Тақырыбы: «ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН» отбасылық спорттық сайыс
Қатысушы: Балабақша балалары мен ата — аналары
Мақсаты: Балалардың дене бітімі дұрыс жетілуі үшін және спорттық дене шынықтырудың маңызын түсіндіру,ұлттық ойындарға деген қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Балалар мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастыққа өзара бірлесе қимыл жасауды дамыту.
«Өмір негізі – денсаулық; Денсаулық негізі – спорт;» деген сөздің мақсатын түсіндіру.
Көрнекілік: арқан, белбеу, кедергілер, ағаш аттар, тенге,жұмсақ ойыншық.
Өтілу барысы:
Ұйымдастыру кезең
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата – аналар балабақша ұжымы бүгін ата – аналар арасында ұйымдастырылып отырған « Әкем, шешем және мен» атты отбасылық спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!
Келіңіздер көріңіздер
Тек ынта бөліңіздер
Мықты боп шынығып
Шығамын деп сеніңіздер
Ендеше бүгінгі сайысымызға қатысатын топтарды ортаға шақырамыз.
«Бәйтерек» тобы, отбасы
«Болашақ» тобы, отбасы
«Жас қыран» тобы, отбасы
Спорттық байқауымызды ашық деп жариялаймыз.
Гимн орындалады.
Жүргізуші: Сайысымызды ашып беру үшін ортаға балабақша меңгерушісі Аймен Алиасқарқызын шақырамыз.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап, төрелік айтар әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
- Әділ қазылар алқасынан ойынымызды әділ бағалауын және әр сайыстан кейін, әр топтың бағасын жеке – жеке көтеруін сұраймыз!
Бүгінгі спорттық сайысымыз 5ойыннан тұрады
1. Ойын: «Теңге алу»
2. Ойын: «Тауық күрес».
3. Ойын: «Аударыспақ».
4.Ойын: «Қол күрес»
5. Ойын: «Арқан тартыс».
Жүргізуші: Құрметті сайысқа қатысушы отбасылар сайысымыздың алдында жаттығу жасап, денемізді қыздырып алайық. (Денешынықтыру нұсқаушысының көрсетуімен жалпы дамыту жаттығулары орындалады)
Негізгі бөлім
Таныстыру.
Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп.
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
Әр отбасы өз тобының атын, ұранын, төсбелгісін таныстырып өту.
“Бәйтерек” тобы :
Ұраны: Біріміз бәріміз үшін,
Бәріміз біріміз үшін,
“Болашақ” тобы:
Ұраны: Намысты қолдан бермейміз, бермейміз.
“Жас қыран ” тобы :
Ұраны: Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа
Жүргізуші: Денемізді қыздырдық, топтармен таныстық, енді сайысымызға кезек берейік.
1. Ойын: Ұлттық ойын «Теңге алу»
Ойын шарты: Бұл ойынды топтың әкелері, аналары және балалары ойнайды. Аттың орнына шыбық ат пайдаланады. Белгілі бір жерге теңгені ыдысқа салып қояды. Ойыншылар атпен шауып келіп еңкейіп теңгені ыдыстан тез алып шаба жөнеледі.Шауып барып мәре сызығын айналып келіп эстафетаны келесі ойыншыға береді.
Әділ қазылардан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз
2. Ойын: Ұлттық ойын «Тауық күрес».
Топтардың әкелері, аналары, балалары шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең қызығы да,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып күресуінде. Күресушінің 1 аяғын тізесін бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы шеңберден шығып кетсе ,сол ұтылады.
Әділ қазылар сайыскерлерімізді қалай бағалар екен?
3. Ойын: Ұлттық ойын «Аударыспақ».
Топтардың әкелері төрттағандап отырады, белдеріне белбеу байлаған балалары әкелерінің үстіне отырып, белбеуден ұстап, бірін бірі аударып түсіруге тырысады. Аударып түсірген бала жеңіске жетеді.
Бұл ойынымыз қызықты, көңілді өтті.
- Ал, енді біздің сайыскерлерімізге қазылар алқасы қандай баға берер екен?
4.Ойын: Ұлттық ойын «Қол күрес»
Топ әкелері, аналары, балалары қол күрестіреді.
Әділқазылар алқасы әділ бағаларыңызды беріңіздер.
5. Ойын: Ұлттық ойын «Арқан тартыс».
Екі топ мүшелері арасында ойналады.Арқанның екі жағынан екі топ мүшелері тартысады.Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кетсе сол топ жеңіске жетеді.
- Ал, енді арқан тартыс ойынының бағасын берейік
— Рахмет, құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің әділқазыларымыз ойынның қорытынды бағасын есептеп шығарғанша, сіздерге ,балабақша балаларының ән шашуын ұсынамыз:
Ән шашу.
- Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
- Міне бүгін денсаулық кепілі спорттық отбасылық сайысымыз өз мәресіне жетті.
Бүгінгі отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Дені сау ұрпақ – болашақ кепілі! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |