Ұстаздық-ұлы құрмет



Дата16.12.2021
өлшемі17,05 Kb.
#101687
Байланысты:
Ұстаздық-ұлы құрмет
Айдана Тәңірберген фқт-41, ОМӨЖ1 ХамитАБ МагистрГеография, Лабы Java Piton, 1-сабақ Көп тіл білгім келеді , Абайтану бағдарлама, !10-ОШ БЖБ Информатика 7-сын қаз, Рассказ о здоровом образе жизни

« Ұстаздық-ұлы құрмет»

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға.

Абай Құнанбайұлы

Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Апайларымыз білімді санамызға құйды, үйретті, ақылшымыз болды. Ыстығымызға күйді, суығымызға тоңды,жетістігімізге қуанды, кемшілігімізге күйінді. Бізді әрқашан өз балаларындай көрді.Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап, ұстазының көзі тірісінде өзін, өлгеннен кейін аруағын сыйлап, ардақтап өтеді
Ұстаз бала алдында өзінің жүріс тұрысымен, киім киісімен, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен яғни барлық жағынан үлгі болуы қажет. Қазіргі жас жеткіншектер мұғалім болудан қашады, яғни үлкен жауапкершіліктен, қиындықтан қашады. Ал қиындықсыз іс болмайды. Сонымен қатар қазіргі заманда жүрегінің қалауынсыз жоғарғы оқу орнын бітіріп кеп, мектепте жұмыс жасап жатқан жас мамандар да баршылық. Олардан қандай маман шықпақ және балаларға қандай білім бермек? Мамандығын жетік білмеген емес, жетік білуге ұмтылмаған, талпынбаған мұғалім нағыз бейшара деуге болады. Әрине, барлық ұстаздарды айтпаймын, ұстаз болуды армандап, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен қиындықтан қашпай, ауылға барып ұстаздық жолын ауылдан бастаған жас мамандар да баршылық, оларға еңбектерің жансын, бейнеттеріңнің зейнетін көріңіздер, ешқашан уақытпен санаспай еңбек етіңіздер, түбінде сіздерден жақсы маман шығады. Себебі сіздердің алдарыңызда өміріміздің аса бағалы иелері, болашағымыз, еліміздің ертеңі, жас өркендеріміз отыр дегім келеді. Жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұлдарымызды, инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, қазақы болмысымызбен тәрбиелеуге атсалысайық.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет