Тақырыбы: Модель құру. Модель жобаларын құру



Дата13.02.2017
өлшемі153,81 Kb.
#9417
«С.Көбеев атындағы №56 жалпы орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Тақырыбы: Модель құру. Модель жобаларын құру.


Информатика пәні мұғалімі: Партаева А.Ж.

9 «Б» сынып

2015-2016 оқу жылы

Пән: Информатика 9 «Б» сынып  11.05.2016жыл

Сабақтың тақырыбы: Модель құру. Модель жобаларын құру.
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Модельдеу бойынша оқушылардың білім мен

дағдыларын бекіту және берілген тақырыпқа дайындық

деңгейін анықтау;
Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілетін және

есептеу дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың тапсырманы орындаудағы еркі

мен шешім, қойған мәселеге шығармашылық көзқарасын

қалыптастыруға тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқытылатын тақырып бойынша оқушыларды қандай білім, дағды деңгейлері, қандай ұғымдар мен пікірлер қалыптасу керегіне назар аудару. Жалпы сабақтың мақсатын атап шығу. 
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
1. - Модель деген не? (Берілген сөздерді әрекеті бойынша байланыстыр: Модельдеу, Субъект, Модель, Объект)
2. - Модельдеу дегенді қалай түсінесің? Негізгі түрлерін атаңыз? (Сызбаны толықтыр: Ақпараттық, материалдық)
3. - Модельдеу кезеңдері? (Сипаттамасы бойынша кезеңдерді орналастыр).
ІІІ. Білім, іскерлік және дағдыны жетілдіру. Іскерлік пен іс-әрекет тәсілдерін игеру деңгейін және ұғынуын айқындау. 

Практикалық: Модельдеу кезінде Excel электронды кестесінде және программалау жүйесінде жұмыс істеуді жетілдіру. 
Қажетті құрал-жабдықтар: дербес компьютерлер, интербелсенді тақта
Білу керек:
Модель түсінігін, модеьдің түрі бойынша сипаттауды, модельдеу кезеңдерін, дұрыс нәтижеге жету үшін модельді нақтылай білу.
Істей алу керек:
Модельдеу барысында бастапқы мәндеріне сипаттама берудә, модель құруды оған талдай жасай алуды. 

Жаңа сабақты түсіндіру

Модель типтері

Модельдерді қасиеттеріне қарай мынандай топтарға жіктейді:

Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай топтау

                Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.

                Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараррық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді.

                Ақпараттық модель дегеніміз – объектінің, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.

Таңбалық және вербальдік ақпараттық модельдер

                Вербальдік модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.

                Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпарттық модельді айтады.

                Көрсету түріне қарай ақпараттық модельді мынадай топтарға жіктеуге болады:

                Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.

                Ауызша  модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.

                Математикалық модель – объект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.

                Құрылымдық модельдер – схема, графиктер мен кестелер т.б.

                Логикалық модель – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.

                Арнайы модельдер – ноталар, химиялық формулалар.


Модель (фр. modeleлат. modulus – өлшем)[1] – белгілі бір зерттелетін нысанның ой түсінігі арқылы немесе материалдық түрде жасалған шартты үлгісі (бейнесі, сұлбасы, сипаттамасы, т.б.). Модель мен түп нұсқаны бір-бірінен абсолютті түрде айыруға болмайды. Қарастырылып отырған құбылыс немесе процесс абстрактылық нысандар мен математикалық заңдылықтар түрінде берілетін модель математикалық модель деп аталады. Модельдің ең қарапайым түрі нысандарды көрнекі етіп сурет, кескін, сызба формасында графиктік түрде көрсету. Модельдің екінші түріне – нысандардың, процестер мен құбылыстардың ауызша (қандай да бір тілдің көмегімен) суреттелуі, сипатталуы жатады. Үшінші түрі –ақпараттық-логикалық модель, ауызша сипатталған нысанды кескіндеп көрсету (формалау). Төртінші түрі – динамиканың ішкі заңдарын, өзара әсерін, қасиеттерін көрсететін физикалық нысандардың, құбылыстар мен процестердің математикалық түрде сипатталуы. Мысалы, белгілі бір физикалық процестің уақыт ішінде өтуін баяндайтын дифференциялдық теңдеулер жүйесі осы процестің моделі деп аталады. Модель ұғымы логика, математикафизикахимиякибернетикалингвистика, т.б. ғылым салаларында қолданылады. Ғылымда модель ұғымы әдетте модель жасау әдісін қолдануға байланысты аталады. Алгебра мен математика логиканың тоғысқан жерінде арнаулы пән – модельдер теориясы қалыптасты.[2]

Модель. Әлеуметтанушылар бұл терминге көптеген анықтама береді. Кейбір жағдайда, ол теория деген сөздің синонимі ретінде, тағы да бір жағдайларда теориядан гөрі жалпылау деңгейде абстрактілі ұғымдар жүйесіне сілтеме ретінде пайдаланылады. Ол, сондай-ақ, себептік модельдердегі сияқты статистикалық модельді қолданылады. Қаңдай анықтама берілсе де, модельдер оны зерттеуде эмпиризмнен аулақ болып, теориямен шұғылдануды талап етеді.

Модельдер өзінің түп негізінде тұжырымдама мен түсініктеме құралы ретінде құбылыстарды жеңілірек ұғыңдыруға тырысады. Әлеуметтануда құрылымдық функционализм алғашқы екі мағынада модель болып табылады, өйткені ол түсіндірудің кең құрылымы (қоғам организм секілді деп пайымдайтын метатеория) мен тұжырымдамалық топшылаулардың жиынтығын (қоғам бөліктері жалпының міндетін атқаруына қалай үлес қосатынын көрсететін теория) қамтамасыз етеді. Ұғымдар арасындағы қатынастар туралы гипотеза нақтыланып, ұғымдарды өлшеуге болатын тұста біз операциялык модель туралы айта аламыз. Бұл модельдер кейде диаграммалар түрінде көрсетіліп, математика терминдері арқылы неғұрлым ұтымды ұсынылуы мүмкін. Мысалы, регрессия немесе логлиния модельдері. Математикалық әлеуметтанудың маңызды жағы - модельді құрастыру - модельдерді диаграммалар тасқыны сатысынан бастап, математикалық бейнелеуге дейін жетілдіруге байланысты. Себеп-салдарлық модельдер кез келген түрде болуы мүмкін. Қандай анықтамаға ие болса да, модель-теориялық қызмет түрлері кешеніндегі құрал болып, назарымызды ұғымдарға немесе өзгерістерге және олардың өзара байланысына аударады.



Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Модель дегенімізі не?

2. Моделдеу дегенімізі не?

3. Вербальдік модель дегеніміз не?

4. Таңбалық модель деген не?

5. Геометриялық модель деген не?

6. Ауызша  модель  деген не?

7. Математикалық модель  деген не?


ІҮ. Рефлексия. Оқушылардың жеке іс - әрекеттері мен сабақтағы істелінген іс-әрекет мағынасын, тапсырманы орындауда жоғары тұрған тәсілдерді түсінуі.
- Нені білдік?
- Нені үйрендік?
- Нені білгіміз келеді? 
Ү. Бағалау. Оқушылардың алған білімдерімен дағдыларының нәтижелілігін бағалау. 

ҮІ. Үй тапсырмасы. Алған білімдері мен дағдыларын қоршаған ортада қолдана білу. Модель жасап келу;

Тексерілі: ______________11.05.2016жыл

Сабақтың тақырыбы «Модель және модельдеу.Модельдің түрлері»


2 Үшбұрыш таңдаушылар көшбасшылық қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін жандар. Төртбұрыш таңдағандар өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысы - ның шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар Шеңбер таңдағандар қарым-қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, әңгіме айтқанды ұнатады, тез шешім қабылдай алмайды, достары мен таныстары көп жандар Ой - шексіз, қимыл - белсенді, нәтиж е - кемел 

3 «Шығыршық» ойыны 


4 Сабақтың тақырыбы «Модель және модельдеу.Модельдің түрлері» 

5 Модель түрлері Карталар жергілікті жермен танысуға мүмкіндік береді, үйден шықпастан қозғалыс маршрутын есептеуге болады. 

6 Сабақтың сұрақтары: Модель деген не?Модель деген не? Модель не үшін қажет? Модель не үшін қажет? Модельдің қандай түрлері болады? Модельдің қандай түрлері болады? Модельдердің жіктелуі.Модельдердің жіктелуі. Информатикада қандай модельді қарастырады?Информатикада қандай модельді қарастырады? Модельдеу деген не?Модельдеу деген не? 

8 Сабақтың сұрақтары: Модель деген не?Модель деген не? Модель не үшін қажет? Модель не үшін қажет? Модельдің қандай түрлері болады? Модельдің қандай түрлері болады? Модельдердің жіктелуі.Модельдердің жіктелуі. Информатикада қандай модельді қарастырады?Информатикада қандай модельді қарастырады? Модельдеу деген не?Модельдеу деген не? ЭЛЕКТРОНДЫҚОҚУЛЫҚЭЛЕКТРОНДЫҚОҚУЛЫҚ 

10 Уақыт факторы Динамикалық модель - Динамикалық модель - уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Статистикалық модель - Статистикалық модель - объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. 

11 Ұсыну тәсілі бойынша Материалдық модель – Материалдық модель – заттық немесе физикалық деп айтуға болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады. Ақпараттық модель – Ақпараттық модель – объектінің, процесстің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығын және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады. Ақпараттық модельге вербальдік модель жатады. Вербальдік модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.тәжірибелер ойыншықтар 

12 Қолдану аймағы бойынша 1. Оқу 2. Имитациялық 3. тәжірибелік – кеме моделі, аэродинамикалық дүрбі ; 4. ғылыми-техникалық – теледидарды тексеру стендісі ; 5. Ойын – экономическалық, іскерлік, стратегиялық. 

13 Тапсырма «Сәйкестендір»МОДЕЛЬОБЪЕКТҚасиетіМодельдеумақсатыБерілутәсіліМодельтүрі Тік төртбұрыштың ауданын есептеу: ені мен ұзындығын көбейту Объектілердің пішіні мен орналасуы Масштабы бойынша үлкейту, көрнекілік формулаИмита-циялық глобус Атомның ядросы мен электрондары Дененің қозғалыс кезіндегі жағдайы Қысқаша жазбасы макеттаңбалық Адамның секіру кезіндегі қозғалысы Құрастыру принципі Компьютерлік ойындар суретойша атом Жер ғаламшары Фигуралардың ауданын есептеу Геогафияны оқытудағы демонстрация Бейне-ролик Материал- дық Ескерту: Дімбілмес екінші бағанды қозғамады. Тексеру 

14 «Сәйкестендір» тапсырмасының жауабыМОДЕЛЬОБЪЕКТҚасиетіМодельдеумақсатыБерілутәсіліМодельтүрі Тік төртбұрыштың ауданын есептеу: ені мен ұзындығын көбейту Фигуралар- дың ауданын есептеу Қысқаша жазбасы формулатаңбалық атом Атомның ядросы мен электрондары Құрастыру принципі Масштабы бойынша үлкейту, көрнекілік суретойша Адамның секіру кезіндегі қозғалысы Дененің қозғалыс кезіндегі жағдайы Компьютер – лік ойындар Бейне-роликИмита-циялық глобус Жер ғаламшары Объектілердің пішіні мен орналасуы Геогафияны оқытудағы демонстрация макет Материал- дық 

15 Сергіту сәті 

16 Ұшбұрыш тобы: І-топ: Ұшбұрыш тобы: Қолдану аймағы бойынша; Модельді көрсету тәсіліне қарай: материалдық(заттық) модель құру Төртбұрыш тобы: 2. Уақыт факторы бойынша; графикалық модель құру. Шеңбер тобы: 3. Білім саласына қарай; компьютерлік модель құру. 

17 ҚОРЫТЫНДЫ Модель қажет: - нақты нысанды түсіну: құрылымы қандай, негізгі қасиеттері, даму заңдары мен қоршаған ортамен байланысы ; - нысанды немесе құбылысты басқаруды үйрену: мақсатқа жету үшін оны басқарудың ұтымды тәсілдерін анықтау; - нысанға қатысты барлық тәсілдер мен формаларды қолдану. Модель қажет: - нақты нысанды түсіну: құрылымы қандай, негізгі қасиеттері, даму заңдары мен қоршаған ортамен байланысы ; - нысанды немесе құбылысты басқаруды үйрену: мақсатқа жету үшін оны басқарудың ұтымды тәсілдерін анықтау; - нысанға қатысты барлық тәсілдер мен формаларды қолдану. Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіру.Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіру. Модель түпнұсқаның барлық негізгі сипаттамасы мен қасиетін сақтайды.Модель түпнұсқаның барлық негізгі сипаттамасы мен қасиетін сақтайды. Модель –Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнеленетін прототип пайда болғанға дейін жасалады. Бір объект үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады. Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіру.Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіру. Модель түпнұсқаның барлық негізгі сипаттамасы мен қасиетін сақтайды.Модель түпнұсқаның барлық негізгі сипаттамасы мен қасиетін сақтайды. Модель –Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнеленетін прототип пайда болғанға дейін жасалады. Бір объект үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады. - Модельдеу – ғылымды тану тәсілі. 



18 ҚОРЫТЫНДЫ 

19 Үй тапсырмасы. Бағалау Екі жұлдыз, бір тілек § 8.1-8.2 оқу Тапсырма.. «EXPO-2017» қалашығының графикалық моделін құру 
Каталог: uploads -> doc -> 1041
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1041 -> Сабақтың тақырыбы Жай бөлшек. Жай бөлшекті оқу және жазу
1041 -> Сабақтың тақырыбы: «Менің Отаным -Қазақстан!» Фрмасы және әдісі қандай? Ашық сынып сағаты
1041 -> Оқу іс әрекетін өткізу технологиялық картасы Білім беру саласы:Қатынас


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет