Тақырыбы: «Кітап алтын сандық, іші толған қазына, құт» Мақсаты



Дата08.06.2018
өлшемі16,22 Kb.
#41926
Тақырыбы: «Кітап - алтын сандық, іші толған қазына, құт»

Мақсаты:

  1. Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызын, пайдасын түсіндіру;

  2. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру;

  3. Тіл байлығын, сөйлеу қабілетін, ой-өрісін кеңейту, мейірімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу;

Көрнекілігі: кітап көрмесі. Әдісі: түсіндіру, шығармашылық ізденіс, ой қозғау.

Барысы. І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық. Сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіру. ІІ. Жаңа сабақ

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар біз бүгінгі сабағымызда кітап туралы, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелейміз. Кітап арабтың «жазу, жазба» деген сөзінен шыққан. Алғашқы кітап басылымы ағаштан жасалған.

Алғаш қазақ даласында кітап жазған Ахмет Байтұрсынұлы. Көркем әдебиеттерді көп оқу керек. Сонда оқу, жазу сауатың артады. Оқу арқылы жақсы мен жаманды айыра білесің.бізде оқушының оқуына барлық жағдай жасалған. Мектепте кітапхана бар. Күнделікті кітапханаға барып, кітап алып оқу оқушының білімін толықтырады. Себебі, кітап – біздің досымыз. Кітапсыз білім жоқ. Адамдар бар жақсыны кітаптан алады.

1-оқушы: Кітап оқу – рухани байлық. Кітап жан серігің, ақылдасар, сырласар досың.

2-оқушы: Кітапсыз адамның өмірі бос. Барлық білім кітапта. Кітаптан асқан қазына жоқ. Ешқандай байлық кітаптың орныны ауыстыра алмайды.

3-оқушы: Адамның досы – кітап – өмір кілті.

Тең келмес оған жиған мүлкі.

Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы

Асыл ғой кітап деген, өмір көркі.



4-оқушы: Кітаптан ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды білеміз. Ұлы тұлғалардың бәрі де ұлылыққа кітап оқу арқылы жеткен.

5-оқушы: Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

Ақыл азбайды, білім тозбайды.



6-оқушы: Күш білімде, білім кітапта.

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

Балалар, біз кітаптан көп нәрсе үйрендік, ендеше, білімімізді көрсетейік.

«Ой қозғау»


  1. ҚР мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)

  2. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы? (Ы. Алтынсарин)

  3. Басты байлық? (Денсаулық)

  4. Ел тәуелсіздігіне неше жыл? (20)

  5. Қазақша жыл басы? (Тышқан)

  6. Рәміздерді ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)

  7. Көру мүшесі? (Көз)

  8. Қатынас құралы? (Сөз)

  9. Орман дәрігері? (Тоқылдақ)

  10. Жылдан құр қалған жануар? (Түйе)

Кітап – 1. Өзіңді, өзгені танытады.

2. Өмірді түсінуге көмектеседі.

3. Табиғат құпияларын ашады.

4. Болашаққа жетелейді.

Ендеше ортаға «Менің атым Қожа» әңгімесінің авторы Бердібек Сопақбаев атамызды шақырайық. Фариза Оңғарсынова мен Ақұштап Бақтыгереева ханымдарды шақырамыз. Оқушылар кітаптарын алып шығады да кіріспе сөзбен түсіндіріп кетеді.

Оқушылардың арасынан Хабар, Қазақстан, Астана, КТК арнасының тілшілерін сайлаймыз. Кітап, шығармалары туралы сұрақтар қою арқылы кітап мазмұнын ашады. Оқырмандар да өз ойларын ортаға салуына болады.



ІІІ. Қорытынды.

Балалар, бүгінгі тәрбие сағатамызда кітаптың адам өміріндегі алатын орны туралы, жалпы кітап туралы көп мағлұмат алдық.



Түйіні: кітап біздің рухани азығымыз. Одан көп нәрсе үйренеміз. Білім көзі кітап болса, оны жасау үшін адам көп тер төгеді. Кітапты қадірлей, сүйе білуіміз керек. Ұлы адамдар да бәрін кітаптан үйренген. Кітап біздің досымыз, ұстазымыз. «Кітап - алтын сандық, іші толған қазына, құт»-деп сабағымызды аяқтаймыз.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет