Тақырыбы: «Қазақ халқының материалдық мәдениеті» Мақсаты



Дата23.08.2017
өлшемі51,26 Kb.
#24929
Тақырыбы: «Қазақ халқының материалдық мәдениеті»

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу.

Дамытушылық: материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту, мәдениетті жан-жақты қырынан тани білуге көмектесу, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті байланыстыра отырып, оларға өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу.

Тәрбиелік: қазақ халқының бай мәдениетіне деген құрмет сезімін дамыту, мәдениетке деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру, материалдық мәдениеттің озық үлгілерімен таныстыра отырып эстетикалық тәрбие беру.



Көрнекілік: ұлттық киім, тұрмыстық бұйымдар, слайд – презентация.
Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен салемдесу. Сабақтың жоспарымен

таныстыру.

2. Үй жұмысын тексеру.

Өткенді қайталау.

Тарихты оқып білу не үшін қажет деп ойлайсыңдар ?

Қазақстан тарихы неше кезеңнен тұрады?

Қандай тарихи дерек түрлерін білесіңдер?

Ауызша деректер туралы не айтар едіңдер?

Ежелгі түрікі тайпалары туралы айтып беріңдер ?

«Алтын киімді адам» Қазақстанның қай жерінен табылды?

Шығыстың көрнекі ойшылдары нан кімдерді білесіңдер?

Отырар апатынына қандай жағдайлар себеп болды?

Қазақ хандығы қалай , қашан құрылды?

Қазақтың қандай билерін , батырларын білесіңдер?

Қандай қазақтың хандарын білесіңдер?

Қазақтың көрнекі ғалымдары мен ағартушыларын оқыдыңдар Ш. Уәлиханов кім еді? ағартушы Ы.Алтынсарин туралы айтыпберіңдер? Ұлы ақын А. Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білесіңдер

3 Жаңа тақырып.

Мәдениет – адамдардың өмірдегі қол жеткізген табыстары.

Мәдениет: рухани, материалдық.

Рухани – оқу-білім, ғылым, өнер, әдебиет, наным-сенімдер.

Материалдық –күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар, еңбек құралдар, баспана, киім-кешек, тағамдар т.б..


«Қазақтардың материалдық мәдениеті» презентациямен жұмыс.

Мұражайға хош келдіңіздер!

Бүгін біз сабағымызда мұражайға саяхат жасаймыз. Біздің саяхатымыз жоспар бойынша 3- бөлімнен тұрады:


  1. Қазақ халқының баспанасы

  2. Қазақ халқының ұлттық киімдері

  3. Ұлттық қолөнер

Бүгінгі біздің сабағымыздың ұраны: «Өткендерін жек көрген – өшкендіктің белгісі, Өткендерін ескерген – өскендіктің белгісі»

Презентация барысында оқушылар қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарымен, ұлттық киімдерімен, ұлттық баспана – киіз үйімен тереңірек танысады



  1. «Қазақ халқының баспанасы» бөліміне хош келдіңіздер

Алғашқы баспаналар. Оқушылар слайдтағы суреттер арқылы алғашқы баспаналармен танысып әңгімелейді.

Киіз үй. Киіз үйдің бөлшектері мен жабдықтарын слайд арқылы баяндап таныстырады.

Киіз үй көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әртүрлі болып келеді.

Кереге - киіз үйдің қабырғалары. Керегенің көктеліп

біткен әр бөлігін қанат деп атайды

Шаңырақ - киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез.

Сықырлауық (жарма есік)

- кереге шеңберін тұйықтап,кіріп-шығу қызметін атқарады.

Уық – кереге басы мен шаңырақты бекітетін ағаш

Тапсырма:

Киіз үйдің қандай түрлерін білесіңдер?Екі топ кластер сызады.

Орда - салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін аса құрметті хан, би сұлтандар отыратын үй.

Алтын орда – 30 қанаттан тұратын, ханның мәжіліс ордасы.

Алтын үзік - 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.

Ақ шаңқан -18 қанаттан және 12 қанаттан тұратын елбасылар, бай, билер тұратын киіз үйлер,

Ақ ала орда - сегіз қанатты, дәулетті бай үйі.

Ақ үй- 6 қанатты дәулетті адамдар үйі.

Боз үй, қоңыр үй -4-5 қанатты орташалар тұратын киіз үй.

Қараша үй- кедей үйі

Отау –жас жұбайлар үйі

Киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, шиден құрастырылады. Дала тұрғындарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы, мәдениет пен өнердің білімпаз сарапшылары, халықаралық этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне үлкен баға беріп отырған.


  1. «Қазақ халқының ұлттық киімдері» бөліміне хош келдіңіздер!

Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де, еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайларымен көрмелерінен орын алған.

Тапсырма:

«Орнын тап!» Ер адамның, қыз баланың, әйел адамның ұлттық киімдерін кестеге кітаптан теріп жазу керек. Кітаппен жұмыс.

Жаңа сөздермен жұмыс. Дәптермен жұмыс.

Күлпара – жел, су, суық өткізбес үшін басқа жамылатын киімнің түрі

Сәукеле –қыз балалардың, ұзатылатын қыздың киетін бас киімі

Қамқа тон – бай, мырзалар киген, әдемеліпі тігілген тон.

Саптама- іші кигізбен қапталып тігілген ер адамдардың аяқ киімі

Жақы – жылқы терісіне тігілген ерлер киімі.

Шекпен- түйе жүнінен тоқылған жаздық сыртқы киім. Шекепеннен су да, жел де өтпейді

“Ең әдемі киім- ұлтыңның киімі” деген керемет сөзбен мұражайымыздың осы бөлімін аяқтағым келіп тұр.




  1. «Ұлттық қолөнер» бөліміне хош келдіңіздер!

Тапсырма:

Қолөнер бұйымдарына нелерді жатқызуға болады? Екі топ кластер сызады.

(Төсек орын, ағаш төсек, сырмақ, жүкаяқ, қымыз торсық, саба, алтын ыдыс-аяқтар, әшекей бұйымдар, қапсырмалар, білезіктер, сақиналар, сырғалар) Қолөнер бұйымдарының суреттері слайд арқылы көрсетіледі,

Қорытындылау:

Мұражайдан алған білімдерің арқылы қазақ халқының материалдық мәдениетін шетелдік азаматтарға қалай таныстырар едіңдер?

Салттарымызды, мәдениетімізді сақтап, ұрпақтан ұрпаққа таратып, алға баса берейік!

4. Үй жұмысы. Эссе жазу «Мәдениетім – мақтанышым!»

Тақырыпты оқу

«Үй жихаздары», «Тарихи-мәдени ескерткіштер» тақырыптарында әнгіме құрау

5.Бағалау

Мариновка қазақ орта мектебі



Ашық сабақ

Тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Өткізген: Тарих пәнінің мұғалімі Мухара Кадирхан
Сыныбы: 5 сынып

2016-2017 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет