Тақырыбы: Ми және психология



Дата08.02.2022
өлшемі113,6 Kb.
#118280
Байланысты:
Психология.Ми
акушшшш, 294296 (wecompress.com), 13.СӨЖ ҚӘ Кәдірбек Динара, 6b02c91a-6b4f-4550-a8a2-07c449202c86

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті.

СӨЖ
Тақырыбы: Ми және психология.


Орындаған: Әкімбай Жанерке.
Тобы: МС-20-15К2
Қабылдаған: Сахиева Фарида




Шымкент.2021.ж.
Ми және психика, сана. Жануарлар психикасының даму сатысы.
Жоспар:
1. Ми мен психиканың байланысы туралы түсінік.
2. Психика мен нерв жүйесінің рефлекстік табиғаты
3. Сана туралы ұғым.Сананың негізгі қасиеттері
4. Жануарлар психикасының даму жолдары

1. Ми мен психиканың байланысы туралы түсінік.
Адамның психикалық әрекеттерінің, ақыл-ой санасының ағымдарының даму жолдарын білу үшін, олардың нерв жүйесінің, мидың құрылысын білу қажет. Психика – ерекше ұйымдасқан материя – мидың қасиеті есебінде психика пайда болады. Жоғары сатыда тұрған материяда ғана психика болады. Жоғары материя дегеніміз ми, нерв жүйесі. Нерв жүйесі психиканың негізі болғандықтан, оның құрылысын, әрекеттерін, ӛсіп дамуын білмейінше, психиканың қалайша өсіп-дамып отыратынын да жақсы біле алмаймыз. Нерв жүйесі психикалық әрекеттердің негізі. Нерв жүйесі адамның денесіндегі түрлі химиялық заттарды шығатын бездермен бірге адамның психика қуаттарын меңгеріп, басқарып отырады. Ол сондай-ақ адаммен сыртқы дүниенің арасындағы қатысты да басқарады. Егер нерв жүйесі болмаса, адамның барлық әрекеттері бір-біріне байланыспай, үйлеспей бір орталыққа бағынбай әрекет етер еді. Нерв жүйесі болмаса, оның сыртқы дүние мен қатынасы дұрыс болмай оны тануға, өзгертуге, түрлі-түрлі бейнелер туғызуға мүмкіндік болмас еді. Нерв жүйесіның құрылысы, әрекеті, өте күрделі. Оны зерттеу оңай емес. Нервті зерттеу үшін ғылымда сан алуан әдістер қолданылады. Соның кейбіреуі – мына төмендегілер:
1)Салыстырмалы физиология ғылымының фактілерін зерттеу.
2)Эксперименттік физиологияның фактілерін зерттеу.
3)Медициналық клиника фактілерін зерттеу.
4)Құрсақтағы ұрықтың нерв жүйесінің өсіп-дамуын зерттеу.
Міне, осы жоғары да айтылған әдістермен адамның нерв жүйесі қалай өсіп, дамып отыратындығын, мұның психикаға қандай әсері бар екендігін, яғни ми мен психиканың қандай байланысы бар дейтін мәселелерді шешуге болады.
Адамның психикалық әрекетінің қызметінің заңдылықтары, оны жүзеге асыру ерекшеліктері мен құрылысын түсіну үшін, адамның психикалық әрекет жасаушы негізгі мүшесі — адам миы қалай құрылғанын және адамның әр түрлі көріністегі психикалық өмірімен қандай қатынаста екенін білу керек.
Нерв жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейронның әрқайсысының 2 тармағы болады. 1 ұзын тармақты нейрит немесе аксон. 2-шісі қысқа тармақты дендрит деп аталады. Нейронның тармақтала келіп, өзара түйінделіп бітетін жері нерв орталығы деп аталады. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегатативтік (ішкі) нерв жүйелерінің өнебойына орналасқан. Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық нерв жүйесіне ми м ен жұлыннан тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады. Жұлын жуандығы 1см, омыртқа қуысының ішіне орналасқан, ересек адамдарда ұзындығы 45 см ге дейін жетеді. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп нерв талшықтары тарайды. Олардың 1 тобы ортаға тебетін, 2-ші тобы шетке тебетін нерв деп аталады. Жұлын біздің әрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым қозғалыстардың (аяқ қолды керіп созу т.б.) жұмысын басқаратын орталық болып табылады. Орталық нерв жүйесінің 2-ші бөлігі ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда шамамен 1400гр. болады. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми – бәрі қосылып ми бағанасын құрайды.
Сопақша ми — жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың нерв орталықтары бap. Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс-тұрысын басқарып отырады. Адам өмірінде ми қабығы негізгі қызметті атқарады. Ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген анализаторлардан тұрады. Мида көру, есту, қозғалыс, иіс, дәм анализаторларының нерв орталықтары бар. Егер, ми салаларына зақым келсе психикаға да зақым келеді. Адамда мидың маңдай бөлігі жақсы дамыған. Маңдай миға зақым келсе адамның ақыл-ой процесіне зақым келеді. Үлкен мидың сол жақ жарты шарларының төменгі маңдай иір қыртысының артқы жағында «Брока кіндігі» орналасқан. Бұл кіндік адамның сөйлеу орталығын басқарады. Егер бұған зақым келсе адам дауыстап сөйлей алмайды. сөйлейін десе де тілі икемге келмейді. Орта маңдай ирегінің жоғары жағында жазу кіндігі орналасқан. Оған зақым келсе, адам жаза алмайды. Мұндай ауруды аграфия дейді. Ал адамдардың тілі кұрмеліп сөйлей алмай қалса, оны афазия деп аталады.Мидың төбе бөлігі адамның қимыл әрекетімен байланысты (кеңістікті, уақытты ажырату). Егер, осыған зақым келсе, адам үйреншікті әрекетін қайтадан жасай алмайды. Мұны апракция деп атайды. Мидың желке бөлігі көрумен, самай бөлігі естумен байланысты. Егер жоғары самай ирегінің алдыңғы жағына зақым келсе, адам музыканы есінде қалдыра алмайды, естіген сөзін ұқпайды.
2. Психика мен нерв жүйесінің рефлекстік табиғаты.
Адам анатомиясын зерттейтін шынайылықты сынаушылар мен дәрігерлер ертеде-ақ психикалық құбылыстардың ми қызметімен байланыста болатыны туралы болжам айтқан және психикалық ауруларды — ми қызметінің бұзылуының нәтижесі деп қарастырған. Зақымдалу, жаралану немесе аурулар салдарынан болатын өзгерістері бар ауру адамдарды көзқарастар сүйенетін тіректер болды. Мұндай ауру адамдарда көру, есту, ойлау, еске сақтау, және сөйлеу қабілеттерінің зақымдалып, қозғалысының бұзылуы және т.б. сияқты психикалық әрекеттің кенеттен ауытқуы байқалатыны мәлім. Алайда, психикалық әрекет пен ми қызметінің байланысын анықтау — психиканың ғылыми зерттеуі жолындағы алғашқы қадамы ғана болды. Бұл айғақтар психикалық әрекет негізіне жататын физиологиялық механизмдерге әлі де түсінік бермейді.
Ағзаға әсер етуші тітіркендіргіштер мен ағзаның жауап қайтару реакцияларының арасыңда уақытша байланыстар пайда болады. Бұлардың пайда болуы — бас миы қабығының басты қызметі болып табылады. Ми әрекеті түріндегі кез келген психикалық әрекет үшін нервінің уақытша байланысы болып – негізгі физиологиялық механизм саналады. Кез келген психикалық процес миға тітіркендіргіштер әсер етпесе өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Кез келген психикалық процестің және кез келген уақытша байланыстың соңғы нәтижесі — сыртқы әсерге жауап ретінде іштен шығатын әрекет. Бұл жағдайлардың барлығы объективтік ақиқаттың бейнеленуінің механизмін айқындайды. Сонымен жоғарғы нерв әрекеті туралы ілім психикалық құбылыстарды материалдық тұрғыдан түсінудің табиғи-ғылыми іргетасы болды.
Ағзаның психикалық әрекеті көптеген арнайы дене құрылымдарының көмегімен жүзеге асырылады. Олардың біреулері — әсерлерді қабылдайды, ал екіншілері — оларды сигналдарға түрлендіреді, Мінез-құлықтың жобаларын жасап және оларды қадағалайды, үшіншілері — бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді. Бұл барлық күрделі жұмыстар ортада өзін белсенді ұстауға мүмкіндік береді.
Барлық психикалық әрекеттердің рефлекторлық табиғатын табиғиғылыми жасаудағы және негіздеудегі орыс физиологтары — И.М.Сеченовтың және И.П.Павловтың еңбегі зор. И. М. Сеченов өзінің атақты «Бас миының рефлекстері» деген еңбегінде рефлекторлық принципті бас миының барлық қызметіне тарата отырып, осылайша адамның барлық психикалық әрекеттеріне таратты. Ол «саналы және санадан тыс өмірдің барлық актілері өздерінің шығу тегі бойынша рефлекстің мәні» деп көрсетті. Бұл психиканы рефлекторлық тұрғыдан түсінудің алғашқы ұмтылысы болды. И.М.Сеченов бас миының рефлекстерін толық талдай отырып, олардағы үш басты қатарды атап көрсетті: бастапқы қатар — оның сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргішті миға беретін нервні қоздырғыш процесіне айналдыруы; ортаңғы қатар — мида қоздырғыш және тежегіш процестерінің және осының салдарынан психикалық күйлердің (сезімдердің, ойлардың, сезінулердің және т.б.) пайда болуы; соңғы қатар — сыртқы қозғалыс. Осымен бірге И. М. Сеченов рефлекстің ортаңғы қатары өзінің психикалық элементтімен бірге оның табиғи бастауы мен соңы болып табылатын қалған екі қатардан (сыртқы тітіркендірі іш пен жауап қайтару әрекетінен) оқшаулануы мүмкін емес, сондықтан барлық психикалық құбылыстар — жалпы рефлекторлық процестің бөлігі, — деп санайды. Рефлекстің барлық қатарлары арасындағы үздіксіз байланыстар туралы И. М.Сеченовтың тұжырымы психикалық әрекетті ғылыми түсіну үшін маңызды. Психикалық әрекет сыртқы ықпалдардан, адамның әрекеттерінен бөлек қаралуы мүмкін емес. Ол тек субъективтік уайым ғана бола алмайды: егер бұлай болатын болса, онда психикалық құбылыстар ешқандай шынайы өмірлік мағынаға ие болмас еді.
И. М. Сеченов психикалық құбылыстарды қалыпты талдай отырып, олардың барлығы біртұтас рефлекторлық актіге, қоршаған ортаның ықпалына, адамның бас миы басқаратын ағзаның біртұтас реакциясына енетінін атап көрсетті. Психикалық әрекеттің рефлекторлық принципі И. М. Сеченовқа адамның барлық әрекеттері мен қылықтары сыртқы әсерлер салдарынан болатыны жайында, детерминациялану жайлы психология ғылымы үшін маңызды қорытындыны жасауға мүмкіндік берді. Ол былай деп жазды: «Кезкелген қылықтың бастапқы себебі әрқашанда сыртқы сезімтал қоздырғышта болады, өйткені онсыз ешқандай ойдың болуы мүмкін емес». Сонымен бірге И.М.Сеченов сыртқы жағдайлардың әрекеттерін жай ғана түсінуге қарсы ескертулер айтты. Мұнда сыртқы әсерлердің болуы ғана емес, сондай-ақ адамның басынан өткен барлық әсерлердің жиынтығы да, оның ӛткен тәжірибесінің барлығы да маңызды болатынын И.М.Сеченов бірнеше рет кӛрсеткен. Сонымен, И.М.Сеченов рефлекстің ми қатарын, оның табиғи бастауы (сезім мүшелеріне әсер етуден) мен соңынан (жауап қайтару қ
озғалысынан) оқшаулап қарау дұрыс емес екендігін көрсетті.

И.П.Павловтың еңбектері мен оның мектебінде әрекеттің рефлекторлық принципі өзінің дамуына және эксперименттік негізіне ие болды. И.П.Павлов пен И.М.Сеченовтың психикалық әрекетті мидың рефлекторлық әрекеті түрінде түсінуінің дұрыстығын дәлелдеді, оның негізгі физиологиялық заңдарын ашты ғылымның жаңа саласын — шартты рефлекстер туралы ілім жоғарғы нерв әрекетінің физиологиясын қалыптастырды. Бұл физиологиялық процестер ми қабығындағы шартты рефлекстердің жасалуында, сондай-ақ мидың төменгі бөліктерінде шартсыз рефлекстердің жасалу кезінде де үнемі көрініп отырады.
Қозу – әр түрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде нерв жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күй болса, тежелу, керісінше, нерв жүйесін тыныштандыратын процесс больш табылады. Қозу және тежелу процестері ғылымда Сеченов пен Павловқа дейін де мәлім болған, оның кейбір зандылықтары да зерттелген. И.М.Сеченовтің мидың тежелуі жөнінде пікірлеріне сүйене отырып, И.П.Павлов онда қозумен қосарласа тежелу процесі болып отыратындығын, мида бірыңғай қозу мен бірыңғай тежелудің болуы мүмкін еместігін, бұл нерв процестерінің жұмысы организмнің бүкіл өмірінің барысында үздіксіз болып отыратындығын делелдеді. Мұны мына мысалдан-ақ жақсы байқауға болады. Егер адам бір нәрсеге қатты зейін қойса, онда айналасындағы заттарға қарамайды, өйткені кітапқа қадалған кезде мидың алабы қозу жағдайында болады да, қалған алаптары тежелуге ұшырайды. Қозу мен тежелудің осындай жұмысын көрсететін мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.
И.П.Павлов шартты рефлекстердің табиғатын зерттеу үстінде тежелулердің бірнеше түрін анықтады. Ол тежелуді сыртқы — шартсыз (яғни, туғаннан пайда болатын) және ішкі — шартты (өмірде жасалып отыратын) деп екі үлкен топқа бөлді.
Сыртқы тежелудің өзі бірнешеге бөлінеді. Соның бірі -жай тежелу. Егер шартты рефлекс Сананың негізгі қасиеттері. Сана психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сӛзімен айтқанда, «болмысты және ӛз басымызды дұрыс алып жүруге жоғары бағдарлылықты» қалыптастырады. Ғылым, өнер, мәдениет (создің кең мағынасында) қоғамдық сананы құрайды. Тұлғаның санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Тұлға санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана тұлғалар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. Демек, өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарды интеллектуалды (бағалау арқылы) және эмоционалды (сүю, ұнату, өшпенділік, жек көру, жирену түрінде көрінеді) сипатта болуы мүмкін. Көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта, екеуі аралас келеді. Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен көрінеді. «Адамның санасы объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды».Хайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол өзі мекендеген жердің жағдайын өзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі соған жеткізеді. Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады, оны өз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементттерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл Жерді мекендеуіне және ғарышқа да жол табуына мүмкіндік береді.Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзін білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзіг түзетіп және дамытып отырады.Білім негізінде тұлғаның. іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Тұлға мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеріп және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады .Адамның жануарлардан айырмашылығы — ол ӛзін танитын және білетін, ӛзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі. Ӛзіндік сана-сезім — сананың ӛзіңді білу мен ӛзіңе қатынастың бірлігі ретінде кӛрінетін бір түрі. Ӛзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және ӛзіңді ӛзің танудың бейнелеуінен біртіндеп қалыптасады.

Пайданылған әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. А., 2005,204-216б.
2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б.
3. Маклаков А.Г. Общая психология, Питер, 2006, 200-234с.
4. Сеченов и.М. Физиология нервных центров: из лекций, чит. В собрании врачей в Москве в 1889-1890 гг. – М Изд. АМН СССР, 1952
5. Симонов П.В. Мотивированный мозг: Высшая нервная деятельность и естественно – научные основы общей психологии / Отв.Ред. В.С.Русинов – М Наука, 1987
6. Чуприкова А. Психика, сознания как функция мозга. М. 1994г.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет