Тақырыбы: Алғашқы қауымдағы және көне Грек заманындағы ойшылдардың тәлімтәрбиелік ой-пікірлері Орындаған



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі62,73 Kb.
#93821
  1   2
Байланысты:
Елеусіз А 1 бөж
сил обн

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Гуманитарлық ғылымдар факультеті
Білім технологиялары кафедрасы




БӨЖ


Тақырыбы: Алғашқы қауымдағы және көне Грек заманындағы ойшылдардың тәлімтәрбиелік ой-пікірлері


Орындаған: Елеусіз А.
Қабылдаған:Тоққұлова Г.
Тобы: ППМ-711

Түркістан 2020


Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ежелгі Шығыс мәдениеті Ежелгі Греция мен Рим мәдениетіне әсері
2. Платонның педагогикалық ойлары,
3. Аристотель өзінің даму теориясы
4. Сократтың педагогикалық ой-пікірлері
Қорытынды бөлім

Кіріспе
Ежелгі Шығыс мәдениеті Ежелгі Греция мен Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізді. Со кезде Шығыс елдерінде арнаулы мектептер ашыла бастады. Мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары оқыды.
Ежелгі Индияда мыңдаған жылдар бойы қарайым жер шаруашылығымен айналысатын қауымдардың ұйымдастыруымен қауымдық мектептер өмір сүрді. Сонымен қатар, Кіші Азия мен Египетте мектепте дами бастады. Адамта табиғат құбылыстарын бақылау жүргізіп,. Су тасқынын алдын алу, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негізі қалана бастады.
Ежелгі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істеді. Онда балалар иероглиф жазуға, оқуға үйренді. Филосфия және мораль туралы ақындар мен жазушылардың шығармалыраны оқып үйренді.
Ежелгі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттеріне тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастады.
Греция бірнеше Құл иеленуші ұсақ мемлекеттен құралды. Греция тарихында екі мемлекеттің Афина және Спартаның ерекші мәні, ықпалы зор болды. Ішіндегі ірілері Аттика (астанасы Афина) және Лакония (астанасы Лакония) мемлекеті болды. Тәрбиенің афиналық және спарталық жүйесі қалыптасты. Афина мектебі балаларды өнерге баулыды. 7 жасқа дейін ер балалар мен қыздар ананың басшылығымен үйде тәрбиеленді, оларға бекітілген құлдар тәрбие ісіне көмектесті. Ер балалар 7 жастан бастап, мектептер барды. 7-14 жасқа дейін грамматист мектебіне (оқу, жазу, санау ) және кифарист мектебіне (саз, ән күй, тақпа айту), 14 жастан полестра (күрес) мектептерінде оқиды.
Спартада құлдарды қатал қанауға негізделген мұнда үстем таптың балаларына әскеи тәрбие берді 7-18 жасқа дейін мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеледі. Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суыққа, шыдамды етіп үйрету, әндер айту, найзаласу, жүгіру, секіру ойындарын жүргізді, әскери әндер айтуға үйретті.
Ежелгі грек ғалымдары мен философтары еңбектеріндет тәрбие мен оқыту мәселелеріне ерекше мән берді.
Грек философы Платон (б.з.д. 427-347 ж.) белгілі грек философы, идеалисі, Сократтың шәкірті. Оның айтуынша, тәрбие мемлекет тарапында ұйымдастырылуы қажет, өзінің мақсаты, мазмұны, әдістемесі, бойынша үстем таптың мүддесіне толықтай сәйкес келуі керек деді.
Платон философияда идеялар туралы іліммен белгілі. Оның пікірінше, тек идеялар нағын шындық ретінде өмір сүреді. Ол мәңгілік және өзгермейді. Бізді қоршаған заттар тек қана идеялардың әлсіз бейнеленуі, көлеңкесі болып табылады. Соныман қатар, ол өз пікірінде Афина және Спарта тәрбиесінің кейбір белгілерін біріктіру керек деді.
Оның пікірінше, тәрбие дегеніміз үлкендердің балаларға әсері, балаларда адамгершілікті, қайырымдылықты қалыптастыру, ол “оқу” ұғымына ғылымдарды оқып үйрену арқылы білімді меңгертуді жатқазыды, “шындық үшін ойлауды пайдалану да жанды ояту” деп түсінеді. “Кішкентай балалардың ішкі негізі, эмоциялар” болып табылады деді. Ол тәрбие құралы ретінде ойындарға, сонымен қатар әдеби шығармаларды, мифтерді, балаларға оқу және айтып беруге ерекше мән берді. Ол тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оны ұйымдастыруда “Мемлекет” және “Заңдар” сияқты трактаттарында қарастырды. Мемлекет атты еңбегінде балаларды кішкентай кезінен бастап қоғамдық тәрбие беру идеясын ұсынды. 3 жастан 6 жасқа дейін барлық бала мемлекет тағайындаған, тәрбиелеушілердің басшылығымен алаңдарда ойын ұцымдастыруға ерекше мән берді.
7-12 жасқа дейін балалар мемлекеттік мектепке барады, онда оқуды, жазуды, санауды, сөз өнерін және ән күйді үйренеді. 12-16 жастан дене тәрбиесімен жан жақты айналысқан мектепте –полестраға қатысады. Онда гимантиска жаттығуларымен айналысады.
16 жастан бастап, ғылымның негіздерін, арифметика, астрономия, практикалық мақсатта оқып үйренеді. 20 жастан бастап ақыл ой сабақтарына ешқандай қабілеттілік танытпаған жастар әскери қатарға алынады. Ал жастардың қабілеттері барлар 30 жасқа дейін философияны, арифметиканы, геометрияны, сөз теориясын оқып, үйренеді. Ол мемлекеттік қызметке тағайындалады. Ерекше дарындылары 32-50 жасқа дейін мемлекет басқару ісімен айналысады. Платонның тәрбие жүйесі дене тәрбиесіәмен шеттетуге негізделеді, құлдардың балаларына білім алуға тиым салынады. Ол мектепке дейінгі тәрбие, тәрбиенің бір ізді мемлекеттік жүйесі, жағымды үлгі өнеге арқылы тәрбиелеу туралы талаптарын ұсынады.
Аристотель (б.з.д. 384-322 жж.) Платонның шәкірті, көрнекті философ-идеалист және ертедегі Грецияның ғұлама ғалымы. Ол Платонның шәкірті бола тұрып, оның көзқарасымен келеспейді. Аристотель Платонның екі түрлі дүние туралы ілімін сынға алды: идеялар дүниесі және құбылыстар дүниесі. Аристотель дүниенің бірлігін мойындады, заттар идеяларын заттардың өзінен болуга болмайды.Кез келген зат материя мен түрдің бірлігі болып табылады.
Аристотель өзінің даму теориясына сүйене отырып, жанның 3 түрін айтты: тағамда байқалатын өсімдік түрі, түйсіктерде және қажеттіліктерде байқалатын жануарлар түрі, ойлау және танымға тән ақыл ой түрі жатады. Жанның 3 түріне сәйкес олардың әрқайсысы ерекше әсер етуді қажетсінеді. Ол тәрбиенің 3 түрін көрсетті: дене, адамгершілік және ақыл ой тәрбиесі. Ол адам тәні мен жаны боолады, материя мен түр сияқты бөлінбей өмір сүреді. Тәрбиенің мақсаты- табиғатпен тығыз байланысты жанның барлық жақтарын үйлесімді дамыту. Сонымен қатар баланың табиғатына сәйкес ол жас ерекшеліктеріне қарай тәрбиелеуді ескеріп отырды.
Аристортель педагогика тарихында алғаш рет балаларды жас кезеңдеріне бөлуді ұсынды:

  • туғаннан бастап, 7 жасқа дейін;

  • 7 жастан 14 жасқа дейінгі кезең;

  • 14- 21 жасқа дейін.

Сонымен ол отбасы тәрбиесіне ерекше мән берді. 7 жасқа дейн балалар үйде тәрбиеленуі керек деді.
7 жастан бастап балалар мемлекеттік мектепте барады. Аристотель мектептер мемлекеттік болуы керек, жекеменшік болуы тиіс емес, себебң бала тәрбиелеу ісі мемлекеттің қамқорлығында екендігін атады. Мектептерде дене тәрбиесінің болуына ерекше мән берді. Сонымен қатар саз өнерін эстететикалық, адамгершілік тәрбиесінің құралы ретінде ерекше бағалады.
Өзінің педагогикалық теориясын дамыта отырып, Аристотель құл иеленуші аристократияның өкілі ретінде ерікті туған азаматтарды тәрбиелеу туралы, құлиеленуші мемлекеттің көркеюі жөнінде қамқорлық жасағаны белгілі. Аристотельдің “Метафизика”, “Риторика”, “Жан туралы” атты құнды еңбектері бар. Аристотельдің көзқарасы антикалық педагогика және педагогика ғылымының кейінгі дамуына ерекше ықпал етті.
Демокрит (б.э.д. 460-370ж) ежелгі грек философиясының шыңы, ғұлама философ- материалист, атомистік теорияның негізін қалаушы. Оның бізге бізге жеткен көптеген шығармалары үзінділерінен Демокриттің ғылымның барлық салаларынан қолтаңбасын қалдырғанын көруге болады: философия, педагогика, психология, медицина, өнер саласында қалдырған ғылыми мұралары белгілі. К. Маркс Демокритке былай баға берген болатын “Гректің арасынан шыққан бірінші әмбебап ой иесі”.
Демокриттің тәрбие туралы ойлары педагогикалық ой- пікірдің тарихында ерекше мәні зор болды. Өзінің атомистік теориясының негізінде Демокрит жеке тұлға дамуының материалистік тұжырымдамасын ұсынды. Ол дүние материалдық, бір бірінен түрі мен жағдайы жағынан ерекшеленетін атомдардан тұрады. Ағзалардың өмірі мен өлімі атомдардың бірігуіне және ыдырауына алып келеді деді.
Демкорит жанның өлмейтінін жоққа шығарды. Ол адамның қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне байланысты деп түсіндірді. Мысалы: “Егер адам оқымаса ешкім өнерді де, даналықты да меңгермеген болар еді” деді. “Табиғаттан гөрі жаттығудың арқасында көптеген адам жақсылық қасиеттерді меңгереді”, “Кейде жас адамдарға тән ақылдылық, ал қарттарға ақылсыздық тән болса, ол дұрыс қойылмаған тәрбие және табиғат” дейді.
Демокрит ортаға, үлкендердің үлгі өнегесіне сөздік әсеріне, сендірімен, тәрбиелеуге, еңбекке үйретуге ерекше мән берді. Оның бізге жеткен еңбектерінде балаларға кішкентай кезінен бастап талаптар қою турады жан жақты айтты. Демокрит материалистік таным теориясы бойынша білімнің басы түйсіктер екендігін, ал шындық ақыл арқылы іске асатындығын, дәлелдеу, ақыл ой тәрбиесінің мәселелерін шешуде мәні ерекше екенін түсіндік.
Платонның оқу-тәрбие тәлімі
Б.з.б. 427-347 жылдар шамасында өмір сүрген. Ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті. Платон Африкадағы жоғарта дәрежедегі ақсүйек тұқымынан шыққан отбасында дүниеге келді. Платон Афинада өз мектебі Платон академиясының негізін қалады. 367 жәнс 361 жылдары Сицилияға барып, өмірінің сонғы жылдарын Афинада көптеген еңбектер жазып, дәріс оқиды. Платон жөнінде өз шәкірттерімен бірге, Аристотельдің шәкірті Аристоксен көп жазған. Тек, Диоген Лаэртский жазған Платонның өмірбаяны сақталган. Оның көп шығармалары сақталмаған. Көптеген мағлұматтар Платонның хаттары, Апулейдін. "Платон және оның ілімі жөніндегі" трактаттарында Порифирийден үзінділер, Цицеран еңбектері мен Византия сөздігіндегі Платон мақаласында сақталған.
Платон тәрбиенің бүкіл халықтығын жақтады. Тәрбие мемлекет тарапынан берілсін деп есептеді. Сондай-ақ, мектепке дейінгі тәрбиенің қоғам тарапынан болуын уағыздады. Ол Афина мен Спарта тәрбиесін біріктіре сыбайлас жүргізуді ұйғарды. Платон мектепке дейінгі ойынның рөлін жоғары бағалай отырып, әңгіменің балаларға ұғымды да, түсінікті болуын жақтады. 4-7 жастағы балаларға ойын мен әңгімені ұштастыра жүргізуді ұсынды. Ол мемлекет тарапынан берілетін тәрбиенің жуйесін ұсына отырып, кыз балалардың дене тәрбиесін жақсартуды талап етті. Сондай-ақ Платон академиясының маңызы ерекше, Платон академиясы әуелде мектеп өкілдерінің ішінен сайланған, схоларх басқаратын музаны қадір тұтатын философиялық коғам ретінде қалыптасады Платон академиясы негізінде сол дәуірдің өзінде 5 академия құрылды. 5-академия Платон философияның стоицизм, пипагоризм және перипатеттер мектебінің идеяларымен үштастырылады. Академияның оқу, тәрбие, білім алуды уағыздаған кездері болған. Осы негіздегі Платон пікірлері, ойлары мен ғылыми жүйесі педагогика ғылымының дамуына себеп болды
Платонның педагогикалық ойлары, өзінің "Макет" және "Заңдар" атты кітабында анық бейнелеген. Бұл еңбектерінде философиялық тұжырымда-рын, педагогикалық ойларымен ұштастыра түседі. Тәрбие және адамның білім алуы, оның толысуы мен қалыптасуы еңбектерінде шебер көркемделген. Тәрбиенің мақсаты, үлкендердің және жеке тұлғаның болашақ жас ұрпаққа қайырымдылық пен жан тазалығын қалдыру принципін орындауы – деген ұйғарымға келуі және тұжырымы.
Платон өз еңбектерінде мүғалімге жоғаргы талаптар қояды. Білім беруші - ұстаз, окушысы мен шәкіртінің жан дүниесін толық түсінгенде ғана тұлғаны іске, баланы білімге үйрете алады - деген тұжырымы өз дәуірі үшін материалистік тұрғыда болды. XX ғасырда орыс педагогы К.Д. Ушинский Платонның бұл пікірін, өз кезіндегі, сол бір құлдық- аристократиялық коғамдағы бірден-бір материалистік және прогрессивтік – тәрбие талғамы жоғары пікір болды"- деп көрсетті. Сондай-ақ, қайта құру дәуірінің педагогтары Платонның педагогикалық, оның ішінде тәрбие туралы ойлары, XVIII – ғасырдың аяғы, XIX - ғасырдың басындағы орыс педагогикасының тіпті жер жүзі педагогикасына зор ықпалы болғанын атап көрсетті. Платон ілімі - көбі таптық негізде құрылған. Өз заманындағы езуші үстемдік иелерін әшкерлеп, құлдық қоғамдағы ойың сойылын соғушыларды әшкереледі. Идеализмнің зардаптарын жою жолдарын, оның құралдарын төменгі таптың қолына қару етіп ұсынды.

Тәрбие ісіндегі бостандықты аңсады. Тәрбие теориясының әдіснамасын жасаушы топтар құру тәрбиенің жаңа қоғам болуы қажет - деген жаңа идея ұсынды. Балаға білім беруде, тәрбие ісінде тұтастық болсын, барлығы бірдей тәрбиеленсін, таптық қоғам, таптық тәрбие жойылсын - деген философиялық ой-пікірі "Заңдар" атты еңбегінде жандана түсті. Бала дүниеге келген күннен бастап арнаулы тәрбие мектебінде тәрбиеленсін, демек 7 жасқа дейін, мектепке дейінгі тәрбие циклінен өтсін, 7-17 жас арасында басты білім алсын, ондағы негізгі пәнді музыка мен гимнастика деп белгіледі - Платон. Оның ойынша музыка тұлғаның гармониялық өсуін қамтамассыз етсе, гимнастика әскери іске даярлайды, денесін шынықтырады. Сөйтіп, ол дене бітімі жағынан шыңдала тусетінін дәлелдеп берді. Сондай-ақ, гимнастиканы әскери іске даярлайтынын, оның саяси мәнін ашты.Ол оқуды екі циклге бөлді: біріншісі-18-20 жас, бұл практикалық оқу көбінесе соғыс қорғанысы мамандарын даярлауға арналған, екіншісі-21-30 жас арасы математика, арифметика, геометрия, астрономия, көп жағдайда техникалық пәндерді оқытуды ұсынды, ол бұл пәндерді үйрету арқылы ғылыми техникалық прогрестің мүмкіндіктерін ашуға болатынын уағыздады. 30 жастағыларды одан әрі сұрыптап, оларға 31-35 жас арасында диалектиканы оқытады. Мақсат саясаткерлер даярлау, олар айтыс туғызады, мемлекет жанжалды шешеді. Сондай-ақ, бүлар өнер сабақтарын оқып, соған үйренуі қажет. 35 жастан кейін білімділері 15 жыл бойы мемлекет басқару органдарына


жүмысқа араласады. 50 жастан бастап кемеліне келген шағы деп есептеліп, теориялық сабақтарға қатысады, педагогикалық қызметпен айналыса бастайды. Бұл кезеңді педагогика ілімінің , оқу-тәрбие ісінің халықтық қолдау мекемесінің ұжымдарын құру ұйғарылады. Олар оқу-тәрбие ісін алға апарушылар болып есептеледі.
Платон бұдан кейінгі тәрбиенің жүзеге асыруы тапсыз қоғамға тән - деген жаңа пікір-ілім жасады. Ол Платонның "Заңдар" атты еңбегінде сараланып жазылды. Сол кездегі олигархиялық құрылыс жағдайында - мемлекеттік бақылау, цензура, құқықтық сараптау, демек сарапшылар тобын құруды қажет деді. Мұның барлығы тәрбие теориясын жүзеге асыратын бақылаушы органдар болуы тиіс - деді. Баланы тәрбиелейтін салалы ағарту органдары құрылсын, ол баланы ана сүтінен бастап тәрбие ісін жандандыра түсетін болуы, оның алғы шарты жасалсын - деді. 3-6 жас арасындағы балалар хромға қатыстырылсын, Платон ілімінің тағы бір ерекшелігі бала ойының өсу, шынығу, дене бітімі жағынан, оны жетілдіретін жаттығу шара-лары екенін, педагогикалық тұрғыдан дәлелдеуі болып табылады.
Платон бастауыш білімнің тегін берілуін уағыздады. Ол орындар мектеп, гимназия, манеждер болуы тиіс, сол тәрбие осы орындарды жүргізілу қажеттігін ғылыми-педагогикалық тұрғыда дәлелдеп, оның философиялық біртұтастығын, танымдық оқу процестерін ұдайы жетілдіру ұсынып, оған арнаулы мектептер салудың қажеттілігін практикалық тұрғыда шешті. Ол 10-13 арасында бала сауатты жазуға үйренсін және математиканың бастама ережелерін толық меңгеретін болсын -деген педагогикалық ойын жетілдіре түсті. Демек, Платон өмір сүрген дәуірде, оның ілімінің негізгі ережелері мен қағидалары ой-пікірлері, одан кейінгі дәуірлерде Еуропа педагогикасын
дамытуға қалдырылған мол мұра екені тәжірибеде айқындала түсті.

Сократ (б.з.д. 469-399 ж) философ –идеалист болды, өзінің демократиялық шығу тегіне қарамастан (кедей қолөнершінің баласы) ол консервативтік жер аристократиясының идеологы болып табылады. Оның түсіндіруінше, дүниенің құрымын, заттардың физикалық табиғатын тануға болмайды, адамдар тек өзін өзі тануы мүмкін, жалпыға бірдей, мәңгілік және өзгермейтін адамгершілік ұғымдар өмір сүреді.


Тәриенің мақсаты заттардың табиғатын зерттеу емес, ол өзін өзі танып білуі, адамгершілікті жетілдіруі болуы керек деді.
Сократ этикада рахымшылдық, мейірімділік, білімде, даналықты, жақсылықты терең түсінгенде ғана мейірімді бола алады, ол ақиқат-шындық, таза болмыс адам ақылының алғы шарты деп, өз кезеңі үшін ақылды дамытуды уағыздады. Саясатта Сократ әділетсіздікке негізделген барлық басқару формаларын- монархияны, тирантияны, аристократияны, плутократияны- түгелдей сынға алды. Алайда, ол әділеттілікке негізделген мемлекетті қажет деп тапты. Сократ философия тарихында ақиқатты талмай іздеген терең, дара ойшыл ретінде орын алып, сақталады.
Ол философия мен педогогиканың көкейкесті мәселелерін зерттеп, ғылымның кең жолына бет бұрған. Оқытуға ауызша баяндау әдісін енгізген, өзі эксперимент жасаған. Афин көшелеріне, алаңдарға, үй алдына көптеген адамдар жинап, сол кезеңнің ерекшелігі туралы жиі-жиі бас қосу жасап тұрған. Жинаған қауым оны “Сократтың индукциялық-өзіндік үздік ой– пікірлерін қабылдаған. Айнала орта туралы көптеген сұрақтарға жауап берген. Демек,ол осылай ойды философиялық оқу-ағартумен, тәрбиемен ұштастырған. Мұғалімнің танымдық ой-өрісін дамытудың педагогикалық жүйесін жасап ұсынған.
Сократтың педагогикалық ой-пікірлері этика-философиялық негізде жасалды. Ол адам табиғаттың рахымы мен байлығын,оның құдіретті күшін қоғамға, айнала ортаға жеткізуші екенін айта келіп, адамның өзі табиғаттың туындаушысы деген тұжырымға келді. Адам өзі өскен ортадан ешқандай зақым көрмейтін болсын-деді. Осы негізде ол тәрбиенің демократиялық бағытта дамуын қуаттады. Сондай-ақ ол бала қасиетінің, оның туа біткен кейбір ерекше қасиеттерін сақтап қалуды педагогтар мен ұстаздар еңбегінің жемісі болуы тиіс- деді.
Ұстаз бен шәкірттің арақатынасы туралы нағыз демократиялық бағытты ұстады. Ең біріншіден мұғалім үлкен беделге ие болады, сонда ғана оны оқушы сыйлайды. Бала білгенін ұмытпайтын болсын. Алайда ол мәңгүрттікке ұшырайды, ол үшін тәрбие құрғақ жаттауға құрылмайтын болсын, мазмұнының мәні артсын. Ол философиядағы әмбебаптық білім беруді жақтады. Қандайда оқу мен тәрбиенің түрі сатылы-басқыштық деңгейге көшсін, жүйелі білім жүйелі ұғым мен түсінікке баулиды. Одан жоғарылап бүкіл халықтық педагогика мен халықтық тәрбиенің негізі-түпнұсқа жасалады-деп өзі өмір сүрген заман үшін прогрессивтік идеяны қуаттады. Жеке тұлға дамуын жақтай отырып эстетикалық тәрбиені, этикалық парасаттылық, инабаттылық, қайырымдылық, ұждағаттылық, тағылымдық-талғампаздық-адам болмысының жүйелі дамуын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет