Ұстаз болу жүректің ұлылығы



бет1/2
Дата05.11.2016
өлшемі11,68 Mb.
#599
  1   2
Ақпарлама

Мектебімізде 27 қыркүйек - 3 қазан күндері аралығында мектепішілік "Ұстаз болу жүректің ұлылығы" атты онкүндік жоспары жасақталды. Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету. Оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту. 7-11 сынып оқушылары арасында "Сүйікті ұстазымның портреті" атты суреттер байқауы өтті. І орынды 8б сынып оқушысы Құттыбаева Нұрдана, ІІ орынды 7б сынып оқушысы Жүсіп Алириза, ІІІ орынды 7ә сынып оқушысы Жақсылықова Эльвира иеленді. "Ұстазыма сыйлаймын"атты 2-4 сыныптара аралығында салфеткадан, қалдықтардан, пластилиннен, тастардан, моншақтардан гүл жасау тапсырлыды. Қатысқан оқушылар 114. Оқушылар өздерінің жасаған гүлдерін сынып жетекшілеріне мерекеде сыйлады. Барлық сыныптарда "Ұстаз-ұлағатты есім", "Ұстаз мектептің жүрегі" атты тәрбие сағаттары өткізілді. 5-7 сыныптар аралығында "Төл мерекеңіз құтты болсын ұстазым!" атты ашық хаттар байқауы өтті. Қатысқан оқушылар саны 28. 5-11 сыныптар аралығында көркем сөз оқу байқауы өткізілді. "Ұстазым-ұлағатым, үлгі өнегем" атты буклеттер сайысы өткізілді. Буклетте өз сынып жетекшісінің өмірбаяны, жетістіктері сыныбының, сынып жетекшімен өткізген тәрбиелік шаралары суреттерімен көрсетілді. Сенбі күні 11-сынып оқушылары барлық сыныптарға сабақ өткізді. Оқушылар 1 күн мұғалім болып әсері сабақ беріп көрді. "Ұстаз-мәңгілік нұрдың қызметшісі" атты 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өткізілді. Ұстаздардың арасында мерекелік эстафеталық жарыс өткізлді.Мақсаты Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұстаздар арасында спорт мәдениетін кең тарату. Салауаттану — адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға дәріптеу. Эстафеталық жарысқа 3 бірлестік қатысты. ИФМ, гуманитарлық бірлестік, бастауыш сынптар бірлестігі.І орынды ИФМ бірлестігі, ІІ орынды бастауыш сыныптар бірлестігі, ІІІ орынды гуманитарлық пәндер бірлестігі иеленді.Қатысқан бірлестіктерге мектеп директоры атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мектеп ұжымы аталмыш мектепте ұзақ жыл қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан ұстаздарды мерекесі қарсаңында Өмірзақов Айса ағай ,Әлия апай, Райхан апай,Балғаным апай , Кәкима апай, Қалыбаева Рысгүл апай , Жұмабике апай Тәжіғали ағай, Батыр ағай сияқты ардагер ұстаздарды меркелік дастарханның құрметті қонағы болуға шақырды. Мектеп басшысы Ибраева.Г, мектеп ұжымы атынан сiздердей ұстаз ешқашан шәкiрт жадынан шықпақ емес ел мүддесін бәрінен биік қойған, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, ардагер ұстаздарға қажымас қайрат,жанұяларына бақыт тілеп, кештің қонақтары болған Рысгүл апай, Райхан апай, Жұмабике апай, Тәжіғали ағай сынды ардагер ұстаздарға сыйлық табыстады.








Каталог: omirbaev -> files
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі маңҒыстау облысы, ТҮПҚараған ауданы форт-шевченко қаласы е.ӨМірбаев атындағы орта мектебі тақырыбы: «Қазақ ертегілерінің ТӘрбиелік мәНІ»
files -> Тақырыбы: «Менің отбасым-менің байлығым»
files -> Тақырыбы. «Еңбектің наны тәтті » Мақсаты
files -> Сабақтың тақырыбы: Бірмүшені көпмүшеге көбейту. Жалпы мақсаты
files -> Сабақ Тақырыбы: Есту мүшесінің құрылысы мен қызметі
files -> Сабақ жоспары Тақырыбы:
files -> Кесіндіні теңдей екіге бөлу және тік бұрыш салу
files -> Сабақтың тақырыбы: Мәтін және оның түрлері. Сілтеме: Оқулық,электронды оқулық
files -> Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы Есбол Өмірбаев атындағы орта мектебі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет