Тақырыбы: Менің Отаным –Қазақстан Мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі88,45 Kb.
#34213
Тақырыбы: Менің Отаным –Қазақстан

Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балаларда патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Балалардың тіл байлығын ,сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, туған елін,жерін сүюге тәрбиелеу.



Көрнекіліктері: «Менің Отаным – Қазақстан», «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» жазулары,  қазақстан картасы, рәміздер, суреттер, отан  туралы мақал-мәтелдер.

Кезеңдері:

  1. Тәуелсіздік символдары. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары.

  2. «Астана-еліміздің бас қаласы»

Танысу, түсіну тренингі.
- Қол беріп амандасу;
- Аяқтың ішкі жағымен;
- Тіземен;
- Иықпен;

Шаттық шеңбер:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанамыз бәріміз,
Арайлап атқан күнге!

-Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды  даламыз

Біз бақытты баламыз,-дей  отырып, « Менің Отаным –Қазақстан » атты тәрбие  сағатымызды ашық  деп жариялаймыз.

Қазақстан Респуликасының мемлекеттік әнұраны  орындалады.

-Балалар  ,сендер қандай ән орындадыңдар?

-Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.

Дұрыс айтасыңдар,балалар .Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны,туы,елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атаймыз.Осы рәміздер  туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін.

-Мынау – біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт  ұшып келе жатыр.

-мынау-елтаңбамыз.Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі,бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.

-Балалар,біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?

-Астана қаласы

-Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,

Астанамыз Астана –бас қаламыз.

-балалар, үлкен  мерекелерде туымыз көтеріліп,әнұранымыз орындалады.Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс.Ал әнұранды  біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан  қастерлеуге тиіссіңдер.Қазақстан республкасының рәміздері туралы  кім тақпақ біледі?

Данияр:

Көк туымыз бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.

Аяжан.

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны  халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Ержанат :

Елтаңбасы елімнің ,

Қандай әйбат әдемі

Тұнығындай  көңілдің ,

Ортада аспан әлемі

Күнтуған:
Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады

-Жарайсыңдар, балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз,демек, Отанымыз  -Қазақстан.халқымызда « Отан отбасынан басталады» деген мақал бар.Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.Отан деген не?Қалай түсінесіңдер?



Айым: Отан деген менің үйім,туған жерім.

Әсел: Менің жүрегім Отан деп соғады.

 Ербақыт:

Отан деген –Атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан –ана,отан –үлкен,

Қазақстан – туған ел.

-Балалар ,Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?

-Нұрсұлтан Назарбаев атамыз

Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі ?

Нұржаухар :

Шықты тарап ой данадан,

Бер қарады жұлдыз беті,

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар президенті.

-Балалар,өте жақсы.Егеменді елдің басты белгісі-тіл.қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Қазақ тілі –біздің ана тіліміз.



Аслан:

Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән

Бірлігім бүгінгі,

Ана тілім сақтаған.

Есіл:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

Енді бір сәт жұмбақ шешіп көрейік:

1.    Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап).
2.Бір көзім кідір дейді,

Бір көзім жүгір дейді,

Бір көзім абайла,

Жан-жағына қарайла дейді. (бағдаршам).
3.Жазу жазып жалықпаған,

Жаза жаза арықтаған. (бор)
4.Аппақ дала, қара дән,

Сепкен дәнін түсінуге жараған (әріптер).
5.Шәкіртке жаны ашыр,

Мейірбан кім жаны асыл? (ұстаз)
6.Оқысаң аласың,

Оқымасаң наласың,

Қатарыңнан қаласың ол не? (білім)

-Балалар,сендер отан туралы жан-жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер.Енді Отан туралы мақал-мәтел айтайық.

Отан –оттанда ыстық.

Отан –елдің анасы,

Ел-ердің анасы.

Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас.

-Міне , балалар , өміріміздің жалғасы ,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.

Құрметті ұстаздар!Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тапта ,бар қалан»деп ,бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тәуелсіздік символдары.

Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Арналған Жолдауы осыдан бір жыл бұрын Елбасы өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни, Қазақстандық дамудың бағыт –бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Страрегияны мүлтіксіз орындау, емиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!,- деп атап өтті Елбасы өз жолдауында. Елбасы жолдауында еліміздің экономикасын, шағын бизнесті, әлеуметтік саланы дамыту, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ұлттық білім берудің сапасын жақсарту, инфроқұрылымдық үш тағанның қарқынды дамуы бұдан өзге де маңызды мәселелер сөз етілді.

«Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда. Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!



АСТАНА—ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЕРІК-ЖІГЕРІНІҢ НЫШАНЫ.
  Астана — бұл кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер көрінісінің нышаны . Бұл  саяси батыл қадам. Астана шаңырағы әлі де болса биіктей түспек. Жаңа астананың келешегі бүтіндей XXI ғасырдың еншісінде жатыр. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас жеткіншектеріміз.
Сарыарқаның сары белінде Қанжығалы қарт Бөгенбай елінде ұлан-байтақ қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми һәм саяси-экономикалық алып ортаның, Отанымыздың күретамырына қан жүгіртетін, жан бітіретін сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі, әлбетте, барша жақсылықтардың игіліктердің шоғырлануы.Тарихқа үңілсек, 1830 жылдың маусым айында Есіл өзені бойындағы Қараөткел тұсында Астана қаласының алғашқы іргетасы қаланды. 1832 жылы Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланып, оның округтік аға сұлтаны болып Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы тағайындалды. Ал 1838 жылы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсылық білдірген жергілікті халықтың көтеріліс деңгейін іле-шала Кенесары Қасымұлы Ақмола бекінісін алу үшін патша әскерлеріне қарсы алғаш шабуыл жасады.Сөздікке жүгініп, парсы түбірінен қазақша түсінігін іздейтін болсақ, астана — табалдырық, босаға, кіре беріс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдірнді. Парсыша үндестігі астан (асетан) деп келеді. Келе-келе қазақта жұрт бас қосар орын, халық жиналып ақылдасар жер, ел ағалары байлам-бәтуа айтар орталық мәніне ие болғанға ұқсайды
 Өйткені Махамбет ақынның:
 Астана жұртын айналған
 Атына тұрман болсам деп
 Жұртына құрбан босам деп, келетін Исатайды арқаландырар жырында астана деп ауыл-аймақ, ел-жұртын айтқан.Шығыс халықтарының өмірінде бір кезде араб, парсы тілдерінің ықпалы Еуропа үшін латын, француз тілдері атқарған қызметпен барабар болды. Сондықтан қазақ тілінің бірқатар ғылыми, саяси, тұрмыстық ұғымдары әу баста осы тілдерден еншіленуі заңдылық. Алтын Орда тұсында билеушілер тағы орналасқан орталықтарыңыз парсының сарай сөзімен аталды. Сол кездегі Сарай-Батый, Сарай-Берке қалалары Еділ жағалауындағы осы есімдес хандар басқарған астаналарымыз еді. Яғни Батый мен берке мемлекетінің орталығы екені тарихтан белгілі. Жайық бойындағы Сарайшық (яғни, кіші Сарай), Қырымдағы Бақшасарай, Балқандағы сарай (еуропалықтар Сараево дейді) — осының бәрі «сән-салтанаты асқан мекен» деген парсы сөзі.

Новокубанка орта мектебі

Ашық сынып сағаты

Тақырыбы:



«Менің Отаным – Қазақстан»

Сыныбы: Даярлық сынып

Дайындаған: Жаксылыкова З.Н

2015-2016ж
Каталог: E534B2A8A88DAB2E
E534B2A8A88DAB2E -> Сабақтың тақырыбы: «Менің бөлмем»
E534B2A8A88DAB2E -> Сабақ даярлық сынып Тақырыбы: Ойнайық та,ойлайық
E534B2A8A88DAB2E -> Сабақтың тақырыбы: Ң дыбысы мен әрпі Сабақтың типі: Интербелсенді Сабақтың түрі
E534B2A8A88DAB2E -> Сабақтың мақсаты : Шыншылдық туралы түсініктерін кеңейтіп,дұрыс іс -әрекет құндылығының мағанасын ашу
E534B2A8A88DAB2E -> Plan of the lesson Ашық сабақ жоспары
E534B2A8A88DAB2E -> Сабақ Ана тілі Тақрыбы: Қөрікті көктем Мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың Ыбырай Алтынсарин туралы түсінігін кеңейту «Көктемнің кереметі» мәтінінің мазмұнын ашу
E534B2A8A88DAB2E -> Новокубанка орта мектебінің қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің 2014-2015 оқу жылының жылдық қорытынды есебі Тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет