Тақырыбы: Қызды тәрбиелеу –ұлтты тәрбиелеу



Дата11.02.2018
өлшемі72,71 Kb.
#37549
Тақырыбы: Қызды тәрбиелеу –ұлтты тәрбиелеу

Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті – мультимидиялық кабинет жабдықтарын пайдалану.
Әдісі: пікірлесу, әңгімелесу, сұрақ-жауап, салыстыру
Формасы: Дөңгелек үстел
Қатысушылар:

Арнайы шақырылған қонақтар:11 «а» сыныптың әжесі-Мамыр әжеміз , ұстаздарымыз- Бишен Көпербаевна, Гүлзайран Амангельдиевна, директордың орынбасарлары- Сауле Ғазизовна, Бибигул Рысбековна

8-11 сынып оқушылар




Жұмыс барысы:
І. Кіріспе бөлім
1. Қонақтарды қарсы алу
ІІ. Негізгі бөлім
(Музыка ойналып тұрады. Әсем әннің ырғағымен ортаға жүргізуші шығады)

Барысы:
Барысы:



І. Кіріспе сөз

ІІ. Қонақтарды шақырып, сұхбаттасу

ІІІ. Пікірлер алмасу

ІҮ. Қорытындылау
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, мектеп оқушылары бүгін мектебімізде осынау нәзік жандар, әсем арулар тақырыбына арналған «Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!

Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз- ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді.

Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады.

Бесігінде жақсы тәрбие алған,үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ. Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр,әрі ардақты. Ол-адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, жар күтетін адал жар, ата-ене сыйлап,иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын қаламасын, бұл-өмір заңы»-деген.


1 «Қазақ қыздары» бейнекөрінісін тамашалайық.

Сол әдепті,инабатты,адамгершілігі мол,сыпайы қыздарды тәрбиелеу-бүгінгі мектептің, қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті екенін естен шығармағанымыз жөн.


Тәңірінен болғанымен таңғы асы

Аналардан бастау алар ар басы,-дей келе бүгінде асыл ана, аяулы әже атанып отырған Мамыр апайымызға мынандай сұрақ қойғым келіп тұр.

Мамыр апай: Сіздердің кездеріңізде қыздардың тәрбиесі қандай еді? Қазіргі қазақ қыздарының тәлім тәрбиесіне көңіліңіз толама?
Жүргізуші: Біз ата-ананы пір тұтқан тегімізді атадан, тілімізді анадан бастаған халықпыз. «Атасыз ұл ақылға жарымас,анасыз қыз жасауға жарымас», «Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе» - дегендей Бишен Көпербаевна Сіз қандай бойжеткен болдыңыз? Қыздарымызға берер қандай ақыл-кеңесіңіз бар?
Жүргізуші:Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары, жаны жаздай жайрандаған.

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,-дегендей, қазақтың қызы-қазақтай ұлттың айнасы. Қыз баланың тәрбиесі өте салмақты,бұл нәрсеге жеңіл көзбен қарауға мүлде болмайды.Қыз баланың дұрыс жүріп-тұруы ата-ананың мәртебесі. Шешесіне қарап бой түзейтін қыздар үшін ана берген тәлімнің ықпалы ерекше.

Ал, қазір жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. Соңғы кезде бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала мен ер бала тәрбиесіне қоғам кінәлі деген сөз жиі айтылады.

 Ал осы қоғам сіз бен бізден, ата-аналар мен ұстаздардан, тәрбиешілерден құралмай ма? Ал қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана, әке емес, радио мен  теледидар, газет-журнал, кітаптар мен  кинолар, дискотекалар, әлеуметтік желілерде жан-жақтан әсер етуде. Бұл тәрбиенің жағымды  жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр.

2 «Қыз тәрбиесі» осы қыз тәрбиесі тақырыбына байланысты бейнекөрінісімізге назар аударыңыздар .

Жүргізуші: Бейнекөрініс бойынша сұрағымды мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары Раушан Білісбекқызына қойғым келеді. Мына бейнекөріністі көре отырып, қазіргі кезде қыз балалардың тәрбиесінде алаңдататын қандай нәрселер бар деп ойлайсыз? Мектебіміздегі қыздардың тәрбиесіне көңіліңіз толама?
Жүргізуші: Гүлзайран Амангельдиевна сізге мынандай сауал қойғым келеді «Қазіргі қазақ қыздары бұзылу қаупін кешіруде» - дегенге не дейсіз?

Қазіргі кезде тәрбиеге не әсер етуі мүмкін?


Жүргізуші: -Бірсыпыра қыздарымыздың ұлттық психологиядан ауытқып бара жатқаны байқалады.Қыздардың ішінде шылым шегіп,шарап ішетіндер де кезігеді. Дөрекі сөйлеп,орысша-қазақша қыстырма сөздер қосып, қарқылдап күліп,әлем-жәлем киініп,көзге түсуге тырысуы.
Жүргізуші: Сауле Ғазизовна Сізге сұрақ: ата бабамыздың тәрбиесі мен қазіргі тәрбиенің айырмашылығы бар ма? Бар болса неде?

        



Жүргізуші: «Қазақ қызы!» Қандай қастерлі сөз! Ежелден ер азаматпен қатар түзде жауға қарсы найза ұстаған, үйде ошақтың берекесі, алыптардың анасы атанған Қазақтың қызы. Фашистке қарсы қан майданда ерліктің қайталанбас үлгісін көрсеткен Әлия мен Мәншүк, еңбек майданында алға озған Кәмшат, Желтоқсанда ұлтым деп ұрандаған Ләззат, егемендіктің туын көтерген.

Ал, «бүгінгі қазақ қызы ертеңге қалай барады? Барғанда не алып барады?» деген заңды сауалдар айналаға қараған сәтте өзінен-өзі туындайды


3 «Қазақ қызы қандай болуы керек» бейнекөрінісін көрейік.

Осында отырған қыздарымыз бұл бейнекөрініс туралы не ойлайды екен? Пікірлерімізді ортаға салайық. Қазіргі заманның қыздарының жүріс-тұрысы туралы көп мағлұматқа қанық болдық. Осыған орай тағы да өз ойларымызды білдіріп өтсек

1. «Қыздың жолы жіңішке» 11 сынып оқушысы - Шырын

2. «Қызға қырық үйден тыю»11 сынып оқушысы - Наргиз

3. «Қыз-ұлт мақтанышы...»11 сынып оқушысы- Жарқынай

4. «Орта түзер ойыңды,ойың түзер- бойыңды» 11 сынып оқушысы- Құралай


Жүргізуші-«Қыз» – ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны, бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп,ұлт қатарын көбейтеді. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет ғұрпын, салт санасын,дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы әрине, әйел-ана. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Ана-барлық өмірдің бастауы.Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және біршама қауымның міндеті.

Қыздар!Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған осынау бір елімізге адал перзент,асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Ақылды болыңдар! Сұлу да сымбатты болыңдар! Саналы болыңдар! Қыздар ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ, ұрысқақ болмаңдар!

Инабатты,ілтипатты,ұйымшыл болыңдар! Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы – сендерсіңдер!

Құрметті Мамыр апа , ұстаздар қыз тәрбиесі туралы ой бөліскендеріңізге рахмет. Сіздерге шығармашылық табыс тілей отырып барлығымыз тамаша «Мен қазақ қыздарына қайран қалам » әнін орындайық.


1. Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе, жалғыз қыдыруға тыйым.

2. Үлкендер алдында жарыса сөйлеуге тыйым.

3. Талтайып отыруға тыйым.

4. Шалқайып жатуға тыйым.

5. Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішіті болмауды әрқашан ойлап жүр.

6. Орынсыз іске ұрынудан тыйым.

7. Өтірік, өсек айтпа және оны айтушыларды тыңдама.

8. Әурет жерлеріңді жауап, ашық-шашық жүруге тыйым.

9. Өзгелерге тіл және қол тигізуге тыйым.

10. Кісіге қарап керілуге, есінеуге тыйым.

11. Дастарқан үстінде әдемі отыр, әдепті сөйле. Орынсыз сөзден тыйым.

12. Ұрлық-қарлыққа тыйым.

13. Жаназа оқылып жаткан жерден айналып кетпе. Адамды жерлеуге бара жатқандардан озба, жолын кеспе.

14. Бұраңдауға, қылымысуға тыйым.

15. Қызыл іңірде жатып, түске дейін ұйықтауға тыйым.

16. Жалқаулыққа, ластыққа тыйым.

17. Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға тыйым.

18. Аш болсаң да, тоқ болсаң да құдайынды ұмытпа.

19. Бейәдеп сөз айтудан тыйым.

20. Үйге, мешітке, қасиетті орындарға оң аяқпен кіру керек.Үлкендердің атын атауға тыйым.

21. Ішімдік-шегімдікке тыйым.

22. Ұрыс-керіске тыйым.

23. Беттен алып, төске шабуға тыйым.

24. Ер адамға әйел киімі жараспайтыны сияқты әйелдер мен қыздарға ер киімі де қонымсыз әрі тәңірінің бұйрығында да жоқ нәрсе.

25. Біреудің байлығына, дүние-мүлкіне, ақшасына сұқтанба.

26. Түнде суға жалғыз баруға тыйым.

27. Жат жыныстылармен араласып жатуға тыйым.

28. Құран, намаз оқылып жатқанда сөйлеме, қозғалма, тұрып кетпе.

29. Тарс-тұрс жүріс, қарқ-қарқ күлкіге тыйым.

30. Ерді қорлауға, зорлауға тыйым.

31. Адамды және жан-жануарларды тебуге тыйым.

32. Бүйірін, жағын таянуга тыйым.

33. Тәкаппарлыққа, сайқы-мазаққа тыйым.

34. Тамақты өз алдыңнан алып же, кісі алдындағы қол созба.

35. Шектен тыс жасанып, сылануға тыйым.

36. Қызғаншақтыққа, күншілдікке тыйым.

37. Менмендік пен өзімшілдікке тыйым.

38. Алдап-арбауға тыйым.



39. Көрсеқызарлыққа, нәпсіқұмарлыққа тыйым.

40. Тойымсыздыққа тыйым.
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет