Степной орта мектебі бойынша қазақ мектебіндегі жаратылыстану – математика бірлестігіндегі пәндерінің жүргізілуі туралы жартты жылдық анықтама



Дата05.06.2017
өлшемі37.33 Kb.
Степной орта мектебі бойынша

қазақ мектебіндегі жаратылыстану – математика бірлестігіндегі пәндерінің жүргізілуі туралы жартты жылдық анықтама

Жаратылыстану-математика бірлестігінде 5 мұғалім қызмет атқарады. Жоғары санатта 2 мұғалім болса,бірінші санат бойынша 2 мұғалім жұмыс жасаса, екінші санатта 1мұгалім қызмет атқаруда. Мұндағы ұстаздардың барлығы өз пәндерінің шебері. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болумен қатар, жаңа технологиялар өмірге келді. Осы әдістемелік бірлестіктің қойып отырған мәселесі «Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану- оқыту мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсетеді». Қазіргі заман талабына сай мұғалімдер үш айлық курстарда оқып, жаңа технологияларды меңгеріп келді.Алға қойып отырған талаптардың бірі «Критериалды бағалаудың оқушыларға оң нәтижесі» әр сабақта көңіл бөліп қарайды.



Ибраева А.Ж. математика пәнінің мұғалімі білімі және санаты жоғары тәжірибелі ұстаз. Осы оқу жылы бірінші деңгейлік курсты оқыды. Қыркүйек айында 6 сыныпқа жобалау технологиясы бойынша ашық сабақ беріп баяндама оқыды. Қараша айында 7 сыныптар арасында өткен президенттік олимпиядаға қатысып Шакен Диана марапатталды.Жаратылыстану –математика апталығында 7-11 сыныптар арасында көшбасшыларды анықтау мақсатында сыныптан тыс сайыс өткізді. Тәжірбиелі ұстаз болғандықтан қараша айында физика пәніне комиссия құрамында болып әдістерімен бөлісті. Аудандық олимпиадаға 10-сынып оқушысы Төлеухан Әли қатысты.          Әкімшілік бақылау кескінінде болып өтті. ҰБТ-ға математика пәні бойынша кестеге сәйкес әр аптада дайындық жүргізіп отырды. Мұғалім осы сыныптармен пән бойынша тақырыптық тестер даярлап, тест мониторингісін жүргізді.

Алып отырған мәселесі «Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіре отырып, математикалық тілде қатесіз сөйлеуге, жаза білуге үйрету».

Алгебра пәні бойынша білім сапасы - 42%

Абишев К.В. химия және биология пәндері бойынша сабақ береді . Санаты жоғоры ұстаздар қатарында . Мұғалімнің мәселесі «Критериалды бағалаудың оқушыларға оң нәтижесі» тақырыбында оқытады, сонымен қоса І деңгейді оқып, қолданып отыр. Химия пәнінен жобалау технологиясы бойынша әдістемелік күні «валентілік» тақырыбында ашық сабақ болды. Қараша айында 7 сыныптар арасында өткен президенттік олимпиядаға биология пәні бойынша қатысып жүлделі үшінші орынға ие болды.

Аудандық пәндік олимпиадаға 8-сынып оқушысы Қарабаева Мөлдірді апарып екінші жүлделі орынға ие болды . биология пәні бойынша әдістемелік күні «Дәрумендер » тақырыбында ашық сабақ болды.

Химия пәні бойынша білім сапасы - 58%

Асаби И физика, математика және информатика пәндері бойынша сабақ береді. Физика пәні бойынша санаты I жұмыс атқарған, ІІІ деңгейді оқып келіп, осы әдіс-тәсілдер бойынша сабақ беруде. Ал, Дәлелұлы Б. География пәні бойынша ұстаздық қызмет атқаруда. II санатты ұстаз. Осы пәндер бойынша мәселесі «Жаңа технологиялар қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру» кеңінен қолданып отыр.



Физика және информатика - пәнінің мұғалімі Асаби И. « Жеті модульдік оқыту» технологиясын сабақта қолдана отырып, есептер шығару барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру» тақырыбында жұмыс жасайды.

Апталық барысында «Білімің сенің тірегін» атты кіріктірілген 6-10 сынып аралығында танымдық-эстафеталық сайыс өткізді. Іс – шара оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттырды. Пән бойынша алған білімдерін қорытындылауға, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыруға ықпалын тигізгеніне күмәнім жоқ, сондықтан сабақ жоғары деңгейде өтті.

Информатика пәні бойынша Тәуелсіздік күніне орай фильмдер көрсетсе, 5-9 сынып аралығындағы оқушыларға «Менің отаным»» видео роликтерді таныстырып, пікір алысты.

Физика пәнінен аудандық олимпиадаға 8-сынып оқушысы Қанат Т физика пәні бойынша барып екінші орын алды. Ал информатика пәнінен Белялева А үшінші орынмен марапатталды.                             

Физика пәні бойынша білім сапасы - 62%

Информатика пәні бойынша білім сапасы -92%



Далел Б Ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың негізгі көзі сабақ барысында компьютерді пайдалану, интерактивті тақталарды қолдану болып табылмақ. Қандайда болмасын сабақтарда жаңа технологияларды жиі қолданып жүретін ұстаздың бірі. жоғарылады. Апталық барысында «География ғажабы» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Аудандық пәндік олимпиадаға 8-сынып оқушысы Өмирбег Н қатысып келді.

География пәні бойынша білім сапасы- 60%



Қожахметов Д. К математика пәні бойынша дәріс береді.химия Санаты бірінші дәрежелі ұстаздар қатарында . Мұғалімнің мәселесі «» тақырыбында оқытады. Жаратылыстану апталығында Жаратылыстану апталығында «алтын сақа» атты сыныптан тыс сабақ берді. Аудандық пәндік олимпиадаға 9-сынып оқушысы Сүлейменова Н қатысып келді.

алгебра пәні бойынша білім сапасы - 70%
Каталог: 0B5D37B2B884247A
0B5D37B2B884247A -> Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ Сабақтың типі: Жаңа білім беру
0B5D37B2B884247A -> «Биофизика» курсы
0B5D37B2B884247A -> Оқу жылындағы гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінің жүргізген I жарты жылдық қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Мазмұны І. Кіріспе бөлім
0B5D37B2B884247A -> Оқу жылындағы гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінің жүргізген жылдық қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Степной орта мектебі жанындағы «Қызғалдақ» шағын орталығының есебі
0B5D37B2B884247A -> Сабақтың мақсаты: Ақмола бекінісінің салынуының себебін ашу, Ақмола бекінісінің салынып, ондағы жаңалықтарды оқшыға анықтау
0B5D37B2B884247A -> Сабақ тың тақырыбы: «Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы»
0B5D37B2B884247A -> Степной орта мектебі бойынша қазақ мектебіндегі жаратылыстану – математика бірлестігіндегі пәндерінің жүргізілуі туралы жылдық анықтама


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет