Тақырыбы: Өндірістік микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер,оларды гигиеналық бақылау Орындаған: Әмет Ө Тобы: в-қДСҚ-01-16



Дата12.03.2020
өлшемі24,56 Kb.
#60070
Байланысты:
Әмет Ө 1-кред 3

«Оңтүстік Қазақстан медицина Академиясы»АҚ

Гигиена және эпидемиология кафедрасы




эссе


Тақырыбы: Өндірістік микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер,оларды гигиеналық бақылау

Орындаған: Әмет Ө

Тобы: В-ҚДСҚ-01-16

Қабылдаған: Ескерова С У

Шымкент 2020

Кіріспе

Қауіпсіз, жоғары өнімді және сау еңбектің бірден бір қажетті шарты болып өндірістік ғимараттардағы жұмыс зонасының қалыпты микроклиматын қамтамассыз ету табылады.



Жұмысшы аймақтағы ауаның құрамдық жағдайтемпературамен, ылғалдылықпен, қысыммен, қозғы алысымен және сәулеленуімен мінезделеді. Осы факторлардың әр түрлі қосынды мөлшері жұмысқа жағымды және жағымсыз жағдайлар туғызуы мүмкін

Мысалы, температураның жоғары төмен түсуінен және ауа жылдамдығының жоғарылығынан тұмау аурулары пайда болады, ал төмен температурада еңбек ету ағзаның жылу бөлуін және көмірсутектердің алмасуын жоғарлатса, жоғарғы температурада еңбек ету адам ағзасының тез құрғауына әкеліп шамадан тыс суды қажет еткізеді, мұның бәрі еңбек өнімділігін төмендетеді.

Мысалы, температураның жоғары төмен түсуінен және ауа жылдамдығының жоғарылығынан тұмау аурулары пайда болады, ал төмен температурада еңбек ету ағзаның жылу бөлуін және көмірсутектердің алмасуын жоғарлатса, жоғарғы температурада еңбек ету адам ағзасының тез құрғауына әкеліп шамадан тыс суды қажет еткізеді, мұның бәрі еңбек өнімділігін төмендетеді.

Микроклимат (грекше Micros - шагын + климат ) - адам ағзасыныц жылу алмасуына әсер ететін шектелген кеңістіктегі физикалық факторлардың кешені.

Өндірістік ғимараттардағы микроклимат немесе метеорологиялық шарттар 12.1.005-88 МемСТ-тына сәйкес келесі параметрлермен анықталады: жұмыс орнындағы

- температура

- салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы мен

қоршаушы беттердің температурасы

(жылулық сәулеленулер).

Адам организмі мен оны қоршаған ортаның арасындағы жылулық баланс болғанда аталмыш микроклимат адаммен жағымды (кофортты) сезім ретінде қабылданады. Жылуалмасудың бұзылуы организмнің қызуы немесе сууына әкеп соқтырады, ол өз кезегінде адамның денсаулық жағдайы мен еңбек өндрісіне кері әсер етеді, организмдегі бірқатар физиологиялық өзгерістердің себепкері болады, кәсіби ауруларға да әкеп соқтырады.

Булану арқылы жылу берілу ауаның ылғалдылығы (ылғалдылық неғұрлым жоғары болса, булану арқылы жылуберілу соғұрлым төмен) мен оның қозғалыс жылдамдығынан тәуелді. Ауаның қозғалмалылығы адам денесінен ылғалдың әкітілуі мен оның одан кейінгі булануын анықтайды. Ауаның жоғарғы температурасы мен ауыр физиологиялық жұмыс кезінде терінің шығуы организмнің термореттеуінің басты факторы болып табылады. Жеңіл жұмыс және 18-22 °С температурасы кезінде адам 50 г/сағ тер бөліп шығарса, ауыр жұмыс кезінде ол сан 200-250 г/сағ дейін жетеді.

«Ыстық» цехтарда булану арқылы жылуберілу 95 % дейін жете алады және адам мен қоршаған орта арасындағы жалпы жылуалмасу кезінде одан артады. Бірақ ылғалдың булануы арқылы жылуберілудің артуы қажетсіз физиологиялық үдеріс болып табылады, себебі тердің қарқынды шығуы кезінде адам 1 % жуық минералды тұздар мен дәрумендердің біраз бөлегін жоғалтады екен. Сондықтан «ыстық» цехтарда қызмет ететін жұмыскерлерге газдандырылған тұз қосылған су мен дәрумендендірілген сусындарды ішуге ұсынылады. Ауа ылғалдылығы жоғары болған кезде булану арқылы жылуберілу күрт төмендейді, ол өз кезегінде жылуалмасудың әсіресе жоғары температура шарттарында бұзылуына әкеп соқтырады.

Ауа ортасының метеорологиялық параметрлері адам организміне зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін айтарлықтай арттыра алатынын атап өту керек. Мысалы, ауа температурасы жоғары болған кезде, тері ұлпалары ұлғаяды, тер бөлу артады, тыныс алу жиілейді, осының барлығы зиянды заттардың организмге тез енуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар, жоғары температура кезінде булану мен заттардың ауада қалқу жылдамдығы артады, ол жұмыс зонасы ауасындағы ластаушылар концентрациясының өсуіне әкеп соқтырады. Осыған қоса ауа қозғалысы зиянды заттардың ғимарат ішінде орын ауыстыруларын анықтайды, шаңның тұнуына кері әсерін тигізеді. Ауаның төмен температурасы кезінде дірілдің жағымсыз әсері артады. Басқа да факторлармен қоса жоғары температура мен қатысты ылғалдылық адамның электр тогымен зақымдану мүмкіндігін арттырады.

Өндірістік микроклимат адамның қоршаған ортамен жылу алмасуына, жылу жағдайына әсер ететін физикалық факторлар (температура, ылғалдылық, кешенімен сипатталады. Ол, іс жүзінде, организмнің барлық жүйелеріне әсер етеді.

Организмге әсер ету дәрежесіне байланысты

1. микроклимат қалыпты,

2. салқындатушы және

3. қыздырушы болып бөлінеді

Салқындатушы микроклимат – оның факторларының қоршаған ортаға жылу беру (Qсум) организмдегі жылу түзілуінен (Qм) асып түсетін, организмде жұмыс ауысым барысында 2Вт-тан аса жалпы немесе жергілікті жылу тапшылығына әкелетін жағдайы.

Қыздырушы микроклимат – оның факторларының адамның қоршаған ортамен жылу алмасуы өзгеріп, организмде жылу жинақталатын (жұмыс ауысым барысында 2 Вт-тан аса) немесе ылғалдың булануы арқылы жылу жоғалту үлесі 30%-дан аса болатын жағдайы. Қазап кетудің ең қауіпті көрінісі – ыстық өту. Адамның созылмалы қызуы жұрек-тамыр жүйсеі ауруларынан өлу қаупі факторы болып табылады.

Микроклиматтын параметірлерін өлшейтін аспаптар

Микроклимат параметрлерін нормалау жылу алмасуына көрсеткіштердің кешенінің әсерін, сондай-ақ олардың әрбіреуінің көңіл-күйге, денсаулыққа, қоршаған ортаға әсерін де ескереді.

Қызып кетуден және үсуден қорғау шаралары: кондиционерлеу жйелері, ауа душы, демалысқа арналған бөлмелермен жабдықтау, жеке басты қорғау құралдаын пайдалану, қыздырушы немесе салқындатушы ортада жұмыс істеу кезеңін шектеу, жұмыс ауысымын қысқарту және т.б.

Микроклимат параметрлерін өлшеу үшін жалпы қабылданған аспаптар қолданылады: парометрлер, психрометрлер, анемометрлер, кататермометрлер және т.б

Қорытынды

Қорыта аитқанда өндіріс орындарында микроклиматтың талаптарға сай болуын қадағалау керек. Себебі сол жерде жумыс істейтін жұмысшылардың денсаулығына әсері кушті. Жұмысшылардың жұмыс істеу барысында денсаулығының нашарлануына жол бермеу қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

2. Гигиена. /Кенесариев У.И. Тогузбаева К.К. И. ДР., Учебник Алматы.2009г.-668с.

3. Руководства по санитарной экспертизе в области гигиены труда..Под ред д.м.н. Проф. Сраубаева Е.Н. Белоног А.А. –Караганда. 2008-562 с.



4. Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы; Оқу құралы Тоғұзбаева К.К. Алматы .2010.-366б.

5. Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет