Тақырыбы: «Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары» Сынып: 7



бет1/2
Дата23.08.2017
өлшемі1,68 Mb.
#25384
  1   2


Тақырыбы: «Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары»

Сынып: 7 «А»

Өткізген: А.К.Аязбаева

15 желтоқсан, 2016 жылы

Сабақтың тақырыбы: Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары. Сабақтың мақсаты: Әмір Темірдің жорықтарын, алғышарттары, себептері, мақсаты, жорықтарының барысы және жеңілу себептерімен, Әмір Темірдің Қазақстан жеріне тигізген зардабын ашып көрсете білуге үйрету. Оқушылардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіру мақсатында, жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту, тарихи оқиғаларды , фактілерді салыстыра отырып , талдауға үйрету, балалардың білім алуға құштарлығын одан әрі дамыту. Туған елінің тарихын құрметтеуге, Тәуелсіздігімізді бағалай білуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: карта, суреттер, интербелсенді тақта, кесте, Елбасымыздың еңбектерінен көрме. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

А. Амандасу

В. Сынып дайындығы

С. Атмосфералық ынтымақтастыкты қүру. (Оқушылар бір-бірімен әртүрлі амандасады, достық жылы сезімдерін білдіртіп, бір-біріне жылы сөз айтады)



Д. Мұғалім оқушыларға бағалау парағын таратып беріп, критерийлер жазылған парақтарды тақтаға іліп, қалай бағалау керек екенін түсінідіреді. Осы парақта жасалған критерий бойынша сабақтың әр кезеңінде бір –біріне ұпай қосып отырасындар, ал сабақтың аяғында барлық ұпайлардың санына байланысты қорытынды баға айтып, қысқаша сипаттама бересіндер. ( Осы бағаны не үшін қойдым? Егерде «5» қойдым, себебі ол барлық тапсырмаларды толық орындады, картаны дұрыс пайдаланды, қосымша мәліметтермен жұмыс жасады, ал «4» деген бағаны мазмұндаған, картаны пайдалана білген, бірақ қосымша мәліметтер пайдаланбаған және барлық сұрақтарға толық жауап берген оқушыға «4» сол үшін қойдым, деп себебін түсіндіріп айта кеткен дұрыс. Ал «3» деген баға сұрақтарға жауап беріп, картамен жұмыс жасаған оқушы алады. Е. Сұрақ-жауап. «Миға шабуыл» 1. Моғолстан мемлекеті қашан құрылды? XIV ғасырда. 2. Мауаранахрдың батысында құрылған мемлекет? Әмір Темір 3. Тоғылық Темір 1348 жылы Моғолстан ханы етіп неше жасында сайланды? 16 жасында 4. «Батпақ шайқасы» қай жылы болды? 22 маусымда 1365 жылы. 5. Жазба деректердің хабарына қарағанда «Батпақ шайқасында» екі жақтан да неше мыңға жуық адам қырылды ? 10 мың 6. «Батпақ шайқасында» Илияс –Қожа хан жеңіске жетіп, қай әскер басшысы қашып құтылады? Әмір Темір.

ІІ. Жаңа сабақ. 1.Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары. 2. Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары 3. Әмір Темір жорықтарының зардаптары 4. Әмір Темір – тарихи тұлға . Мінездеме беру. 5. Қосымша мәліметтер

  • Сынып екі топқа бөлінеді.

  • Ой қозғау. «Түсін мені» ойынымен тақырып айтылады. Екі оқушы ортаға шығып, мұғалім ұсынып тұрған портретке қарап, бір оқушы екінші оқушыға сол тарихи тұлға туралы қысқаша мәлімет айтады, ал екінші оқушы сол тарихи тұлғаның есімін атайды.

ІІ. Топпен жұмыс. І топ Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары, туралы баяндайды және картадан оқиғалар болған жерлерді көрсетеді. ІІ топ Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары туралы айтады. (Әмір Темір 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасағанын атап, қай жерлер арқылы жорыққа аттанғаның картадан көрсетіп, толық мазмұндап береді.

І және ІІ топ яғни әр топ Әмір Темір жорықтарының зардаптары туралы айтады. ІІІ. Әмір Темірге мінездеме беру. IV. СТО. Әмір Темірдің жағымсыз мен жақсы жақтарын атап көрсету. V. Қосымша мәліметтермен жұмыс. VІ. Критерий бойынша бір-бірін бағалайды

Сабақты бекіту.

Оқушылардың пікірін тыңдау. Рефлексия

Сабақтың аяғы.


Каталог: 1BA2F27386619F18
1BA2F27386619F18 -> Сабақтың тақырыбы : «Күй құдіреті» Сабақтың мақсаты : Білімділік мәні
1BA2F27386619F18 -> Сабақ түрі: Шығармашылық іздеіс сабағы. Сабақтың жоспары: І. Қызығушылықты ояту
1BA2F27386619F18 -> Сабақтың тақырыбы Қосмекенділер-алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар Мақсаты
1BA2F27386619F18 -> Сабақ түрі: Шығармашылық іздеіс сабағы. Сабақтың жоспары: І. Қызығушылықты ояту. «Өзіне тілігенді басқаларға тіле!»
1BA2F27386619F18 -> Қарабұлақ орта мектебі 5 ― 15 желтоқсан аралығында математика пәнінен онкүндігінің жұмыс жоспары
1BA2F27386619F18 -> Сабақтың тақырыбы: Геометриялық денелер тобының проекциялары. Сабақтың мақсаты
1BA2F27386619F18 -> Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша апталық жоспар. 2016-2017 оқу жылы
1BA2F27386619F18 -> Есімдік. Өздік есімдігі Есімдік туралы жалпы түсінік, өздік есімдігінің


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет