Тақырыбы: «Отбасы тәрбие басы»



бет1/3
Дата23.08.2020
өлшемі31,07 Kb.
#76614
  1   2   3
Байланысты:
отбасы тәрбие басы




Тақырыбы: «Отбасы тәрбие басы», «Мектеп тәрбие жаршысы»

Мақсаты: Мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынасты нығайту жолдарын

көрсету.

Міндеті: Қарым-қатынасты нығайту әдіс-тәсілдерімен, тренингтік жаттығулармен және мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тиімді жолдары ережесімен таныстыру;
Барысы:

Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

• Отбасы - сапасы бірқатар параметрлермен анықталатын, бала өмірі мен дамуының ортасы. Отбасының әлеуметтік-мәдени параметрі ата-аналарының білімдік деңгейімен және олардың қоғам өміріне қатысуымен анықталады. Отбасының әлеуметтік-экономикалық параметрі дүние-мүліктік сипаттамасымен және ата-аналарының жұмыспен қамтылуымен анықталады. Техникалық-гигиеналық параметрі өмір сүру жағдайымен, баспананың жабдықталуымен, өмір салтының ерекшелігімен анықталады. Демографиялық параметрі отбасы құрылымымен анықталады. Баланың дамуының қандай қырын алмайық қай жас кезеңінде болмасын оның тиімді болуында отбасының рөлі ерекше.

Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттеріне тоқталайық.

Басты қызметтері:

тәрбиелік;

сауықтыру;

рухани-адамгершілік;

танымдық-білімдік;

тұрмыстық;

еңбек;

мәдени-ағартушылық;

демалыс-шығармашылық;

тұлғаның өзіндік тәжірибені ынталандырушы;

қорғау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет