Тақырыбы: Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту



Дата05.12.2016
өлшемі12,64 Kb.
#3262

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

  • Оразбаева Айтбибі Сұлтанқызы
  • Тақырыбы:
  • Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту

Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту

  • Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту
  • 1. Көркем шығарманың жанрлық ерекшелігін ажыратуды үйрету;
  • 2. Лирикалық, эпикалық, драмалық шығармаларға баса назар аудару;
  • 1. Көркем шығарманың тектері мен түрлері.
  • 2. Лириканы оқытудың ерекшелігі.
  • 3. Эпикалық туындыларды оқытудың сипаттары.
  • 4. Драмалық шығармаларды оқыту.
  • Эпикалық шығармаларды оқыту (теориясы)
  • Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал, хикаят, (повесть) жатады. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері – олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, сюжет, композициясы, тақырыбы , көркем бейнелері, яғни көркем компонентерінің барлығы. Сондықтан оларды талдау барысында, ең алдымен , әдебиет теориясынан білім беріледі. Әдеби –теориялық білім бастауыш ұғымнан бастап, сынып жоғарылаған сайын, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты күрделене түсуі керек.
  • Эпикалық шығармаларды оқытуда, талдауда міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады:
  • 1. көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы.
  • 2. көркем образдары, образдар галереясы.
  • 3. автор-көркем туындыны жасаушы, көркем туындыны жазушы.
  • Көркем туындының сюжеті, композициясы.
  • Эпизодтармен жұмыста мына мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек:
  • 1. Қай буында болмасын, оқушылар өздері оқыған шығармалардың мазмұнына, оқиғасына ерекше көңіл бөледі. Ал оқиғалар бір-бірінен туындап жатады, жалғасып жатады, оқиғаның басталуы, дамуы, шарттары, шешімднрі бар. Олардың барлығы оқиға құрылысына жатады. Талдауда ең алдымен оқиға, композиция назарға алынады. Солар арқылы кейіпкерлер іс-әрекеті, характері ашылады, шығарма негізіндегі авторлық ой да көрінеді. Талдаудың бұл түрінде мұғалім ең басты эпизодтар, оқиғаларға көңіл бөледі, соны бөліп алады, оқушыларға мазмұндатады, мәнерлеп оқи отырып, әрі түсіндірмелі әдіспен өзіндегі ой, жазушы позициясы, тақырып беріледі. Оқушы әр кейіпкер негізінде үлкен бір ой жататынын білуі керек. Образға талдау әр буында, әр жағынан қарастырылады.

Мысалы М.Әуезовтің «Әженің әңгімесінде» (5 сынып) мына оқиғаларды сұрыптап алуға болады: 1. Әжесінің ертегісі, әңгімелері жас Абайды халық әдебиетімен таныстырды. 2. Барлас, Байкөкше ақындар Абай аулында, аналар үйінде. 3. Ақындардың Абайға, Абайдың ақындарға деген ыстық ықыласы.

  • М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын оқыту. Мектепте 4 томдық эпопеяны оқытудың (санаулы сағаттар ішінде) ерекше маңызды, әрі қиын мәселе екендігі түсінікті. Ең алдымен, эпопеяның өзін оқытуды ұйымдастыра білу керек.
  • Үлгі:
  • «Абай жолы» - І кітап
  • Бөлімдер Басты оқиғалар
  • А) Абай Семейден елге оралады.
  • Ә) Қодар мен Қамқа өлімі.
  • Б) Абайдың ауырып қалуы, ақын
  • Байтастардың Ұлжан мен Зереде қонақта
  • болуы. Негізгі кейіпкерлер: Абай, Ұлжан,
  • Зере, Құнанбай, Қодар, Қамқа, Майбасар,
  • Бөжей, Сүйіндік.
  • Мысалы:
  • 5-сыныптағы И.Крыловтың «Есек пен бұлбұл» мысалын алайық.(Абай аудармасы).
  • - Есек пен бұлбұл туралы не білесіңдер? Есек қандай хайуан, бұлбұл қандай құс?
  • (Өздеріңе арнап көгілдір экранан беріліп жүрген әр түрлі хабарларды, өздерің оқыған ертегілерді еске түсіріңдер).
  • - Есектің өтініші, яғни бұлбұлға ән салып бер деуіне көңіл қой.
  • - Бұлбұл әнінің «мың түрлі күйге салған» құдіреті сипатталатын шумақтарды тап. Адам, жан-жануар, табиғаттың сол кездегі қалпын көңіліне тоқы.
  • - Есектің бұлбұл әніне берген бағасы, сыны айтылатын шумақты тауып назар аудар.
  • - «Әтештен үйрену керек» деген ақылға қосыласың ба? Қосылмасаң, себебін дәлелдеуге тырыс.
  • - Ең соңғы шумақтың мазмұнына ой жүгірт:
  • а) Қалай ойлайсың, неге ақын «Мұндай сыншыдан құдайым бізді сақтасын» деп қорытындылайды.
  • ә) Өзің осы қорытындыға келісесің бе?
  • б) Қорытындыға автордың көңіл күйі туралы не айтар едің?
  • - Осы мысалда есек, бұлбұл, әтештер арқылы ақын не айтпақшы болған деп ойлайсың? Қандай астарлы ой бар?
  • -Өзің сабақта осылардың қайсысының сөзін мәнерлеп оқып едің?
  • Ертегілерді оқыту
  • Оқулықтарда ертегілердің қара сөзбен жазылған түрлерімен қатар, өлеңмен жазылған түрлері де берілген.Ертегілер 5-9 сыныптарда оқытылады. Қай жанрда жазылған ертегі болмасын, балалар оны ерекше қызығушылықпен оқиды. Балаларды тартатын –оның қиял-ғажайып оқиғалары, бас кейіпккерлердің басынан кешетін небір қызықты істері, батырлығы, жүректілігі сияқты қасиеттері.
  • Әңгіме жанрын оқыту
  • М.Әуезовтың 8-сыныпта берілген «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаясын оқыту алдында оқушылардың қызығуы, ынтасы, таным белсенділігін арттыру мақсатында, әңгімедегі оқиғалар өмір шындығынан алынғанын, Бақтығұл -өмірдегі Рысқұлдың прототипі екенін (әрине, прототипке түсінік беру қажет) қосымша материалдарды пайдалана отырып, әңгімелеу қажет. Яғни, Тұрар Рысқұлов жайында деректер, қуғын-сүргінге ұшырауы, т.б. туралы. Жалпы шығарманың көтерген проблемасы феодалдық замандағы қорғансыздар, кедейлер тағыдыры, әділетсіздік, жауыздық, ел ішіндегі барымта, ұрлық, күндестік сияқты, сахара өмірінің небір шындық картинасын көрсету, әділдік іздеу, шындық іздеу, сол жолдағы адасу , кек қайтару сияқты бас қаһарманың жанталасқан іс-әрекеті, психологиялық күй-жағдайлары повестің негізгі өзегі, қазығы болып табылады. Әңгімені оқытуда тек мазмұны ғана емес, ең бастысы, оның негізгі проблематикасы, жазушының идеялық- эстетикалық мұраты, сол жолдағы табысы сөз етілуі керек.
  • Бақылау сұрақтары:
  • 1. Мысал жанрын оқытудың басты міндеті қандай?
  • 2. Шығарма неге «Қараш-Қараш оқиғасы» деп аталған?
  • 3. «Қараш-Қараш оқиғасы» арқылы жазушы қандай мәселелерді көтерген?
  • 4. Ертегілерді оқытудың ең басты мақсаты қандай?
  • 5. Драмалық оқытудың басты ерекшеліктері?
  • 6. Эпикалық шығармаларды оқытудың басты міндеті?
  • НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

Каталог: images -> news -> slider -> 2016 -> portfolio 2
portfolio 2 -> Мақсаты: Мақсаты: Көркем туындыдағы идеяға көз жүгірту
portfolio 2 -> Оразбаева Айтбибі Сұлтанқызы Тақырыбы: Әдебиетті оқытудың әдіс-тәсілдері
portfolio 2 -> «Қазақ тілім өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім»
portfolio 2 -> Мал өсіру әдістері Оқытушы: Кумусбеков Е. Х. Сабақ жоспары
portfolio 2 -> Презентацияға ұсынылатын пән Қазақстан үшін 1С: Бухгалтерлік есеп 8 конфигурациясының практикалық қолданылуы
portfolio 2 -> Презентацияға ұсынылатын пән Ақпараттық жүйелер негіздері
portfolio 2 -> Жоспар: Бірлестіктер мен жүйелердің экологиясы(синэкология)
portfolio 2 -> Оқу жылының сәуір айына экономика факультетінің әдістемелік инновация айлығы іс –шарасының жоспары
portfolio 2 -> Тіл біліміндегі когнитивтік бағыт Орындаған: доцент Досова А. Т
portfolio 2 -> Причины и предпосылки: экономические, политические, социальные


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет