Тақырыбы: Жайлауға саяхат. Білімділік міндеті



Дата08.06.2018
өлшемі63,5 Kb.
#41274
«Жұлдыздар» орта тобының ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы.
Қазақ тілі оқытушысы: Гульшат Аманжоловна Досанова.

Білім беру саласы: Коммуникация.Денсаулық.Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: Жайлауға саяхат.

Білімділік міндеті: Тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.Тағам,жеміс,көкөніс,киім аттауларын қазақша атап,күнделікті өмірде қолдануға үйрету

Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырата алу дағдыларын дамыту,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік міндеті: тағамды қадірлеуге,үлкенге көмектесуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: интер активті тақта, музыка әуені,жеміс, көкөністер және суреттері,хат,қоржын,киімдер

Қостілділік компоненті: жеміс-фрукт,көкөніс-овощ,алма яблока,алмұрт-груша,банан-банан, қияр-огурец,қызанақ-помидор,орамжапырақ-капуста,картоп-картофель,азық-түлік-продукт,бәліш-пирожки,жұмыртқа-яйцо,тосап-варения,шалқан-репка,киім-одежда,тақия-тюбейтейка, көйлек-платье,бөкебай-шарф,шапан-чапан,шалбар-брюки.

Тілдің үштұғырлығы: сәлеметсіз бе-здравствуйте-hello


Іс-әрекетінің қызметі

Оқытушының іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

-Балалар,бізге қонақтар келіпті амандасайық!

Шаттық шеңберін құру:

Қайырлы таң!

-Қалдарың қалай?

-Көңіл-күйлерің қалай?

-Балалар, жылдың қай мезгілі?

-Олай болса алақанымызды уқалап қолымызды жылтайық,енді осы жылулықты бір-бірімізге сыйлайық.

Есікті қағып, хат тасушы апай келеді.Алдар Көседен хат және қоржын келгенін айтады.Балалар, бізге Алдар Көседен хат және қоржын келіпті.Хатты оқиын:

-«Сәлеметсіңдер ме ,балалар!Мен- Алдар Көсемін,бізде мереке болғалы жатыр, маған алма, бауырсақ,тақия керек болып тұр.Сендер осыларды қоржынға салып, беріп жіберіңдерші, өтінемін».

Бұл заттарды алу үшін, біз мына ұшатын кілемге отырып «Сиқырлы жайлауға саяхатқа» барайық.

Балалар, жел соғып тұрған сияқты,жел қалай соғады ұ-ұ-ұ.

Мына жерде қарға қарқылдайды-қар-қар-қар

Мына жерде көкек ұшып жүр

ку-ку-ку.



- Сәлеметсіз бе !

-Жақсы.


-Жақсы.

-Күз.Күз салқын.

Балалар қолдарын уқалап, бір-біріне жылуды үрлейді.

Хатта не жазылған тыңдайды.

Ұшатын кілемге отырып,ұшады.
Балалар дыбыстық жаттығуларды қайталап,айтады.


Ұйымдастыру- іздестіру

Қандай керемет, «Сиқырлы жайлауға» келіп жеттік.Жайлаудың ауасы қандай таза,мұрнымызбен терең дем алайық.

-Ой,мынау не?

- Киіз үйлер .

(экраннан киіз үйлер көрсетіледі)

-Мында неше киіз үй бар,

санайық?


Бірінші киіз үйде алма бар.Бірақ есігі жабық.Есік ашылу үшін мына тапсырманы орындайық:

«Дәмін татып көр!» д/о.Ол үшін мына жеміс пен көкөністің дәмін татып,қай жеміс немесе көкөніс екенін айту.

-Мынау не?

-Алма жеміс пе,көкөкніс пе?

-Мынау не?

-Қияр жеміс пе,көкөкніс пе?

Мынау не?

-Алмұрт жеміс пе,көкөніс пе?

Мынау не?

Қызанақ жеміс пе,көкөніс пе?

Мынау не?

Шабдалы жеміс пе,көкөніс пе?

( жеміс,көкөніс атауларын балалардан жеке-жеке сұрау, хормен қайталату)

Тапсырман дұрыс орындадық па,жоқ па? Есік ашылса тапсырма дұрыс орындалды дегенді білдіреді,тексеріп көрейік.

Бірінші киіз үйдің есігі ашылды. (экраннан көрсетіледі)Бұл киіз үйден алмамызды алып,қоржынға салып алайық.

Кәне, ән айтып дем алып алайық.

Сергіту сәті.

«Аяқпенен топ-топ-топ»

Екінші киіз үй алыста екен, ол үшін атқа отырып барайық.
Екінші киіз үйде бауырсақ бар, Бірақ есігі жабық.Есік ашылу үшін мына тапсырманы орындайық:

-Қазір ертегілерде кездесетін азық-түліктерді табу керек.

1.Ата мен ападан не қашып кетті?

( дұрыс жауабын айтқан бала суретін жапсырады,экраннан дұрыс жауабы тексеріледі)

2.Карлсон жақсы көретін тағам не?

3.Қызыл телпек ауырып жатқан апаға қандай тамақ әкеліп береді?

4.Отбасымен жерден тартып шығартын көкөніс қалай айтылады?

5. Шұбар тауық ата мен апаға не береді? ( тағам атауларын балалардан жеке-жеке сұрау, хормен қайталату)

Тапсырман дұрыс орындадық па,жоқ па? Есік ашылса тапсырма дұрыс орындалды дегенді білдіреді,тексеріп көрейік.

Екінші киіз үйдің есігі ашылды. (экраннан көрсетіледі)Бұл киіз үйден бауырсақты алып,қоржынға салып алайық

Үшінші киіз үйге бару үшін жылан болып барайық.

Үшінші киіз үйде тақия бар. Бірақ есігі жабық.Есік ашылу үшін

«Дүкен»ойынын ойнайық:

-Сәлеметсіз бе!

-Не аласыз?

-Алыңыз.


-Сәлеметсіз бе!

-Не аласыз?

-Алыңыз.

-Сәлеметсіз бе!

-Не аласыз?

-Алыңыз.


Сәлеметсіз бе!

-Не аласыз?

-Алыңыз.

-Сәлеметсіз бе!

-Не аласыз?

-Алыңыз.


( киім атауларын балалардан жеке-жеке сұрау, хормен қайталату)

Үшінші киіз үйдің есігі ашылды. (экраннан көрсетіледі)Бұл киіз үйден тақияны алып,қоржынға салып алайық.

-Алдар Көсе тапсырған алма,бауырсақ,тақияны алып қоржынға салдық.Енді тобымызға қайтайық.

Топқа келіп, хат тасушы апайға Алдар Көсенің қоржынын береді.



Терең тыныс алып ,дем алады.

-Бір,екі,үш.

-Мынау алма.

-Алма жеміс.

-Мынау қияр.

-Қияр көкөніс.

-Мынау алмұрт.

-Алмұрт жеміс.

-Мынау қызанақ.

-Қызанақ көкөніс.

-Мынау шабдалы.

-Шабдалы жеміс.


Балалар есік ашылғанына қуанады,қол соғады.

Балалар музыка әуенімен әнді айта отырып, қимылдар жасайды.

Бір-бірінің артына тұрып,ат болып шабады.(музыка қосылады)

-Бауырсақ.


-Тосап.


-Бәліш.
-Шалқан.
-Жұмыртқа.

Балалар есік ашылғанына қуанып,қол соғады.

Бір-бірінің артына тұрып,жылан болып (с-с-с деп) барады.

-Сәлеметсіз бе!

-Шалбар беріңіз.

-Рақмет.


-Сәлеметсіз бе!

-Тақия беріңіз.

-Рақмет.

-Сәлеметсіз бе!

-Шапан беріңіз.

-Рақмет.


-Сәлеметсіз бе!

-Көйлек беріңіз.

-Рақмет.

-Сәлеметсіз бе!

-Бөкебай беріңіз.

-Рақмет.


Балалар есік ашылғанына қуанып,қол соғады.

Ұшатын кілемге отырып,топқа қайтады.

Хат тасушы қоштасып,кетеді.


Рефлексивті – түзетушілік

Қортындылау:Шеңберге тұрып доп лақтырып «Сұрақ-жауап ойынын» ойнау

- Бізге кім хат жазды?

-Саяхатқа қайда бардық?

-Қандай жемістерді білесіңдер?

-Қандай көкөністерді білесіңдер?

-Қандай тағамдарды білесіңдер?

-Қандай киімдерді білесіңдер?

-Алдар Көсеге не алдық?

Балалар,қонақтармен қоштасайық!


Сұраққа ойланып жауап береді.



Сау болыңыз!



Күтілетін нәтиже:

Білу: жеміс,көкөніс,алма-,алмұрт, шабдалы,қияр,қызанақ, орамжапырақ,картоп, тосап, шалқан,киім,тақия,шапан,шалбар,бөкебай,көйлек атауларын қазақша айта алады.

Түсінуге тиіс: тағамды қадірлеуді,үлкенге көмектесуді.

Істей білу керек: Тағам,жеміс,көкөніс,киім атауларын қазақша атап,күнделікті өмірде қолдануды.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет