Сталинград шайқасы және Қазақстан



бет1/2
Дата08.06.2018
өлшемі1,71 Mb.
#41246
  1   2
Ақмола облысы

Степногорск қаласы

№1 Ақсу орта мектебі

Бұғыбаева Айдана

10-сынып оқушысы

Сталинград шайқасы және Қазақстан

Ғылыми бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

Секция:тарих

Жетекші: Кенбаев Ақын Әмірбайұлы

Степногорск,2014

Мазмұны


  1. Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. СТАЛИНГРАД ШАЙҚАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

  2. ЕДІЛ БОЙЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖІГІТТЕР МЕН ҚЫЗДАР

  3. СТАЛИНГРАД ҮШІН ШАЙҚАСҚАН ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ТУРАЛЫ

  4. ЖАЗУШЫ ӘСКЕН НӘБИЕВ

  5. ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ЖІГЕР БЕРГЕН ХАТТЫҢ ТАРИХЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Аннотация

Зерттеу мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Сталинград майданының тарихи рөліне талдау жасау. Осы кезеңде ерлік көрсеткен қазақстандық жауынгерлердің ерлік істерін көрсету.

Зерттеу обьектісі: Сталинград шайқасына қатысқан жерлестеріміз туралы

Гипотеза: Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандықтардың қайсарлығы мен батырлығы, орасан үлесі зерттелген

Зерттеу кезеңдері:


  1. Сталинград шайқасы және Қазақстан.

  2. Еділ бойында ерлік көрсеткен жігіттер мен қыздар.

  3. Сталинград үшін шайқасқан жерлестеріміз туралы.

  4. Жауынгерлерге жігер берген хаттың тарихы

Зерттеу жаңалығы: Жерлестеріміз Садвакасов Қабикен ата мен жазушы Әскен Набиевтің бүгінгі күнге дейін ескерілмей келген ерліктері мен еңбектерін ашып көрсетті.

Жұмыстың нәтижесі: Осы зерттеу барысында таңдаған тақырып ашылды. Тарих сабағында соғысқа қатысқан жерлестеріміздің ерліктері мен еңбектерін пайдалануға болады.

КІРІСПЕ

Соғыс-адам баласының басына түсетін ең ауыр қасірет. Бүгінгі ұрпақ сол қасіретті көрмей-ақ өссе екен, оны болдырмау үшін егемен елінің іргесін нығайтатындай қажырлы еңбек етсе екен дейміз... Иә, кешегі Ұлы Отан соғысында біз Ұлы Жеңіске жеттік, сол жеңістің бүгін жемісін көріп жатырмыз. Сол жеңістің бізге қалай келгенін, қандай қиындықпен келгенін келер ұрпаққа тәрбие болсын деп әңгіме етіп өз аузымен айтып беретін, сол қырғынды басыра өткерген ардагер-қариялар бүгін жоқтық қасы азайды.Сол соғыс өртінің нағыз өтінде болып, отты жылдардың куәсі болған, Берлинге дейін барып Жеңіс туын тігіп, жауды жеңіп келген ағаларымызбен бірге болған сәттерім есіме түсіп, бір үзік әңгіме айтқым келіп отыр...

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 69 жыл өтті. 9 мамыр- сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз-өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлады.

Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мекені отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.

Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастырымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады. Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей-теңіз екенін байқар еді. Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады...Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды.



СТАЛИНГРАД ШАЙҚАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан 1942 жылдың жазында Сталинград шайқасының ең жақын тылына айналып, соғыс қимылдарына Батыс Қазақстандағы темір жол станциялар мен елді мекендер кеңінен тартылды. Сталинград шайқасы (1942-1943) – совет әскерлерінің 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында 1942 жылғы 17 шілдеден бастап 1943 жылғы 2 ақпанға дейін Сталинград қаласын (қазіргі Волгоград қаласы) қорғау және Дон мен Волга өзендері аралығындағы неміс-фашист әскерлерінің ірі стратегиялық тобын талқылдау жолындағы жауынгерлік қимылдары. Ол қорғаныс және шабуыл кезендеріне бөлінді.

Сталинград қорғанысы 1942 ж. маусымның аяғында неміс-фашист әскерлері шабуылды күшейте түсті. Брянск, Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік майдандарындағы совет жауынгерлері Донның сыртына, Воронежден Клетскіге, Суровикинодан Ростовқа дейін шегінуге мәжбүр болды. Жаудың көздегені Сталинградты басып алу еді. Осы жағдайда Жоғары Бас командованиенің ставкасы Сталинград бағытында берік қорғаныс ұйымдастыру үшін шұғыл шара қолданды. 12 шілдеде Оңтүстік-Батыс майданы басқармасынын негізінде Сталинград майданың жаңа басқармасы құрылды. Оның құрамына 62-, 63-64-армиялар, сонымен бірге бұрынғы Батыс майданның 21-, және 8-әуе армиялары, жаңадан құрылған 1-, 4-танк армиялары, 28-, 38-, 57-армиялардың кейбір бөлімдері кірді. 17 шілдеге бұл майданның қорғаныс шебінің ұзындығы 530 км-ге жетті Волга мен Дон араларында қорғаныс құрылысы күшейтілді. Партия және совет ұйымдарының шақыруымен оған мыңдаған тұрғындар қатысты. 17-22 шілдеде 62-, 64-армиялардың алғы шептегі отрядтары Чир мен Цимла өзендері бойында жаумен кескілескен ұрыстар жүргізе отырып кейінгі негізгі қорғаныс шебіне шегінді. 22 шілдеге жаудың Сталинград бағытында 18 дивизиясы, барлығы 250 мыңдай адамы, 740-қа жуық танкі, 1200 самолеті, 7500 зеңбіректері мен миноменттері болды. Ал Совет армиясының күші әлдеқайда кем еді. 1942 жылдың 23 шілдесінде генерал-полковник Ф. Паулюстің 6-армиясы Сталинград, Астраханьды басып алып, Волгаға бекіну үшін шабуылға шықты. 62-армиялардың бағытында кескілескен шайқастар болды. Шілде-тамыз айларында жау Совет Армиясының қорғаныс шебін бірнеше жерден бұзып өтті. Бірақ сталинградтықтар неміс-фашисттердің бұл шабуылын да тоқтатып, берік қорғаныс жасады. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті тамызда Бас Штаб бастығы генерал-полковник А.М. Василевскийді, 29 тамызда Жоғары Бас қолбасшының орынбасары армия генералы Г.К. Жуковты көмекке жіберді. Сталинград майданының әскерлері (1-гвардия, 24-және 66-армиялар) қыркүйектің басында 2-рет шабуылға шықты, бұл қаланы қорғаушы-еңбекшілердің жағдайын едеуір жеңілдетті. Неміс-фашист әскері үлкен шығынға ұшырағанына қарамастан 13-15 қыркүйекте Волга шебіне шабуылды қайта үдетті. Мамай қорғаны мен вокзалға бағыт ұстады. 28 қыркүйекте Сталинград майданы – Дон (қолбасшысы генерал-лейтенант К.К. Рокоссовский) және Оңтүстік Шығыс майданы (қолбасшысы генерал-полковник Еременко) болып бөлінді. Сталинградтықтар ерлікпен күресті. Шілде мен қараша аралығында жау 700 мыңдай адамынан, 1 мыңнан астам зеңбірегі мен миноментінен, 1400 самолетінен айырылды. Жаудың бұл бағыттағы шабуылы тоқтатылды.

Сталинград түбіндегі қарсы шабуыл 1942-1943 жылдарды қамтыды. Неміс-фашист командованиесі 1942-1943 жылдың қысында өздері орналасқан шепті 1943 жылдың көктеміне дейін ұстап тұруды, сонан соң қайта шабуылға шығуды жоспарлады. Ал Совет командованиесі қарсы шабуылға күш пен құрал-жабдықтар жинақтады. Жоғары Бас командованиенің Ставкасы мен Бас штаб оны өткізудің жоспарын жасауға кірісті. Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті 13 қарашада бұл жоспарды бекітті. Осы жоспарға сәйкес Совет Армиясы Сталинградтағы генерал-фельдмаршал Ф. Паулюстің 6-армиясын қоршауға алып, тізе бүктірді. 1943 жылдың 2 ақпанда неміс генерал-фельдмаршалы қалған әскерімен тұтқынға алынды.

Сталинград шайқасы осымен аяқталды. Сталинградты бүкіл совет халқы қорғады. Сталинград үшін шайқас болып жатқанда Батыс Қазақстан облысында соғыс жағдайы жарияланды. Даңқты 62-армияның құрамында 3800-ден астам қазақ болды. Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған барлық әскери құрамалар мен бөлімдердің үштен біріне жуығы қатысты. Әйгілі 64-армияның құрамында қазақстандық 29-және 38-атқыштар дивизиясы болды. Сталинград шайқасында көрсеткен табандылығы мен қаһармандығы үшін 29- және 38-атқыштар дивизиялары 71-және 73-гвардиялық атқыштар дивизиялары атанды,ал 73-атқыштар дивизиясына «Сталинградтық» құрметті атағы қоса берілді.

Сталинград операциясына Қазақстаннан 5 атқыштар,1 атты әскер дивизиясы,1 танк атқыштар бригадасы,1 миноментті полк қатысты.Осы шайқаста Н.Әбдіров,Қ.Спатаев т.б қазақ жауынгерлері батыр атағын алды. Сталинград шайқасында жүздеген мың совет жауынгерлері ерліктің үлгісін көрсетті.Шайқаста ерекше көзге түскен 55 құрамалар мен бөлімдер ордендармен марапатталды.100-ге жуық жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сталинград қаһарман-қала атағына ие болды.Сталинград шайқасы батырларының ерлігін мәңгі есте сақтау үшін 1963-1967жылдары Мамай қорғанында мемориалды комплекс салынды. Сталинград майданының операциясы Ұлы Отан соғысындағы және екінші дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі өзгерістің басталғанын көрсетті. 1942 ж. 28-30 маусым аралығында фашистер оңтүстік-батыс бағытта кең көлемді шабуылға шықты. Бұл шабуылдың мақсаты Қызыл Армияның Донның батыс жағындағы бөлімдері мен құрамаларын ығыстырып, Кавказдың мұнайлы аудандарын басып алу, Сталинград-Астрахань бағыты арқылы жеделдетіп Еділге шығу еді. Жау бұл мақсатта біраз алға жылжып, Дон өзеніне жетті. Сөйтіп, Сталинград пен Солтүстік Кавказға зор қауіп төнді. Сталинград бағытында қару-жарақтың барлық түрлерімен жақсы жарақтанған 6-далалық армиядан құралған фашистің 14 дивизиясы тұрды. Оларда 270 мың адам, 3 мың зеңбірек пен миномент, 500-ге жуық танк, 1200 ұшақ болды. Жауға қарсы 62, 63 және 64-армияның 12 дивизиясы (160 мың адам, 2 мыңнан астам зеңбірек пен миномент, 400-ге жуық танк, 452 ұшақ) тұрды.

Тек Қазақстанның батыстағы үш облысы (Ақтөбе, Гурьев, Батыс Қазақстан) 1942 ж. маусым- қараша айларында Сталинград майданына 26225 ұл-қызын жіберді. Қазақстанда құрылған әскери құрамалардың негізгі кіндігі болған қазақстандықтар Сталинград майданына аттанып бара жатып былай деп жазды: "Біздің әскери жаттығуларымызды отпен сынаудың кезі келді... деп қазақ халқына ант етеміз"

29-атқыштар дивизиясы 1942 ж. көктемінде Ақмола қаласынан Оңтүстік-Батыс майданына жөнетілген 29-атқыштар дивизиясы да Сталинград бағытын қорғайтын әскерлердің құрамында болып шықты. Бұл құрама Орта Азия әскери округының 1941 жылы 4 желтоқсандағы бұйрығы бойынша құрылып, 18 қантардағы бұйрығы бойынша 458-атқыштар дивизиясы деген алғашқы аты өзгертіліп, оған 29-атқыштар дивизиясы деген ат берілді. Дивизияны жасақтау ісі 1941 жылы 15 желтоқсанда басталды. 29-атқыштар дивизиясының құрамында үш атқыштар, бір артиллерия полкі және басқа да қосымша бөлімдер болды. Олар негізінен, сапер, сонитарлық, байланыс батальондары, танк жойғыш артиллериялық дивизион, барлаушылар ротасы, авторота сияқты арнайы бөлімдерден құралды. Дивизияның құрамында барлығы 11840 адам болды. Бұл, әрине, адам құрамы жағынан сол кездегі штат бойынша толық қалыптасқан құрама еді. Ал сол кездегі осындай құрамалардың жалпы жағдайы туралы маршал К.К.Рокоссовский соғыстың алғашқы жылдарындағы жағдайды еске ала отырып, бұлай деп жазды:"Дивизияда 8000 жауынгер болатынын біз ұмытқалы көп болған. Біздің құрамаларымызда адам саны 3,5, тіпті 2000 мың адамнан аспады. 4000 адамы бары сирек еді, ол да бір-екі ұрыстан кейін негізгілерімен шамаласа қалатын". Осы айтылғандардың тұрғысынан қарағанда, 29-атқыштар дивизиясы өзінің саны жағынан да, сапасы жағынан да командованиенің тапсырмасын орындауға әзір тұрған тың әскери құрама болды.Дивизияның командирлігіне полковник Н.Ф.Шабраев, комиссарлығына И.В.Шурша, штаб бастықтығына подполковник Д.С.Цалай, саяси бөлімнің бастықтығына А.С.Киселев тағайындалды. Бірнеше ай әскери дайындықтан өткеннен кейін 29-атқыштар дивизиясы 1942 ж. наурыз айында Тула маңына орналасқан резервтегі құрамына барып қосылды.

Майдан шебіне дивизия 10 шілдеде жөнетілді де, 17 шілдеде Сталинград темір жолының бойындағы Жутово станциясына пойыздан түсірілді. Бұдан кейін дивизияның бөлімдері 64-армия штабының бұйрығы бойынша, жорық тәртібімен 60 километрдей жер жүріп, Дон өзенінің шығыс жағасындағы Суворов және Верхне-Курмоярская станцияларының арасында қорғаныс шебін құрды. Дивизияның міндеті- неміс әскерлерінің Доннан өтуіне мүмкіндік берген 29-атқыштар дивизиясы бөлімдерінің Дон бойындағы бекінген жері екі армиянын (64 және 51) аралығы ғана емес, екі майданның да түйіскей жері болатын, өйткені 51-армия Солтүстік Кавказ майданына қарайтын еді. Шілденің 19-ы күні кешке қарай дивизия бөлімдері белгіленген учаскіге орналасып та алды. Армия қолбасшысының бұйрығы бойынша, 19 шілде күні дивизия құрамына танк батальонымен күшейтілген бір батальон бөлініп, одан жылжымалы, яғни алдыңғы шептік отряд құрылды.Бұл отряд Цимлянская станциясының маңына, Донның сол жағалауына өтіп кеткен фашист әскерлерінің бөлімдерін жоюға жіберілді. Сөйтіп, 29-дивизияның жылжымалы отряды 20 шілдеден бастап Дон өзенінің бойында шайқасқа кірісті. Міне, осы күненнен бастап, дивизия жауынгерлері үшін Сталинград шайқасы басталды.

1942 ж. 20 шілдеден бастап, Дон өзенінің шығыс жағалауында қорғаныс ұрыстарына қатысқан 29-дивизия Сталинград шайқасы аяқталғанға дейін дамылсыз ауыр ұрыс ортасында болды. Тамыз айының ішінде дивизия бөлімдері Ақсай өзені бойында және Абганерова станциясының түбінде жау танктерінің шабуылдарына тойтарыс беріп, бекініс шебін қорғап тұрды. Бұл шайқастарда дивизия бөлімдері жау әскерлерін орасан зор шығынға ұшыратты. Бірақ күші басым жаумен бетпе-бет шайқаста дивизияның өзі де әлсіреп, қатары қатты сетінеді. Соған қарамастан тылға жарып өткен 6-неміс армиясының шабуылы шілденің аяқ кезінде тоқтатылды. Кеңес әскерлерінің Донның батыс жағалауында табан тіресіп жүргізген қорғаныс ұрыстары фашист командованиесінің Сталинградты жедел алмақшы болған жоспарын іске асыртпай тастады. Сол кезде өзінің шабуылын күшейте түсу үшін фашистер командованиесі Сталинградқа қарай 4-танк армиясын жіберді, бұл армияның авангарды 5 тамызда Абганерова маңына шыққан еді. Мавданның осы учаскесінде 29-дивизияның жауынгерлері жаумен табан тіресе ұрыс жүргізді. Қазақстандықтар халықтың: "Өліспей, беріспеңдер!" деген тапсырмасын адал орындап, жаппай ерлік көрсетті. Қазақстан жауынгерлері өз позицияларын берік ұстап тұрды. Жақсы ұйымдастырылған қорғаныс барлаумен, қарсы шабуылдарымен ұштасып отырды. Дивизияның бөлімдері жауды Волганың жағалауына өткізбеді. "Волганың ар жағында біз үшін жер жоқ!" деген, мерген Василий Зайцевтің сөздері бүкіл майданға тез тарап кетті, қаланы қоршаушылардың барлығының да, соның ішінде қазақстандық жауынгерлердің де теңдесі жоқ ерлігі мен бұрын-сонды болып көрмеген табандылығы осы сөздерден-ақ білініп тұрды.

Қазақстан құрылған 29-атқыштар дивизиясының құрамы да көп ұлтты болды. Дивизия Сталинградтың түбіндегі шайқасқа қатысып, қаланы ерлікпен қорғады. Неміс-фашист әскерлерінің қоршауын бұза отырып, дивизияның бір бөлігі ғана 18389 жау солдаты мен офицерін, оның ішінде 3 генерал тұтқынға түсіоді. 1544 жауынгерлері мен офицері осы шайқастағы ерлігі үшін наградаларға ие болды.



ЕДІЛ БОЙЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖІГІТТЕР МЕН ҚЫЗДАР

1942 жылғы 19 қарашада кеңес әскерлерінің Сталинград түбіндегі жауға қарсы шабуылы басталды. Алғашқы екі күнде румындардың 3 және 4 армиясына ойсырата соққы беріліп, немістердің 6 далалық және 4 танк армиялары қоршауға алына бастады. 23 қарашада ставканың алдына қойған мақсаты жүзеге асты. 31 қантар фельдмаршал Паулюс басқарған бірінші топ қаруларын тастьап, тұтқынға берілді, ол екінші топ, күшті соққыдан кейін 1 ақпанда қарсылығын тоқтатты. 3 ақпанда Еділдігі шайқастың соңғы оғы атылды.

1941 жылғы жеотоқсанда, 1942 ақпан айларында Алматы қаласында құрылған атқыштар дивизиясының құрамы негізінен Алматы мен Фрунзе қалаларындағы әскери училищилердің түлектерінен жасақталды. Дивизияның құрамы да Қазақстанда тұратын әскер міндеттегілерден қалыптасты, сондықтан жауынгер сапағылардың 25 пайызы қазақтар болды. 1942 жылғы мамыр айының ішінде дивизия Оңтүстік-Батыс майданы әскерлерінің құрамында Харьков түбіндегі ұрысқа кіріп, Сталинград шайқасының басынан аяғына дейін қатысты. Жау әскерлерін қорғаныс ұрыстарында әбден титықтатып, Сталинград түбіндегі неміс армиясын қоршап алып, кейін оны талқандауға да үлес қосты.

Оскол өзенінің бойында, Уразова қаласының түбінде, Терновая станциясында кескілескен ұрыс болды, бұл шайқастарда қазақстандық жауынгерлер 13 тәулік бойы қорғанысты ұстап тұрды. Осы уақыттың ішінде 214-ші артиллерия полкі жаудың елуге тарта танкін, көптеген басқа техникасымен адам үшін жойып жіберді. Алғашқы ұрыста жаудың 22 танкісі, 30 автомашинасы, 1 полк жаяу әскерлері шығын болды. Бөлімше командирі Мақаш Балмағамбетов осы ұрыста үлкен ерлік көрсетті. Ол пулеметті өз қолына алып жіберіп, өрттегіш оқпен гитлершілердің 5 машинасын өрттеді. Осы Мақаш келесі жылы Днепрді өтерде де үлкен ерлік көрсетіп, оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Автоматты жауынгер Рамазан Бисенов ерекше мергендік көрсетіп, бір өзі тоғыз фашистке жер құштырды. Сол полктың комсоргы, кіші лейтенант Нығмет Ахметов жиырмадан астам дұшпанды сұлатып салды. Қызыл ордалық пулеметші Қамеш Биғалиев Красный Октябрь және Мамаев Курганның шығыс жағына бекініп алып, зұлым жаудың өршеленген талай шабуылына тойтарыс берді. Жауынгерлер бір адым да кейін шегінбеді.

Осы бір Еділ бойындағы ұрыс қызып жатқан кезде Орал облысының Жымпиты ауданынан әскери комиссоратына өз тілегімен арыз беріп, 24 қазақ қызы майданға аттанды.

Олар бастапқы кезде Москва облысының Подольск қаласында мергендік мектепте оқыды да, кейін осы Сталинград майданына жіберілді. Қазақ қыздарының құралайды көзінен атқан мергендігі майданға кең тарады. Ең ауыр жауапты тапсырмаларға қыздар өздері сұранып барып, талай фашистердің көзін жойды.

Әсіресе мерген атанған Малика Тоқтамысова ерекше көзге түсті. Ол үш рет арнайы жіберілген әскери тапсырманымүлтіксіз орындады. Бұл үшін майдан командашысы оған алғыс жариялады.

Одан естері шыға қорыққан фашистер мерген қыздың соңына түсіп, әрдайым аңдумен болды, қатардағы жауынгер Малика Тоқтамысова 1944 жылдың 14 шілдеде ерлікпен қаза тапты. Майдандағы медицина қызметкерлері әрқашан да қиын қыстау жерлерде болып, аса зор көмек көрсетті. Өз ісіне сондай шын берілген қарапайым дәрігер Роза Момынова жөнінде өз бөлімінің жауынгерлері "Жау қай жақтан шабуылды күшейтіп, оқты көп отса,Роза сонда.Роза Момынова жүздеген адамды өлімнен арашалап,қайта қатарға қосты",- деп жазған еді.Жауынгерлердің шексіз алғысына бөленгендердің бірі санитарка ӘсияБекетова.Ол бір ұрыста оқ астынан 27жаралы жауынгерді алып шықты.Әсия соңғы кезінде жүзден аса солдаттар мен офицерлердің өмірін сақтап қалды.

Сталинград шайқасындағы дивизияның ерлік істері жайлы әңгімелей келіп, генерал Ғ.Б. Сафиуллин былай деп жазды. <<Сталинградтың шалғай іргесінен басталған ұрыстардан бері біздің 38-ші дивизия 18 мыңнан аса солдат пен офицерлерді тұтқынға алды, 68 танкті, 22 самолетті, 3 бронды поезды, 400-ден аса зеңбірек пен минометті қолға түсірді, 108 танкті, мыңнан астам машинасын қиратты. Неміс фашист басқыншыларымен Сталинград түбінде болған ұрыстарда жауынгерлер, командирлар мен саяси қызметкерлер Қазақстанның, сондай-ақ бүкіл кеңес халқының атына кір келтірген жоқ. Олар майданға жүрер алдында қазақ жерінде бұларға берілген аманатты абыроймен орындап шықты>>. 1942 жылдың көктемінде Ақмола қаласынан Сталинград майданына жөнетілген 29-шы атқыштар дивизиясы да Сталинград бағытын қорғайтын әскерлердің құрамында болып шықты. Ол жаумен шайқасты Дон өзеннің шығыс жағалауынан бастап, Сталинградтың көшелерінде аяқтады. Қиян-кескі ұрыстарда 48-ші полктағы аға лейтинант Досан Әлімжановтың батальоны үлкен ерлік қимылдарын бүкіл дивизияны риза етті. Ол батальон құмды карьердің сырт жағына айланып барып, түн ішінде тұтқиылдан шабуыл жасады да 250 фашисті тұтқынға алды, жаудың 270 машинасын, 6 зеңбірегін, басқа да біраз мүліктерін қолға түсірді.

Д. Әлімжановтың батальонындағы взвод командирі Қасым Қадыралиннің аз ғана топ солдаттары Воропаново түбінде фашистердің екі бірдей шабуылын тойтарды. Қыдыралин Ақтөбе облысының Ойыл ауданының жігіті еді.

Сталинградты қорғауға Орал облысынан қатынасқан жауынгерлер: Саттархан Жұрмұмбетов, Әбжай Сәлиев, Шабхат Желдібаев, Керей Кәмалиев, Жақан Қошмағамбетовтер асқан ерлікпен күресті. Сталинград майданына Қазақстанда жасақталған 6 дивизиядан 50 мыңдай солдат қатысты. Олардың ерлік істерінен хабарлар болып отырған қазақстандықтар 1943 жылдың 6-шы ақпанында <<Правда>> газетінде майдандағы қазақ жауынгерлеріне арнап хат жариялады. Бұл хат Сталинград түбіндегі жеңіс пен тұспа-тұс келгенімен, онда осығын дейінгі қазақ жауынгерлерінің Мәскеу түбіндегі, Ленинградтағы ерліктері де қамтылып, олардың әр қадамдарын туған елі жіті бақылап отырғандығы айтылған. Сталинград майданындағы тарихи ұрыс жеңіспен аяқталғаннан кейін 1943 жылдың 6-шы ақпанында <<Правда>> газетінде <<Даңқты қазақ халқы-кеіестік Отан үшін күресте>> деген бас мақала жарияланып, сол нөмірде <<Қазақ халқының майдандағы қазақ жауынгерлеріне жазған хаты>> жарияланды. Ол хат сол күні орталық радиодан да екі тілде де берілді. Орысша мәтінін атақты Юрий Левитан, қазақшасын <<Социалистік Қазақстан>> газетінің Балтайбек Асанов оқыды. Осылайша қазақ халқының майдандағы ұлдарына жолдаған хаты жауынгерлерге тез жетті. Сол күзде Сталинград түбінде Қазақстанның тынысы күн сайын дерлік естіліп, сезіліп тұрды. Сталинград майданына майданға шақырылған қазақтар күнде дерлік келіп жатты. Тек Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының өзінен ғана сол күзгі айларда Сталинград майданына 26 225 жауынгер келіп қосылды. Олар Жәнібек, Орда аудандарына неміс самолеттері бомба тастап жүргендерін айтты. Сталинград майданына Алматыдан бір топ өнер шеберлері келді. Қазақстанның халық артистері Үрия Тұрдықұлова, Ғарифолла Құрманғалиев, Мусілім Абдуллин, тағы басқа артистар Еділ жағасына келіп, қазақтың әндерін салғанда қазақ жауынгерлері рухтары көтеріліп, үлкен қуанышқа бөленді.



Сталинград шайқасы кезінде көрсеткен қаһармандығы үшін 38-ші атқыштар дивизиясы 73-ші сталинградтық гвардия дивизиясы атағы берілді. Оның командирі Ғани Сафиуллинге генерал-майор атағы берілді. Алты ай бойы бүкіл өлкені дүр сілкіндірген, адамзат тарихи бұрын көрмеген, естіп білмеген ұлы айқас осымен тынып, Еділ бойында тыныштық орнады. Жекелеген тарихи фактілер осындай. Демек, біздің халқымыз Сталинград түбінде Екінші Дүниежүзілік соғыстың бұдан былайғы барысына шешуші ықпал етті және фашизмды талқандап, адамзатты апаттан алып қалған Ұлы Жеңісті, Сталинград майданындағы соңғы оқтың атылар сәтін жақындата түсті. Ендеше майдангер халқымыздың бұл соғыстағы еңбегін біздің ұрпақтарымыз орынды мақтаныш ете алады.



СТАЛИНГРАД ҮШІН ШАЙҚАСҚАН ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ТУРАЛЫ

Садвокасов Қабикен Қызыл Армия қатарына

қабылданғанда небәрі 19 жаста еді.1942жылдың

15қаңтары күні Сталин атындағы аудандық әскери

комитеттен соғысқа аттанып кете барды.Онымен

жерлестері Шакуанов Аташ, Аушахманов Ермек, Каденов Зейнекеш, Набиев Әскен, Абдрахманов Дудаш, Салипов Тұрар, Кульжанов Брян, Хивренко Федор, Яковлев Дмитрий бірге аттанды.Тағдыр оны Башқұрт автономиясы республикасында қалыптасқан полковник Прохов Александр Михайлович басқарған 124-ші атқыштар бригадасына түсірді. 124-ші атқыштар бригадасы генерал Чуйков Валерий басқарған 62-ші гвардиялық армияға бағынды. Ол Сталинград қаласын қорғаған армия еді.Қабикен атай 1942 жылдың 28 тамызында Сталинград қаласына келді. Ол Сталинград трактор зауытын қорғады. Неміс фашистері трактор зауытын алуға бар күштерін салып бақты. Олар телефон сымдарын үзіп, үйдің шатырларынан оқ атты. Жағдай өте қиын болды. Жау снаряды Қабикен атай жатқан окопқа түсіп,Қабикен ағайды жаралады.Ол Сталинград майданында 1943 жылдың 15 қаңтарына дейін болып тылға жөнелтілді. Қабикен атай Сталинградты қорғағаны үшін "Ұлы Отан соғысы","Ерлігі үшін","Германияны жеңгені үшін"медальдарымен мараппатталған.





Соғыстан аман оралған Қабикен атай бейбіт уақытта соғыстан кейінгі шаруашылықты қалыптастыруға өз үлесін қосты. 2005 жылы 83 жасында қайтты. Садвакасов қабикен атаның ұрпақтары: 11 бала, 6 немере, 5 шөбере. Ол кісінің 11 баласы болған, оның екеуін асырап алған. Біреуі: орыс, есімі Зоя. Ол Өзбекістанға тұрмысқа шыққан. Екінші қызы Асина, Ноумаровкада тұрады. Ең үлкен ұлы- Нұрбек, Павлодар қаласында дәрігер болып жұмыс істейді. Екі қызы туған жерінде Ақсу кентінде тұрады. Роза Қабикенқызы- №1 Ақсу орта мектебінде 38 жыл мұғалім болып қызмет жасаса, екінші қызы Гүлнар Қабикенқызы күзет агенттігінде жұмыс істейді. Ата жолын қуған немересі Садвакасов Тимур Ақсу кентінің әскери ботальонында капитан шенімен ботальон басшы қызметін атқарады. Қабикен атамыздың ұрпақтары тәуелсіз еліміздің экономикасын көтеруде көптеген еңбектер жасап келеді. Мысалы, немересі Садвакасова Жанар Нұрбекқызы полиция бөлімінің майоры. Садвакасов Манат патолог- анатом дәрігері. Садвакасова Сабина Астана қаласында дизайнер қызметін атқарады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет