Тақырыбы: «Азғыр полигоны-бейбіт халықтың мұңы» Мақсаты: 1



бет1/2
Дата26.08.2017
өлшемі0,98 Mb.
#28385
  1   2
Атырау облысы

Құрмағазы ауданы

Еңбекші орта мектебі

Тақырыбы:«Азғыр полигоны-бейбіт халықтың мұңы»

Сынып жетекші: Масалимова Гулшат Ғалымқызы

2014 жыл


Тақырыбы: «Азғыр полигоны-бейбіт халықтың мұңы»

Мақсаты:1) Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, экологиясы нашар аймақтармен таныстыру.

2) Оқушыларды жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, туған жердің табиғатын сүюге және қамқорлық, жанашырлық сезімдерін ояту.

3) Оқушыларды еркін сөйлеуге, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: өнеге сабағы

Әдісі : танымдық сабақ

Көрнекіліктер: қанатты сөздер, суреттер,интерактивті тақта, мультимедиялық презентация



Жоспары: а)Ұйымдастыру

ә)Психологиялық дайындық



I.Қызығушылықты ояту

Табиғат туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?



II.Мағынаны тану.Слайд-шоу:

Полигон сөзі қандай мағынаны береді?

Азғыр полигоны туралы деректер көзі.

ІІІ. Оқушылар шығармашылығы

а)”Егер мен табиғат болсам...”

ә) “Егер мен ақын болсам...”

б) “Егер мен суретші болсам...”

в) оқушылардың мұрағат деректерінен келтірілген үзінділерді баяндауы

ІV. Суреттер топтамасы

(Азғыр полигоны туралы фото-монтаж)



VІ. Түйін

Жүру барысы:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Ашық тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру.

Психологиялық шаттық шеңбері.(оқушыларға бір-біріне жылы сөздер айту, шаттық пен күлкі сыйлау т.с.с. жүректен шыққан сөздер айтып, ойын ойнау)

Қызығушылықты ояту:Табиғат туралы оқушылар мақал-мәтелдер айтады.

Оны тақтаға іледі.



Мөлдір:-Жер,жалпы табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя тал бесігі.Барша адамзат өкіліне –ауа, су, жер ортақ.Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау-баршамыздың міндетіміз!

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпияда сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім болды. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га. жері 40жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғи әсем де шұрайлы жайылымдар еді. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбританияда, Қытай, Франция, Үндістан, және Пәкістанда сыналған. Оның үстіне дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр Ресей мен Лонбор, Қытай, Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар. 
Атырау облысы Қазақстан республикасының экологиялық зардапты облыстар қатарына жатады. Дегенмен соңғы жылдары облыста табиғи байлықтарын игеруге баса көңіл бөлінуде. Аймақтың экологиялық және социалдық жағдайларына олардың шеккен зардаптарына әлі күнге дейін мән берілмей келеді.
Адамзаттың күшті геологиялық күшке айналатынын оның ойымен еңбегімен биосфераның қайта құрылуы мүмкіндігін ғалымдар бұдан бірнеше жыл бұрын дәлелдеген «Табиғатты бағындыруға және оны қалпына келтіруге болмайтыны, бірнеше жылдардан кейін кейбір процестерді өзгертуге де болмайтыны ақиқат. Міне, сол кезден бастап табиғи орта адамзаттан кек алуға кіріседі» деп Вернадский 1943 жылы өз пікірлерін айтқан еді.
1950-1994 жылдарда жердің биосферасында 2049 ядролық сынақтар жүргізілген, оның ішінде АҚШ-та – 1032, Невадада – 715, Семейде – 456, ал Азғыр бөлімінде – басқа сынақтарды есептемегенде осы жылдардың ішінде 24 атомдық жарылыс басқада бірнеше мыңдаған снарядтар жарылыс сынағынан өткен. Сол ракеталардың сынақтарынан қалған қалдықтарын, пайда болған апандары әлі күнге дейін Азғыр-Нарын-Тайсойған жерлерінен кездестіруге болады.
Полигон (гр. polygonos көп бұрышты) — қару-жарақ пен әскери техникаға сынақ жүргізуге, әскерлердің (флот күштерінің) жауынгерлік дайындықтары бойынша шаралар және тактика аумағында зерттеулер жүргізуге арналған үстіндегі әуе кеңістігін қамтитын құрлықтағы немесе теңіздегі арнайы бөлінген және жабдықталған өңір; тәжірибелік және сериялық қару-жарақ пен әскери техника сынақ жүргізуге, әскерлердің (флот күштерінің) қатысуымен шаралар өткізуге арналған ғылыми-зерттеу (сынақтан өткізу) мекемесі (ұйымы). Полигондар тұрақты және уақытша (бір жолғы сипаттағы жеке міндеттерді орындау үшін), арналуыла қарай ғылыми-зерттеулік (сынақ жүргізу), оқу-жаттығулық (әскери, теңіз) және зауыттық, сынақтан өткізілетін құралдардың түріне қарай —ядролық,ракеталық,артиллериялық, зениттік, танкілік, атқыштар, авиациялық, торпедалық, инженерлік, автомобильдік, байланыс және т.б. болып бөлінеді.

«Азғыр» ядролық полигоны (әскери шартты аты «Галит») – бұрынғы КСРО Қорғаныс министрлігі мен Атом өнеркәсібі министрлігі және Бүкілодақтық эксперименттік физика ғылыми-зерттеу институты («Арзамас-16») мамандарының басқаруымен ядролық жарылыстар сыналған құпия сынақ аймағы. Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Азғыр ауылынан 15 км-дей жерде орналасқан. Ауданы 0,6 миллион гектар.

Онда 1966 жылы сәуірден 1977 жылы қазан аралығында 17 ядр. жарылыс (165 – 1500 м тереңдікте) сынағы жүргізілді. Ядр. қуат күші 10 – 25 кт-ға жеткен. Осының салдарынан жер астынан жалпы көл. 1,2 млн. м3 9 қуыс пайда болды. 1991 – 92 жылдары осы қуыстарды тексеру кезінде ыдырайтын радиоактивті заттардың сақталғаны анықталды («А.» я. п-ндағы 9 жер асты қуысындағы радиоактивтік заттардың қалдықтары 1996 – 97 жылдары көмілді). Сондай-ақ бұл жерлерде таллийқорғасынкадмийкүшәлабромхлоридсульфаттардыңмөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары болған. Жер асты сулары ауыр металдармен ластанған. Радиоактивті заттармен ластанған топырақты, суды, егістік жерлерді, мал жайылымдарын тазартып, залалсыздандыру жұмыстары аяқталмаған. «А.» я. п-ндағы жергілікті тұрғындарды мед. тексеруден өткізгенде, ауруға шалдыққандары мен қайтыс болғандарының саны (әсіресе балалардың) облыстағы орташа деңгеймен салыстырғанда 2 – 2,5 есе жоғары болған. Әсіресе рак (ісік), сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуы басым (балалардың 95%-ы анемия ауруына шалдыққан). Сонымен қатар мал өлімі де көбейген. Мыс., 1992 жылы Құрманғазы ауданында ірі қараның 40%-ы, жылқының 35%-ы, түйенің 30%-ы, қойдың 20%-ы шығынға ұшыраған.



Оқушылар шығармашылығы

а)”Егер мен табиғат болсам...”оқушылар өздерінің таза жүректерінен шыққан шығармаларын оқып береді.Заманбек, Нұрлы, Мөлдір

Ә) “Егер мен суретші болсам...” Бұл бөлімде сыныптағы суретті жақсы салатын оқушылардың суреті көрмеге қойылып, сол туралы пікірлері тыңдалады. Асылан, Бекзат

б) ) “Егер мен ақын болсам...” Бұл бөлімде сыныптағы өлең шығаратын оқушылардың өлеңдері тыңдалды. Сонымен қатар басқа ақындардың табиғатқа арнаған өлеңдерін оқушылар тебірене оқиды.

1-оқушы өз шығармашылығын оқып береді.

2-оқушы:


Қайран далам!Менің дағы жүрегім тілім-тілім

Алаңсыз ата-бабам сайраңдаған

Көсіліп жатырсың-ау ,қайран далам

Толассыз қапылыстың, жарылыстың Уытын өн бойына жайған далам

Аң-құсың безіп кетті пана таппай!

3-оқушы:


Менің дағы жүрегім тілім-тілім!

Жазылмайтын мәңгіге жарақаттай

Армансыз ата-бабам сайраңдаған

Қоңырсып жатырсың-ау ,қайран далам!

Өрт шалып өзегіңді тұрған кезде

Тыныштық бола қойсын қайдан маған?

4-оқушы: Күй «Балбырауын»

Мұрағат құжаттарынан алынған деректерге кезек берейік:

Оқушылар өздері «А»я.п туралы дерекрге көз жүгіртсек. ой қозғайды.(2 оқушы айтады)

1)Дина:



Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет