Таңдау курс Тақырыбы: Антропология Құрастырған



бет1/3
Дата28.01.2018
өлшемі376,15 Kb.
#34749
  1   2   3
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Таңдау курс

Тақырыбы: Антропология
Құрастырған: Нургазиева Г.Е., Баймуратова З.М. биология-химия,

Жумагулова А.С. география,

Алымкулова Н.А тарих пәндерінің мұғалімдері
Бағыты: жаратылыстану - математика


2015 жыл

Курстың білім мазмұнындағы құрылым: «Антропология» жалпы биологиядағы «Органикалық дүниенің эволюциясы» тарауының құрамды бөлігі.

Түсінік хат

Антропология ғылымы адамның ежелгі адам тәрізді маймылдардан шығып, осындай дәрежеге дейін көтерілуі биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты деп түсіндіреді. Адам эволюциясына әсер еткен биологиялық факторлар: тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу. Алайда «саналы адам» түрінің пайда болуында әлеуметтік факторлар шешуші рөл атқарады. Олар: еңбек, сөз, қоғамдасып тіршілік ету, әлеуметтік заңдылықтардың қалыптасуы және т.б. Адам эволюциясында еңбектің рөлі зор. Адамның еңбек етуі еңбек құралдарын жасаудан басталады. Адамның маймылға ұқсас ата тегі еңбек құралын өзі жасап, оны бірте-бірте күрделендіріп, пайдаланып, өзінің тіршілік ортасына бейімделе келе түрлі морфологиялық және физиологиялық өзгерістерге ие болды. Мұның себебі: су тартылып, орман алқаптарының көлемі азайып, ашық далалы жерлер түсіп, ашық алаңқай жерлерде қоректерін тауып жеп, күн көре бастады. Ашық далада жауының көзіне бірден түсетін болғандықтан, олардан қашып қорғануға тура келді. Қоректік заттары өзгеріп басқа өсімдіктермен, майда жәндіктермен қоректене бастады. Осыған байланысты еңбек құралдары қажет болды. Ол құралдарды іздеп табу немесе жасау керек еді. Міне осының бәрі бірте-бірте екі аяқпен тік жүріп қозғалуды қажет етті. Тік жүру адамның дене құрылысын біршама өзгертті. Бүкіл салмақ омыртқа жотасына түскендіктен, оған солқылдақтық қасиет беретін иілімдер пайда болды. Аяқтың басы жүруге серпімділік беретіндей болып өзгерді, жамбас қуысы кеңейді. Қорегінің өзгеруіне байланысты жақ сүйектері кішірейді. Тік жүрудің нәтижесінде адамның екі қолы босап, қолдың көмегімен қоректік заттарын іздеп, тауып жеп, түрлі құрал-саймандар жасап, жауынан қорғана білді. Еңбек қоғамдасып тіршілік етуге бастама берді. Адам өз еңбегі арқылы табиғатты өзгертіп, оны тиімді пайдалана алатын дәрежеге жетті.



Курстың мақсаты:

- саналы адамның қалыптасу тарихы туралы оқушыларға түсінік беру, тарихи материализм және диалектикалық көзқарастарын қалыптастыру



Курстың міндеттері:

- адам эволюциясының әлеуметтік және биологиялық қатынастарын түсіндіру;

- онтогенездің негізгі кезеңдеріне қоршаған ортамен тұқым қуалаушылықтың әсерін, адамның жеке тұлғалық даму механизмі мен заңдылықтарын түсіндіру;

- адамның морфологиялық сипатына экологиялық факторлардың рөлі және оның популяциялық жеке тұлғалық деңгейін түсіндіру;



Мамандыққа дайындау

Медицина, психология, педагогика, социология, политология



Пәнаралық байланыс:

Зоология, анатомия, жалпы биология, география, тарих



Ұйымдастыру формалары:

Лекция, семинар, конференция, сарамандық жұмыстар, топ серуен, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, рефераттар, ізденіс жұмыстары, ғылыми жобалар жазу



Курстың мазмұны:

І бөлім Кіріспе (2 сағат) Оқушыларға адам туралы ілімнің негізгі бөлімдерінің құрылымы мен принциптері туралы толық мағлұмат беріледі.

ІІ бөлім Антропогенез (эволюциялық антропология). Адамның жануарлардан пайда болғанына дәлелдемелері (5 сағат) Адамның жануарлар дүниесінен алатын орны туралы толық түсінік қамтылады.

ІІІ бөлім Адам эволюциясының негізгі сатылары (5 сағат) Адам эволюциясының негізгі сатыларымен таныстыру арқылы оқушылардың тарихи көзқарастары қалыптасады.

ІV бөлім Адам қоғамының шығу тегі (3)

Қауымдастық-туыстық қоғамның пайда болуы, қоғамдық қарым-қатынастарды түсіндіреді.



V бөлім Адам морфологиясы. Адамның өсуі мен дамуы (7)

Онтогенез заңдылықтары туралы жас ерекшеліктері антропологиясымен, ата-тегін зерттеуді толық меңгертеді.



VІ бөлім Конституциялық антропология элементтері (3)

Конституцияның медициналық және экологиялық аспектілері, әртүрлі ауруларға ағзаның бейімделуі туралы білімдерін толықтырады.



VІІ бөлім Нәсілшілдік (этникалық антропология) (9) Дүниежүзі халықтарының антропологиялық құрамы, этнос ерекшеліктері, этностардың әртүрлі географиялық аймақтарда орналасуын анықтау арқылы білімдерін шыңдайды.

Күнтізбелік жоспар






Тақырыбы

Сағат саны

І

Кіріспе

2

1

Пәннің мақсаты мен міндеттері. Антропологиялық зерттеулерге қысқаша сипаттама

1

2

Адам туралы ілімнің негізгі бөлімдерінің құрылымы мен принциптері

1

ІІ

Антропогенез (эволюциялық антропология). Адамның жануарлардан пайда болғанына дәлелдемелері

5

3

Адамның жануарлар дүниесінен алатын орны

1

4

Адамның жүйеленуі. Адам мүшелерінің құрылысы.Адамның приматтар мен сүтқоректілер және омыртқалылармен ұқсастықтары

1

5

Адам құрылысының приматтардан ерекшелігі: тірек - қимыл аппараты, ми, кеңірдек, ішек, бас сүйегі, тістері, түкті жабындарының азаюы

1

6

Адамның шығу тегінің теориясы. Приматтардың табиғи сұрыпталуы нәтижесінің біртіндеп өзгеруіне байланысты шығу тегі теориялары

1

7

Ф.Энгельстің антропогендік еңбек теориясы

1

ІІІ

Адам эволюциясының негізгі сатылары

5

8

Австролопетиктер

1

9

Питекантроптар

1

10

Неандертальдықтар

1

11

Қазіргі заман адамдары

1

12

Қазіргі заман адамы және эволюциясы, адамның дамуы туралы әртүрлі көзқарастар

1

ІV

Адам қоғамының шығу тегі

3

13

Алғашқы қауым, алғашқы ұжымдық қоғамның пайда болуы

1

14

Қауымдастық - туыстық қоғамның пайда болуы

1

15

Неке және отбасы. Қоғамдық қарым-қатынастар. Діни мәдениет.

1

V

Адам морфологиясы. Адамның өсуі мен дамуы

7

16

Антропометрия, антропометриялық өлшемдер

1

17

Эмброгенездің негізгі кезеңдері. Мидың ұрық кезінде даму ерекшелігі. Оргоногенез.

1

18

Онтогенез заңдылықтары туралы жас ерекшеліктері антропологиясы

1

19

Ата-тегін зерттеу. Жас ерекшеліктеріне байланысты мінез-құлқы. Жеке даму кезеңдері

1

20

Ағзаның өсуі мен дамуына әсер ететін факторлар

1

21

Ер адамдар мен әйел адамдардың өмір сүру ерекшеліктері. Көп жасайтын адамдарға әсер ететін биологиялық және әлеуметтік факторлар. Биологиялық жас

1

22

Адамның дамуы және өсуін бақылайтын орта және тұқым қуалау факторлары; генетикалық бақылау, биогеографиялық, әлеуметтік-экономикалық факторлар. Урбанизация және өсу

1

VI

Конституциялық антропология элементтері

3

23

Жалпы және жеке конституция. Конституцияның анатомиялық көрінісі. Конституцияның медициналық және экологиялық аспектілері

1

24

Конституцияның медициналық және экологиялық аспектілері. Әртүрлі ауруларға ағзаның бейімделуі

1

25

Биоәлуметтік антропология мәселелері: Даун синдромы, ісік аурулары, сақау, саңыраулық, мутациялардың көрінісі - адамның жеке дамуының анатомиясы

1

VII

Нәсілшілдік (этникалық антропология)

9

26

Этникалық антропология пәні. Нәсіл туралы жалпы түсінік

1

27

Нәсіл белгілерінің пайда болуының негізгі белгілері

1

28

Ұлт және нәсіл. Нәсілдік жіктеу. Аз және көп нәсілдер

1

29

Нәсілдердің араласуы

1

30-32

Дүниежүзі халықтарының антропологиялық құрамы. Этнос ерекшеліктері. Этностардың әртүрлі географиялық аймақтарда орналасуы

3

33

Нәсілшілдік теориясының ғылыми тұрақсыздығы

1

34

Қорытынды

1

Cабақтың тақырыбы: Тіршіліктің пайда болу тарихы.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды тіршіліктің пайда болу тарихымен таныстыру.

2. Оқушыларға тіршіліктің даму тарихын түсіндіру арқылы, дүниетанымдарын арттыру.

3. Ізденіске тәрбиелеу.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, география

Сабақтың түрі: кіріктірілген.

Сабақтың көрнекілігі: Геохронологиялық шкала (кесте), сурет.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, баяндау, кесте толтыру.

Ғаламшарымыздың биологиялық тарихы: Кайнозой. Жаңа өмір заманы (ұзақтығы 66 млн жыл)



Антропоген (төртінші) (1,8 млн жыл) Мұздық алаңның мезгіл-мезгіл кеңеюі. Қырымға және Еуропаның ортасына дейін жеткен 3-5 ірі мұз басу. Мұздыққа таяу климаттың ылғалдығы және мұздықтан алыс климаттың құрғақ болуы. Мұхит деңгейінің 80-120 м төмендеуі, суыққа төзімді формалардың (зілдер, жүндес керіктер, солтүстік бұғылары), шөл формаларының өте көп мөлшерде дамуы. Ірі жыртқыштар, шөпқоректілер және гоминидтердің пайда болуы. Жылы климатта гүлді өсімдіктер, мұздықтарда тундралық өсімдіктер және солардың аралығындағы қылқанды өсімдіктердің таралуы. Адамның жаралуы және пайда болуы. Жоғары жүйке әрекетінің (ойлау, ес) пайда болуы.

Неоген (үшінші) (25-1,8 млн жыл) Альпі, Карпат, Гималай, Кавказ таулары қалыптасты. Теңіздің тартылуы, Антарктиданы мұз басу, солтүстік жөне оңтүстік Америка арасында фаунаның алмасуы. Австралияда – қалталылар дүниеге келді. Жәндіктер мен өсімдіктердің түрлік құрамы қазіргі замандағыларға жақындаған. Жабық тұқымды өсімдіктер және сүтқоректілер: аю, мысық, керік, бұғы, жайлаң (жи­раф), жоғары сатылы приматтардың (адамтәріздестердің) үстем болуы. Австралопитектің пайда болуы. Тайга және тундра флорасы қалыптасуы. Адамтектес приматтарда қарапайым әрекеттің пайда болуы

Палеоген (66-25 млн жыл) Теніздердің сансыз көп көтерілуі және қайтуы, тау түзілу. Теңіздерде қосжақтаулы ұлулар, мүкденелілер, сүйекті балықтар тіршілік етті. Континенттік сукоймаларда құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер, тәмсақтар (крокодил) болды. Құрлықта тасбақалар, кесірткелер өмір сүрді. Төменгі сатылы приматтар (лемурлар) өркендеді. Бунакденелілер алуан түрде кездесіп, жабықтұқымды өсімдіктер үстемдік етті. Өте ежелгі маймылдар (парапитектер), кұстардың осы заманғы тұқымдастары, тұяқтылар болды. Приматтардың миы жөне сезім мүшелері дамыды

Сүткоректілердің эволюциясы. Сүтқоректілерді өте ертеде ме­зозой заманында тіршілік еткен аңтісті жорғалаушылардан шыққан деп есептейді. Сүткоректілердің жер бетіне кең таралып тіршілік етуі дене құрылысының, жүйке жүйесінің күрделеніп, жылықандылыққа ие болуына байланысты жүрді. Ал жылықандылық түкті жамылғының болуы, жүректің төрт бөліктен тұруы, кіші жөне үлкен қанайналым шеңберлерінің түзілуіне байланысты қалыптасқан. Сүткоректілер үш класс тармағына бөлінеді: жұмыртқа салушылар, қалталылар және ұрықжолдастылар.

Мезозой заманының соңына жақын пайда болған ұрық жолдастыларды жоғары сатыдағы сүтқоректілер деп атады.

Бертін келе кайнозой заманында тіршілік еткен жәндіктермен коректенетін сүтқоректілерден приматтар отряды бөлініп шықты. Осы приматтар отрядына жататын адам төрізді маймылдардан биологиялық және әлеуметтік факторлардың әсеріне байланысты адам пайда болды.

Cабақ тақырыбы: Адамның шығу тегі.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды адамның шығу тегі эволюциясымен таныстыру.

2. Оқушылардың шығармашылық, ойлау қабілетін арттыру арқылы тарихи ғылыми көзқарастарын қалыптастыру.

3. Жан-жақты ізденіске тәрбиелеу.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих.география

Сабақтың түрі: Семинар.

Сабақтың көрнекілігі: маймылдар миының және қолының моделдері, сызба-нұсқа, суреттер.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау, топтастыру.
Адамнын шығу тегі мен тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы антропология деп аталады. Адам мен жануарлардың дене құрылысында көптеген ұксас белгілер бар. Швед ғалымы К.Линней өзінің "Табиғат жүйесі" атты еңбегінде адам мен маймылды сүтқоректілер класының өкілі ретінде бір туысқа жатқызған (1735). XIX ғасырдың бас кезінде француз ғалымы Ж.Б.Ламарк адамның жерде жүруге бейімделген маймыл тектес ата-тектен шықкандығын айтты. Ағылшын ғалымы Ч.Дарвин 1871 жылғы "Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу" атты еңбегінде: "Адам — тіршіліктің тарихи даму сатысындағы ең жоғары әрі соңғы буыны" деп көрсетті. Ол: "Адам мен адам тәрізді маймылдардың арғы ата тегі бір»— деген тұжырым жасады. Адамның жануарлар дүниесі жүйесіндегі алатын орны. Адамның жануарлар дүниесінің өкілі екендігі оның ұрықтық дамуы кезіндегі қалыптасатын белгілерінен айқын көрінеді. Ұрықтың алғашқы даму кезеңі — зигота бір жасушалы қарапайымдыларға ұқсаса, дамуының келесі бластула кезеңі вольвокске ұқсайды. Ұрық біртіндеп күрделеніп гаструлаға айналғанда, денесі екі қабаттан тұратын ауыз қуысы және ішек қуысы бар гидраға ұқсайды. Міне, осылай даму барысында ұрықтың құрылысы күрделеніп, мүшелер жүйесі калыптаса бастайды. Адам ұрығының дамуының алғашқы кезеңінде барлык хордалылар (желілілер) типінің өкілдеріндегі сияқты ұрықтық арқа жағында жүйке түтігі, оның астында хорда (желі), ал хорданың астыңғы ала ас қорыту мүшелері орналасады. Ас қорыту мүшелерінің алдыңғы кеңейген жұтқыншақ бөлімінің екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары болады. Адам хордалылар типінің ішіндегі омыртқалылар тип тармағына жатады. Өйткені даму барысында омыртқа жотасы, екі қолы мен аяқтары қалыптасып, денесінің бауыр жағында жүрек, жүйке түтігінің алдыңғы жағынан мидың бес бөлімі түзіледі.

Адам сүтқоректілер класына жатады. Себебі алдыңғы мидың көлемі ұлғайып, құрылысы күрделенеді, балаларын сүтпен асырайды, тістері (азу тіс, ит тіс және күрек тістер), дене қуысындағы көкет, құлақ қалқаны мен ортаңғы құлақтағы үш дыбыс сүйектері (төс, үзеңгі, балға) тек сүтқоректілерге тән белгілер екенін керсетеді. Адамның да ұрығы анасының жатырында дамып жетіледі, ұрықтың қоректенуі ұрықжолдасы (плацента) арқылы жүреді. Адамның қолындағы бас бармақтың қалған 4 саусаққа карама-қарсы орналасуы және саусақтарда жалпақ тырнақтың болуы, бұғана сүйектерінің жақсы жетілуі, сәбилердегі сүт тістердің кейінірек тұрақты тістермен алмасуы адамның приматтар отрядына, оның ішіндегі адам тәрізді маймылдар отряд тармағына жататынын көрсетеді. Адам осы отряд тармағының таралуы маймылдар тобына жатады. Бұл топтан адамдар тұқымдасы бөлініп шығып, өз алдына адамдар туысын құрайды. Бұл туыстың қазіргі түрі — саналы адам (Homo sapiens).



Адамның жануарлар дүниесіндегі орны

Хордалылар типі омыртқалылар тип тармағы сүткоректілер класы ұрықжолдастылар класс тармағы приматтар (маймылдар) отряды адам тәрізді маймылдар отряд тармағы Адамдар туысы Саналы адам түрі

Адамның жануарлар дүниесінің өкілі екендігін дәлелдейтін рудименттік және атавизмдік белгілер бар.

Рудименттік деп ата тегінен қалған қалдық белгілерді айтады. Рудименттік белгілерге мысалы, соқырішек, құлақ айналасындағы бұлшық еттер, терідегі түктер, құйымшақ, т.б. жатады. Бұлар белсенді қызмет атқармайды.

Атавизм деп арғы ата-тектің белгілерінің қайталануын айтады. Ондай белгілерге сирек жағдайда байқалатын денесін қалың түк басқан баланың дүниеге келуі немесе көп емшектілік, құйрықты нәрестелердің туылуы мысал болады.

Антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары. Антропология ғылымы адамның ежелгі адам тәрізді маймылдардан шығып, осындай дәрежеге дейін көтерілуі биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты деп түсіндіреді. Адамэволюциясына әсер еткен биологиялык факторлар: тұқымқуалайтын езгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сүрыпталу. Алайда "саналы адам" түрінің пайда болуында әлеуметтік факторлар шешуші рөл атқарды. Олар: еңбек, сөз, қоғамдасып тіршілік ету, әлеуметтік заңдылықтардың қалыптасуы және т.б.

Адам эволюциясында еңбектің рөлі зор. Адамның еңбек етуі еңбек құралдарын жасаудан басталады. Адамның маймылға ұқсас ата тегі еңбек құралын өзі жасап, оны бірте-бірте үрделендіріп, пайдаланып, өзінің тіршілік ортасына бейімделе келе түрлі морфологиялық және физиологиялық өзгерістерге ие болды. Мұның себебі: су тартылып, орман алқаптарының көлемі азайып, ашық далалы жерлер пайда болды. Ағаш басында тіршілік еткен маймылдар енді жерге түсіп, ашық алаңқай жерлерде қоректерін тауып жеп, күн көре бастады. Ашық далада жауының көзіне бірден түсетін болғандықтан, олардан қашып қорғануға тура келді. Қоректік заттары өзгеріп басқа өсімдіктермен, майда жәндіктермен қоректене бастады. Осыған байланысты еңбек құралдары қажет болды. Ол құралдарды іздеп табу немесе жасау керек еді. Міне, осының бәрі бірте-бірте екі аяқпен тік жүріп қозғалуды қажет етті. Тік жүру адамның дене құрылысын біршама өзгертті. Бүкіл салмақ омыртқа жотасына түсетіндіктен, оған солқылдақтық қасиет беретін иілімдер пайда болды. Аяқтың басы жүруге серпімділік беретіндей болып өзгерді, жамбас қуысы кеңейді. Қорегінің өзгеруіне байланысты жақ сүйектері кішірейді. Тік жүрудің нәтижесінде адамның екі қолы босап, қолдың көмегімен қоректік заттарын іздеп тауып жеп, түрлі кұрал-саймандар жасап, жауынан корғана білді. Ендеше, қол — еңбек құралы ғана емес, ол — еңбектің жемісі. Ал еңбек — адам эволюциясының негізгі факторы.



Қоғамдасып тіршілік ету. Еңбек қоғамдасып тіршілік етуге бастама берді. Адам төрізді маймылдардың кейбір топтары енбек құралдарын жасай алмады. Ондай топтардың көбісі тіршілік ортасының қолайсыз жағдайларына төзе алмай немесе өздері сияқты басқа топтармен бәсекеде жеңіп шыға алмай, жер бетінен жойылып кетіп отырды. Бейімділік кабілеті жоғары топтар бірлесіп еңбек құралдарын жасап, аң аулап, қоғамдасып жауларынан қорғанып, өз балаларына қамқорлық жасап күн көрді. Топтардың үлкендері еңбек құралдарын жасау жолдарын және аңшылықтың әдістерін кішілеріне үйретті. Тәжірибе алмасу алғашында бір-бірімен ымдасу арқылы болса, бара-бара дыбыс шығарып белгі беру — сөз аркылы қарым-қатынас жасауға жол ашты. Қоғам мүшелерінің сөзі арқылы қарым-қатынас жасауы ойлау қабілетінің дамуына әсер етті. Бұл жағдай мидың одан әрі жетіліп, құрылысы мен қызметінің күрделенуіне себеп болды. Осы кезенде тіршілік еткен адамдарда жануартектес азықтармен қоректену нәтижесінде шайнау бұлшық еттері жетіліп, жақ сүйектері кішірейді, ішектері біршама қысқарды. Аң аулап, жыртқыштардан қорғануда отты пайдалану тиімді болды. Сонымен бірлесіп еңбек етудің нәтижесінде адамдар жануарлар табынынан бөлініп, өз алдына адамзат қоғамын қалыптастырды. Адам өз еңбегі арқылы табиғатты өзгертіп, оны тиімді пайдалана алатын дәрежеге жетті.

Кесте толтыру

Антропогенездің қозғаушы күштері


Биологиялық факторлар

Әлеуметтік факторлар


Каталог: uploads -> doc -> 0f07
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f07 -> Мұғалімнің жоғары кәсіби құзіреттілігі-тиімді сабақтың нәтижелілігі
0f07 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет