Тақырыбы: Паразит саңырауқұлақтар



Дата26.08.2017
өлшемі52,57 Kb.
#27951
түріСабақ
Тақырыбы: Паразит саңырауқұлақтар

Мақсаты: Оқушыларға саңырауқұлақтардың неге «паразит» деп аталуын түсіндіру, түрлері мен олардың келтіретін зиянының маңызына тоқталу, өз ойларын тұжырымдап жеткізуге, білімдерін өмірде қолдана білуге баулу.

Көрнекілігі: тақырыпты плакаттар, суреті, тірек-сызбалар

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру

Сабақ беру әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Әрбір оқушыға «Бағалау картасы» беріледі, жауап берген оқушы өзіне ұпай қойып отырады. Бақылаушыға да жалпы сынап бойынша «Бағалау картасы» беріледі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Биологиялық диктант


  1. Қалпақшалы саңырауқұлақ қалпақша және ----- тұрады.

  2. Қалпақшасының диаметрі 0,2-0,5 см-ден ------ см-ге дейін жетеді.

  3. ---- саңырауқұлақтың жеместі денесінің салмағы 2 кг 720г, қалпақшасының

диаметрі --- см.

  1. Саңырауқұлақтың жемісті денесі біріне-бірі тығыз ұйыса орналасқан ----

тұрады.

  1. Саңырауқұлақтардың қалпақшасының астында майда шұрықтар болады, ол

шұрықтар жіңішке түтікшелермен байланысты. Ондай саңырауқұлақтарды ----саңырауқұлақтар деп атайды.

  1. Арышқұлақ, түлкіжем, қозықұйрық саңырауқұлақтарының қалпақшасының

астыңғы беттері түбіртектен шоқталып тараған қатпарларға толы саңырауқұлақтарды ---- саңырауқұлақтар деп атайды.

  1. Көптеген қалпақшалы саңырауқұлақтар ағаштардың тамырымен селбесіп ---

түзеді.

  1. Екі ағзаның пайдалы селбесуін ----- дейді.

  2. Қалпақшалы саңырауқұлақтар ----- спора арқылы көбейеді.

  3. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар:----------------, улы саңырауқұлақтар:------------

3. Жаңа сабақ.

Паразит саңырауқұлақтар тірі ағзалардың денесінде өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенеді.

Жазда әр түрлі өсімдіктердің жапырақтарына, сабақтарына аппақ ұн сеуіп тастаған сияқты болады. Күздік бидай, қара бидай, арпада көбіне сабақтарында, жапырақтарында ол мақта сияқты болып көрінеді. Бұл – ақұнтақ саңырауқұлағының жіпшумақтары. Олар өсімдіктің жапырақ, сабағына өсінді жіберіп, жасушаның ағзалық заттарымен қоректенеді.

Егістікті аралап жүргенде бидай масағынан сәл иіліп келген қара түсті қастауышты көруге болады. Ол – паразит саңырауқұлағы. Кейде қастауыш астықпен бірге орылып кетсе, одан дайындалған тамақтан адам уланады.



Тат саңырауқұлағы дәнді дақылдарды (бидай, арпа, күріш, сұлы), қамысты және басқа да өсімдіктерді зақымдайды.

Егістікте өсіп тұрған жүгерінің әр жері (көбінесе собығы) үлкейіп, томпаяды. Егер оны – пайда болған ірі ісіктерді жарып жіберсе, айналаны қара тозаң басып кетеді. Бұл – қаракүйе саңырауқұлағының спорасы.

Ағаштардың сабағында өсетін діңқұлақ саңырауқұлағының пішіні малдың тұяғына ұқсас.

Паразит саңырауқұлақтарымен күресуде улы химикаттар пайдаланылады. Саңырауқұлақтар зақымдамау үшін себер алдында тұқымды формалинмен өңдейді.

Ғалымдар түрлі ауруларға төтеп беретін іріктемелер шығаруда.


Паразит саңырауқұлақтар

Ақ ұнтақ

Қастауыш

Тат

Қара күйе

Дің құлақ

Т ү р л е р і

Зақымдалатын өсімдіктер
Күздік бидай, қара бидай, арпа

Бидай

Бидай, арпа, күріш, сұлы

Жүгері, бидай

Ағаш діңі

Өсімдіктің зақымдалған мүшелері


Сабағы

Масағы

Сабағы, жапырағы

Сабағы, масағы

Сүрегі




К ө б е ю і


Спора

4. Сабақты бекіту.

Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға деңгейлік –шығармашылық тапсыр-малар беріледі.

1-ші. «Ертегі құрастыру»

2-ші. «Өлең оқу»

3-ші. «Жұмбақтар шешу»



Оқушылар шығармашылығы.

«Саңырауқұлақтар патшалығы» ертегі.

Микология елінде Саңырауқұлақ деген патша өмір сүрген. Оның бір баласы және көп ел-жұрты болыпты. Патша ауа, су, топырақ бәрін жаулап алған соң, аш көзденіп өлі және тірі ағзалар денесінде, тағамдар бетінде, тіпті металдар мен резеңкеге ауыз салыпты. Олар Саңырауқұлақтан қорқып, құтылудың жолдарын әлі іздеп жүр екен.


Бар патшалар сияқты саңырауқұлақтың да жақсы жақтары бар. Себебі онсыз дәмді тоқаштар пісіру мүмкін емес. Ал ішсе сусын, дертке шипа болатын қымызымыз өз бабына келе алмайды. Сонымен қатар жануарлар мен адам ағзасында да белгілі мөлшерде болғаны тиімді.
«Құлақ түрлері»

Екі түрлі құлақты Біліп тұрмыз құлақты Жазда жаңбыр жауған соң

Білуші едім бұрыннан. Енді жаңа қырынан, Қырға біз де шығамыз,

Ақпа әлде құйма ма, Өсімдік пе, жануар Қаптап шыққан құлақты

Тексереміз сынынан. Көріп тұрмыз сұрынан. Себеттерге жинаймыз.
Жұмбақтар

1. Түсі бар ақты, сары, қызыл-ала, 2. Басына киіп алған қалпағымен,

Пайдасы адамзатқа тиген жаңа. Сүйкімді көреді екен бала-шаға.
3. Ағаштармен селбесіп, күнін өзі көреді, 4. Сырты бүтін, іші түтін

Кейбіреуі қамырды демде ашытып береді. (саңырауқұлақ)


5. Үйге тапсырма.§ 10 оқу

6. Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 1119
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1119 -> Тақырыбы: Электрлік машиналардын өлшемдері Пәні: Электрлік машиналар және трансформатор Дайындаған оқытушы: ахбаев д
1119 -> Сабақ Тақырыбы: «Кальций және қосылыстары»
1119 -> Сабақтың тақырыбы: Әлемнің Әуезовы II. Сабақтың білімдік аспектісі : Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет