Стратегиялық және бағдарламалық құжаттамалардың мониторингі бойынша әдістемелік нұсқаулыққа



бет1/3
Дата21.04.2017
өлшемі0,57 Mb.
#14197
  1   2   3
Стратегиялық және бағдарламалық

құжаттамалардың мониторингі бойынша

әдістемелік нұсқаулыққа

5 қосымша
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің

2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыру туралы жедел есебі

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

(әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)
2012 – 2016 жылдарға арналған
«Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысы бекітілді.


Есептік кезең: 2012 жыл.

1 кесте

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің

2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыру туралы жедел есебі
Есептік кезең: 2012 жылдың бірінші жарты

жылдығы
Мақсаттарға, міндеттерге, нысаналы

индикаторларға, іс-шаралар мен көрсеткіштердің нәтижелеріне қол жеткізу
1-стратегиялық бағыт. «Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау»

1.1-мақсат. «Елде бұқаралық спортты дамыту, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау»

Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары 004, 104, 012




Соңғы жету мерзімін (кезеңін) көрсете отырып, нысаналы индикаторлардың, міндеттердің және тікелей көрсеткіштері жетістіктерінің атаулары

Ақпарат көздері

Өлшем бірлігі


Есептік кезең

Қол жеткізбеу себептері

Жоспар

2011 жыл

Факт

1

2

3

4

5

6

Нысаналы индикатор
















1. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту

Әкімшілік есепке алу,

ведомстволық статистикалық деректер



%

21,5

21,6

-

2. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жеткіншектер үлесін балалар мен жеткіншектердің жалпы санынан қамту

Әкімшілік есепке алу,

ведомстволық статистикалық деректер



%

11,0

10,8


2012 жылдың қорытындысы ведомстволық статистикалық есебіне сәйкес, балалар мен жеткіншектер спорт мектебінде 265013 адам дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады, Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарында - 3037 балалар мен жеткіншектер

3. Мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің айқындығы


Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері


%

46

32

-

Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, тәсілдері және әдістері




Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
















1.Оқушылардың жалпы санынан білім беру ұйымдарындағы спорт секциялары қызметімен қамтылған орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлесі

Әкімшілік есепке алу,

ведомстволық статистикалық деректер



%

22,5

27,7





2. Оқушылардың жалпы санынан спорт секциялары қызметімен ЖОО-дағы оқитындардың қамтылуы

Әкімшілік есепке алу,

ведомстволық статистикалық деректер



%

25,5

33,0




3. Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын ауыл халқының, ауыл халқының жалпы санындағы үлесі

Әкімшілік есепке алу,

ведомстволық статистикалық деректер



%

19,0

20,2




4.Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын мүгедектердің үлесі, мүгедектердің жалпы санындағы үлесі

Әкімшілік есепке алу,

ведомстволық статистикалық деректер



%

8,2

8,3




5. Жоспарланған іс-шаралардың жалпы санынан үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) тартумен өткізілген спорттық-бұқаралық іс-шаралар үлесі

Әкімшілік есепке алу

%

45,0

45,0

-

Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар




1. (1) Президенттік тест тапсыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу (ЖАО-мен бірге)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы халқының дене тәрбиесі дайындығын президенттік тестілеу туралы» 1996 жылғы 24 маусымдағы № 774 қаулысына сәйкес, 2012 жылғы 20 сәуірден 20 мамырға дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірге республикалық президенттік тестер өткізді.

Президенттік тестілеу ережесіне сәйкес 5,9,11 сынып оқушылары, 18-23 жастағы жастар және 24-90 жастағы халық арасында өткізілді. Осы іс-шараға республика бойынша 2 381 497 адам қатысты, оның ішінде: 1 219 526 адам ауыл тұрғындары. Өткен жылдың нәтижесімен салыстырғанда қатысушылар саны 110502 адамға қысқартылды. Осы жылмен салыстырғанда 2011 жылдың нәтижесі бойынша ауылдық жерлерде 1 425 184 адам қатысты, яғни 205 658 адамға көп. Осы көрсеткіш жастар деңгейі бойынша 21,6%-ы құрайды.Тұрғындардың негізі жайындық ұлттық деңгейі бойынша қатысты, олардың арасында өте жақсы көрсеткішпен 67 070 адам, жақсы көрсеткішпен 130 177 адам, орташадан жоғары 187222 адам, орташа 260484 адам, 155513 адам орташадан төмен көрсеткішімен, 106 153 қанағаттандырарлық, 85122 адам қанағаттандырарлықтан төменгі көрсеткішпен 85122 адам қатысты.

Сонымен қатар, Тестердің президенттік деңгейін 5 сыныптың 7 309, оның ішінде 709 ауылдық жерлердің оқушылары, 9 сыныптың 8 835, оның ішінде: 1 148 адам ауылдық жерлерден, 11 сыныптың 7 145 оқушылары, оның ішінде: ауылдық жерлерден 1 024 оқушы, 18 – 23 жастағы жастар арасында 44 470 адам, оның ішінде: ауылдық жерден 2 758 адам үздік тапсырды.


-

2. (2) «Президенттік миль» атты тестілерді тапсыру жолымен 24-тен бастап және одан да жоғары жастағы халықты дене дайындығын тестілеуді ұйымдастыру және өткізу (ЖАО-мен бірге)

Еліміздің барлық өңірлерінде ү.ж. қыркүйек айында жыл сайын өтетін «Президенттік миль» атты тестілерді тапсыру жолымен 24-тен бастап және одан да жоғары жастағы халықты дене дайындығын тестілеуді өткізу жөніндегі ұйымдастырылу жұмыстары атқарылып жатыр.

-

3. (3) Бұқаралық спорт түрлері бойынша кешенді спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (Бұқаралық спорт түрлері бойынша жыл сайынғы салалық спартакиадалар, (Ұлттық және мүгедектер спорты түрлерінің фестивалі, ойындары, әртүрлі санаттағы спортшылардың республикалық спартакиадасы, шаңғы жарысы, коньки спорты және флорболдан Қазақстанның Арнайы қысқы ашық олимпиадасы және ауыл спорттық ойындары)

Ү.ж. 23-27 ақпанда Агенттіктің, Астана қаласы әкімдігінің, ЮНИСЕФ балалар қорының қолдауымен Қазақстан Спешиал Олимпикстің 20 жылдығына арналған Қазақстанның Арнайы қысқы ашық олимпиадасы өткізілді. Астананың керемет спорт ғимараттары «Алау» мұз айдынында және Астананың Шаңғы стадионында өткен коньки, шаңғы және флорбол спорт түрлері бойынша турнирлеріне алғаш рет Қазақстанның барлық облыстарынан мүмкіндігі шектеулі 320 атлет, сонымен қатар, Австрия, Ресей, Өзбекстан командалары қатысты. Бұл ойын Қазақстанның құрама командалары үшін 2013 жылы Пхеньян қаласында, Оңтүстік Кореяда өтетін Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарына қатысу үшін іріктеу кезеңі болып табылады. Арнайы қысқы ашық олимпиадасының парадына Олимпиада ойындарына қатысушыларды қолдаған еліміздің құрметті қонақтары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатты – Зағипа Балиева, Қазақстандағы ЮНИСЕФ балалар қорының өкілі – Джун Кукита, Агенттік төрағасының орынбасары – Ельсияр Қанағатов, Астана қаласы әкімдігінің өкілі – Наиль Нуров, “BG-Kazakhstan” вице-президенті- Найджел Гулд-Дэвис, Еңбек сіңірген спорт шебері - Вениамин Солдатенко, Мектеп директоры – Хели Бери Эндрю Остер, Еуропа/Еуразия Спешиал Олимпикс өкілі - Кшиштоф Круковский және Бьерн Кохлер қатысты.

2012 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының ардагерлер спартакиадасының үшінші аудандық кезеңі өткізілді.

2012 жылы 8-9 мамырда Алматы қаласында белгілі публицист, қоғам қайраткері және спорт журналисі Сейдахмет Бердіқұловты еске алу құрметіне арналған бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында кіші футбол өтті. Осы жылы Мемориал Қазақстанның орталық және өңірлік БАҚ-тың 13 командасын жинады.Ойынның қорытындысы бойынша «Қазақ газеттері» командасы «Шыңғысхан» командасын 4:1 есебімен озып шығып, бірінші орынды иеленді. Ал, «Хабар» агенттігі «Алматы» телеарнасын пенальти сериясында озып шығып, үшінші орынды иеленгені үшін қола медальмен марапатталды.

Агенттік төрағасының «Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың сыйлығына «Қазақстан Барысы» қазақ күресі бойынша республикалық турнирді өткізу туралы» 2012 жылғы 12 наурыздағы № 29 бұйрығының және осы турнирдің регламенті негізінде Қазақстанның ауыл округтерінде және орталық орталықтарда іріктеу жарыстары өткізілді. Қазіргі кезде облыстарда, Астана және Алматы қалаларында ақтық мәре жарыстары өткізілді, оның қорытындысы бойынша 2012 жылы 22 қыркүйекте өтетін ақтық мәре жарыстарында 32 үздік күрескерлер арасында 2 ең үздік балуан өз өңірлерінің атынан «Қазақстан Барысы» атағына күш сынасады.







4. (4) Азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен форумдар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастыру

Ү.ж. 4-5 сәуірде Астана қаласында спорт мектептерінің, клубтардың басшыларының, Ұлттық спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар мен төрешілердің қатысуымен республикалық семинар-кеңес өткізілді, онда 2011 жылдың қорытындысы қорытындыланды және 2012 жылға арналған міндеттер талқыланды. Негізгі кеңестен кейін Агенттіктің, Агенттің ведомствоаралық ұйымдарының, Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының өкілдерінің қатысуымен жаттықтырушылар мен төрешілердің семинарлары өтті. Сонымен қатар, семинар-кеңес барысында «Ұлттық спорт түрлері бойынша спорт мектептері үшін бағдарламалар мен әдістемелік ұсынымдар» қарастырылды және мақұлданды. (Осы Бағдарлама Агенттік төрағасының 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 48 бұйрығымен бекітілді.).




5. Тұрғылықты жері бойынша балалардың, жасөспірімдердің аула клубтары мен спорт клубтарының желісін құру (ЖАО-мен бірге)

Агенттік Облыстар, Астана және Алматы қалаларына Спорт секцияларын ашу, халықтың қол жетімді спорт ұйымдарын жетілдіру және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 жылғы 24 ақпанда № 02-02-18/74 бұйрығымен бекітілген «Дене шынықтыру және спорт саласында балалар мен жасөспірімдер және жеткіншектер спорт клубтары қызметін ұйымдастыру туралы» ережесіне сәйкес мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оларды нұсқаушы - әдіскерлермен қамтамасыз ету туралы (2012 жылғы 27 ақпандағы № 06-04/139) ұсыныс хат жолдады. Осы тәжірибе Қызылорда облысында табысты қолдануда және оның нәтижелерінде белгілі. Сонымен қатар, Қарағанды облысында жалпы білім беру мектептерінде 1 376 тегін спорт секциялары жұмыс істеп жатыр, онда 34 422 бала дене шынықтырумен айналысады, сондай-ақ, облыста спорт бойынша 62 нұсқаушы-әдіскер жұмыс істеп жатыр.

Атырау және Ақмола облыстарының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармалары Білім басқармаларымен келісім бойынша бірігіп жалпы білім беру ұйымдарында спорт секцияларын ашу және олардың халықтары үшін қол жетімділік мәселелері бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Маңғыстау облысының аудандық орталықтарымен және ауыл округтерінде спорт түрлері бойынша секциялармен топтарда кешкі уақытта дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері үшін сабақтар өткізіліп тұрады. 2012 жылдың 1 мамырынан бастап 16 спорт түрлері бойынша облыстың 122 мектебіндегі секцияларда 15 958 оқушы айналысады.

Үстіміздегі жылдың басынан бастап Алматы облысында жалпы саны бойынша Жалпы білім беру мекемелерінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі аралықта дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың саны 240 069 адамды немесе 68,7% құрайды, спорт түрлері бойынша секцияларда 195 706 адам айналысады, яғни 57,7% құрайды, дене шынықтыру – сауықтыру клубтарында, топтарда 39 930 бала айналысады, яғни 11,7% құрайды. Барлық мектеп оқушыларында секцияларда айналысу мүмкіндіктері бар, онда алдымен көп балалы және аз қамтылған отбасылардан тұратын балаларды қамтиды.

Алматы қаласы бойынша «Аула клубтарды ашу туралы» әкімнің 2011 жылғы қаулысына сәйкес 2012 жылдың басында 41 клуб жұмыс істеп жатыр, онда дене шынықтыру және спорт бойынша сабақтар өткізіліп тұрады. Осы клубтарда 596 үйірмелер жұмыс істейді, онда 41 596 балалар мен жеткіншектер тегін айналысады. 25 білім беру ұйымдарында 29 448 бала дене шынықтырумен және спортпен айналысады. Алматы қаласының Оқушылар сарайында 5 200 бала айналысатын 110 үйірме жұмыс істейді. Осы мәселе бойынша ақпарат Агенттікке Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан және Астана қаласынан келіп түскен жоқ.

Осыған орай, осы облыстар және Астана қаласы әкімдерінің атына аталған мәселені қатаң бақылауға алу жөнінде хат жолданды.






6. (8) Ақпараттық-насихаттау баспа басылымдарын әзірлеу мен шығару және телеарадио арналарында науқандарды және жобаларды өткізу


Республика бойынша ү.ж. 19 мамырда Олимпиада жүгіру күнінің өтуіне байланысты «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Sport», «Спорт», «Қазақ спорты», «PRO Спорт» газет беттерінде мақалалар жарияланды және жергілікті республикалық телеарналарда көрсетілді.



7. (9) Халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту туралы іс-шараларды іске асыру (ЖАО бірлесіп)

Жалпыұлттық жоспардың 30-тармағына сәйкес Агенттік облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, халықтың дене шынықтыру және спортпен бұқаралық айналысуы үшін спорт инфрақұрылымдарына қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық спорт объектілеріне тексеріс жүргізді.

«Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1399 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 871 қаулысы бекітілді.

Мемлекет Басшысының Халықтың дене шынықтыру және спортпен бұқаралық айналысуы үшін спорт инфрақұрылымдарына қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі баяндамасының жобасы дайындалды.



  1. Жалпыұлттық жоспарды іске асыру туралы есеп Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне 2012 жылғы 28 маусымдағы № 07-02-5-У хатымен жолданды;

  2. Мемлекет Басшысының баяндамасының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметіне 2012 жылғы 11 маусымдағы № 07-02/70-Д-1 хатымен жолданды.







2-стратегиялық бағыт. Қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасында бәсекеге қабілеттілігін арттыру

2.1-мақсат. Жоғары жетістіктер спортын дамыту

Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары 002, 003, 005, 006, 007, 009, 010, 011, 012, 007, 23, 029

Нысаналы индикатор
















1. 2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының қорытындылары

бойынша Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми емес жалпы командалық есебінің рейтингісіндегі Қазақстанның орны

ХОК кестесі

орын

28

-

Нәтижесі 2012 жылы 27 шілдеден 12 тамызға дейінгі аралықта Лондон (Ұлыбритания) қаласында өтетін ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына Ұлттық құрама командалардың жарысынан кейін белгілі болады.

Олимпиада ойындарында 39 спорт түрі бойынша 302 кешенді сыйлар ойнатылады.

Бүгінгі 115 спортшы Лондон қаласында өтетін ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алды.


Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, тәсілдері және әдістері

2.1.1-міндет. Қазақстандық спортшылардың бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту

  1. (1) Ресми спорттық іс-шараларда, әлем чемпионаттарын

да, әлем кубоктарында, Азия чемпионаттарында және

халықаралық турнирлерде иеленген медальдар саны



Әкімшілік есепке алу

саны

690

214

-

2. (2) Білікті спортшылардың (спорт шеберлері) жалпы санынан халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері санының үлесі

Әкімші- лік есепке алу

%


25,0

-

2ФК ведомстволық статистикалық деректеріне сәйкес, жылдың қорытындысы бойынша есеп 2013 жылдың бірінші тоқсанының басында белгілі болады

3. (3) Халықаралық жарыстарға қатысқан спорт мектептеріндегі, мектеп-интернаттардағы, колледждердегі оқушылардың үлесі

Әкімшілік есеп

%

24,3




2ФК ведомстволық статистикалық деректеріне сәйкес, жылдың қорытындысы бойынша есеп 2013 жылдың бірінші тоқсанының басында белгілі болады

4. (4) Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар түлектерінің жалпы санындағы

спорт шеберлігіне кандидат, спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативтерін орындаған түлектердің үлесі



Әкімшілік есеп,

Ведомство-

лық статистика-

лық деректер



%

19,4

19,4




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

1. (1) Қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша республиканың спартакиадасын және жастар ойындарын өткізу

2013 жылы өтетін 3-ші жазғы спорт түрлері бойынша жастар спорт ойындарын және Қазақстан Республикасының 3-ші қысқы спартакиадаларына дайындық Дене шынықтыру, бұқаралық, сауықтыру іс-шараларының және республикалық және халықаралық жарыстарға негізделген күнтізбелік жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

3-ші жазғы спорт түрлері бойынша жастар спорт ойындарын және Қазақстан Республикасының 3-ші қысқы спартакиадаларын өткізу 2013 жылы жоспарланып отыр.

2 (2) Білікті және біліктілігі жоғары спортшыларды даярлау сапасын арттыру үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізу

Есептік кезеңде Денешынықтыру-бұқаралық, сауықтыру іс-шараларының және 2012 жылғы республикалық және халықаралық жарыстарға негізделген күнтізбелік жоспарына сәйкес 218 оқу-жаттығу жиындары өткізілді. Оның ішінде: 91 республикалық, 127 халықаралық жарыстар.





3. Спорт түрлері бойынша халықаралық және республикалық жарыстарға (соның ішінде Әлем, Азия чемпионаттарына) дайындалу және қатысу

Спорт түрлері бойынша құрама командалары әртүрлі рингтер бойынша 174 республикалық, 165 халықаралық жарыстарға қатысып, олимпиадалық спорт түрлері бойынша кешенді спорт іс-шараларында, Әлем чемпионаттарында, Әлем кубоктарында, Азия чемпионаттарында және халықаралық турнирлерде 214 медальдарды иеленді. Оның ішінде: 58 алтын, 67 күміс, 89 қола медальдары





4. Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі) 2012 жылғы ХХХ Олимпиада ойындарына, 2012 жылғы Инсбурктегі (Австрия) Жасөспірімдердің 1-ші қысқы олимпиада ойындарына, 2014 жылғы Нанкиндегі (Қытай)

жасөспірімдердің 2-ші Олимпиада ойындарына, 2014 жылғы Сочидегі (Ресей Федерациясы) Олимпиада ойындарына, 2016 жылғы Рио-де-Жанейродегі (Бразилия Федеративтік Республикасы) ХХХI Олимпиада ойындарына дайындалу және қатысу



2012 жылы Лондон қаласында ХХХ Олимпиада ойындарына Спорт түрлері бойынша қазақстандық спортшыларды дайындығын ұйымдастыруға жүйелілік қамсыздандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің «2012 жылы Лондон қаласында ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылардың дайындығы және олардың қатысуы жөніндегі жедел штабы құру туралы» бұйрығымен:

Жедел штабының құрамы және оның жұмыс жоспары;

- Спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың дайындығымен және қатысуы үшін жағдай жасауға қатысты барлық мәселелерді ескере отырып, Олимпиада ойындарында жоспарланған жарыстар аяқталғанға дейін 70 іс-шаралардан тұратын ойындарға еліміздің спорт делегаттарының дайындығы мен қатысуы жөнінде негізгі ұйымдастыру іс-шаралары бекітілді.

Қалған лицензиялық жарыстарға қатысуға, медициналық-биологиялық қамтамасыз етуге және еліміздің олимпиадалық құрама командасын нақты қалыптастыруға байланысты қалған іс-шаралар жоспарланған мерзімде өткізілетін болады.

Спорт комитетінің төрағасымен 2011 жылы 20 мамырда «Лондон қаласындағы кезекті ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларды дайындау үшін жауапты адамдарды белгілеу туралы» № 1-10/83 бұйрығы бекітілді.

Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлескен Олимпиада ойындарына дайындық жөніндегі жедел штабымен:

- 2011 жылы Олимпиада ойындарына мақсатты дайындық жоспарымен лицензияланған Әлем чемпионатында табысты өнер көрсетуге бағытталған Пекин олимпиадасынан кейінгі өткен жылғы Әлем чемпионатына командалардың өнер көрсету қорытындысы бойынша басты іс-шаралар жоспары бекітілді;

- Қазақстандық спортшылардың ірі спорт іс-шараларында және олардың басты бәсекелетерінің 2012 жылы өтетін ойындарында өнер көрсеткендеріне жан-жақты талдау жасалды;

- 2012 жылғы Олимпиада ойындарына спортшылардың дайындығы бойынша құрама командалар табысты өнер көрсетуін қамсыздандыру үшін қажетті, барлық кешенді шараларды белгілейтін негізгі құжат болып табылатын нысаналы кешенді жоспарлар әзірленді және бекітілді;

- спорт түрлері бойынша Олимпиада ойындарына ұлттық құрама командалардың дайындығы бойынша қорытынды кезеңінің жоспарлары әзірленді және іске асырылуда;

- Олимпиада ойындарына қатысуына ықтимал кандидаттардың алғашқы аккредитациялық құжаттары қабылданды.

«2012 жылы Лондон қаласында (Ұлыбритания) өтетін ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстанның спортшы делегаттарының дайындығы және қатысуы жөнінде негізгі ұйымдастыру іс-шаралары» - атты кітапшалар шығарылды.

2012 жылғы Лондон қаласындағы Олимпиадалық ойындардың Жедел штабының отырыстар кестесіне сәйкес келесі спорт түрлері бойынша отырыстар өткізілді.

13 сәуірде Астана қаласында бокстан лицензиялық турнирлердің қорытындылары және Олимпиада ойындарына қатысатын жаттықтырушылар құрамын белгілеу;

24-26 сәуір аралығында Ташкент қаласында дзюдодан лицензиялық Азия чемпионатында құрама командалар спортшыларының көрсетілімдері бойынша бақылау және сараптама кеңесі;

27 сәуірде Астана қаласында әйелдер арасында бокстан лицензиялық Әлем чемпионатына дайындалу мен қатысу мәселелері бойынша кеңес;

30 сәуірде Астана қаласында велосипед спортынан олимпиадалық құрама команданы қалыптастыру мәселелері бойынша кеңес;

4 мамырда Астана қаласында байдарка мен каноэда есуден Олимпиада ойындарына қатысуға құрама команданың дайындығы мен жаттықтырушылар штабының қалыптастыру және семсерлесуден олимпиадалық құрама команданы қалыптастыру мәселелері бойынша кеңес;

11 мамырда Астана қаласында лицензиялық турнирлерде еркін, грек-рим, әйелдер күресі түрлерінен команда көрсетілімдерінің қорытындылары бойынша кеңес;

17-20 мамырда Теміртау қаласында жүзуден лицензиялық турнирге спортшылардың қатысуына бақылау;

21-22 мамырда Алматы қаласында Олимпиада ойындарына қатысуға құрама командалардын қалыптастыру бойынша құрама командалардың аға жаттықтырушыларымен кеңес;

15 маусымда Алматы қаласында лицензиялық турнирлерде ұлттық құрама командалардың көрсетілімдерінің қорытындылары және Олимпиада ойындарына дайындықтың қорытынды кезеңі бойынша Лондон қ. (Ұлыбритания) 2012 жылғы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылардың дайындығы мен қатысуы жөніндегі жедел штабтың кеңейтілген кеңесі өткізілді.

Ү.ж. 3 шілдеде Лондон Олимпиадасына қатысатын спортшылардың қатысуымен Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға, қазақстандық патриотизмді, бірлік сезімін нығайтуға және жалпы іске жауапкершілігін тәрбиелеуге арналған салтанатты акциясы өткізілді.

2012 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша еліміздің 115 спортшысы 2012 жылы Лондон қаласындағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігін жеңіп алды: жеңіл атлетикадан 18, ауыр атлетикадан 8, бокста 9, еркін күрестен 7, байдаркамен каноэде есуден 4, таеквондодан 3, әйелдер күресінен 3, тасжолдағы велосипед спортынан 2, нысана көздеуден 2, слаломды байдаркамен каноэде есуден 1, грек-рим күресінен 5, спорттық гимнастикадан 2, стенд атудан 1, көркем гимнастикадан 1, су добынан 13, семсерлесуден 3, үйлесімді жүзуден 2, дзюдодан 9, академиялық есуден 2, әйелдер боксынан 2, қазіргі бессайыстан 2, ашық судағы жүзуден 1, теннистен 3, жүзуден 4 спортшы.



2012 жылы Инсбурк қаласында өткен 1-ші қысқы Жасөспірімдер олимпиада ойындары (Австрия).

2012 жылғы қаңтар айының 14-інен 23-і аралығында Инсбурк қаласында Австрияда өткен 15 спорт түрлері бойынша өткен 1-ші қысқы Жасөспірімдер олимпиада ойындары қатысты. Қазақстанның құрама командалары 10 спорт түрінен 38 спортшы жарысқа шықты. Олар шаңғымен жарысы, трамплиннен шаңғымен секіру, шорт-трек, коньки тебу спорты, тау шаңғысы, мәнерлеп сырғанау (мұзда билеу және жалғыз сырғанау), ски-кросс бағдарламасы бойынша фристайл, шайбымен хоккей ойнау (қыздар арасында), шанамен сырғанау спорты.

2012 жылғы қаңтар айының 13-інен 22-і аралығында Инсбурк қаласында Австрияда өткен 1-ші қысқы Жасөспірімдер олимпиада ойындарында Вишневская Галина биотлонан күміс және қола медальдарына ие болды, Малышев Сергей шаңғымен жарысы спорт түрінен қола медальін иеленді.

Ойынның қорытындысы бойынша ресми емес командалық есепте бірінші орынға Германия, екінші орынға Қытай, ойын қожайыны Австрия үшінші орынға ие болды. Қазақстанның Ұлттық құрама командасы тек 1 күміс медальімен қанағаттанып, 24 орынды иеленген кеңестік кезеңнен кейінгі Беларусия және Украина елдерін озып шығып, жалпы командалық 23 орынды иеленді.






5. Республикалық ұйымдарды спорттық керек-жарақпен және жабдықпен жарақтандыру, Қазақстан Республикасының спорт түрлерінен құрама командаларды спорттық киім-кешекпен қамтамасыз ету

Есептік кезеңде 180295,02 мың сомасында 394 спорттық керек-жарақпен және жабдықпен жарақтандырылды

-

6. Кешенді халықаралық жарыстарға дайындалу және қатысу (Кешенді халықаралық жарыстарға дайындалу және

қатысу (Азия ойындары, Еуразия спорттық ойындары)



Қазақстанның құрама командасы 2012 жылғы 10-18 маусым аралығында Хайянг қаласында (ҚХР) өткен 3-ші Жағажай Азия ойындарына жағажайдағы волейбол ойындарына қатысты. Осы жарысқа 45 астам елдердің спортшылары қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша мынадай спортшылар: Сидоренко Алексей, Яковлев Дмитрий – 2 орынды, Дьяченко Александр, Кулешов Алексей – 3 орынды, Машкова Татьяна, Цимбалова Ирина – 4 орынды иеленді.

- 17-ші жазғы Азия ойындары 2014 жылы 19 қыркүйектен 4 қарашаға дейінгі аралықта Инчон қаласында (Корея);

Жабық жерлердегі және күрес өнері бойынша Азия ойындары 2013 жылы 29 маусымнан 6 шілдеге дейінгі аралықта Инчон қаласында (Корея);

- Еуразия спорт ойындары 2013 жылы өтеді.


7. Спорт объектілерін салу және қайта жаңғырту

Өндірістік кестеге сәйкес:

- Щучинск қаласында орналасқан республикалық шаңғы базасы;

- Астана қаласындағы көп функционалды Олимпиадалық даярлау орталығы кешені;

- Астана қаласындағы республикалық велотрек;

- Астана қаласындағы № 3 Стадион көшесі бойында орналасқан Жас-батыр спорттық-сауықтыру кешенің қайта құру;

- «Алматы облысы республикалық олимпиадалық даярлау базасы »



-

8. Ұлттық допингке қарсы ұйымды және Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығын құру және оның жұмыс істеуі

«Қазіргі бес сайысы және су спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 435 қаулысы қабылданды. Агенттікпен «Ұлттық допингке қарсы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынды құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді. Жоғарыда аталған қаулы жобасы төменгі ұйымдармен келісілді.

  • Құқықтық мониторинг, сараптау және талдау ғылыми-зерттеу институтымен (2011 жылғы 12 қазандағы № 01-4-3953 хаты);

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен (2011 жылғы 21 қарашадағы № 15-1/04-19657 хаты);

  • Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігімен (2011 жылғы 24 қазандағы № 17-1/1784-П хаты).

Сонымен қатар, аталған ұйымды құруға арналған қаражат 2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасында 012 « Жоғары жетістіктер спортын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 186 393 мың теңге сомасында көзделген:

оның ішінде:

2012 жылы – 56 415 мың теңге;

2013 жылы – 62 489 мың теңге;

2014 жылы – 67 489 мың теңге

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің № 16 хаттамалық тапсырмасының 2-тармағының 4) тармақшасы негізінде Агенттіктің Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне «Ұлттық допингке қарсы» ММ-нің штаттық 19 адам санын келісу туралы 2012 жылғы 12 мамырдағы № 09-03/576-И хаты жолдады. Штат саны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілгеннен кейін белгіленген тәртіпте «Ұлттық допингке қарсы ММ-ын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленіп Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізіледі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен жауап хат келіп түскен жоқ..






2.1.2-міндет. Спорт түрлерінен мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру

1. «Оле Бразил ФК» футбол академиясында оқудан өткен спортшылардың Қазақстанның спорт ұйымдарына қосылған үлесі

Әкімшілік есеп

%

100


100


-

2. Түлектердің жалпы санынан спорттық қызметті жалғастыратын мектеп-интернат және колледждер түлектерінің үлесі

Әкімшілік есеп

%

80,0

2012 жылы түлектердің саны 363 адамды құрайды

Осы көрсеткіш 2012 жылы қыркүйекте ЖОО-ы, ООО-ы және спорт ұйымдарына түсу кезінде белгілі болады.

3. Бейінді бағыт бойынша біліктілігін арттыру және жаттықтырушы-оқытушылар құрамының үлесі

Әкімшілік есеп

%

7,0

-

2ФК ведомстволық статистикалық деректеріне сәйкес, жылдың қорытындысы бойынша есеп 2013 жылдың бірінші тоқсанының басында белгілі болады

4. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін пайдаланатын

ведомстволық бағыттағы спорттық ұйымдар мен мекемелердің үлесі

Әкімшілік есеп

%

23,0

23,0

-

Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

1. 13-14 жастағы футболшы-спортшыларды іріктеу және Бразилия Федеративтік Республикасының Риберан қаласындағы «Оле Бразил ФК» футбол академиясына оқуға жіберу


Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 24 қазандағы № 93-7.63-тапсырмасын орындау мақсатында оқуға 2-ші кезең спортшыларын жіберу бойынша жұмыс жалғастырып отыр. Осыған орай, Бразилия Федеративтік Республикасында оқу үшін 2012-2014 жылдарға үміткерлерді іріктеу бойынша Қазақстан Республикасының Футбол федерациясымен бірге құзыретті комиссия құрылды, тестілеудің, қорытынды ойындарын көрудің және тереңдетілген медециналық тексерістің нәтижелері бойынша Қазақстанның аймақтарынан үміткерлер іріктелді.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі және «Оле Бразил Ф.К.» футбол мектебі арасындағы екі жақты шарттың негізінде 2012 жылғы 2 наурыз «Оле Бразил Ф.К.» футбол мектебінде оқу үшін Бразилия Федеративтік Республикасына 26 футболшы және 2 жаттықтырушы консультант жіберілді.







2. Біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын өткізу

Есептік кезеңде Агенттіктің бағыты бойынша «Бұқаралық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлерінің республикалық мектебі» РМҚК (бұдан әрі -ЖСШМ) базасында жаттықтыру-оқытушы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын өткізілді. Бұқаралық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлерінің республикалық мектебінің бағыты бойынша таеквандо, еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, баскетбол, жүзу бойынша біліктілігін арттыру курстары өткізілді. Таеквандо бойынша – 50, еркін күрес бойынша – 89, грек-рим күресі бойынша – 56, дзюдо бойынша – 40, баскетбол бойынша - 20, жүзу бойынша -15 жаттықтыру-оқытушылар құрамы оқу курстарынан өтті.

Ақмола облысы бойынша Дене шынықтыру Сібір мемлекеттік университетінің қатысуымен Спортпен қамсыздандыру әдістемесі, спорт медицинасы және психология, Спорт басқармасының бағыттары бойынша 127 адам оқу курстарынан өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық ғылыми дене шынықтыру педагогикалық орталығының есебі бойынша 325 адам біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өтті.

Қазақстандық спорт және туризм академиясының есебі бойынша 77 адам біліктілігін арттыру және жаттықтыру-оқытушы кадрларды қайта даярлау курстарынан өтті.







3. Спорт ұйымдарымен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізу актілеріне қол қою

-

Спорт ұйымдарымен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізу жөнінде жұмыстар атқарылып жатыр, жоспарланған жұмыстардың соңында актілеріне қол қою жоспарланып отыр.

4. Мектеп-интернаттар түлектерінің жоғары оқу орындарына, спорт колледждеріне түсуіне және ҚР спорт түрлерінен құрама командаларына енгізілуіне бағытталған шараларды іске асыру

Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдігі бар спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлердің тізімін қалыптастыру жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазіргі кезде тізімдерге Ведомствоарлық ұйымдардың – 126, өңірлік спорт ұйымдарының – 385 спортшылары қатысты. Барлығы 511 адам.

Қорытындылау материалдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне шілде айының соңында жолданады.





Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет