Тақырыбы: «Ақ жүрек әке – күншуақ, ақ жүрек ана – ақбұлақ» (Үлгілі отбасымен кездесу) Мақсаты



Дата12.03.2018
өлшемі47,9 Kb.
#38717
Тақырыбы: «Ақ жүрек әке – күншуақ, ақ жүрек ана – ақбұлақ»

(Үлгілі отбасымен кездесу)



Мақсаты: Ата - ана мен баланың арасындағы қарым - қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынасты жақсарту, бір - біріне көңіл бөлу, бір - бірін тыңдай білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Ата - ана мен баланың өзара қарам - қатынасы жақсы, бір - бірін түсіне алатын, үлгі бола алатын отбасы.

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ата- аналар, оқушылар, мұғалімдер! Бүгінгі «Ақ жүрек әке – күншуақ, ақ жүрек ана – ақбұлақ» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер!
“Отбасы- адамзат бесігін тербеткен ұя” болса баланың бас ұстазы ата- анасы. Бала- әкеден ақыл, анадан-мейір алды. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Бүгінгі кешіміз ата-аналар сіздерге арналады.Олай болса бүгінгі кешімізді бастайық. Бүгінгі кешіміздегі ата-аналар мен оқушыларды топқа бөлу. (түстерге бөлу арқылы)

Жоспары:
1. Кіріспе сөз. «Ата - ана махаббаты».
2. «Ақ жүрек әке – күншуақ, ақ жүрек ана – ақбұлақ» пікіралысу.
3. «Үшеуміздің суретіміз!» тренингі.
4. «Сұраңыз - жауап береміз» жаттығуы.

5. Жағдаяттарды шешу. /сұрақтарға жауап алу/


6. Тест сұрақтары
7. Қорытынды.


  1. Кіріспе сөз: «Ата-ана махаббаты».

Адамдар арасындағы қарым - қатынаста адамгершілік, әдеп - инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата - анасын жан - жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым - қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
Ата - аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады. Сондықтан да мектеп өміріндегі ата - аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата - ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.

2. «Ақ жүрек әке – күншуақ, ақ жүрек ана – ақбұлақ» тақырыбында пікіралысу.

- Ақ жүрек әке – күншуақ, ақ жүрек ана – ақбұлақ дегеніміз не?


- Отбасы дегеніміз не? Оның құрамы?
- Менің отбасым....
- Менің отбасымның жетістіктері...
- Отбасым менің мақтанышым...

3. «Үшеуіміздің суретіміз!» тренингі.
Суретті бір - бірімен ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды, әкесі жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті жалғастырады және келесі суретті бастап кетеді, баласы суретті аяқтау керек.
Талдау:
1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?
2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?
3. Бір - біріңізді қалай түсіндіңіз?
4. Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?
Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.

4. «Сұраңыз - жауап береміз» жаттығу.

Видео қазақша «Ата-ананың қадірі»

Осы видео немен аяқталады ( өз ойларымен соңын түйіндеу)
- Отбасы әңгіменің мәні неде?
- Неліктен баласы анасын қарттары үйіне апарып тастады?
- Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?
- Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?
- Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді

5. Жағдаяттарды шешу. /сұрақтарға жауап алу/
Бала – біздің болашағымыз.
1.Саят өз ата – анасын басқа балалардың ата – аналарымен
көп салыстырады.Кейде -Саяттың өз ата – анасына көңілі толмай, реніш білдіретін кездері де болады.
- Саяттың іс – әрекетін қалай бағалайсың?
- Саятқа қандай кеңес берер едіңдер?
2.Меруерттің көңілі ештеңеге толмайды. Тіпті ол бәйек болып жүретін ата – анасының жақындарының мейірімі мен қамқорлығын сезінбейді де. Меруерт өзінің бұл қылығына еш қиналмайды.
- Меруерттің немқұрайлығының себебі неде?
- Меруерттің бойында қандай қасиеттер жетпейді деп ойлайсыңдар?
3.Ербол үйіндегі кәрі әже,атасының мазасыздығына құлағының нашар естейтініне
ашуланады. Ол қарттардың да, ашуға қалай бой бергенін сезбей де қалады.
- Ербол неліктен қарт адамдарды түсінбейді?
Ерболға қандай кеңес бересіңдер?
4. Бір үйдің екі қызы бар. Ата –анасы екеуіне бірдей жағдай жасайды. Бірақ ағайынды екі қыздың бірі ылғи ешнәрсеге көңілі толмай, көңілсіз жүреді. Ал екіншісі, керісінше, шат шадыман.
Себебі неде деп ойлайсыңдар?

6. Тест сұрақтары

Ал енді, сіздер қандай ата-ана екендеріңізді білгіңіз келе ме? Олай болса, мына тест сұрақтарына назар аударайық?




  1. Сіз өзіңіздің ата-анаңызға көмектесесіз бе?

2. Балаңыз сұраған заттардың бәрін алып бересіз бе?

3. Балаңыздың көзінше жұбайыңызбен ұрыспауға тырысасыз ба?

4. Сіз балаңыздың \қызыңыздың\ дене бітімінің, ой ұшқырлығының дамуына ат салысасыз ба?

5. Балаға берген сертіңізді үнемі орындайсыз ба?

6. Балаңыздың \қызыңыздың\ үй шаруасында белгілі бір міндеті бар ма?

7. Балаңыздың \қызыңыздың\ досы кім екенін білесіз бе?

8. Балаңыз \қызыңыз\ сізге сырын айта ма?

9. Өзіңізді жақсы әке, жақсы ана деп есептейсіз бе ?


Тест қорытындысы:

-егер барлық сұрақтарға ,,ия,, деп жауап берген болсаңыз – сіз нағыз үлгілі ата-анасыз!

-егер ,,4,, немесе ,,6,, сұраққа ,,ия,, деп жауап берген болсаңыз – сіз міндетті түрде жанұяңызбен айналысып, балаларға деген көзқарасыңызды жедел өзгерту керексіз!

- егер ,,1,, немесе ,,3,, сұраққа ,,ия,, деп жауап берген болсаңыз – сіз бәрінде түсүніп, бүгіннен бастап жанұяңызға және балаларыңызға көзқарасыңызды өзгертесіз!


7. Қосылып ән шырқайық: «Ана туралы жыр» әнін айту (барлығы)

8. Қорытынды: «Менің алған әсерім» /берілген парақшаларға ата-аналар сынып сағатының жағымды,жағымсыз жақтары туралы жазып, ой бөліседі. Тілектерін жазады/

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан-

Өле-өлгенше соны таныр қиядан .

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған



Жақсы-жаман болса бала солардан,-деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата-ананың бақыты баланың тұлға болып өсіп, қалыптасуына байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын бала болып қалыптасуы, ата-аналар сіздерге байланысты.

Құрметті ата-ана! Еліміздің болашағы сіздің балаңыздың, яғни балаларымыздың қолында, ол бақытты отбасындағы тәрбиеге байланысты. Сондықтан да сіздердің балаларыңыз бақытқа кенелсін десеңіздер , бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермеңіздер. Әрбір отбасына бүгінгі күннің шуағындай шаттық, жылылғындай мейірімділік, қуаныш, береке бірлік, бақыт тілеймін.
Бүгінгі кездесу кешіне келген қонақтарымызға рахмет айтамыз! Ой бөліскендеріңізге рахмет !
Каталог: 4D945419AEE0CD7D
4D945419AEE0CD7D -> Көрнекілігі: ақын туралы слайд шоу, арнайы буклет, ақын шығармаларының жинағы, бейне материалдар. Кітап көрмесінің 4 кезеңнен тұрады
4D945419AEE0CD7D -> Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің тәрбие жұмысының мақсаты: ҚР «Білім туралы»
4D945419AEE0CD7D -> Тақырыбы: Америка Құрама Штаттары
4D945419AEE0CD7D -> «География әлеміне саяхат» топтық сайысы Мақсаты
4D945419AEE0CD7D -> Сабақ тақырыбы Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік мұхит. Мұхит суының температурасы мен тұздылығы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет