Сөз басы (өлеңмен жазылған)



Дата21.07.2017
өлшемі52,12 Kb.
#21903
Павлодар қаласы

№ 5 ЖОББМ

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Жадра Нурлановна Имангельдинова


ОҚУШЫҒА КӨМЕК:

Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының

мазмұндық жоспары

Сөз басы

(өлеңмен жазылған)

Мир-Якуб – төмендердің аласасы,

Сөзімнің бар ма, жоқ па тамашасы.

Жылтырап тесік моншақ жерде қалмас,

Қазақша бір роман жаза салшы.

Үш жүзге біздің қазақ бөлінеді,

Осылай шежіреден көрінеді.

Саны көп, сапасы жоқ һәммеден бос

Ғылымға мойынсұнбай ерінеді.

..................

Болмайды кемшіліксіз һешбір халық,

Бәрінен кейін қалған қазақ анық.

Басқа жұрт біз секілді жалқау емес,

Ғылыммен қараңғыны етер жарық.

Шығып жүр һәр халықтың талаптысы,

Болмай ма талаптанған әлі-ақ кісі.

Қазақта жазылмайтын бір ауру бар –

Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.

........................

Сатады қызды қазақ мал орнына,

Алмайды халал жұпты жар орнына.

Әйелді хайуанға қисап етіп,

Тұтады өзін ерлер хан орнына.

Байқашы өзің-өзің отчет беріп,

Бақытсыз Жамал қызды оқып көріп.

Қазақтың һәр жерінде бар емес пе,

Хисаплап уақиғаны көрсең теріп?


  1. Болып жатқан оқиғалар:

  • Құрман атаның ауылы Көктал қыстағынан Саумалкөл жайлауына көшуі.

  • Бекжан деген ауылнайдың үйіне «крестьянский начальниктің» келіп, алдағы болыстық сайлау туралы айтқаны. Және бір жат хабары: «Қазақтан солдат алынбайды, бірақ мұжықтар секілді қала болам десең, 15 десятина жер беріледі». Насихат айтуы: «Егін салыңдар, школ ашыңдар, ұлықтарыңды сыйлаңдар, бұйрықтарын орнына келтіріңдер».

  • Бекжан начальниктен естігенін топтанған халыққа айтуы. Бір жігіт шауып келіп, Сәрсенбайға әйелінің «тақия тігіп беретін» тапқаны жайлы сүйінші айтып келуі.

  1. Кейіпкерлер.

  • Сәрсенбай – ешбір ғалым оқымаған, момын, мал баққан кісі. Атасынан дәулет қалмаса да, малы жақсы боп, жылқысы жүзден асқан, екі жүз-үш жүз қой бітіп, қатардағы малды үйлердің біріне қосылған.

  • Сәрсенбайдың бәйбішесі Қалампыр ғұмырында бала көтермеген. Тоқал алуды ойлайды. Өзі қырықтың екеуіне келген.

  • Сайболат деген елдегі марқұм Жарас молданың Шолпан атты қызын айттырады. Шолпан он төртте еді, Сәрсенбай малын түгел беріп алып та қояды.

  • Шолпан – оқыған, хат таныған жас.

  • Сәрсенбай 45-ке келгенде қыз көреді. Есімін Жамал қояды.

  • Жамал – жасы тоғызға жеткен, әлпештеп өсірген қыз. Шаш қойдырып, намазға үйретеді, қызша киіндіреді.

  • Уфа медресесінен молда келеді. Есімі – Ғазиз, Сәрсенбайдың үйінде тұрып Жамалды оқытады. Жамалдың зейініне қызығады. Иман, намаз, молдалардың оқытқан кітабын оқыт дейді бала иелері. Жамалға балалар кеткен соң хат тануға үйретеді. Жамал үш жарым айда хат жазып үйренді.

  • Сәрсенбай жаңа туған ұл баласының есімін «аяғы құтты» болды деп Ғазиз қойды, молда еліне қайтты. Осымен Жамалдың оқуы тәмамдалды.

  • Ғали - Қызылжар, Троицкідегі медреселерде оқыған. Частный учительден сабақ алып, орысша азырақ сөйлеп, жазатын шамасы бар. Орта бойлы, қияпатты, бетінде азырақ қорасан дағы бар, жаңа мұрт шығып келе жатқан, сөйлеген сөзі сыпайы, әдепті, киімі ноғайшалау жігіт.

  1. Жамалдың оқитын кітаптары.

  • Қиссалар. «Сал-сал», «Қыз Жібек», «Зарқұм», «Қисса уақиға Көр бала», «Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны», «Ноғай мен қазақтың айтысқаны», «Ақсұлу», «Айман-Шолпан», «Бозжігіт», «Шәкір-Шәкірат», т.б.

  1. Үшеудің әңгімесі.

Билікке таласу.

Сайлауға жұмсалған қаражат (Әркімге сойған ат, майы, сойысы бар, 400 теңге жұмсалды).

Сәрсенбайға 14 шар.

Нұрпейіске 19 шар түсіп жеңді (болыстың құдасы Байжанның арқасында).



  1. Байжанның ұлы – таз Жұман.

«Ата даңқымен қыз өтеді, мата даңқымен бөз өтеді» деп Жамалды таз Жұманға айттыруы.

Шолпанның ұнатпауы, теңіне беру керек деуі. Сәрсенбай би боламын деп келісе кетеді. Бір айдан соң 47-нің малы, екі жүз теңге ақшаға келісіп, Байжан келіп құда түседі. Сүйіп болған құдасын Сәрсенбай китке разы қылып қайтарды.



  1. Жамал он беске келді.

«Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қыз бар» деген сөздің ауылда тарауы.

  1. Шолпан Жамалдың шығарған өлеңін оқып, мұң-қайғысын сезуі. Шолпанның Сәрсенбаймен сөйлесуі.

Сәрсенбай бір жылдың арасында биліктен түсіп қалған (біреуді боқтап, қамшының астына алғаны үшін).

Сәрсенбайдың енді Байжаннан қорқып, Жамалды теңіне бере алмауы.



  1. Шілдехана.

Жастар шілдеханаға жиналып, Жамал Ғалимен танысады.

Ғали – бір болыста басқа ауылнайға қараған Дүйсебек деген кісінің баласы. Саудамен айналысып жүрген. Ғали мен Жамал дос болады.



  1. «Байжан мен Сәрсенбайдың арасындағы уағдалары болып, енді бір айда Жұман күйеуі ұрын келіп қалыңдық ойнайды» деген өсектің тарауы.

  2. Жамалға Ғалиден хат келді.

Оған Жамалдың жауабы. Ғалидің Жүніс, Нұрмаштармен бірігіп Жамалды алып қашатындары туралы мәслихат өткізуі. Шолпан жол қамын дайындады. Анасының батасын беруі. Жамалды алып барып жатпақшы үйлері дуандағы Фатихолла байдың үйі. Жамалдың начальникке арыз жазуы. «Кімге барсаң да ықтияр» деген жауап алынуы.

  1. Байжан істің анығын білген соң, жолдастарынан бес кісіні түнде аттандырып, Ғалилардың аулынан жылқы алдыруға жіберді һәм болысқа кісі жіберіп хат жазуы.

Күллі жиылыстардың расходы Сәрсенбайда, жан-жаққа шаптырып жатқан аттар да соныкы еді. Бір үлкен съезд болды. Кешке таман Байжан молда Ахметжанды, писірді шақырып алып, «олжа» беремін деп ойындағысын айтады. Алып қашудан он күн бұрын Жұман мен Жамалға неке оқылған деп книгеңізге жазып, бізге куәлік беріңіз дейді. Әрқайсысына елу теңгеден төрт жүз теңге ақша беруі.

  1. Съездің шешімі.

  2. Ғали, Жамал жолда төрт күн қонып, Қырыққұдықтағы нағашысы Бабас деген кісінің үйіне келіп жетуі.

Ғали барлығы он үш күн ауырып көз жұмды. Жамал өз үйінде бір ай жүрді. Сосын Жамалды Байжанның қатыны келіп алып кетті. Жұман ұрып-соғып жүрді, Жамалдың киімі де нашарлап, көзінің асты көгеріп жүрді.

  1. Жамал қаладағы Фатихолла байдың үйіне бармақшы болды.

Кешке жақын ерттеулі атқа мініп шықты, жылы киімдерін киді. Борасын бар еді. Жиырма шақырым шыққан уақытта боран көтеріле бастады. Ат жолдан шығып кеткен екен, омбы қарға кіріп кеткен. Атты кейін бұрайын десе қолы қатып, тізгінді ұстай алмады, денесі тоңазып, қалтырағанын сезді. Тұла бойы қызып, киімдерін шешіп әр жерге лақтырды. Декабрьдің рақымсыз боранды түнінде Жамал мақсатына жете алмай, жапан далада жан тәсілім қылды... таңертең қаладан келе жатқан бес-алты жолаушы тауып алады. Қалтасын қараса, Ғалиға арнап жазған өлеңі шығады. Байжандарға апарып, жерлейді.

Қыздың құны бес байтал,

Сатылып кетті базарға.

Басымнан кешкен уақиға

Емес пе лайық жазарға?

Жаны ашыған шахбазлар

Ала жүрсін назарға.

Рақимлы пенде ғаріпке

Нақақтан ор қазар ма?

Миһрибанлы атамыз

Қарамай берді ажарға.

Теңіне барған қыз болса,

Мендей жүдеп азар ма?

Көрмеді алла лайық

Ғали сынды сабазға.

Көрген түстей күн өтті,



Болған соң солай азалды.
..........Петропавл 1910.
Каталог: uploads -> doc -> 0147
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0147 -> Сабақтың тақырыбы : Дулат Бабатайұлының «Еспембет» поэмасы
0147 -> Сабақ реті: 17 Сабақтың тақырыбы: Митохондрия -мембраналы органоид. Сабақтың мақсаты
0147 -> Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет