Суреттер топтамасы



бет2/3
Дата14.02.2020
өлшемі1.28 Mb.
1   2   3

Л. Альма-Тадем Римдік театрдың кіре берісі Репин И. Бурлаки на Волге. Россия. Середина 19 век. Реализм



Огюст Ренуар. Бал в Мулен де ла Галетт. 1876 г. К. Моне Впечатление. Восход солнца,

Импрессионизм Импрессионизм



Жан Луи Давид «Клятва Горациев» Неоклассицизм Жан Франсуа Милле «Сборщицы колосьев» Реализм



Анри Руссо. Дама с собачкой. Романтизм Франциско де Гойя. Портрет герцогини Альба

Неоклассицизм – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырда мифологиялық сюжет пен антикалық тақырыпты басты ұстаным тұтқан әдеби ағым. Неоклассицизм Еуропа өнерінде ұзақ уақыт үстемдік құрған романтизмнің дағдарысы нәтижесінде әдебиет пен музыкада, бейнелеу өнерінде пайда болды. Неоклассицизм модернизмнің бір үлгісі ретінде көрінді. Неоклассиктер романтизм ағымы аясында жоғалуға таяған дәстүрдің дамуын, үрдістердің жалғасым табуын қолдады. Неоклассицизм өкілдері (Элиот, О.Э. Мандельштам, Б.Л. Пастернак, т.б.) классикалық тіл мен мәдениетті антикалықтың бастауы санайды. Неоклассицизм үлгісіндегі шығармалардан классицизм дәстүрін байқауға болады. Ұлт әдебиеті мен нақты тарихи жағдайларда Неоклассицизм түрлі идеялық-көркемдік мәнге ие болды. Оны француз әдебиетіндегі парнастықтар поэзиясынан, орыс символистерінен, француз драматургиясынан (ХХ ғасырдың ортасы) көруге болады.
Импрессионизм ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өнерде қалыптасқан ағым. Импрессионизм өкілдері өмірді шынайы, айқын, боямасыз бейнелеуге ұмтылды.

Бейнелеу өнерінде импрессионизмның алғашқы белгілері ХІХ ғасырдың 60-жылдары суретшілер Делакруа, Констебл, Тернер шығармаларында көрініс тапты. Импрессионизмнің негізін француз суретшілері (К.Моне, О.Ренуар, Э.Дега) қалады. Олардың шығармаларынан өмірдің немесе табиғаттың бір сәттілік бейнесі әсерлі де көркем берілді. Табиғаттың құбылмалы шақтарын, заттардың түсін, жарық пен сәуленің дәл де нәзік өзгеретінін көрсете білді. Импрессионизм өкілдері табиғаттағы құлпырған бай бояу әлемін жіті байқап, анық жеткізуге тырысты. Түстердің түрленуін алғаш көрсеткен де импрессионизм ағымы болды. Францияда 1870 жылдан бастап импрессионизм көркемдік әдіс ретінде қалыптаса бастады. Оның өкілдері өнердің қоғамдық мазмұнынан, бейнені жинақтау және типтендіру принциптерінен бас тартты. Дегенмен импрессионизм адамның өзін қоршаған ортадан алатын сезімдік әсерін, құбылмалы шақтарын, жарық пен атмосфераның ықпалынан зат түсінің өзгеруін дәл де нәзік беруде елеулі жетістіктерге жетті. Олар белгілі бір идеялы тақырыптарға немесе қатып қалған әдістемелі заңдылықтарға бой ұрмай, еркін, өздерінің қалауынша жаза білді. Кескіндемедегі құрылымды (композицияны) еркін құра білді. Импрессионизм образды сомдауда солқылдақтыққа, екі ұштылыққа ұрынып, суреттегі үйлесімділік дәлдігінен алшақтады. Импрессионизм өкілдері бояу қосындыларын қолданбай, тек “таза түстерді” пайдалануды талап ететін пленэр жүйесін жасады.


«Панч» журналынан сурет «Қайыршылар отбасы»



Кедей . «Панч» журналынан сурет






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет