Тақырыбы: Қазіргі балабақшада тәрбие жүйеснің жүргізілуі



Дата15.04.2020
өлшемі14,2 Kb.
#62607
Байланысты:
теория
оқушы мұғалім қарым-қатынасын анықтау, 8 сынып олимпиада тапсырмалары физика, Сем.жұмыс
Тақырыбы: Қазіргі балабақшада тәрбие жүйеснің жүргізілуі.

Қазақ халқы жалпы ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек.» Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы»-деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби-ойын әрбір ұстаз,әрбір тәрбиеші,әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр болар еді.Оқу мен тәрбие бір-бірінен бөлек алынып, қаралмайтынын күрделі процесс.Сондықтанда мектеп жасына дейінгі балаларға үлгілі тәрбие берудің маңызы зор.Кішкентай сәбилеріміз ата-анасының, тәрбиешісінің,достарының мінезінен жүріс тұрысынан,сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады.Осыған орай Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген болатын:»Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай,келешек заманына лайық қылып шығару керек». Мағжан атамыз айтқан даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ керек екенін айқындайды.Өйткені елдің ертеңгі тірегі жастар.Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс.

Қазіргі таңда тәрбиешілер қауымына үлкен жауапкершілік артылып отыр. Бала тәрбиесі тек тәрбиешінің емес, баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаныңда, Мектептің де,мақсат мүддесі біреу,ол заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу. Бүлдіршіндеріміз балабақшада бірінші өз-өзіне қызмет етуді үйренеді. Тәрбиеші көмегімен жуынып,киініп,сүртінеді,бір-біріне көмектеседі. «Рахмет, кешір, өтінемін сөздерін айтуды үйренеді.Топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстауды үйренеді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажет ермек саз, тақтайша, қылқалам т.б. заттарды дайындауға көмектеседі. Серуен кезінде гүлдерді қопсыту, шөптерін жұлу, ойын алаңын таза ұстауды үйренеді. Міне,осылайша біз бүлдіршіндерімізді тазалыққа, әдептілікке, кішіпейілділікке, еңбекке шақырып баулимыз. Әрине әрбір жасалынған істен кейін «жарайсыңдар балалар!» Тобымыз немесе ойын алаңымыз қандай сәнді болып қалды,бәрекелді!» – деп айтуымыз шарт. Себебі осы сөздерді есту арқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді.» Т.Рибоның айтуынша баланың шығармашылық қабілетті тәжірбиелігіне байланысты дамиды» -деп тұжырымдайды. Мектеп жасына дейінгі кезең қиялдың тез дамитын уақыты. Сондықтан қиялдың дамуның 4 ерекше кезеңге бөлуге болады. 2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралық. Балабақшада берілетін тәрбие барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттермен, мүмкіндіктерді алып, олардың өнегелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінен маңызы зор



Қазіргі балабақшадаға тәрбие жүйеснің жүргізілуі жоспар: ойын арқылы тәрбие жұмысын жүргізу ,әр түрлі ягни пікірталас дөнгелек үстел семинарлар өткізу,балаларға жақсы тәрбие беру,білім беру,оқыту ең негізгі мәселердің бірі.5білім беру саласы бойынша балаларға білім беру болып саналады.

Қорытынды:Қазіргі балабақшада тәрбие жүйеснің жүргізілуі ең өзекті мәселердің бірі болып саналады .Жалпы қазіргі балабақшадағы тәрбие жүйесін жүргізудің өзіндік мақсаты бар.Ягни бұл тәрбие жүйесін жүргізудің мақсаты-балаларды жақсылап тәрбиелеу оқыту дамыту болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет