Тақырыбы: Үшбұрыш және оның түрлері Мақсат



бет1/3
Дата21.07.2017
өлшемі158,23 Kb.
#21507
түріСабақ
  1   2   3

Тақырыбы: Үшбұрыш және оның түрлері

Мақсат:




Жаңа білім

• Үшбұрыш және оның түрлерімен танысу. Оның қалай белгіленетінін үйрену. Үшбұрыштың элементтерімен танысу. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарымен танысу.

Жаңа түсінік

• Бір түзуде жатпайтын үш нүкте және осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден және сол кесінділермен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигураны үшбұрыш деп атайтынын түсіну.




Қолданым әрекеті

•Үшбұрышты және оның түрлерін жақсы ұғып, есептерде ажырата алып, оларды шығаруға пайдалану.

Талдау әрекеті

• Үшбұрыштың қалай түрлерге бөлінетінін және оның түрлерін талдау.

Шығармашылық әрекет

• Үшбұрыштың түрлерін шынайы өмірде де анықтай білу.




Бағамдау әрекеті

• Үшбұрыш және оның түрлерін қорытындылау.

Сабақ құрылымы:




І. Ақпарат алмасу (10 мин.).

ІІ.Алғашқы бекіту (5 мин.).

ІІІ.Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV.Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V.Бағамдау-бағалау (5 мин.).

Сабақ типі: фронтальді, жұптық, топтық.

Оқыту әдісі: репродуктивті, ішінара ізденушілік.

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:




•оқушыларға бағыт-бағдар, қажет болған жағдайда көмек береді

Негізгі ұғымдар мен терминдер:




•фигура, нүкте, кесінді, түзу, сәуле, үшбұрыш,элемент,

Оқушыда дағды қалыптастыру:




• тақырып бойынша әртүрлі танымдық сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу.

Ақпарат көздері:




1. Ж.Қайдасов, Г.Досмағанбетова, А.Абдиев “Геометрия” 7сынып оқулығы. Алматы «Мектеп» 2012.

Оқушы жетістігін бағалау:




• оқушыға сабақ блоктарының деңгейлік тапсырмаларын уақытылы орындауы, топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады

Үй тапсырмасы:

Үшбұрыштың әрбір төбесінде неше сыртқы бұрыш болады.

Үшбұрыштың сыртқы екі бұрышы 1000-қа және 1500-қа тең. Үшінші сыртқы бұрышын табыңыз.





САБАҚ БЛОКТАРЫ







і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

Кіріспе:


  1. Үшбұрыш

  2. Үшбұрыштың белгіленуі

  3. Үшбұрыштың элементтері

  4. Үшбұрыштың ішкі бұрыштары

Слайдтар:

1-слайд Үшбұрыш және оның түрлері




2-слайд

  • Осы тақырыпты оқу барысында үшбұрыш туралы білімдеріңді кеңейтіп,тереңдете түсесіңдер;үшбұрыштың барлық түрлерін үйреніп, анықтай алатын боласыңдар.




3-слайд

  • Анықтама. Бір түзуде жатпайтын үш нүкте және осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден және сол кесінділермен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигураны үшбұрыш деп атайды.




4-слайд

  • Бір нүктеде жатпайтын әртүрлі А,В,С нүктелері берілсін. АВ, ВС, СА кесінділерін жүргізсек, АВС үшбұрышы пайда болады. Үшбұрыш деген сөздің орнына “∆” белгісі қолданылады. Сонда “АВС үшбұрышы” деген сөз ∆АВС түрінде жазылады.




5-слайд

  • А,В,С нүктелері үшбұрыштың төбелері;

  • АВ, ВС, СА-қабырғалары;

  • ВАС-үшбұрыштың АС және АВ қабырғаларының арасындағы бұрышы, ∠АСВ, ∠СВА да бұрыштары деп аталады.

Каталог: uploads -> doc -> 1111
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1111 -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мер-зімі Тілдік материалдар
1111 -> Сабақтың тақырыбы: §17. Кез келген бұрыштың тригонометриялық функциялары Сабақтың мақсаты
1111 -> Нагима 7 желтоқсан 2013 6348
1111 -> Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы. Сабақ технологиясы: сто құрал-жабдық: слайд, күй, плакаттар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет