Тақырыбы: «Кім көп біледі?» Интеллектуалдық сайыс Орта ғасырлардағы тарихынан ұзақ мерзімді жоспары



Дата02.07.2018
өлшемі18,15 Kb.
#45926
Тақырыбы: «Кім көп біледі?» Интеллектуалдық сайыс
Орта ғасырлардағы тарихынан ұзақ мерзімді жоспары

Cайыс «Кім көп біледі?» Интеллектуалдық сайыс.


Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сабақтан алған білімдерін пысықтау.
2. Оқушылардың өз білімдерін жеткізе білу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3: Ортада өзін ұстауға, сабырлылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, шарлар
Түрі: жарыс сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі сайысымызға 5-6 сынып оқушылары арасындағы «Кім көп біледі?» атты сайысқа қош келдіңіздер. Сайысқа барлығы 4 топ қатысады. 
Сайыс 6 бөлімнен тұрады

1. Беташар. Әр топ өздерін таныстырады.


2. Біліміңді сына ./ шарты: сұраққа тез жауап беру/ 
3. Сәтті кезең .Топ сайысы (әр топқа 4 сұрақ қойылады)
4 Тарихқа саяхат . /шарты: тарихи хронологиямен жұмыс./ 
5.Тұлғаны таны. / шарты көрсетілген фотосуреттегі тұлғаның өмірбаянына тоқталу. Топпен ақылдаса отырып, сұраққа жауап беру
6. Финал . Тарихи терминдер. 
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар. Яғни мен әділқазы алқысын жоғарғы сынып оқушыларын алдым. Олар: 
жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Білімнің нәрлі сырына

Сайысымыздың 1- кезеңі бойынша топтар өздерін таныстырады


1 - топ Алтын адам.

2 - топ Бәйтерек тобы:


3 - топ: Сұңқар тобы
4-топ : Алаш тобы.
Сайысымыздың екінші бөлімі Біліміңді сына ./ шарты: сұраққа тез жауап беру/ 
1. Өзіміздің рәміздерді ата және олардың авторлары : /ту ,елтаңба ,гимн / Елтаңба: Шотаман Уалиханов. Жандарбек Мәлібеков.
2. ту: Шәкен Ниязбеков.
3.Гимн .Жүмекен Нәжімеденов.Н.Назарбаев.Ш.Қалдаяқов
2.Тарих сөзі қандай мағына береді? / зерттеу, өткен оқиғалар жайлы әңгіме/
3.Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді? / 4 . Ежелгі Қазақстан тарихы. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы.Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы /
4.Қ Р тұңғыш президенті Н.Әбішұлы Назарбаев қай жылы президент болып сайланды? / 1991 жылы 1 желтоқсанда/
5.Карта қандай мағына береді? / немісше түпнұсқа,ал грекше «жазу паирусы» деген мағынада/
6.Тарихта ең ұзаққа созылған кезең? / ежелгі тас дәуірі палеолит. Б,з,б 206 млн жылдан-б,з,б 12 мың жыл аралығын қамтыды /
7.Ғалымдар алғашқы адамды қалай атады ? / епті адам. Африкада Кения Олдувай шатқалынан ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын пайда болған. /
8.Қазақстан аумағында алғашқы адамдар шамамен қашан пайда болды? / 1 млндай жыл бұрын/
9.Ұлы Отансоғысы қай жылдары болды? / 1941-1945 жж /
10. Ежелгі сақтардың ел билеген атақты әйел патшаларының бірі? / Тұмар.Томирис
Сайысымыздың үшінші бөлімі; Сәтті кезең. Ауыл тарихынан сұрақтар. Топ сайысы (әр топқа 4сұрақ қойылады)
1-топ Алтын адам тобына сұрақ: 
1. Қаракеткен ауылының яғни не себептен Қаракеткен деп аталған. 
2. «Жалағаш қой совхозы » қай жылы ашылған? / 1943 жылы/
3. Осы өзіміз оқып жатқан № 114 орта мекетп қай жылы салынды? / 1989 жылы /
4. Қаракеткендегі Жамбыл Жабаев атындағы бастауыш мектеп қай жылы ашылды? / 1932-33 жж/
2-топ.Бәйтерек бобына сұрақтар: 
1. Қай жылы Қаракеткен машина -трактор станциясы құрылды?/ 1931/
2.Ауылдағы «Әбділда ата» атындағы имандылық мешіті қай жылы салынды? / 1997 жылы/
3. «Жалағаш қой совхозы» қай жылы таратылып кетті? / 1991-1993 жылдары /
4.Біз № 115 орталау мектептен № 114 орта мектеп болып қай жылы аталдық / 1975-76 оқу жылында /
3-топ. Сұңқар тобына сұрақтар:
1«Игілік» балық колхозы . қай жылы құрылды? / 1930 жылы /
2. «Қалияр шүңейіті» деп аталуының себебі неде?
3. Қаракеткен ауылдық уческелік ауруханасы қай жылы ашылды? / 1955 жылы /
4. 1955-57 жылы «Игілік» балық колхозында ерен еңбегі үшін медальді ауылдан балықшы кім марапатталды? /Төремұратов Қуаңбай ата /
4-топ. Алаш тобына сұрақтар: 
1. Балықшылар балықты Қаракеткен аумағындағы қандай көлдерден аулаған: /«Майкөл», «Кіндіккөл», «Үйсінкөлі», «Түйе кеткен» /
2. «Жалағаш қой совхозында » Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталған жүргізуші кім? М.Өлментаев
3. Құрмет белгісі орденінің иесі шопан ? Ж.Нұрбаевты 
4. 1957 жылы «Майкөлден» ауланған сапалы балықпен балықшылардың ерен еңбегі туралы сол кездегі колхоз төрағасы Ж.Есіркепов қандай кітабында жазылған? /«Өмір өткелдері» /
Сайысымыздың төртінші бөлімі 4 «Тарихқа саяхат». /шарты: тарихи хронологиямен жұмыс./ 
1.Ежелгі тас дәуірі (палеолит) уақытына ата: / б.з.б. 2 млн 600 -12 мың жыл / 
2.Орта тас ғасыры (мезолит ): / б.з.б.12-5 мың жыл бұрын/
3.Жаңа тас ғасыры (неолит): / Б.з.б. 5-3 мың жыл бұрын/
4. Мыс-тас ғасыры (энеолит): / б.з.б 3 мың-1800 жыл/
5.Қола дәуірінің уақыты: /б.з.б. 2 мың жыл-8 ғасыр/
6.Ерте темір дәуірі: / б.з.б 8 ғасыр-б.заманымыздың 5 ғасыры /
7.ҚР ұлттық валютасы қай жылы енгізілді? / 1993 жылы 15 қарашада /
8. ҚР жаңа Конституциясы қашан қабылданды? / 1995 жылы 30 тамызда /
9.Алматыдағы желтоқсан көтерілісі қай жылы болды? / 1986 жылы 17-18 желтоқсанда /

Сайысымыздың бесінші бөлімі . Тұлғаны таны / шарты көрсетілген фотосуреттегі тұлғаның өмірбаянына тоқталу. Топпен ақылдаса отырып, сұраққа жауап беру


Ұяшықта тарихи тұлғалардың бейнесі жасырылған: Әр топ өздеріне ұнаған ұяшықты таңдайды .
Ұяшықтағы суреттер.
1 ұяшықта Герадот
"Тарих атасының" Каликарнас қаласындағы ескерткіші
Геродот (Ἡρόδοτος)– ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, «тарихтың атасы» деп танылған жиһанкез. Ол шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 484 – 425 жылдары өмір сүрген. Батыстың.Геродот Кіші Азиядағы Каликарнас қаласында дүниеге келіп, жас кезінде әміршілерге қарсы топта болғаны үшін елінен қуылған. Біраз уақыт Самос аралында тұрып, көп жерлерді аралаған, Қара теңізге дейін жеткен деген мәлімет бар. 
Геродот көрген, естіген, оқыған материалдарын жинақтап, артына «Тарих» атты үлкен еңбек қалдырды. Кейіннен александриялық ғалымдар оның еңбегін тоғыз музаға сәйкестендіріп, тоғыз кітапқа бөлген. Геродот алғашқы төрт кітабында Лидия, Мидия мемлекеттері, Ахемен әулеті жөнінде жазып, олардың Мысырға,Вавилонға, сақтарға қарсы жорықтарына тоқталады. Қалған бес кітабы грек-парсы соғысына (біздің заманымыздан бұрынғы 500 – 449) арналған. Онда халықтардың тарихымен қатар этнографиясы, діні, әдебиеті, мемлекеттердің ішкі-сыртқы саясаты, экономикасы берілген. Шығарманың төртінші кітабында парсы патшасы Дарий Гистасптың сақтарға қарсы жорығы баяндалған. Онда сақтар елі жөнінде аса құнды мәліметтер ұшырасады. Қолжазбаларының ішінде бізге жеткен Флоренция нұсқасы ағылшын, орыс, т.б. тілдерге аударылған.
2 ұяшықта .
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 
Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы,Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
3 ұяшықта Сыма Цянь
б.з.б.145-86 жж өмір сүрген. Ол шығыстың атасы. 130 тараудан тұратын «Тарихи жазбалар » еңбегі бар.
4 ұяшықта:
Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ‎) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-
Әбу Насыр Әл-Фараби
Туылған күні: 870 жыл

Туылған жері: Отырар қаласы[1]

Қайтыс болған күні: 950 жыл

Қайтыс болған жері: Сирия, Шам[1]

Азаматтығы: Түркістан

Ғылыми аясы: Метафизика, Саяси философия, Логика,Ғылым, Этика,[2] Эпистемология

Ғылыми дәрежесі: Екінші ұстаз [2]

Ғылыми атағы: түркітанушы, ойшыл философ,математик

Ғылыми жетекші: Әбу Жүсіп Әл-Кинди,Аристотель, Платон, Порфирий,Клавдий Птолемей[1]

Атақты шәкірттері: Ибн Сина, Yahya ibn Adi, Abu Sulayman Sijistani, Shahab al-Din Suhrawardi, Ibn Bajjah, Mulla Sadra,[2] Al Amiri, Ибн Рушд,Маймонд Мұса және Abū Hayyān al-Tawhīdī, Лео Штраус[3]

Несімен белгілі: ārā ahl al-madīna al-fāḍila(Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы),kitāb iḥṣāʾ al-ʿulūm("Ғылымдардың шығуы"), kitāb iḥṣāʾ al-īqā'āt ("Classification Of Rhythms")[2], Бірінші және екінші аналитика, Фусул ал-мадани(Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері)

Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан.[1] Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атағанСейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.


6 ұяшықта. Ахмет Байтурсынов
Байтұрсынұлы Ахмет (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.[
7 ұяшықта. Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова

Дүниеге келгені: 1924 ж. 15 маусым


Бұлақ ауылы, Қобда ауданы,Ақтөбе облысы

Қайтыс болғаны: 1944 ж. 14 қаңтар


Казачиха деревнясы,Новосокольники ауданы,Псков облысы

Мансабы: мерген



Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір),Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), снайпер, ефрейтор.
Сайысымыздың алтыншы бөлімі Финал . Тарихи терминдер
1. Нумизматика нені қандай ғылым? / тиындар, құйма ақшалар .тиындар ақша айналымын зерттейді./
2. Геральдика ұғымы : / елтаңбатану ғылымы, елтаңбаларды арнай деректеме ретінде зерттейтін ғылым/
3.Антропология қандай ғылым: / адам қаңқасын зерттеу арқылы адамның дене бітімін ,сипатын анықтайтын тарихтың бір саласы /
4. Иероглиф- жазудың бңр түрі . оның таңбалары ретінде заттың , өсімдіктің, жануарлардың ,құстың суреті қолданылған.
5.Этнография- / халықтардың шығу тегін,рулық-тайпалық және әлеуметтің құрамын, тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрпын ерекшелігін зерттейтін ғылым/
6. Топономика-/ жер-су атауларының шығу тарихын зерттейтін ғылым саласы. /
7.Этнос-белгілі бір аумақта тұратын, тілі мен ділі, шығу тегі ортақ ұлт.
8.Теология-дін ілімін зерттейтін ғылым.
9.Археология-заттай дерек бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым.
Каталог: uploads -> doc -> 0302
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0302 -> «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек». Н. А. Назарбаев
0302 -> Сабақ жоспары өткізілетін мерзімі: Сабақтың тақырыбы : Жеңіл атлетика мен қозғалмалы ойын
0302 -> Бойына жұқпас, сырғанар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет