«стоматология» мамандығЫ Үшін силабус



бет1/9
Дата28.01.2018
өлшемі1,57 Mb.
#34117
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«СТОМАТОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН СИЛАБУС



I.3. ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
1. Тақырып. ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КУРСЫНА КІРІСПЕ. ЖАЛПЫ НОЗОЛОГИЯ

Мақсаты: жалпы нозологияның негізгі түсініктерін меңгеру

Дәріс жоспары:

  1. Патологиялық физиология курсына кіріспе. Патофизиология ғылым және оқу пәні ретінде.

  2. Жалпы нозология, жалпы нозологияның негізгі түсініктері. Денсаулық және ауру. Аурудың негізгі нышандары. Ауру алды туралы түсінік.

  3. Дерттік үрдіс, дерттік серпіліс, дерттік жағдай.

  4. аурудың сатылары, сипаттамалары.

  5. Өлім, өлу кезеңдері, сипаттамасы.

  6. Тірілтудің ұстанымдары. Тірілтілген ауру туралы түсінік.


Дәрістің тезистері

Патофизиология (грекше Pathos – ауру, дерт, physis – табиғат, қызмет, logos - ғылым) – ауруға шалдыққан организмнің қызметі туралы ғылым.

Патофизиология аурулардың пайда болуы, дамуы және аяқталуының негізгі заңдылықтарын зерттейді.



Патофизиологияның міндеттері

Патофизиологияның негізгі тәсілі – патофизиологиялық эксперимент.

Патофизиологиялық эксперименттің ерекшелігі: адам ауруларын жануарларда үлгілеу.



Нозология – ауру туралы жалпы ілім ( грекше nosus-ауру).

«Денсаулық– бұл аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, психикалық және әлеуметтік толық сәттілік жағдай» БДСҰ.

«Ауру – әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы» И.Петров.

Аурудың нышандары


  • Науқастың шағымы

  • Дерттің айғақты әйгіленімдері

  • Қоршаған ортаға науқас адамның икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің төмендеуі

  • Еңбекке қабілетінің төмендеуі

Ауру алды – денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай.

Ауру алдының нышандары

  • Жүктеме кезінде бейімділік мүмкіншіліктерінің шектелуі

  • Байқалған өзгерістердің қайтымдылығы

  • Жүктемелік сынамалармен анықталады (Мартине, Генче, Штанге)

Дерттік серпіліс –(re – қарсы, action - әсер, серпіліс) –

Қандай да бір әсерге организмнің қысқаша, биологиялық мәнсіз және сәйкессіз жауабы



Дерттік үрдіс – зақымдану кезінде әрі қорғану бейімделу және әрі зақымдану серпілістерінің жиынтығы

Біртектес дерттік үрдістер:

  • Адам мен әртүрлі жануарларда бірдей деңгейде өтеді,

  • Көп себепті (полиэтиологиялы),

  • әртүрлі ағзалар мен тіндерде өтеді,

  • айқындығы аз немесе жоғары қорғану-бейімделулік маңызы бар,

  • эволюцияда барысында түзілген

Дерттік жағдай –организм үшін кері биологиялық мәні бар қалыптан тыс тұрақты ауытқу.

Аурудың сатылары:

  • аурудың басталуы

  • нағыз ауру сатысы

  • аурудың аяқталуы

Жұқпалы аурулар сатысы:

  • инкубациялық кезең

  • хабаршы сатысы

  • айқындалу кезеңі

  • аурудың аяқталуы

Аурудың аяқталуы

  • сауығу (толық, шала)

  • созылмалы түрге ауысуы

  • өлім

Өлім
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет