Тақырыбы: Шараптар елі Баспа уақыты: 1992 жыл Кітаптың беті: 356 б. Жанр:Қазіргі әлемдік проза Орыс тіліне аударған: Игорь Александрович Егоров 2012жылы «Галлюцинациялық реализм»



Дата01.05.2020
өлшемі22,15 Kb.
#65258
Байланысты:
Мо Янь
Doc1, Doc1, Липидтер, ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация

Автор: Мо Янь

Тақырыбы: Шараптар елі

Баспа уақыты: 1992 жыл

Кітаптың беті: 356 б.

Жанр:Қазіргі әлемдік проза

Орыс тіліне аударған: Игорь Александрович Егоров

2012жылы «Галлюцинациялық реализм» үшін Нобель сыйлығы берілді.


Аннотация
Біздің заманымыздың көрнекті қытай жазушысы Мо Яннның (1955ж.т.) туындысы қазіргі қытай әдебиетіндегі ең жарқын және ең өткір сатирамен танысуға мүмкіндік береді.Керемет, ерекше образдар,шексіз қиял,

мифологиямен ұштасқан ,әр түрлі шеберлік - мұнның бәрі Мо Янның ерекше стиліне тән.

«Шараптар елі» - көрнекті қытай жазушысы Мо Янның орыс тіліне аударылған алғашқы романы. Мо Янь өз отанында ең көрнекті жазушылардың бірі ретінде өте танымал. Осы шығармасының арқасында 2012 жылы Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Мо Янь өзінің жұмысы үшін сиқырлы реализм жанрын, сонымен қатар дерек көздеріне мифтер мен аңыздарға жүгіну әдісін таңдайды.

"Шарап елі" романы 1992 жылы жарыққа шықты. Роман, жаңа замандағы Қытайдың бюрократиялық жүйесінің азғындауына арналған сияқты. Бірақ оның мәтіні жан-жақты әрі бір-біріне қарама-қайшы болғандықтан, бұған жауап беру қиын, дегенмен сол көркемдік қайшылық Мо Янның романдағы басты тәсілі шығар.

Маңызды істер жөніндегі тергеуші Дин Гоуэр сәбилердің етін жеу туралы зерттеу үшін Лошань шахтасына келеді. Цзюго қаласында, яғни шарап елінде жоғары лауазымды шенеуніктердің азғындағаны соншалық, олар күнделікті тағамдарына сәбидің етін тұтынатыны туралы өсек шығады. Тергеуші бірден зерттеуге кіріседі. Алайда шахтаның директоры мен насихат бөлімі бастығының ізіне түскенде, олар тергеушіні алдарқатып, түрлі себептерді сылтауратып ішімдік ішуге көндіргісі келеді. Дин Гоуэр қанша қарсылық білдірсе де, ақыры олардың қысымына шыдамай, құйып берген шыныларын босата бастайды. Ішімдікке қосымша дәмді тіске басар да жүреді. Отырыстың соңында бөлмеге қуырылған баланы әкеледі. Тергеуші өз көзіне өзі сенбей екеуін тұтқындауға дайын болады, бірақ олар оны қайтадан алдап, мұның бала емес, лотос гүлінің тамырынан дайындалатын күрделі тамақ деп түсіндіреді. Ақылы есі кіресілі-шығасылы тергеуші ақыры дәмін татуға көнеді. Бірақ ол соңына дейін баланың етін жегеніне әлде жемегеніне көз жеткізе алмайды. Цзюгоның фантасмагорлық әлемі оны өзінің құпиясына батырады. Бір қарағанда тергеуші насихат бөлімінің бастығының әйелімен жақындық іздейді, енді бірде одан құтылуына тура келеді. Енді бірде бюрократтарды тұтқындағысы келеді, екінші жағынан өз басын құтқарып қалуды ойлайды. Бұл бірінші бөлімнің оқиғалары.

Романның екінші бөлігі Мо Янның ойдан шығарылған шәкірті, жас жазушы Ли Идоу екеуінің арасындағы хат алмасудан тұрады. Ли шығармасын жарыққа шығару мақсатында ұстазына қол жазбаларын жолдайды. Бұл эпистолярлық жанрдың жоғарғы үлгісі. Мо өзінің хаттарында шарап елі туралы роман жазып жатқанын баяндап, оған материал керектігін айтады. Ли Идоу өз кезегінде Цзюгоның бар болмысын ашатын шығармалар ғана жолдап қоймай, өз тарапынан да құнды ақпараттар жібереді. Мысалы, оның хаттарынан қарлығаштың ұясынан шарапты немесе тамақты қалай дайындайтынын білуге болады.

"Шарап елі" өзінің өзгешелігімен роман жазу туралы метароман. Себебі романдағы тергеушінің жүрген жерінде Цзюгоның шытырман оқиғалары өтіп жатқаны белгілі болады.

Мо Янның романында Батыс мәдениетіне жауап беретін жаңа Қытай мифін байқауға болады. Ең алдымен, Мо Янь замандастары мен ежелгі Қытай қайраткерлеріне өзінің интертекстуалды жолдауы арқылы, мемлекетінің оқшау мәдениетін жағымды, жасампаз етіп көрсетеді. Бірақ, бұл тәкаппарлық емес, тек қана Қытай өмірінің өздігінен шексіз бай екеніне сілтеу. Тіпті бір сұхбатында Мо Янь Гарсия Маркестің бұрын жазғандарын кейін өзі қайта жазып шыққанын айтты. Мифтің басқа қыры реализмдегі құндылықтардың гротескті кеңістікке көшуі, себебі қытайлық цензураның жағдайында бұл қол жетпес феномен болып табылады. Мо Янь "Шарап елінде" ойдан шығарылған шәкіртіне нұсқау бере отырып, жазу сауаттылығы туралы тақырыпты қайта-қайта қозғайды. Бұл сауаттылық Мао Цзэдунның жағымпаздары мен коммунистік партияның үкімінен шыққан. Мо Янь шәкіртіне кейбір жерде реалист болуды, кейбір жерінде саясатты аз жазуға нұсқау береді. Бірақ "Шарап елін" жазғанда өзінің нұсқауларын өзі бұзады. Бұл романды роман жазу туралы метароман деуге болады, бірақ бұл тәсіл тек Батыстық құлақша ғана. Бірақ ондай Батыстық құлақшаларды өзіне жабыстыратындай Мо Янь интелектуалды қырынан шеберлік танытпайды. Бұл жерде сөз әдебиетте өзінше ерекше өмір сүру тәсілі, яғни реализмнің кеңістігінде қиял мен гротесктің ағзалық интеркаляциясы. Мо Янның ойдан шығарғандары Маркес пен Кэндзабуро Оэнікіндей қиялдың фантастикалық шегіне жету арқылы қаланбаған, сол себепті оның мәтіндерінен күдіктенуге болмайды. Оның үстіне оның ойдан шығарғандары өмірде шынайы болып жатқан оқиғаларға архетиптік сүрлеу жасайды. Түйіндеп айтар болсақ Мо Янның әдеби қоспасы көп, роман өте "дәмді" жазылған. Тіпті роман жазу барысында Мо Янь, сәбидің етін жеудің сөлекеттігі жоқтай метафора ретінде қолданған сатирик сияқты.



Мо Янның романы шынымен өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы Сартр мен Беккеттің дәмі шығатын Гао Синцзянның пьессалары сияқты емес. Негізі романды галюцинаторлық Негізі романды галюцинаторлық реализм деудің өзі асығыс шешім сияқты, себебі оның шығармаларында "сюрреализм" басым. Оның сюрреализмге жүгінуінің себебі: Қытайдың өмірі соншалық күрделі, оны сипаттау үшін сыни реализм жеткіліксіз!

Мо Янды Рабле, Кафкалармен салыстырып үлгерсе де, ол өзіндік ерекшелігі бар, Батыс мәдениетіне жалтақтамай қытай туралы жазатын Мо Янь болып қала береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет