Тақырыбы: «Қазақша сөйлейміз» Мақсаты: Білімділік



Дата29.01.2018
өлшемі48,5 Kb.
#35760
Тақырыбы: «Қазақша сөйлейміз»

Мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың қазақ тілі пәні бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін көтеру.

  2. Дамытушылық: түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

  3. Тәрбиелік: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жнрін, елін сүюге, халық дәстүрлерінсыйлауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі және әдебиет.

Көрнекілігі:кеспе қағаздар.
1-жүргізуші: Құрметті әріптестер, оқушылар!

Бүгінгі «Қазақша сөйлесеміз, үйренеміз» атты өзге ұлт өкілдеріне арналған іс-шарамызды «Тілдер мерекесіне» арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз-басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру.
2-жүргізуші. – Қазақстан мемлекетінде 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектепте оқитын басқа ұлт өкілдерінің арасында «Қазақша сөйлесеміз, үйренеміз» атты сайысымызды бастаймыз.

1-жүргізуші: Бүгінгі сайыс сабағымыз мынадай кезеңдерден тұрады:

1. Таныстыру

2.Дода

3.Сөз мәйегі-мақал

4.Кім тапқыр?

5.Полиглот болғың келсе.

6.Ойлан,тап!

2-жүргізуші: Сайыскерлердің білімін таразылап, өнеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1-жүргізуші:Беташарын сайысымыздың бастайық,

Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін

Өнеріне ду қол соғып қостайық.

2-жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!



Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!
1-кезең. Таныстыру.

1-топ. «Жасұлан» 2-топ. «Топжарған»

Қалықтап көкте жас қыран, Шығарар намыс топты алдан,

Халықпыз сөзге тоқтаған. Дуалы ауыз тілге арман.

Тілімен топты жаратын, Сайысқа келдік біліммен,

Тобымыз біздің – «Жасұлан». Тобымыз біздің-«Топжарған»
2-кезең. «Дода»

Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап берулері керек.

1-топқа.

1.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?(42 әріп)

2.Қ.Р.мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)

3.Қыста не жауады?(қар)

4.Жаңылтпаштың сөздері қалай айтылады?(тез,шапшаң)

5.Күздің 1-ші айы?(қыркүйек)

6.Абай Құнанбаевтың шын аты кім?(Ибраһим)

7.Буынның түрлері нешеге бөлінеді?(3-ке)

8.Бір тәулікте неше сағат бар?(24 сағат)

9.Наурызда пісірілетін басты тағам.(Наурызкөже)

10.Қазақстан туының түсі қандай?(көк)
2-топқа.

1. Тамыз айының орыс аудармасы.(август)

2.Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?(4 түрі)

3.Қыс айларын ата.(желтоқсан,қаңтар,ақпан)

4.Тұрлаулы мүшелерді атаңдар.(бастауыш,баяндауыш)

5.Қазақ тіліне тән дыбыс нешеу?(9 дыбыс)

6.Қазақ тілінде неше септік бар?(7 септік)

7.Бір жылда неше күн бар?(365-366)

8.Тамақты сақтайтын салқын жәшік?(тоңазытқыш)

9.Жүз жасаған ақын?(Жамбыл Жабаев)

10.Сөйлем неден құралады?(сөзден)
3-кезең. «Сөз мәйегі-мақал»

Сайыскерлер Отан, тіл, достық туралы мақалдар айтудан жарысады.

1-ші топ.

-Басыңды дауға берсең де,жолдасыңды жауға берме.

-Тәрбие басы-тіл,өнер алды-тіл.

2-ші топ.-Дос сыртыңнан мақтар,дұшпан көзіңе мақтар.

-Тілі өлген ел-тірі өлген ел.
4-кезең. «Кім тапқыр?»

1-ші топ.

З,А,Н,Қ,А,Т,С,Қ,А

2-ші топ.

М,Е,Л,К,Е,М,Т,Е
5-кезең. «Полиглот болғың келсе.»Берілген сөздерді аудар,қанша тіл білсе,сонша тілде айтады.

1-ші топ.-Воскресенье,день,город,независимый,утро.(Жексенбі-сандэй,күн-дэй,қала-сити,тәуелсіз-индепендэнт,таң-монинг)

2-ші топ.-Пятница,ночь,улица,народ,Родина.(Жұма-Фрайдэй,түн-найт,көше-стрит,халық-пипл,Отан-хомлэнд)

6-кезең. «Ойлан,тап!» Мына сандарды дұрыс атасаңдар,бір жануарлардың аты шығады.Ең бірінші әріпті айтып отырасыңдар

1000 60 80 60

5 10 9 6

1-жүргізуші:

«Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты», - дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік.
2-жүргізуші:

-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Қазақша сөйлейміз» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл -әр ұлттың қайталанбас байлығы дегендей, бүгінгі сайысымыз аяқталды.Назар қойып, тыңдағандарыңызға рахмет. Сау саламат болыңыздар!
Каталог: uploads -> doc -> 0778
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0778 -> Сабақтың тақырыбы : Кіріспе. Сабақтың мақсаты
0778 -> Балаларды тәрбиелей отырып, ата-аналар еліміздің болашақ тарихын, демек, дүниенің де тарихын тәрбиелейді
0778 -> Сабақ көрнекілігі: құрақтың түрлі үлгілері, түрлі түсті маталар, астарлық мата, мақта, көшпелі тақта, қоржын, асық, құрақ үлгілер буклеті, қайшы, бор, өлшегіш таспа, ине, жіп, қалам, бағалау
0778 -> Сабақ жоспары: Пәні: Информатика Тобы: ш-09, в-09 Күні, айы, жылы: 15. 10. 2009 жыл Сабақтың тақырыбы: «Негізгі аналық тақшада орналасқан жүйелер» Мақсаты
0778 -> Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет