Сұрақтар: Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесінде қолданылатын негізгі ұғымдар қандай?



Дата18.04.2022
өлшемі14,55 Kb.
#139885
Байланысты:
Сұрақ-жауап
4 СРС ПЕД, СРС(12 апта) эко, kazakstan respublikasyny densaulyk saktau zhjesindegi mejrger mamandygy, ұлттық рух 7апта (1), 4-апта04, Основные термины, кр инвестициялык потенциалы, аякталмаган шаккева енбекакы, sswt 6 mashanov, 1592302374, 1544170476, 1 апта, 11 апта, ksm-prez


Сұрақтар:
1.Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесінде қолданылатын негізгі ұғымдар қандай?
Аккредитация, бастапқы есепке алу құжаттары,бухгалтерлік ұйым, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, еншілес ұйым, кәсіби бухгалтер, кәсіби бухгалтер сертификаты, қаржылық есептілік стандарты, қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттары, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары
2. Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит саласы туралы ҚР Азаматтық Кодексінің қандай бөлімінде айтылған? Жалпы атауы
(ЕРЕКШЕ БӨЛІМ)
3."Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпанда қабылданған Заң бойынша бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты неде?
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты: мүдделі тұлғаларды жеке кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
4. 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бухгалтерлік есеп жүргізу қағидалары негізінде Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының негізгі міндеттері қандай?
1) субъектілердің қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және шынайы ақпаратты қалыптастыру
2) шешімдер қабылдау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау үшін қаржылық есептілікті ішкі және сыртқы пайдаланушыларға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады
5. ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен 2012 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған № 562 "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" заңнамасында бастапқы есепке алу құжаттарының неше формасы бекітілген?
Барлығы 51 формасы бекітілген
6. 2007 жылғы 28 ақпанда қабылданған Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы"заңында бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары қай заң негізінде әзірленді?
ҚР Заңының 20-бабы 5-тармағының 6 тармақшасына сәйкес әзірленді.
7. ҚР "аудиторлық қызмет туралы" Заңы қандай қатынастарды реттейді?
Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi жүзеге асыру процесiнде мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар, кәсiби аудиторлық ұйымдар және аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
8. ҚР Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығымен №50 "Қаржылық есептіліктің ұлттық стандартын бекіту туралы" заңының жалпы мазмұны
Заңнаманың ұлттық стандарттары бекітіліп,осы Стандарттардың күші бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын қаржы ұйымдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент Сақтандыру брокерлерінің филиалдарына және Даму Банкіне қолданылмайтыны жайлада айтылған.
9. ҚР-дағы Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары заңнамасында не көрсетілді?
Резервтер құру қағидалары көрсетілді
11. ҚР Аудиттің халықаралық стандарттары қанша бөлімнен құралған?
10 бөлімнен тұрады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет