераттар жазу: Шетелдегі фирма қызметін жоспарлаудың тәжірибесі». «Жоспарлауды ұйымдастыру» тақырыбына презентация жасау.

Тақырып 10

Ұйымдағы стратегиялық пен бәсекелестік талдау және стратегияны қалыптастыру




Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, берілген тапсырмаларды орындау. Тест сұрақтарына жауап беру. Мына тақырыптар бойынша рефераттар жазу: «М.Портер бойынша бәсекенің бес күші»

Тақырып 11

Бизнес-жоспарлау



Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, берілген тапсырмаларды орындау. Тест сұрақтарына жауап беру. Мына тақырыптар бойынша рефераттар жазу: «Маркетингтағы бизнес жоспарлау», «Бизнесті ұйымдастыру формалары»



ТАҚЫРЫП 1. ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Такырып сұрактарын ауызша талкылауға дайындық.

2. Өзіндік бақылау сұрактарына жауап беру.

3. Берілген тапсырмаларды орындау.

4. Тестілік сұрақтарға жауап беру.

5. Такырып бойынша глоссарий кұру.



ӨЗІНДІК БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

1. Әлеуметтік — экономикалық жоспарлаудың мәнін, пәнін және

объектісін көрсетіңдер.

2. Әлеуметтік — экономикалық жоспарлау процедураларының мазұнын

ашыңдар (болжамдау, багдарламалау, жобалау).

3. Стратегиялык, бағдарламаларды жіктеңдер.

4. Стратегиялык бағдарламаның әдістемесі.

5. Стратегиялық жоспарлаудың әдісі мен әдістемесі.

6. Стратегиялык жоспарлаудың логикасы.

7. «Ресурстар және пайдалану» балансының жалпы сызбасы.

8. Стратегиялық жоспарлаудың кағидалары.

9. Стратегиялық жоспарлау көрсеткіштерінің жүйесі.



БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Үй тапсырмасы. Материалды теориялық меңгеру және әрбір студент үшін міндетті түрде глоссарий құру.

2. Бірінші семинарлык сабактың сұрақтары бойынша студенттер шағын презентация дайындап, ауызша жауап береді.

3. Екінші семинарлық сабақ сұрактары бойынша студенттер глоссарий дайындайды.

4. Екінші семинарлык сабақтың 2 және 3 сұрақтары бойынша студенттер тестілік сұрақтар дайындайды (10 сұрақ).

5. Үшінші семинарлық сабақтың 1 сұрағы бойынша студенттер есептер шығарады.

6. Үшінші семинарлық сабактың 2,3 сұрактары бойынша студенттер компьтерлік технологиялар мен РР бағдарламасын колдану аркылы презентация дайындайды.

7. Такырыпты бекіту үшін сабақтын соңында 15 минуттық бақылау жұмысы алынады.



ЕСЕПТЕР

1. Келесі мәліметтер бойынша «Ресурстар және пайдалану» балансының сызбасын құру: өндіріс 5 мың.т (оның ішінде мұнай 4), ішкі нарыка пайдалану 3 мың.т (онын ішінде мұнай 1), импорт - 2 мын.т (оның ішінде мұнай 2), экспорт - 3 мың.т (оның ішінде мұнай 3), жыл басындағы корлар -1 мың.т (оның ііііінде мұнай 0), жыл соңындағы корлар - 2 мың.т (оның ішінде мұнай 1) және қолданылатын ресурс көлемін есептеу.

2. Қолданылған отын ресурстарының жалпы келемін натуралды көріністе есептендер, егерде мұнай өндірісінің 3000 т. құраса, газ - 4000 т.. Мұнай импорты 2000 т. кұрады, газдың - 3000 т.. Жыл басына деген корлар: мұнай - 5000 т., газ - 6000 т.. Мүнай экспорты - 2000 т., газдың - 3000 т.,

жыл соңына деген қорлар: мұнай - 3000 т., газ - 2000 т.. Ресурстардың жалпы көлемі келесіні кұрады: мұнай - 10000 т., газ - ІЗОООт.. Мұнайды қолдану балансының сызбасын кұрындар.

3. Келесі мәліметтерді қолданып: минералды ресурстар өндірісі -20000 т., жыл басына деген қорлар - 5000 т., жыл сонына - 9000 т., импорт - 8000 т., экспорт - 12000 т. минералды рееурстар бойынша «Ресурстар және қолдану» балансының сызбасын құрындар.

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1. Болашақтың белгілі сәтіндегі объект жағдайын ғылыми болжамдаудан тұратын ыктималдық жоспарлаудың ықтималдық әдісі - бұл:

а) жоспарлау; х

б) болжамдау;

в) жобалау;

г) гипотеза.

2. Ресурстар, пайдалану мерзімі мен атқарушылар бойынша өзара келісілген мақсаттар мен шаралар жүйесін нақты аныктауға негізделген белгілі мерзімде басқарудың локальды объектісінің жағдайын ғылыми болжамдау -бұл:

а) жобалау;

б) жоспарлау;

в) болжамдау;

г) бағдарламалау.

3. Өткенге бағдарлану - бұл::

а) реактивизм; б)инактивизм;

в) преактивизм;

г) интерактивизм.

4. Осы уақытка бағдарлану - бұл:

а) реактивизм;

б) инактивизм;

в) преактивизм;

г) интерактивизм.

5. Болашакка бағдарлану - бұл:

а) реактивизм;

б) инактивизм;

в) преактивизм;

г) интерактивизм.

6. Өзара әрекет етуге бағдарлану - бұл:

а) реактивизм;

б) инактивизм;

в) преактивизм; '

г) интерактивизм.

7.Жоспарлаудың интуитивті.к әдістеріне жатпайды:

а) орташа сырғанау эдісі;

б) сұхбаттасу әдісі;

в) «Дельфи» эдісі;

г) матрицалық эдіс.

8. Жоспарлаудың формалды (сандык) әдісіне не жатпайды:

а) үлгілеу әдісі;

б) сұхбаттасу әдісі;

в) экстраполяция әдісі;

г) интерполяция әдісі .

9. Іс - әрекетті жоспарлау барысында неғұрлым еркіндікпен сипатталатын жоспарлау - бұл:

а) тактикалык жоспарлау;

б) жедел жоспарлау;

в) нормативтік жоспарлау;

г) стратегиялык жоспарлау.

Әдістемелік ұсыныстар. Сабаққа дайындықты ұсынылған әдебиетті талдаудан бастау керек. Дайындалмас бұрын әлеуметтік - экономикалык жоспарлау мәніне ерекше назар аударып, жоспарлау жіктемесін накты аныктау керек. Содан кейін әлеуметтік-экономикалыкжоспарлау әдістемесі мен әдістерінің мәнін талдап, анықтау қажет.
ТАҚЫРЫП 2. ШЕТЕЛДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ЖОСПАРЛАУ

СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Тақырып сұрақтарын дөңгелек стол формасында ауызша талкылауға дайындалу.

2. Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру. /

3. Берілген тапсырмаларды орындау.

4. ЖИЕ және ИДЕ әлеуметтік/- экономикалық жоспарлау бойынша презентация дайындау.

ӨЗШДІК БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

1. АҚШ элеуметтік - экономикалық жоспарлануының ерекшеліктерін ашыңдар.

2. Жапонияның әлеуметтік - экономикалык жоспарламауының ёрекшеліктерін ашындар.

3. Ұлыбритананияның әлеуметтік — экономикалык жоспарлануының ерекшеліктерін ашыңдар.,

4. Германияның әлеуметтік - экономикалык жоспарлануының ерекшеліктерін ашыңдар.

5. Латын Америкасынын әлеуметтік - экономикалық жоспарлануының ерекшеліктерш ашыңдар.



БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1 Елдердің ӘЭЖ бойынша топтық презентация жасау.

2 ҚР-да ӘЭЖ алдынғы катарлы шетелдер тэжірибесін

колдану, мүмкіндігін ашу.

3. Шетел мемлекеттерінің ӨЭЖ бойынша баяндамалар дайындау
ТАҚЫРЫП 3. ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ

СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.

2. Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.

3. Берілген тапсырмаларды орындау.

4. Тестілік сұрактарға жауап беру.

5. Тақырып бойынша глоссарий кұру.

6. Мына такырыптарға реферат дайындау: «Қоғамның әлеуметтік -экономикалык дамуын жоспарлаудың мәселелері мен максаттары», «ҚР-ғы қоғамның әлеуметтік дамуы»

7. Есептерді шығарындар.

ӨЗІНДІК БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

1. Әлеуметтік саясат түсінігі?

2. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды аспектілері.

3. Номиналдық табыс деген не?

4.,Күн көріс минимумының шамасын есептеу процесінде кандай әдістер колданылады

5. Экономикалық белсенді халык кұрамына кандай категориялар кіреді?



Каталог: attachments -> article -> 694
694 -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
694 -> Нұсқаулар 050510- мемлекеттік және жергілікті басқару «Экономикалық теория және халықаралық экономика» кафедрасы
694 -> Reu 4306 «аймақТЫҚ экономика және басқару» ПӘні бойынша сөЖ (СӨЖО) материалдары мамандықтар: 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
694 -> Нұсқаулар 050510- мемлекеттік және жергілікті басқару «Экономикалық теория және халықаралық экономика» кафедрасы
694 -> «адамзат ресурстарын басқару» пәні бойынша
694 -> Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасының оқу-әдістемелік семинар отырысында талқыланды
694 -> Нұсқаулар Пән : mik 1203: «Микроэкономика»
694 -> «Әлеуметтік экономикалық жоспарлау» курсы бойынша СӨжо өткізу формалары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет