Степной орта мектебі бойынша қазақ мектебіндегі жаратылыстану – математика бірлестігіндегі пәндерінің жүргізілуі туралы жылдық анықтама



Дата14.06.2017
өлшемі51,77 Kb.
#19106
Степной орта мектебі бойынша қазақ мектебіндегі жаратылыстану – математика бірлестігіндегі пәндерінің жүргізілуі туралы жылдық анықтама

Жаратылыстану-математика бірлестігінде 5 мұғалім қызмет атқарады. 2 мұғалім жоғары санатты болса, 2 мұғалім бірінші санатты, ал бір мұғаліміміз 2-санатпен жұмыс атқарады. Мұндағы ұстаздардың барлығы өз пәндерінің шебері. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болумен қатар, жаңа технологиялар өмірге келді. Жаратылыстану-математика бағыты бойынша, 2015-2016жылғы оқу жоспары бойынша жалпы алып отырған мәселеміз «Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану - оқыту» мақсатына жетудің тиімді жолдарын қарастырып отырамыз. Қазіргі заман талабына сай мұғалімдер үш айлық курстарда оқып, жаңа технологияларды меңгеріп келді. Әр тоқсан сайын бірлестік отырысы болып жоспар бойынша жиын өткізіп отырды.Күн тәртібінде қаралған мәселелер.

- 2015-2016 о.ж.бірлестік жоспарын бекіту;

- жылдық күнтізбелік, факультатив, бейімділік және таңдау курстары жоспарларын талқылау, бекіту;

- Аттестаттаудан өтетін мұғалімдерді ережемен таныстыру;

- Пән апталығының өту кезеңін жоспарлау;

- «Қазіргі қоғамда бәсекелестікке қабілетті оқушыларды дайындау үшін құзіреттілік тапсырмаларды қолдану жолдары »

- ҰБТ-ге дайындық матрицасы;

- 9-сыныпқа арналған құзіреттік тапсырмалар мен жұмыстарды ;

- «Мұғалімдердің жеке сайты мен электронды портфолиоларының сапасын арттыру мен материалдар жинақтауды жалғастыру жұмыстары» жайында ақпараттар алмасу;

- Пән бойынша мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаға дайындық;

Ибраева А.Ж. Математика пәнінің мұғалімі білімі және санаты жоғары тәжірибелі ұстаз. Осы оқу жылы бірінші деңгейлік курсты оқыды. Қыркүйек айында 6-сыныпқа жобалау технологиясы бойынша ашық сабақ беріп баяндама оқыды. Қараша айында 7-сыныптар арасында өткен Облыстық кезеңіндегі жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша Шортанды ауданының атыннан математика пәнінен Шакен Диана марапатталды. Жаратылыстану–математика апталығында 7-11 сыныптар арасында көшбасшыларды анықтау мақсатында сыныптан тыс сайыс өткізді. Тәжірбиелі ұстаз болғандықтан қараша айында физика пәніне комиссия құрамында болып әдістерімен бөлісті. Аудандық олимпиадаға 10-сынып оқушысы Төлеухан Әли қатысты. ҰБТ-ға математика пәні бойынша кестеге сәйкес әр аптада дайындық жүргізіп отырды. Мұғалім осы сыныптармен пән бойынша тақырыптық тестілер даярлап, тест мониторингісін жүргізді.

Алып отырған мәселесі «Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіре отырып, математикалық тілде қатесіз сөйлеуге, жаза білуге үйрету». Алгебра пәні бойынша білім сапасы - 64%



Абишев К.В. химия және биология пәндері бойынша сабақ береді . Жоғары санатты ұстаздар қатарында . Мұғалімнің мәселесі «Критериалды бағалаудың оқушыларға оң нәтижесі» тақырыбында оқытады, сонымен қоса І деңгейді оқып, қолданып отыр. Химия пәнінен жобалау технологиясы бойынша әдістемелік күні «валентілік» тақырыбында ашық сабақ болды. Қараша айында 7-сыныптар арасында өткен Облыстық кезеңіндегі жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша Шортанды ауданының атыннан қатысып жүлделі III орынға ие болды.

Аудандық пәндік олимпиадаға 8-сынып оқушысы Қарабаева Мөлдірді апарып II жүлделі орынға ие болды . Биология пәні бойынша әдістемелік күні 8-сыныпқа «Дәрумендер» тақырыбында ашық сабақ болды. Республикалық КИО-ға 9 сынып оқушылары Сүлейменова Н және Базарбек А 1 турдан жоғары балдар жинап 2 турға өтті. Мектепішілік «Үздік мұғалім » сайысына қатысып I орынға ие болып, Степной орта мектебінің атынан ауданда өтетін «Үздік мұғалім » сайысқа қатысып «Жаңашыл мұғалім » номинациясымен марапатталды.Сәуір айында халықаралық мұғалімдерге арналған « Инновациялық технологияларды енгізе отырып оқудағы білім сапасын арттыру және кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру» жәрмеңкесінде өз кітапшасын яғни «химия на охране здоровья» тақырыбында ұсынып сертификат пен марапатталды. Химия пәні бойынша білім сапасы - 67%



Физика және информатика - пәнінің мұғалімі Асаби И. Физика пәні бойынша бірінші санаты мұғалім, ІІІ деңгейді оқып келіп, осы әдіс-тәсілдер бойынша сабақ беруде. « Жеті модульдік оқыту» технологиясын сабақта қолдана отырып, мұғалімнің алып отырған мәселесі «Физика пәнін күнделікті өмірмен байланыстыра отырып оқыту» тақырыбында жұмыс жасайды.

Апталық барысында «Білім сенің тірегің» атты кіріктірілген 6-10 сынып аралығында танымдық-эстафеталық сайыс өткізді. Іс–шара оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттырды. Пән бойынша алған білімдерін қорытындылауға, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыруға ықпалын тигізгеніне күмәнім жоқ, сондықтан сабақ жоғары деңгейде өтті.

Информатика пәні бойынша Тәуелсіздік күніне орай фильмдер көрсетсе, 5-9 сынып аралығындағы оқушыларға «Менің Отаным»» видео роликтерді таныстырып, пікір алысты.

Физика пәнінен аудандық олимпиадаға 8-сынып оқушысы ҚанатТ физика пәні бойынша қатынасып II орын алды. Ал информатика пәнінен Белялова А III орынмен марапатталды. Физика пәні бойынша білім сапасы - 62% Информатика пәні бойынша білім сапасы -92%



Далел Б география пәні бойынша ұстаздық қызмет атқаруда. II санатты ұстаз. Осы пәндер бойынша мәселесі «Жаңа технологиялар қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру» кеңінен қолданып отыр.

Ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың негізгі көзі сабақ барысында компьютерді пайдалану, интерактивті тақталарды қолдану болып табылмақ. «Деңгейлеп оқыту» технологиясын пайдалана отырып география пәнін қызықтырып түсіндіру. Қандайда болмасын сабақтарда жаңа технологияларды жиі қолданып жүретін ұстаздың бірі жоғарылады. Апталық барысында «География ғажабы» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Аудандық пәндік олимпиадаға 8-сынып оқушысы Өмирбег Н қатысып келді. Сәуір айында «Ұжымдық оқыту» тақырыбы әдістемелік күні «Евразия материгі» тақырыбында қызықты ашық сабақ өткізіп өз тәжірбиесімен бөлісті. Мектепішілік ғылыми жобаға 9-сынып оқушысы Бахитбек Дана «Сахара шөлі» тақырыбында өз зерттеу жұмысын қорғады. География пәні бойынша білім сапасы- 71%



Қожахметов Д. К математика пәні бойынша дәріс береді , cанаты бірінші дәрежелі ұстаздар қатарында. Мұғалімнің мәселесі «Оқушылардың білімділігімен біліктілігін қазіргі заманауи технологиялар арқылы дамыту» тақырыбында оқытады. Жаратылыстану апталығында «Алтын сақа» атты сыныптан тыс сабақ берді. Аудандық пәндік олимпиадаға 9-сынып оқушысы Сүлейменова Н қатысып келді. Мектепішілік педагогикалық оқуда «Модельдік оқыту» технологиясы бойынша баяндама қорғап жүлделі II орынға ие болды . Биылғы оқу жылына Көкшетау қаласына сәуір айында өткен халықаралық мұғалімдерге арналған « Инновациялық технологияларды енгізе отырып оқудағы білім сапасын арттыру және кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру» жәрмеңкесінде өз кітапшасында « Математиканы күнделікті өмірмен байланыстыру» тақырыбында кітапша шығарып сертификат алып келді. Алгебра пәні бойынша білім сапасы - 58%
Каталог: 0B5D37B2B884247A
0B5D37B2B884247A -> Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ Сабақтың типі: Жаңа білім беру
0B5D37B2B884247A -> «Биофизика» курсы
0B5D37B2B884247A -> Оқу жылындағы гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінің жүргізген I жарты жылдық қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Мазмұны І. Кіріспе бөлім
0B5D37B2B884247A -> Оқу жылындағы гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінің жүргізген жылдық қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Степной орта мектебі жанындағы «Қызғалдақ» шағын орталығының есебі
0B5D37B2B884247A -> Сабақтың мақсаты: Ақмола бекінісінің салынуының себебін ашу, Ақмола бекінісінің салынып, ондағы жаңалықтарды оқшыға анықтау
0B5D37B2B884247A -> Сабақ тың тақырыбы: «Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы»
0B5D37B2B884247A -> Степной орта мектебі бойынша қазақ мектебіндегі жаратылыстану – математика бірлестігіндегі пәндерінің жүргізілуі туралы жартты жылдық анықтама


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет