Тақырыбы: «Мен және менің достарым» Мақсаты



бет1/2
Дата29.06.2017
өлшемі1,24 Mb.
#20533
  1   2
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржыи- экономикалық колледжі»РМҚК


БЕКІТЕМІН

Директордың әлеуметтік

және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

___________Б.Ж.Бахтиярова

«____»__________2016жыл
Тақырыбы: «Мен және менің достарым» тренинг

Дайындаған: Байбатшаева Г.С.

Семей

2016-2017 оқу жылы



Жалпы білім беретін пәндер циклдық комиссиясы отырысында қарастырылды

Төрайымы __________К.Б.Қуанышева

Хаттама №

« » қыркүйек 2016ж



Тақырыбы: «Мен және менің достарым»
Мақсаты:

Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.


Міндеті:

1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру;

2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.

3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

БАРЫСЫ:

І. Сәлемдесу.



ІІ. Шаттық шеңбері.

- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар «Досыммен бірге» ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)

Тренинг ережелерімен таныстыру.

1. Бір-бірін сыйлау.

2. Ұзақ уақыт сөйлемеу.

3. Көңілді болу.

Танысу тренингі.

Өз есіміңізге сын есім қосып танысайық.

Әдепті – Әмина Үлпілдеген -Темірлан

Жағымды –Сабина Мейірімді – Уарысжан

ІІІ. Кел, ойланайық, пікірлесейік.

Енді, балалар, мына өлеңді тыңдап көрелік.

Дос көп еді жүретін сыр ақтарып,

Жандарынан тұратын шуақ тамып.

Домбырамның үні де естіледі,

Достарымның сырлары сияқтанып.

Шын достықтың оттары жалындайды,

Дос қамалдар ешқашан алынбайды.

Дос көңілдер есепке бағынбайды,

Дос үректер өсекке бағынбайды.

1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Шын досты қалай білуге болады?

3. «Досы көпті жау алмайды» деген сөзді түсіндіріңдер?

4. Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?

IV. Мақал-мәтелді жалғастыр?

1.Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан.....................(көзіңе мақтар)

2.Досыңа күлме келер ......................................(басыңа)

3.Доссыз адам тамыры жоқ .............................( ағашпен тең).

4.Досқа күлкі қылма, дұшпанға.........................(таба қылма)

5. Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен ...................................................( сыйлас)

6.Досыңменен дос болғанға шаттан

Дұшпаныңмен дос болғанан ................................ (сақтан)

7.Ақылсыз достан, ақылды .................................(дұшпан артық.)

8.Дос басқа қарайды,

Дұшпан.................................................................... ( аяққа қарайды).

9.Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті.......................................................(дау алмайды)

V. «Достық.Бірлік.» үйін салу.

- Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.

Мақал-мәтелдер

1. Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

2. Досың мың болса да – аз,

Дұшпаның біреу болса да – көп.

3. Досыңменен дос болғанға шаттан

Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.

4. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.

5. Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.

VI. Тыныштық сәті.

- Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның жалқы қасиеттері туралы ойлаймыз. (2-3 секунд)

- Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-жөнімізді жазып, ойлаған досымыздың есімін жазайық.

VII. Дәйек сөз.

- Енді балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйек сөзді жаттап, дәптерімізге жазып алайық. «Шын дос – таусылмас қазына»

Қорытынды:

- Сізге тренингте не ұнады?

- Не ұнаған жоқ?

Педагог-психолог: Байбатшаева Г.С.

Қолданылған әдебиеттер:

1.     Бакли Р., Кейпл Д. Теория и практика тренинга.- Питер, 2002 г.

2.     Торн К., Макей Д. Тренинг. Настольная книга тренера.- Питер, 2001 г.

3.     Изен Н.В., Пахомов Ю.В.   Психотренинг игры и упражнения. — П., 2000 г.

4.     Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру. – А.-2002 ж

«Мен және менің достарым» атты өткен тренинг

бойынша өзіндік талдау
Өтілетін күні: 15.10.-30.10.2016ж

Өтілетін орны: 602,201,710,603,610,212

Өтілу түрі: Топтық жұмыс,тренинг.

Қатысушылар: 2- 4 курс студенттері

Жоспар бойынша өткізілген «Мен және менің достарым» атты тренинг 4-2 курстар арасындағы жанжалдын алдын алу,достық сезімін ояту үшін, оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату үшін жүргізілді. Бүгінгі  тренингте қарым-қатынас барысында көрінетін өз ерекшеліктерімізді танып біліп, қарым-қатынас жасауға үйрену және конфликтілі жағдайдан басқа адамдармен қатынасқа нұқсан келтірмей шыға білуге үйренеміз.

БАРЫСЫ:

І. Сәлемдесу.



ІІ. Шаттық шеңбері.

ІІІ. Кел, ойланайық, пікірлесейік.

IV. Мақал-мәтелді жалғастыр?

V. «Достық.Бірлік.» үйін салу



VI. Дәйек сөз .Қорытынды жасалды
Мақсаты:

  1. Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.


Міндеті:

  1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру;

  2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.

  3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.


Педагог-Психолог Байбатшаева Г.С.

. 1411мамиа

Каталог: uploads -> doc -> 1151
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1151 -> Сабақ тақырыбы: «Математикалық индукция әдісіне есептер шығару»
1151 -> Сабақтың тақырыбы : «Менің сүйікті тағамым- палау»
1151 -> Сабақтың міндеттері
1151 -> Сабақтың тақырыбы: сандық ақпаратты кодтау мәтіндік ақпаратты кодтау Сабақтың мақсаты
1151 -> 3 Смирнов орта мектебі баяндама оқушының тілдік құзырлығын дамытуда этнопедагогиканың маңыздылығы
1151 -> Сабақтың тақырыбы: Cанның модулі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет