«Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы Ережесіне» өзгерістерді енгізіп бекіту



Дата27.08.2017
өлшемі274,77 Kb.
#29792
«Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы Ережесіне» өзгерістерді енгізіп бекіту
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Бұл Ереже жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік білім стандарттарының, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» (24.10.2011 ж.), «Ғылым туралы» (18.02.2011 ж.) заңдарының, «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының» (ғылыми-зерттеу бағыты) (07.12.2010 ж.), Университеттің 2011-2015 жылдарға даму стратегиясының, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің нормативті-регламенттеуші құжаттарының талаптарына сәйкес құрастырылған.

1.2 Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы жалпы білім беру процесінің бөлігі болып табылады және жүргізілетін барлық пәндердің мазмұнына оқу сабақтары түрінде енгізіледі.
2. СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ


    1. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаттары:

2.1.1 Заманауи медицинаның өзекті қажеттіліктеріне сәйкес Университеттің ғылыми-зерттеу қызметінің көп деңгейлі жүйесін қалыптастыру.

2.1.2 Инновациялық дамыған қоғам үшін креативті ойлай білетін және тез өзгеретін сыртқы орта жағдайында негізделген және тұжырымды шешімді қабылдай білетін жоғары білікті маман-медиктерді дайындау.



      1. ҚазҰМУ-нің ғылыми құндылықтарын сақтау және көбейту.

      2. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын (СҒЗЖ) профессорлар-оқытушылар құрамы мен студенттердің шығармашылық өзара қарым-қатынасы арқылы дамыту.

      3. Студенттердің ғылыми зерттеулері арқылы білім беру процесінің сапасын жоғарылату, білім беру, ғылым және тәжірибелік процесстердің бірыңғайлығын қамтамасыз ету.

      4. Зерттеудің ғылыми әдістерін меңгеру жолымен кәсіби шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастыру.

      5. Әрбір студенттің шығармашылық дамуға деген өз құқығын жүзеге асыруға, ғылыми зерттеулерге және ғылыми-техникалық жобаларға қатысуға мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін - әрқайсысының қажеттіліктеріне, мақсаттарына және мүмкіндіктеріне сәйкес толық бағалы, тең және жетімді жағдайды жасау және дамыту.

      6. Кәсіби білімдері мен тәжірибелік дағдыларын, этикалық талаптар туралы хабардар болуын және ғылыми зерттеулердің этикалық сараптамасының студенттер үшін маңыздылығын жетілдіру.

      7. Студенттер үшін ғылыми зерттеулердің кәсіби білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жетілдіру.

      8. Студенттерді заманауи зерттеу жұмыстарының принциптері мен әдістеріне, оның ішінде зерттеуді дайындау және жүргізуге, ғылыми жұмыстарды жазуға және жариялауға дайындауға үйрету.

      9. Зерттеу нәтижелерін презентациялау және ғылыми пікірталастың ұтымды әдістерін қолдану дағыдыларын қалыптастыру.

      10. Медициналық ғылымның соңғы жетістіктерімен, жарияланымдармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

      11. Ақпаратты іздеу және негізгі ғылыми құжатты құрастыру дағдыларын дамыту.

2.2. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу келесі міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады:

2.2.1 Студентке ғылыми-зерттеу жұмысына қатысу формасын таңдау құқығын беру және анықтау.

2.2.3 Кафедраның ғылыми-білім беру бағытымен студенттің қызығушылығының тығыз байланысын орнату, бинарлық білім беру процесінде оның оқытушымен шығармашылық байланысын нығайту.

2.2.4 Медициналық ғылымның соңғы жетістіктерінің ақпараттарын іздеу, ғылыми зерттеуді жоспарлау, ғылыми мақаламен жұмыс істеу, ғылыми ұсыныстарды (жобаларды) дайындау және ресімдеу, мәліметтерді статистикалық өңдеудің негізгі әдістерін қолдану, негізгі ғылыми құжаттарды құрастыру дағдыларына үйрету.

2.2.5 Библиографиялық жұмыс дағдыларын, ғылыми әдебиетпен, электронды базалармен және басқа да ақпарат көздерімен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

2.2.6 Этикалық норма дағдыларын дамыту, зерттеудің ғылыми толықтығына және оның шынайылығына, мазмұнды және тәжірибелік пайдалылығына жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.

2.2.7 Ғылыми зерттеулердің этикалық сараптамасы бойынша ҚазҰМУ-нің барлық факультетінің студенттеріне үйрету семинарларын жүргізу.
3. СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ФОРМАСЫ

3.1.Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі формаларына факультеттік, кафедралық және кафедрааралық студенттердің ғылыми қоғамында, үйірмелерінде жүргізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы жатады: Негізгі міндеті – білім беру бағдарламасынан тысқары жоғары білікті оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің жетекшілігімен студенттерді ғылымға кәсіби бағыттау, ғылыми қызметтің нақты саласына дайныдау, ғылыми жетекшіні таңдау.

Өз қалаулары бойынша төменгі курс (1, 2, 3 курстар) студенттері таңдаған бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыса алады және ғылыми жобаларға қатыса алады.
4. СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

4.1 Студенттердің зерттеу жұмыстары тікелей теориялық және клиникалық кафедраларда, СҒҚ құрамында, Б.Атшабаров атындағы ІжҚМ ҒЗИ-ның зертханаларында (клиникалық-сараптау зертханасы, ғылыми-білім беру зертханасы), университеттің басқа да зертханаларында (қауіп-қатерді бағалау зертханасы, Вакцинология мектебі және т.б.) жүргізіледі.

4.2 Әрбір кафедра осы Ережеде тұжырымдалған студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, студенттің жеке қалауы мен бейімін ескере отырып әрбір студенттің ғылыми-зерттеу жұмысына қатысу формасын анықтайды және нақтылайды.

Төменгі курс студенттері таңдаған бағыттары бойынша ғылыми-зертеу жұмыстарын жоғары курсқа өткенде жалғастыруларына құқы бар.

4.3 Студенттердің ғылыми жұмыстарының жетекшілерін кафедра мәжілісінде анықтайды және ҒЖМК мәжілісінде бекітеді.

4.4 Әр семестрде кафедраларда студенттердің ғылыми жұмыстарының нәтижелері туралы хабарламаларды тыңдайтын жоспарлы ғылыми семинарлар өткізілуі тиіс, мұндай семинарлар студенттерде ғылыми хабарламаларды дайындау, өздерінің зерттеу нәтижелерін қорғау және баяндау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.



4.5 Студенттің орындаған зерттеу жұмысы туралы есеп ретінде келесілер ескеріледі:

  • зерттеу бағыттары бойынша модель, макет, бағдарламалық өнім және т.б.;

  • университет деңгейіндегі студенттік ғылыми конкурстарда, конференцияларда, олимпиадаларда баяндама жасау;

  • қалалық деңгейдегі студенттік ғылыми конкурстарда, конференцияларда, олимпиадаларда баяндама жасау;

  • республикалық, халықаралық деңгейдегі конференцияларға ғылыми жұмысының нәтижелері бойынша баяндамамен, постерлік баяндамамен қатысу;

  • ғылыми мақала, тезис (ғылыми басылымдарда жариялау).

4.6 Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсендіру мақсатында жыл сайын Қазақстан Республикасының Ғылым Күні қарсаңында университеттің «Ғылым Күні» аясында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының конкурсы; «Университет күндері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында оқушылардың, Қазақстан Республикасы мен шетелдердің медициналық жоғары оқу орындарының студенттерінің қатысуымен Кіші Ғылым Академиясының медицина және биомедицина бөлімінің конференциясы ұйымдастырылады және өткізіледі.
4.6.1 «Ғылым Күні» аясындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсын өткізу тәртібі және шарттары

  • Конкурс ІІІ турда өткізіледі.

  • Бірінші тур кафедраларда 20 қаңтар мен 20 ақпана аралығында өткізіледі. І турдың ұйымдастырылуына және өткізілуіне жауапкершілік кафедра меңгерушісіне және кафедрадағы СҒЗЖ жауапты тұлғаға жүктеледі.

  • Кафедрадағы СҒЗЖ жауапты тұлға конкурстың І турын өткізуге дайындығы туралы есепті дайындап 20 қаңтарға дейін факультеттегі СҒЗЖ жауапты тұлғаға өткізу уақыты мен орнын, қазақ, орыс және шетел тілдеріндегі баяндамалардың және постерлі сессиялардың санын көрсете отырып өткізуі тиіс.

  • І тур аяқталғаннан кейін кафедрадағы СҒЗЖ жауапты тұлға конкурстың нәтижесі туралы хаттама мен есепті факультет бойынша СҒЗЖ жауапты тұлғаға 25 ақпанға дейін өткізуі тиіс.

  • СҒЗЖ конкурсының ІІ турына І турда жүлделі орыгн алған студенттердің жұмыстары ұсынылады. Студенттердің ғылыми жұмыстарына іріктеуді құрамына кафедраның профессорлар-оқытушылар құрамы, СҒҮ төрағасы және СҒҮ белсенді мүшелері кіретін комиссия жүргізеді.

  • СҒЗЖ конкурсының ІІ туры факультет деңгейінде 25 ақпан және 25 наурыз аралығында өткізіледі. ІІ турдың өткізілуіне жауапкершілік факультет деканына, ҒЖМК төрағасына және факультет бойынша СҒЗЖ жауапты тұлғаға жүктеледі.

  • Факультетт бойынша СҒЗЖ жауапты тұлға конкурстың ІІ турын өткізуге дайындығы туралы есепті дайындап 25 ақпанға дейін ҒЗЖ менеджменті бөлімі СҒҚ және ЖҒК секторына өткізу уақыты мен орнын, қазақ, орыс және шетел тілдеріндегі баяндамалардың және постерлі сессиялардың санын көрсете отырып өткізуі тиіс.

  • ІІ турда ұсынылған ғылыми жұмыстарды құрамына ҒЖМК төрағасы, ҒЖМК мүшелері, факультеттің ПОҚ, факультеттің СҒҚ белсенді мүшелері кіретін комиссия қарастырады. Комиссия құрамын факультеттің Ғылыми кеңесінде бекітеді.

  • ІІ турда ұсынылған жұмыстардың саны және деңгейіне байланысты бірнеше секция ұйымдастыруға болады (төменгі курстар, орта курстар және жоғары курстар).

  • ІІ турдағы студенттердің ғылыми жұмыстарын бағалау осы Ережемен бекітілген критерилер бойынша жүргізіледі.

  • ІІ тур аяқталғаннан кейін факультет бойынша СҒЗЖ жауапты тұлға конкурс нәтижесі туралы есеп пен хаттаманы ҒЗЖ менеджменті бөлімінің СҒҚ және ЖҒК секторына 25 наурызға лейін өткізуі тиіс.

  • Конкурстың ІІІ туры сәуір айы бойы жүргізілетін «Студенттік ғылым» айлығының аясында өткізіледі.

  • Қазақстан Республикасының Ғылым күні қарсаңына ұйымдастырылатын «Студенттік ғылым» айлығының аясында секциялар бойынша ауызша баяндамаларадың конкурсы, студенттердің постерлік ғылыми жұмыстарының конкурсы, студенттердің ғылыми жұмыстарының көрмесі, «Кафедрадағы үздік ғылыми үйірме», «Факультеттің үздік СҒЗЖ» конкурстары, пәендік олимпиадалар ұйымдастырылады және өткізіледі.

  • ІІІ тупдың нәтижелері шығарылатын қорытынды конференция 20-25 сәуір аралығында өткізіледі, онда конкурс жеңімпаздарын жариялау және марапаттау ұйымдастырылады.

  • ІІІ турдың өткізілуіне ҒЗЖ менеджменті бөлімі, университеттің СҒҚ және ЖҒК жауапты, ҒЖМК төрағалары жауапты болады.

  • ІІІ турға өз секцияларында жүлделі орындарды иеленген және ерекше көзге түскен студенттердің ғылыми жұмыстары ұсынылады, бірақ факультет бойынша ұсынылатын жұмыстар саны 12-ден аспау керек (8 ауызша баяндама, 4 постерлік баяндама).

  • ІІІ турға ұсынылған жұмыстарды бағалауды университет ректорының бұйрығымен бекітілген комиссия жүргізеді. Комиссияның құрамына ПОҚ, ҒЖМК төрағалары, визитинг-профессорлар, университеттің СҒҚ белсенді мүшелері кіреді.

  • ІІІ турдағы ғылыми жұмысты бағалау критериі, конкурсқа қатысу үшін тезистерді, мақалаларды, презентацияларды беру ережесі, баяндау регламенті осы Ережемен бекітіледі.

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша студенттердің ғылыми жұмыстарының жинағында жарияланады:

  • ІІ тур жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің мақалалары.

  • ІІ турға қатысушылардың тезистері.

  • Студенттердің ғылыми жұмыстарының жинағында жариялау үшін мақалалар мен тезистер наурыздың 25-не дейін қабылданады.

  • Мақалалар мен тезистердің ресімделуіне қойылатын талаптар осы Ережемен бекітіледі.

4.6.2 Жыл сайынғы «Университет күні» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында ұйымдастырылатын Кіші Ғылым Академиясының медицина және биомедицина бөлімінің конференциясын өткізу ережесі және шарттары:



  • Кіші Ғылым Академиясының медицина және биомедицина бөлімінің ғылыми конференциясы жыл сайын «Университет күні» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында ұйымдастырылады.

  • Конференцияға қатысушылар: 28 жасқа дейінгі студенттер, магистранттар, интерндер, резиденттер, Кіші Ғылым Академиясының мүшелері (оқушылар, колледж, институт, университет студенттері).

  • Конференцияға ғылыми жұмыспен қатысу үшін аймақтардан тапсырыс беріледі. Әрбір аймақтан іріктеуден өткеннен кейін 5-7-ден көп емес жұмыс қабылданады.

  • Ғылыми жұмыстардың тезисі 1 қарашаға дейін қабылданады. Тезистерді ресімдеуге осы Ережемен бекітілген талаптар қойылады.

  • Қабылданған ғылыми жұмыстар іріктеуден өтеді. Ғылыми конференцияда баяндама жасау үшін 25-тен көп емес ғылыми жұмыс іріктеледі.

  • Іріктеуді құрамына ҚазҰМУ-нің ғалымдары, шетелдердің және Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының өкілдері кіретін комиссия жүргізеді.

4.6.3 Бітіруші курс студенттерімен ғылыми жұмысты ұйымдастыру



  • Бітіруші курс студенттері ғылыми жұмыспен айналысы және ғылыми басылымдарда жұмыстарын жариялауы тиіс.

  • Бітіруші курс студенттерімен ғылыми жұмысты ұйымдастыру және жүргізу толығымен кафедра меңгерушілеріне және кафедрадағы СҒЗЖ жауапты тұлғаларға жүктеледі. Бақылау факультет декандарына және ҒЖМК төрағаларына жүктеледі. Интерндермен тікелей жұмысты топ тәлімгерлері жүргізуі тиіс. Топ тәлімгерлері кафедра меңгерушілеріне және кафедрадағы СҒЗЖ жауапты тұлғаларға есеп береді. Кафедрадағы СҒЗЖ бойынша жауапты тұлға факультет бойынша СҒЗЖ жауапты тұлғаға есеп береді.

  • Бітіруші курс студенттері үшін ғылыми жұмыс бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу ҒЗЖ менеджменті бөлімі СҒҚ және ЖҒК секторына жүктеледі. Оқу жылының бірінші жартысында қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін ҒЗЖ менеджменті бөлімі ғылыми зерттеулер саласындағы мамандарды, визитинг-профессорларды, университеттің жетекші профессорларын тарта отырып оқыту семинарларын ұйымдастырады және өткізеді.

  • Бітіруші курс студенттері ғылыми жұмыс нәтижелері бойынша оқу жылында ғылыми басылымдарда (республикалық, шетелдік) 1 ғылыми мақала жариялауы тиіс.

5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫН ЫНТАЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ

5.1 Студенттердің ғылыми жұмысының жүзеге асыру және дамыту студенттерді ынталандыру және дем беру шараларын қарастырады.

Дем беру және ынталандырудың негізгі формалары келесілер:



  • ғылыми жұмысты орындау процесінде алған нәтижелерді, пән бойынша, курстық жұмыстар бойынша және білім берудің әртүрлі этапындағы тәжірибелер бойынша алған бағаларын есепке алу;

  • дарынды студенттерді мемлекеттік және атаулы стипендияларға, әртүрлі ұйымдар мен қорлардың және т.б. тағайындайтын стипендияларына ұсыну;

  • білім алушылардың үздік ғылыми жұмыстарын конкурстарға, көрмелерге және де жеңімпаздарды марапаттау қарастырылған басқа да жалпы-ұйымдастыру шараларына ұсыну;

  • республикалық және халықаралық форумдарға, конференцияларға, семинарларға қатысу үшін іссапарға жіберу.

5.2 Ғылыми-зерттеу жұмысында қол жеткізген жетістіктері үшін студенттер құрмет грамоталарымен, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады және де көрмелереге, конференцияларға, конкурстарға, олимпиадаларға қатысуға жіберіледі.

5.3 Белсенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жақсы сабақ үлгерімімен үйлестіре алған студенттер Университеттің Ғылыми Кеңесі арқылы ұсынылады:



  • магистратураға түсу кезінде өзара тең жағдайда оқуға қабылдану үшін артықшылық құқын пайдалануға;

  • әрі қарай жұмыспен қамтамасыз ете отырып стажер-оқытушылар қатарына қабылдануға;

  • интернатураға түсу үшін мамандықты таңдау кезінде бакалаврларға таңдау құқын беруге;

  • оқуды бітіргеннен кейін еңбекке орналасу кезінде көмек көрсетуге.

6. СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША КА-ФЕДРАЛАРДЫҢ ЕСЕП БЕРУІ

6.1 Кафедрадағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауапты тұлға факультет бойынша СҒЗЖ жауапты тұлғаға жылына 2 рет есеп береді (жарты жылдық және жылдық), студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша есепті белгіленген үлгіде ұсынады.

6.2 Факультет бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауапты тұлға кафедралардың есебін өңдеп, талдағаннан кейін ҒМЖК алдында есеп береді. ҒМЖК мәжілісінде мақұлданған және факультеттің Ғылыми кеңесінде бекітілген соң факультеттің СҒЗЖ бойынша жарты жылдық және жылдық есебі ҒЗЖ менеджменті бөлімі СҒҚ және ЖҒК секторына белгіленген үлгіде ұсынылады.

6.3 Есеп үлгісі осы Ережемен бекітіледі.

6.4 Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының көрсеткіштері кафедра мен оқытушылардың қызметін бағалау кезінде ескеріледі.


7. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕ

7.1. Ереже университеттің Ғылыми Кеңесінде бекітілді.

7.2 Ережені өзгерту жетекшінің және ережені келіскен қызметтегі тұлғалардың ұсынысы бойынша жүргізіледі.

1 қосымша


Тезистерді ресімдеуге қойылатын талаптар


  1. Тезис А4 форматында компьютерде басылуы керек (1 дана), авторлары және ғылыми жетекшісінің қолдары болу керек және кафедра меңгерушісі өз қолын қоюы керек.

  2. Мәтін көлемі – 1 бет (абзац 1 см).

  3. Жұмыстың аты (бас әріптермен, үш қатардан аспайтындай болу керек), авторлары (ФАЖ, курсы, факультеті), ғылыми жетекшісі (ФАЖ, ғылыми дәрежесі, кафедрасы) көрсетіледі.

  4. Тезисте қысқаша түрде зерттеу мақсаты, зерттеу әдістері, зерттеу нәтижелері, қорытынды және ұсыныстары көрсетіледі. Әдебиеттер тізімі тезисте көрсетілмейді.

  5. Тезисті мәтіндік файлда электронды тасымалдағышта (CD диск) беру керек.

  6. Тезис мәтіні Times New Roman шрифтімен теріледі, шрифт мөлшері 12, интервалы 1,5, RTF, Microsoft Word форматында.

  7. Электронды тасымалдағыштың сыртында бірінші автордың фамилиясы және файлдың аты көрсетілуі керек.

  8. Тезистің электронды нұсқасы мен баспа мәтіні бірдей болуы керек.

2 қосымша

Мақалаларды ресімдеуге қойлыатын талаптар


  1. Мақала А4 форматында компьютерде басылуы керек (1 дана), авторлары және ғылыми жетекшісінің қолдары болу керек және кафедра меңгерушісі өз қолын қоюы керек.

  2. Мәтін көлемі – 3 беттен аспау керек (абзац 1 см).

  3. Жұмыстың аты (бас әріптермен, үш қатардан аспайтындай болу керек), авторлары (ФАЖ, курсы, факультеті), ғылыми жетекшісі (ФАЖ, ғылыми дәрежесі, кафедрасы) көрсетіледі).

  4. Мақалада зерттеу мақсаты және міндеттері, зерттеу объектілері, зерттеу әдістері, практикалық бөлігі, зерттеу нәтижелері, қорытынды және ұсыныстары, қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

  5. Мақаланы мәтіндік файлда электронды тасымалдағышта (CD диск) беру керек.

  6. Мақала мәтіні Times New Roman шрифтімен теріледі, шрифт мөлшері 12, интервалы 1,5, RTF, Microsoft Word форматында.

  7. Электронды тасымалдағыштың сыртында бірінші автордың фамилиясы және файлдың аты көрсетілуі керек.

  8. Тезистің электронды нұсқасы мен баспа мәтіні бірдей болуы керек.

3 қосымша

Презентацияны ресімдеуге қойылатын талаптар


  1. Презентация .ppt или .pptx форматында ұсынылады.

  2. Презентация 8 минуттық баяндауға есептелуі керек.

  3. Слайдтар саны баяндау регламентімен шектеледі, 10-12 слайдтан аспау керек.

  4. Презентацияда зерттеу мақсаты, зерттеу әдістері, зерттеу нәтижелері, қорытынды және ұсыныстары берілуі керек.

4 қосымша


Постерлік (қабырғалық) жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптар


  1. Жұмыстың аты (бас әрптермен, үш қатардан аспау керек), авторлары (ФАЖ, курсы, факультеті), ғылыми жетекшісі (ФАЖ, ғылыми дәрежесі, кафедра) көрсетіледі.

  2. Қабырғалық жұмыста ғылыми жұмыстың материалдары болу керек: зерттеу мақсаты, зертеу әдістері және методологиясы, практикалық бөлігінің қысқаша тұжырымдамасы, график, кесте, схема, иллюстрация, диаграмма, сурет және т.б. түріндегі жұмыс нәтижелері.

  3. Қабырғалық жұмыс мөлшері: биіктігі – 90 см, ені – 130 см

5 қосымша


«Ғылым күні» СҒЗЖ конкусрының ІІ турындағы ғылыми жұмыстарды бағалау критериі

Жұмыстың аты _________________________________________________________________




№№

Бағалау критериі

Бағалау (балл)

1

2

3

4

5

1

Ұсынылған зерттеудің өзектілігі
















2

Зерттеу міндеттерін шешу ыңғайларының ғылыми жаңалығы
















3

Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңыздылығы
















4

Ғылыми зерттеудің заманауи әдістерін қолдану
















5

Күтіліп отырған нәтижелерінің жетістігінің негізділігі (адекваттылығы, верификациялануы)
















6

Ғылыми нәтижелерінің маңыздылық деңгейі (жалпығылыми, мәселелік, жеке)















Қорытынды_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Комиссия мүшесі: _______________________________________________________________

(ФАЖ, қызметідолжность)


Күні_______________

Қолы_________________________

6 қосымша



«Ғылым күні» СҒЗЖ конкусрының ІІІ турындағы ғылыми жұмыстарды бағалау критериі



№№

Бағалау критериі

Бағалау (балл)

1

2

3

4

5

1

Тақырыптың өзектілігі және жаңалығы
















2

Баяндалатын материалды игеру дәрежесі және автордың жеке қатысуы
















3

Баяндау үйлесімділігі және жетімділігі
















4

Иллюстрация көлемі және олардың сапасы
















5

Техникалық құралдарды адекватты қолдануы
















6

Ораторлық сапасы, аудиториямен байланыс
















7

Регламентті сақтауы (11 минут: 8 минут презентация, 3 минут сұрақтарға жауап)















Қорытынды_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Комиссия мүшесі: _______________________________________________________________

(ФАЖ, қызметідолжность)


Күні_______________

Қолы_________________________

7 қосымша


ТАЛҚЫЛАНДЫ БЕКІТІЛДІ

ҒЖМК мәжілісінде факультеттің Ғылыми Кеңесінде

«___»__________20___ж «___»__________20___ж

Хаттама № Хаттама №

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы туралы жартыжылдық (жылдық) есеп

_____________________________ кафедра (факультет)
20___-20___ оқу жылы

Алматы, 20___ж



Есеп үлгісі


  1. Кафедраның, факультеттің студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы туралы қысқаша мәлімет (жұмысының бағыты, үйірме жетекшісі, негізгі тақырыбы және т.б.)




  1. Кафедра, факультеттің ғылыми үйірме мүшелері туралы мәлімет




№№

Студенттің ФАЖ

Курс, факультет

Жұмыс тақырыбы

Жетекшісі



















  1. Кафедра, факультет деңгейінде ұйымдастырылған студенттік ғылыми конференция, дөңгелек стол, семинар туралы мәліметтер




№№

Конференция, дөңгелек стол, семинардың аты

Курсын, факультетін көрсете отырып қатысқан студенттердің саны

Өткізілген орны және күні

Студенттердің ұсынған жұмыстары

Шақырылған қонақтар (ви-зитинг-про-фессор, тәжі-рибелік ден-саулық сақ-тау өкілдері, жұмыс берушілер)





















  1. Кафедра, факультет деңгейінде ұйымдастырылған олимпиадалар, викториналар, конкурстар туралы мәлімет




№№

Олимпиада, викторина, конкурстың аты

Курсын, фа-культетін көрсете оты-рып қатыс-қан студент-тердің не-месе коман-далардың саны

Өткізілген орны және күні

Студенттердің ұсынған жұмыстары

Шақырылған қонақтар (ви-зитинг-про-фессор, тәжі-рибелік ден-саулық сақ-тау өкілдері, жұмыс берушілер)






















  1. Университет деңгейіндегі студенттік ғылыми конкурстарға, конференцияларға, семинарларға, баяндамамен қатысқан студенттер туралы мәлімет \




№№

Ғылыми конкурстың, конференциның, семинардың аты

Өткізілген орны және күні

Студенттің ФАЖ

Курсы, факультеті

Жұмысының аты, жетекшісі






















  1. Республика деңгейіндегі студенттік ғылыми конкурстарға, конференцияларға, семинарларға, баяндамамен қатысқан студенттер туралы мәлімет



№№

Ғылыми конкурстың, конференциның, семинардың аты

Өткізілген орны және күні

Студенттің ФАЖ

Курсы, факультеті

Жұмысының аты, жетекшісі






















  1. Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған студенттік ғылыми конкурстарға, конференцияларға, семинарларға, баяндамамен қатысқан студенттер туралы мәлімет




№№

Ғылыми конкурстың, конференциның, семинардың аты

Өткізілген орны және күні

Студенттің ФАЖ

Курсы, факультеті

Жұмысының аты, жетекшісі






















  1. Университет деңгейіндегі студенттік ғылыми конкустрада жүлделі орындарға ие болған студенттер туралы мәлімет




№№

Студенттің ФАЖ

Курсы, факультеті

Жұмысының аты, жетекшісі

Ғылыми конкурстың аты

Өткізілген орны және күні

Алған орны
























  1. Республика, халықаралық деңгейде ұйымдастырылған студенттік ғылыми конкустрада жүлделі орындарға ие болған студенттер туралы мәлімет



№№

Студенттің ФАЖ

Курсы, факультеті

Жұмысының аты, жетекшісі

Ғылыми конкурстың аты

Өткізілген орны және күні

Алған орны

























  1. Ғылыми-техникалық жобаларға, оның ішінде инновациялық жобаларға қатысатын студенттер туралы мәлімет



№№

Студенттің ФАЖ

Курсы, факультеті

ҒТЖ аты

(университетішілік, ҚР БжҒМ, ҚР ДСМ көрсету керек)



Ғылыми жетекшісі

Қатысу дәрежесі






















  1. Ғылыми енгізулері бар студенттер туралы мәлімет (патенттер, өнертапқыштар және т,б,)



№№

Студенттің ФАЖ

Курсы, факультеті

Ғылыми енгізуінің аты

Енгізу дәрежесі (кафедра, университет және т.б. деңгейінде)

Қайда және қай жерде енгізілді






















  1. Студенттік ғылыми жұмыстың жарияланымдары туралы мәлімет



№№

Студенттің ФАЖ

Курсы, факультеті

Жарияланым (статья, тезис) аты

Қай жерде және қашан жарияланды

Ғылыми жетекшісі






















  1. Кафедраның, факультеттің ғылыми жұмысынң оң және теріс жақтарын көрсете отырып қысқаша талдау.




  1. Қорытынды



  1. Кафедрадағы, факультеттегің студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын жақсарту бойынша нақты ұсыныстар

Ескерту: Кафедраның СҒЗЖ бойынша есебі кафедра мәжілісінде талқыланады және бекітіледі



Шешім жобасы:
«Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы Ережесі» бекітілсін.

Жауапты: ғылыми жұмыстар мен инновациялық жобалар проректоры А.С.Каракушикова, қызметкерлерді іріктеу және мониторинг бөлімінің бастығы Е.В.Амирдинова.



Орындалу мерзімі: қазан 2012ж.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет