Тақырыбы: Қазақ тілінен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған олимпиадалық тапсырмалар жинағы «Бозанбай орта мектебі»



бет1/3
Дата28.01.2018
өлшемі0,7 Mb.
#35308
  1   2   3
Тақырыбы: Қазақ тілінен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған олимпиадалық тапсырмалар жинағы

«Бозанбай орта мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі: Саденова Л.С.

Аннотация

Мақсаты: Білімнің тереңдігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, оқушының дарындылығын тану үшін қазақ тілі пәнінен олимпиадалық тапсырмалар жинағы ұсынылып отыр.

Міндеті: 4 - сыныптағы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту және бағдарламалық білім, білік дағдыларын қалыптастыру, мазмұнын тереңдету.

Болжамы: Егер оқушыларды тек қана математика пәнінде ғана ойландырып қоймай, қазақ тілі пәнінен де ойландыратын тапсырмаларды орындатсақ шығармашылық қабілеттері , логикалық ойлау қабілеттері артып, дарындылықтары айқындала түседі. Олар өмірде тез, әрі дұрыс шешім қабылдауға бала жастан бейімделеді.

Күнделікті өмірде адамдар күрделі мәселелер шешімін оңай тауып жатады, ал кейбіреулер жай тапсырмалардың шешуін таппай тығырыққа тіреліп қалады. Дұрыс шешім қабылдау үшін жағдайды дұрыс бағалауды қалай үйренуге болады? Өмірде жетістіктерге жету үшін адам баласы қандай қасиеттерге ие болуы қажет? Сол қасиеттерді қалай дамытуға болады?

Ол үшін мектеп жасынан баланы ізденімпаздыққа ұмтылдырып, шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, танымдық қабілеттер мен басқа да қасиеттерді оқушының бойындағы қабілеттері мен икеміне қарай дамытуға болады.

Ең бастысы жеке –дара өз бетімен ойлануға баулу керек., дұрыс шешім қабылдаудың әр түрлі жолдарын іздестіру керек. Бұл қасиеттер мен дағдылар баланың өмірде үлкен жетістіктерге жетуіне көмектеседі. «Қазір және әрқашан өзің үшін жұмыс істе!» - міне, логикалық тапсырманың негізгі тақырыбы осы. Ойлау мен тіл бір –бірімен тығыз байланысты. Ойлау қызметі негізінде ойды дамыту, тексеру, салыстыру, жіктеу, ең бастысын белгілей алу, дәлелдеу, пікірін айту, жазу, өзгемен хабарласу және жауап бере алу.

Аталған тапсырмалар жинағы 4 - сыныптағы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту және бағдарламалық білім, білік дағдыларын қалыптастыру, мазмұнын тереңдетіп меңгертуді көздейді.

Білімнің тереңдігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, оқушының дарындылығын тану үшін қазақ тілі пәнінен ойландыратын логикалық, олимпиадалық тапсырмаларға жете көңіл қойылады.

Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының жалпы ой - өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық, дарындылық қабілеттері ұшталып, шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай, дәлелдей білуіне мүмкіндік жасалады.

Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтереді.

Қазақ тілінен 4- сыныпқа арналған олимпиадалық тапсырмалар жинағы оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды.

Мазмұны

Кіріспе


  1. 4 – сынып оқушыларын олимпиадаға дайындауға арналған тапсырмалар

1. 1. Логикалық тапсырмалар



    1. Фонетика бөлімі бойынша тапсырма

    2. Лексика бөлімі бойынша тапсырмалар

    3. Синтаксис бөлімі бойынша тапсырмалар

    4. Морфология бөлімі бойынша тапсырмалар

1. 5. Логикалық тапсырмалардың жауабы

Әдебиеттер тізімі






























    1. Логикалық тапсырмалар



  1. Әрқайсысының аты екі бітеу буыннан құралған жеті құстың атын тауып жаз.

  2. Алфавиттің 7 - әрпінен басталатын сөзге жұмбақ құрастырып жаз.

  3. Төмендегі дауыстылардың қатысуымен жасалған сөздер ойлап жаз.

Дәрілік өсімдік ... а...а...а...

Құс атауы ...а...а...а...

Жәндік ...а...а

Үлкен қап ...а...а...



  1. Қыстырма сөздерді қатыстырып 3 сөйлем құрап жаз.

  2. Бірінші буыны ашық буыннан тұратын, екінші буыны бітеу буыннан тұратын бес кісі атын тауып жаз.

  3. Өлеңнің ұйқасын тауып жаз . Осы өлеңді қара сөзбен жазып , мәтін құра.

Бастауы білімнің

Балам менің таң қалып,

Әліппені ...

Сөз құраған әр ...

Білім нұрын ...

Асыл сөзін тілімнің

Бойға құйған ...

Нақ бастауы ...

Қырық екі ...

Әли Ысқақов


  1. Әрқайсысының аты екі бітеу буыннан құралған 7 адамның атын жаз.



  1. Метаграмманы шеш. Осы сөзге фонетикалық талдау жаса.

Метаграмма

Мені қалтаңа саласың,

Әмиянға да тығасың.

Егер «ы» -ны «і» - ге ауыстырсаң,

Орманнан тез табасың.

(Шешуі ...)



  1. Мына жұмбақталып берілген біріккен сөздің атын тап: (екі түбірден бір біріккен сөз шығады)

Адамның дене мүшесінің атауы ...

Ыдыстың атауы ...



Біріккен сөзді сөз құрамына талда.

  1. Мына жұмбақталып берілген біріккен сөзді тап, сөз құрамына талда:

Өзі қатты өлі табиғат денесінің атауы ... , қосмекенді ...

  1. Аталған біріккен сөз туралы сипаттау мәтінін құрап жаз.

  2. «Асық ойнаған озар» тақырыбына әңгіме құрап жаз. Таңдаған үш сөйлеміңді сөйлем мүшесіне талда.



Әріптердің орнын ауыстырып, мына сөздерден сөз құрап жаз:

Пікір –


шырша –

қалам-


алма-

  1. Әріптерді орнына қойып, сөз тіркестерін құрастыр. Оларды қатыстырып сөйлем құрап жаз.

Ы Л С А ЕЖӘ ______________________

ЗҮТУЗЫСЫҚ ______________________

ҚУЫСҮНК ______________________

14. Мына әріптер айнаға қарағанды жақсы көреді екен. Неге екенін тауып көрші.

Т М Х Ж Ф П Н А І Ү Ұ О Ө Ш



15. «Ана» сөзіне 5 жолды өлең құрап жаз. (Синквейн) Осы сөзге фонетикалық талдау жаса.

16. «Көктем маған несімен ұнайды» тақырыбына шағын эссе құрап жаз. Бірінші сөйлеміңдегі сөздерді сөз құрамына талда.

17. «Жаңбыр» сөзіне ассоциация жаз. Осы сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жаз. (Жаңбыр дегенде ойыңа не келеді соны жаз)

18. «Ана» сөзіне ассоциация құрап жаз. Осы сөзді пайдаланып, жайылма сөйлем құрап жаз.

19. «Мен не жазарымды білмей отырмын» ... деп бастап еркін тақырыпқа шығарма жаз. Жазған шығармаңда үш қыстырма сөз болсын. Соңғы сөйлеміңді сөз табына, сөйлем мүшесіне талда.

20. «Жер» сөзіне бес жолды өлең құрастыр және фонетикалық талдау жаса.

21. Көп нүктенің орнына антоним сөзді қойып мақалды аяқта.

1. Ағаш кессең, ұзын кес,

... оңай

Темір кессең, ... кес,

... оңай.

22. Берілген сөйлемді сөз табына және сөйлем мүшесіне талда.

Біз өзімізге берілген тапсырманы жақсы орындап шықтық.



23. Мына сөздердің баламасын тауып жаз:

Бармағын тістеді -

Ереуіл атқа ер салу -

Инемен құдық қазғандай -

Кежегесі кейін тарту –

Мұзға отырғызу –



Осы сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрап жаз.

24. Берілген сын есімдерден зат есім жаса:

Дәулетті –

Қу –

Ажарлы –


Үлгілі –

Айлакер –



25. Қызанақ сөзінің ортасында не бар?

26. Пайымдау мәтінін құрап жаз.

27. Шығармашылық жұмыс

Гүрілдеді, оқып отыр, ашылды, жүзді, шомылды



  1. Осы сөздерді қатыстырып жалаң сөйлем құрап жаз.

  2. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жаз.

28. Анаграмма - бір немесе бірнеше сөздердің әріптерін кері оқу.

Кері оқығанда да, сол сөз шығатын үш сөз ойлап тауып жаз. Мысалы: «нан» сөзін қері оқысаң да сол сөз шығады.



29. Логогриф

Желкеде тұрағы,

Үнемі ойлап тұрады.

Қоссам егер бір буын

Ел басқарып шығады.

Логогрифтің шешуі болған сөзді қатыстырып сөйлем құрап жаз. Сөйлемді сөз таптарына талда.

30. Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаң мақал толық шығады. Сан есімнің түрін анықта.

Ер жігіт ... күнде ... кісілік,

... күнде ... кісілік.

29. Сөзжұмбақ шешейік

Бұл сөзжұмбақта ұлттық бұйымның бірі жасырылған

1 11





2

3



4

5

6



6

7

8



9

10

11



12

1. Жұмсақ ойыншық жасағанда ішіне не саламыз?

2. Жүнді әжелеріміз немен иіреді?

3. Үлескіде пайдаланылатын құрал.

4. Илеуге келетін еңбек құралы

5. Қолымызға ине кіріп кетпеу үшін саусағымызға киетін құрал?

6. Үй жићазы.

7. Жылдың қай мезгілінде ағаш отырғызады?

8. Қысы - жазы бір түсті ағаш.

9. Тігу үшін қажетті құрал-жабдық.

10. Қағаз бір-бірімен дәл бүктелсе не дейміз?

11. Қағазды, матаны немен қиятын құрал.

12. Еңбек сабағына қажетті құрал..


Каталог: uploads -> doc -> 0c3c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c3c -> Сабақтың тақырыбы: Ұшқан ұя. Бауыржан Момышұлы Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет