«Сурет үзінділерімен жұмыс» (ашық сабақ) Өткізген: Информатика пәнінің мұғалімі А. А. Садыкова 2015-2016 оқу жылы Сабақтың тақырыбы



Дата26.08.2017
өлшемі89,83 Kb.
#28815
Ащысай орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы


Тақырыбы
«Сурет үзінділерімен жұмыс»
(ашық сабақ)


Өткізген: Информатика пәнінің мұғалімі

А.А.Садыкова


2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Сурет үзінділерімен жұмыс (практикалық жұмыс)

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Paint графикалық редакторында сурет салуды үйрете отырып, сурет бөліктерімен жұмыс жасау түрлерін түсіндіру. Оқушыларға Paint графикалық редакторында сурет салып, оны әр түрлі етіп безендіруге, суреттерді бұрып, пішінін өзгертіп, суреттерді бөліп, құрастырып үйрету.

  • Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып олардың пәнге, Paint графикалық редакторына деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру.

  • Оқушыларды нақты бір іс-әрекетке, шапшаңдылыққа тәрбиелей отырып, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шығармашылыққа баулып үйрету.

Сабақтың түрі: жаттықтыру, практикалық

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта, сөзжұмбақ, бағалау смайликтері
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- сәлемдесу

- оқушыларды түгелдеу

- қауіпсіздік ережесін сұрау

- психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

(оқушыларға бүгінгі сабақтың қай тақырып аясында болатынын білу үшін сөзжұмбақ беріледі)




C

A

P

S

***

L

O

C

K







T

A

B




S

H

I

F

T







N

U

M

***

L

O

C

K

E

N

T

E

R







  1. Бас әріптерді қосатын перне?

  2. Меңзерді бір позициядан басқасына ауыстыратын перне?

  3. Сөздегі әріпті бас әріппен жазу үшін қолданылатын перне?

  4. Сандарды іске қосатын перне?

  5. Меңзерді жаңа жолға (абзац) ауыстыратын перне?


Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабақ қай тақырып төңірегінде өтеді екен?

Оқушылар: Paint графикалық редакторы

Мұғалім: Ал, ендеше осы тақырып бойынша өткенімізді еске түсіріп алайық.

  1. Графикалық редактор дегеніміз не?

  2. Графикалық редакторды қалай іске қосамыз?

  3. Paint не үшін арналған программа, оның қазақша аударғандағы мағынасы қандай?

  4. Графикалық редактордың құралдарын ата.(оқушылар ұяшық таңдау арқылы гарафикалық құралдарды атайды)

1-ұяшық: Өшіргіш 6-ұяшық: Қарындаш

2-ұяшық: Тіктөртбұрыш 7-ұяшық: Құю(заливка)

3-ұяшық: Сызық (линия) 8-ұяшық: Көпбұрыш

4-ұяшық: Қылқалам (кисть) 9-ұяшық: Қисық сызық (кривая)

5-ұяшық: Эллипс 10-ұяшық: Түстер палитрасы


Мұғалім: Ендеше барлығын еске түсіріп болсақ келесі практикалық жұмысымызға кірісейік.

ІІІ. Негізгі бөлім

Үзінді – бұл суреттің белгіленген бөлігі. Үзінді мына құралдар арқылы бөлінеді немесе белгіленеді.



  • Тіктөртбұрышты бойынша белгілеу үшін - батырмасы қолданылады;

  • Кез-келген аймақты бөліп алу үшін – батырмасы қолданылады.

Ерекшеленген үзінділерге келесі амалдарды қолдануға болады:

  1. Мөлшерін өзгерту

  2. Орнын алмастыру

  3. Тазалау

  4. Түстерін өзгерту

  5. Көшіру




  1. Тапсырма

Бір көзіңмен «кідір» дейді,

Бір көзім «жүгір» дейді.

Бір көзім «абайла» дейді

«Қарап ал маңайға» дейді.

(Бағдаршам)



  1. Paint графикалық редакторының терезесін ашыңыз.

Пуск----Все программы----Стандартные----- Paint

  1. Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып бағдаршамның суретін сал.

  2. Салынған суретті сақтаңыздар. Файл---Сохранить как----ОК


2-тапсырма

Тоғайда оны көргенде

Таң қалдым мен түріне

Жапырақтай жап жасыл

Созылады жүргенде

Құстар әуес өзіңе

Айтыңдар бұл не? (шұбалшың құрт)


  1. Paint графикалық редакторының терезесін ашыңыз.

Пуск----Все программы----Стандартные----- Paint

  1. Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып бағдаршамның суретін сал.

  2. Салынған суретті сақтаңыздар. Файл---Сохранить как----ОК


Мұғалім: Ал енді балалар, орнымыздан тұрып бір сергіп алайық.

(Сергіту сәті орындалады, қол, көз жаттығуларына байланысты)


3-тапсырма

  1. Paint графикалық редакторының терезесін ашыңыз.

Пуск----Все программы----Стандартные----- Paint

  1. Paint графикалық редакторы терезесінде Файл----Открыть командасын орындап Табиғат суретін ашыңдар. Суреттегі дұрыс салынбаған үзінділерді кетіріп тастаңдар.

  2. Дұрысталған суретті сақтаңыздар. Файл---Сохранить как----ОК



ІV Сабақты бекіту (Сабақ тест сұрақтары арқылы бекітіледі. Оқушылар тест орындау кезінде, олардың салған суреттері интерактивті тақтада көрсетіледі.)
V Үйге тапсырма. (берілген тақырыптар бойынша оқушылар үйден сурет салып келуі тиіс. «Анама сыйлық», «Қыс» «Жаз» «Менің елім», «Көктем», «Күз», «Менің мектебім»
VI. Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушыларды жинаған смайликтарына байланысты бағалау
VІІ Қорытынды


Ащысай орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы бойынша

информатика пәнінен «Сурет үзінділерімен жұмыс» тақырыбында ашық сабақ өткендігі туралы анықтама
Қаңтар айында 5-сынып оқушыларына информатика пәнінен «Сурет үзінділерімен жұмыс» тақырыбында ашық сабақ оздырылды. Ашық сабақтың мақсаты Оқушыларға Paint графикалық редакторында сурет салуды үйрете отырып, сурет бөліктерімен жұмыс жасау түрлерін түсіндіру. Оқушыларға Paint графикалық редакторында сурет салып, оны әр түрлі етіп безендіруге, суреттерді бұрып, пішінін өзгертіп, суреттерді бөліп, құрастырып үйрету. Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып олардың пәнге, Paint графикалық редакторына деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру. Оқушыларды нақты бір іс-әрекетке, шапшаңдылыққа тәрбиелей отырып, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шығармашылыққа баулып үйрету. Сабақ жаттықтыру, практикалық түрде өтті. Сабақ барысында оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріліп, есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері еске түсірілді. Одан соң сабақтың қай тақырып төңірегінде өтетіндігін білу мақсатында сөзжұмбақ жасырылды. Сөзжұмбақ сұрақтары пернетақта пернелерінен қойылып, шешу барысында «Paint» сөзі шықты. Содан кейін сабағымызға күнннің шуағын, аспанымыздың ашығын, гүлдердің әдемілігін сыйлау мақсатында оқушылар алдыңғы сабақта осы графикалық редакторда салған суреттерін тақтаға ілді. Содан кейін оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар сабақтың негізгі бөлімі практикалық жұмыста да оқушылар белсенділіктерімен, шапшаңдықтарымен көзге түсті. Практикалық тапсырмалардаң соң оқушылардың бойын сергіту мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылды. Сабақ тест сұрақтары бойынша бекітіліп, үйге тапсырма берілді. Сабақта сұрақтарға жауап беруіне және практикалық жұмысты орындауларына байланысты оқушылар бағаланды.

Оқушылар бұл ашық сабаққа қызығушылықпен қатысып, өздерінің шапшаңдықтарын көрсете алды. Графикалық редактордың құралдарымен жұмысты жақсы орындады. Сабақ өз мақсатына жетті.


Информатика пәнінің мұғалімі А.А.Садыкова
Каталог: uploads -> doc -> 0eb7
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0eb7 -> Сабақтың тақырыбы: Стадионда Сабақтың мақсаты
0eb7 -> Қазақстан республикасы білім және ғылы министірлігі «Өрлеу біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет